Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2017ж. наурыз 2016ж. желтоқсанға) 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге – 1,7%-дан өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Осы жылдың басынан (2017ж. наурыз 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 21,8%, жаңадан жиналған көкөністерге – 17,1%, сиір етіне – 6,5%, қой етіне – 6,1%, сары майға – 5%, жаңадан жиналған жемістерге – 3,7%, жылқы етіне – 3,2%, мәйекті ірімшікке – 3,1%, консервіленген сүтке – 3%, кондитерлік өнімдерге – 2,9%-ға белгіленді.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 8,8%, қантқа – 4,9%, қарақұмық жармасына – 2,6%, күнбағыс майына – 2,5%-ға тіркелді.
2017ж. наурыз | 2017ж. қаңтар-наурыз 2016ж. қаңтар-наурызға | ||||
2017ж. ақпанға | 2016ж. желтоқсанға | 2016ж. наурызға | 2015ж. желтоқсанға | ||
Тауарлар мен қызметтер | 0,5 | 2,3 | 7,7 | 11,0 | 7,8 |
Азық-түлік тауарлары | 0,6 | 3,2 | 9,7 | 13,2 | 9,4 |
Азық-түлік емес тауарлар | 0,4 | 1,7 | 8,5 | 11,3 | 8,9 |
Ақылы қызметтер | 0,4 | 1,7 | 4,7 | 7,9 | 4,8 |
Баға өсімі автомобильдерге 3,5%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2,2%, тоқыма бұйымдарына – 1,7%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданатын тауарларға – 1,6%-дан, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 1,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,4%, тұрмыстық аспаптарға – 1,2%-ды құрады. Бензин 5,5%, баллондағы сұйытылған газ – 4,4%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 2,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,4%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,3%, ішкі қалааралық – 2,1%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен – 2,8%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, ыстық суға – 3,9%, орталықтан жылытуға – 3,7%, электр энергиясына – 2,4%, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024