Иран мұнаймен саудада доллардан бас тартпақ. Кейбір компаниялармен келісім-шарттар еуромен жүргізіледі. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Ирандағы Ұлттық мұнай компаниясындағы дереккөздің айтуынша, француздық Total және Litasco, испандық Cepsa корпорациялармен еуропалық валютада есептеу жүргізу туралы келісім-шартқа қол қойылған. Дереккөздің түсіндіруінше, Тегеран доллардан бағыныштылығын азайтқысы келеді. Еуроға өту туралы шешім Ислам Республикасы халықаралық санкцияда болған кезде қабылданып қойылған. Осыған дейін 20 қаңтарда Иран Сауд Арабиясымен бәсекеге түсу үшін Еуропадағы тұтынушылар үшін бағаны төмендеткен еді. Ирандық Iran Heavy маркалы мұнайдың бағасы 6,55 долларды құрайды. Фото:karl-marks.ruПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





