Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандық ғылыми-көпшілік OYLA журналының франшизасы Австралия мен Жаңа Зеландия шығарыла бастады. OYLA Youth Science деп аталатын журнал 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап, ай сайын шығатын болады. Бұл туралы журналдың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа басылымның таралымы - 20000 дана, аудиториясы - жас студенттер, мектеп оқушылары мен ересектер. Баспагерлер атап өткендей, журналды ғылыми пәндер мұғалімдері мен Жаңа Зеландияның ірі мектептері көріп, жоғары бағалады.
“Екі жылдың ішінде біз OYLA-ның жиырма нөмірін шығарып үлгердік. Осы уақыт ішінде редакциямыз журналдың сапасын арттыруға үнемі көңіл бөлген болатын, сондықтан халықаралық нарыққа шығуымыз осы жұмыстың заңды жалғасы болар. Біз Қазақстаннан экспортталатын алғашқы интеллектуалды өнім екенімізді мақтан тұтамыз, - деді OYLA журналының бас редакторы Гамзат Бияров.
Журнал ағылшын тіліне жай аударыла қоймай, батыстың білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімделді. Шетелдік тәжірибе болашақта OYLA журналының қазақ нұсқасының сапасын арттыруда пайдаланылатын болады.
Басылым өкілдері қазіргі уақытта тағы бірқатар елдердің баспашыларымен OYLA журналының франшизасын сатып алуға арналған келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, OYLA - Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білім алуға талпынатын ересек адамдарға арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024