Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шілде айында Қазақстанға АҚШ сауда министрінің орынбасары келеді

Шілде айында Қазақстанға АҚШ сауда министрінің орынбасары келеді

2016 жылдың шілде айында Қазақстанға АҚШ сауда министрінің орынбасары Брюс Андрюс келеді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол мәлімдеді.

"Осы жылдың шілде айында АҚШ сауда министрінің орынбасары Брюс Андрюс келеді деп күтеміз", - деді ол бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз конференциясында.

Дипломаттың айтуынша, америкалық бизнес өкілдері Қазақстанда бизнес жүргізуге қызығушылық танытып отыр.

"Министрдің келу барысында Алматыда америкалық сауда палататасын құру жөнінде Қазақстан Үкіметінің жоғарғы қызметтегі өкілдерімен және бизнесмендермен кездесу болады деп ойлаймын", - деді Д.Крол.

Фото: cont.ws

Похожие материалы