AllurGroup-тың еншілес компаниялары 2016 жылы өндіріс көлемін 40%-ға арттыруды жоспарлауда
AllurGroup-тың еншілес компаниялары "СарыарқаАвтопром" мен "АгромашХолдинг" 2016 жылы өндіріс көлемін 40%-ға арттыруды жоспарлауда. Бұл туралы Қостанай облысының әкімдігінен хабарлайды.
"АгромашХолдинг" АҚ мен "СарыарқаАвтоПром" ЖШС 2015 жылы 5 757 автокөлік шығарды.
Облыс әкімшілігі атап өткендей, өндіріс көлемін арттыру Peugeot және JAC жеңіл автокөліктерін өндіру жобасы аясында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, PSA Peugeot Citroën мен AllurGroup компаниясы 2014 жылы Қазақстанда CKD (Complete Knock Down) толық циклын өндіру турлы келісімге қол қойған. Ал өндірісті шығару 2016 жылдың күзіне жоспарланды.
Сондай-ақ, China National Machinery IMP. & EXP. CORP (СМС) қытайлық компаниясы Қостанай облысында JAC автокөлігінің өндірісіне 40 млн доллар инвестиция салады. 2016 жылдың ақпан айының соңында СМС делегациясы жобаны іске асыруға және жаңа бастамаға қол қоюға іс-сапармен келдуі жоспарлап отыр.
AllurGroup 2003 жылдан бастап жұсы істеп келеді. Қазіргі уақытта копанияняң еншілес топтары "АгромашХолдинг" пен "СарыарқаАвтоПром" SsangYong, Peugeot, Toyota автокөліктерін және Iveco коммерциялық техникасын шығарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024