Қазақстан Ұлттық банкі бейсенбі күні 2 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары —360,45 теңге, 1 еуро — 391,27 ресей рублі — 4,75 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 514,04 теңге, жапон йені— 2,97 теңге, 1 қытай юаньы — 54,80 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,75 теңге, 100 өзбек сумы— 12,85 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстандық қор биржасындағы 1 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамы 360,45 теңге деңгейінде нақтыланды. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото: Voanews.comПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024