Экономика
Экономика1
Иран мұнайды саудалау кезінде доллардан бас тартпақ
Иран мұнаймен саудада доллардан бас тартпақ. Кейбір компаниялармен келісім-шарттар еуромен жүргізіледі. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Ирандағы Ұлттық мұнай компаниясындағы дереккөздің айтуынша, француздық Total және Litasco, испандық Cepsa корпорациялармен еуропалық валютада есептеу жүргізу туралы келісім-шартқа қол қойылған.
Дереккөздің түсіндіруінше, Тегеран доллардан бағыныштылығын азайтқысы келеді. Еуроға өту туралы шешім Ислам Республикасы халықаралық санкцияда болған кезде қабылданып қойылған.
Осыған дейін 20 қаңтарда Иран Сауд Арабиясымен бәсекеге түсу үшін Еуропадағы тұтынушылар үшін бағаны төмендеткен еді. Ирандық Iran Heavy маркалы мұнайдың бағасы 6,55 долларды құрайды.
Фото:karl-marks.ru