Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

43 елдімекен су астында қалды

43 елдімекен су астында қалды

Елдің су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде құтқару жұмыстарын күндіз-түні жүргізіліп жатыр деп хабарлайды ҚР-ның ІІМ-дегі Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі. 

"Жалпы алғанда Қазақстанның 5 облысындағы 6 қаладағы 19 аудандағы 43 елдімекенді су басқан. Су тасқыны басталғалы бері 513 үй зардап шекті. Әлі де 201 үй және жалпы ұзындығы 20 674 шақырым болатын автомобиль жолының 190 аумағы су астында қалды. Қазір ұзындығы 10 572 шақырым болатын 115 аумақты қалпына келтірілді. 2 көпір істен шыққан",-делінген ТЖ комитеті таратқан хабарламада. Төтенше жағдай аумағынан 961 адам көшіріліп, 17 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта 464 адам үйлеріне оралды, 468 адам туыстарының үйіне, 29 адам арнайы пункттерге қоныстанған. "Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің, жергілікті құқық қорғау органдарының көмегімен көпшілік су тасқынының қаупі туралы хабарланып жатыр. Су келген жағдайда төрт түлік малды өзге жерге қоныс аударту, азық-түлік тауарларын сақтау бойынша ескертулер айтылып жатыр. Су тасқыны басталғалы бері 1932 бас ұсақ мал және ірі қара қауіпсіз жерге айдап апарылды",-деп хабарлайды ТЖ комитеті.

Похожие материалы