Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропалық даму банкі ҚазАвтоЖол компаниясын қаржыландырады

Еуропалық даму банкі ҚазАвтоЖол компаниясын қаржыландырады

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) мен "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы арасында ""Орталық-Шығыс" транзиттік дәлізін қаржыландыру туралы кредиттік келісімге қол қойылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

103 млн доллар көлеміндегі қаржы ""Күрті-Бурылбайтал" автожолының 81 шақырымға жуық бөлігін қайта жөндеу жұмыстарына бағытталады. Күрті мен Бурылбайтал арасындағы автожолдың жалпы ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Автожол "Орталық-Шығыс" дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Қол қойылған кредиттік келісімге  ҚР Қаржы министрлігі, "ҚазАвтоЖол" ҰК және ЕҚҚДБ 2015 жылдың қараша айында Ұлыбритания Президентінің Қазақстанға келуі барысында алдына ала келісім жасаған.

2015 жылы келісімге қол қойылғаннан кейін мемлекеттік органдардың қолдауымен "ҚазАвтоЖол" компаниясы кредитті алу үшін құжаттарды дайындайды. Қаражат 140 млн доллардан 103 млн долларға қысқартылған.

Айта кетейік, Астана мен Алматыны байланыстырып жатқан "Орталық-Шығыс" транспорт дәлізінің толық құрылымы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған.

Похожие материалы