Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркия ресейлік журналистерге виза енгізеді

Түркия ресейлік журналистерге виза енгізеді

2016 жылдың 15 ақпанынан бастап, Түркия ресейлік журналистер үшін визалы жүйе енгізеді, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Аталған талап Ресейдегі барлық БАҚ-қа қатысты болмақ. Оның ішінде алты айдан аз уақытқа іссапармен барушылар да виза алатын болады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ресей Түркияға визасыз жүйені тоқтатты.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы ресейлік Су-24 жойқын ұшағын Түркия тарабы атып түсіргеннен кейін бірден қиындады. Анкараның ақпаратына сәйкес, ресейлік ұшақ Түркия әуе кеңістігін бұзып өткен. Алайда Мәскеу барлық айыптарды жоққа шығарып, Түркияға санкция енгізді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 30 қаңтарында Түркия СІМ ресейлік Су-34 жойқын ұшағы тағы да әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеді. Десек те Ресей тарапы бұл мәлімдемені дәлелсіз тағылған айып деген тоқтамға келді.

Похожие материалы