Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

SoundCloud музыкалық сервисі жабылуы мүмкін

SoundCloud музыкалық сервисі жабылуы мүмкін

SoundCloud музыкалық сервисін дамытумен айналысатын германиялық компания жобаның табысты болмауына байланысты қосымшаны жабуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлайды.

2014 жылы компания 17 млн еуро түсім тапқанымен, 39 млн еуро шығынға ұшырады. Сервиске қызмет ететін KPMG аудиторлық компаниясының мәлімдеуінше, қосымша қаржы тартылмаса компания жабылатыны шындық. Дегенмен SoundCloud басшылығы осы жылы инвестиция тартуды жоспарлап отыр. SoundCloud музыкалық сервисінің ай сайынғы аудиториясы 175  млн адамды құрайды. Осы жылы компания ақылы жазылуды іске қоспақ.

Похожие материалы