ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті С.Чакрабартимен және трансұлттық корпорациялардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.
Кездесу барысында Қазақстанның соңғы 15 жылда ел экономикасы үшін 215 млрд доллардан астам тікелей инвестициялар тартуға мүмкіндік берген реформалар жайы сөз болды. Сондай-ақ, ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 7 млрд астам АҚШ долларын инвестициялаған және 2016 жылы Қазақстанға инвестициялайтын отандық және шетелдік компанияларды қаржыландыруды жалғастыруды көздеп отыр.
Кездесуге қатысушылар инвесторлардың ел экономикасына қатысуын және алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, оның негізінде Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру мүмкіндіктерін талқылады. К.Мәсімов аталған жобаларға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Үндістан сияқты елдердің халықаралық танымал компанияларының өкілдері Қазақстанның, елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту, оның институционалдық негізін нығайту бағытындағы бастамаларын жоғары бағалап, одан әрі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Фото: forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024