Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 351,85 теңге болды

Доллар бағамы 351,85 теңге болды

2016 жылдың 22 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 351,85 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 351,68 теңгені құрады. Максималды курс — 354 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 351,68 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 131 млн 50 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 116.

19 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 22 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 355,45 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында 22 ақпандағы доллардың максималды курсы — 355 теңге (Алматы уақытымен 11:00).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы