Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұзақбай Қарабалин қызметінен кетті

Ұзақбай Қарабалин қызметінен кетті

ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты қызметінен кетті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Ұ.Қарабалинді қызметінен босату туралы Қаулыға 2015 жылдың 19 қаңтарында қол қойды. Ұзақбай Қарабалин әріптестеріне бірлесіп жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Министрліктің алдында нақты мақсаттар қойылғанын және қызметкерлердің артылған жауапкершіліктерін көтере біледі деген сенімде екендігін айтты. Қарабалин 2013 жылдың шілде айында Қазақстанның мұнай және газ министрі болып  тағайындалған еді. Үкіметтің қайта ұйымдасқанынан соң 2014 жылдың тамызында энергетика бірінші вице-министрі қызметіне келген.

Похожие материалы