Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЗЖҚ) 1,5 триллион теңгесі инвестицияға бағытталады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"2016 жылғы еркін зейнетақы қорын барлығы 1 триллион 450 миллиард теңге көлеміндегі сомманы бірқатар бағыт бойынша инвестициялауды тапсырамын", - деп келтіреді Президент сөзін Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі ресми парақшасында.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы 28 миллиард теңгені апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды мектептерден арылу үшін 42 жаңа мектеп салуға бөлді.
Фото: kaz.tengrinews.kz