Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3D-принтерде стегозавр қаңқасы басылып шықты

3D-принтерде стегозавр қаңқасы басылып шықты

Ғалымдар ежелгі кесірткені 3D-сканерден өткізу арқылы стегозавр туралы тың мәліметтер тапты. Динозаврдың қаңқасы бүгінде Лондон жаратылыстану мұражайына өткізілді.

Стегозавр қаңқасы бағалы әрі сирек кездеседі. Палеонтологтар қазып алған кесірткенің тек сол жақ алдыңғы аяғы, құйрығының кей бөлігі мен ұсақ сүйектері ғана жетіспейді. Жақсы сақталған қаңқаны әрі қарай зерттеу барысында жаңалықтар ашуға мүмкіндік бар.

"Стегозаврлар 130 жылдай бұрын өмір сүрсе де, олар туралы мәліметтер жоқтың қасы. Осы уақытқа дейін бізге белгісіз болған мәліметтерді зерттейтін боламыз. Мәселен, аяқ бұлшық-еттерінің, жақ сүйектерінің қалай қимылдағанын анықтай аламыз ", - дейді профессор Пол Барретт.

Қаңқа сүйектері жер астында миллиондаған жыл жатқан. Сол себепті, сүйектердің морт сынуы оңай. Сол себепті, мамандар заманауи технологияларды пайдалану арқылы қазбаның өмірін ұзартуды ойлап отыр. Стегозаврдың 3D-моделінің биіктігі 3 метр және ұзындығы 6 метр етіп шықты.

"Жануарлардың компьютерлік 3D-моделін дайындау үшін қолданатын техника фотограмметрия деп аталады. Бірінші шамамен, 10 сурет түсіріледі. Сүйектерді әр қырынан түсірген дұрыс. Нәтижесінде арнайы алгоритмдердің көмегімен үшөлшемді сурет жасалады ", - деп түсіндірді мұражай қызметкері Шарлотта Брасей.

Аталған техниканың ерекшелігі – қымбат әрі үлкен құрылғыларды қажет етпейді. 3D-көшірме жасау үшін смартфон ғана керек. Қаңқа туралы мәліметтерді осы модельдеу арқылы білуге болады. Сонымен қатар, қаңқаларды басқа мұражайларға жіберуге болады.

Мәселен, осы технология арқылы стегозаврдың нақты салмағы белгілі болды. Салмағын білсе, динозаврдың қозғалыс жылдамдығы мен қанша азық керек болғандығын анықтауға мүмкіндік бар.

Ақпарат көзі: rg.ru

Похожие материалы