Экономика
4 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты теңге курсы
ҚР Ұлттық банкі бейсенбі күні 4 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгіледі.
АҚШ доллары – 307,93 теңге, 1 еуро – 325,64, рубль – 4,54, 1 фунт стерлинг – 459,43, жапон йені – 2,49, 1 қытай юаньы – 48,14, 1 қырғыз сомы – 4,21, 100 өзбек сумы – 11,32 теңге.
Теңгеге қатысты АҚШ долларының ресми бағамы 3 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясы кезінде белгіленді. Сессия кезіндегі доллардың орташа бағамы — 307,93 теңге.
Басқа шетел валюталарына қатысты теңге курсы Алматы уақытымен 15:00-де кросс-курс есебі бойынша белгіленeді.