Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Арманжан Байтасов бизнесті қолдауға арналған медиажобаны іске қосты. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкер басылымдардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді.
Жаңа жобаның мақсаты экономиканың күрделі кезеңінде қазақстандық бизмендерге жағдай жасау. Бағдарлама «Қазақстана жасалған» деп аталады.
Арманжан Байтасовтың айтуынша, отандық кәсіпкерлер жобамен серіктес медиакомпаниялар арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жарнамалай алады. Осылайша тұтынушылар мен сатып алушылардың қызығушылығын тудырып, сауда көлемін арттыра алады.
«Бұл Forbes Kazakhstan журналының емес, менің жеке жобам. Оның негізгі концепциясы шынайы бизнес-кейстерды тегін жариялау», - деді ол.
Материалдар Forbes Kazakhstan журналына және Forbes.kz сайтына шығады.
"Кез келген кәсіпкер өз бизнесі, тауарлары немесе қызметтері туралы businessaidkz@gmail.com мекен-жайына ұсыныс жібереді. Сонымен бірге өзінің бизнес тарихын жазады. Себебі, бізге оның кәсібін қалай бастағаны және алдағы жоспарлары қызықты. Барлық өтініш хаттар іріктеліп таңдалады. Жоба тек сапалы өнімдерді жарнамалайды Ал кәсіп түрі (медицина, автокөлік, ІТ-қосымшалар т.б.) маңызды емес. Ең бастысы өнім Қазақстанда жасалған болуы керек", - деп атап өтті Арманжан Байтасов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024