Қазақстанның аффинажды зауыттары 2015 жылы алтын өндіру көлемін 2014 жылмен салыстырғанда 15%-ға арттырған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлайды.
2015 жылы тазартылған алтын көлемі 31 тоннаға жеткен. 2014 жылы бұл көрсеткіш 26,9 тоннаны құрады. Ал өңделмеген және ұнтақ түріндегі алтын көлемі 26,6% өсіп, 63,7 тоннадан асты.
2015 жылы алтынды рудалардан 19 млн тонна алтын өндірілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 25,2%-ға артық.
Тазартылған күміс өндіру 2015 жылы 1,3 мың тоннаға жетіп, 32,5%-ға артты. 2014 жылы өндіріс көлемі 983,7 тонна болған.
Сондай-ақ, Қазақстанда өңделмеген алюминий өндірісі 2015 жылғы есеп бойынша 1,67 млн тонна болды (+2,5%). Ал өңделмеген қоғасын көлемі есептік кезеңде 5,6%-ға төмендеп, 119,9 мың тоннаны құрады.
Фото: kapital.kz