2017 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) бірігуі кезінде көп адамдар депозиттерін қайтып алды. Жыл басынан бастап ЕДБ салымдары 397,8 млрд теңгеге (3,52%) қысқарды. Ал 2016 жылы ұлттық валютадағы депозиттер үлесі екі есе өскен болатын.
Ең көп салым салынған банктер орташа деңгейдегі банктер болды. Алғашқы тұрған «Хоум Кредит Банкі» жеке тұлғалар салымдары көлемі 13,94 пайызға (4,58 млрд теңге) өсіп, 2017 жылдың наурызында 37,47 млрд теңгені құрады.
Жеке тұлғалар салымдарының өсуі халық тарапынан депозит өнімдеріне сұраныстың артқанын көрсетеді. Депозиттің максимал мөлшерлемесі, ыңғайлы шарттар және қосымша қызметтер тұтынушылар тартуға ықпал етеді.
Екінші орында, Kaspi Bank тұр. Салым көлемі 4,11 млрд теңгеге (0,56%) дейін өсіп, 742,55 млрд теңгені құрады. Алайда, заңды тұлғалар салымдары қысқарған. Банк үшін қолжетімділік пен ыңғайлылық депозит базасы ұлғаюының негізгі факторы. Сонымен қатар, бұған банк тұрақтылығы да әсер етті.
Үшінші орынға Capital Bank Kazakhstan тұрақтады. Жеке тұлғалардың салым көлемі 61,98 пайызға (3,02 млрд) өсіп, 7,89 теңгені көрсетті. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 4,87 млрд теңге болған
Ал заңды тұлғалардың депозиттерін кері қайтарып алуы біршама үлкен деңгейде болды. ҚР Ұлттық банкінің статистиасы бойынша 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында ең көп салымы ең өп кері алынған банк – «Қазақстан Халық банкі» болды. 2017 жылы 1 қаңтарда заңды тұлғалардың банктегі салымы 1815,65 болса, 1 наурызда бұл көрсетіш 1569,17 млрд теңгеге дейін төмендеді. Яғни екі айда 246,54 млрд теңге (13,58%) депозит қайтып алынған.
Заңды тұлғалар салымының қысқаруы бойынша, екінші орында - «Bank RBK» банкі тұр. Онда кері алынған салымдаа – 86,34 млрд теңгені (15,31%) құраған. Заңды тұлағалардың 2017 жылдың наурызындағы депозит базасы- 477,75 млрд теңге.
Үшінші орында «Сбербанк» АҚ ЕБ, заңды тұлғалар депозиттері 9,98 пайызға (52,53 млрд теңге) қысқарды. Ал банк салымдары 526,44 млрд теңгеден 473,91 млрд теңгеге дейін азайған.
Евразиялық Банк, Forte Bank және АТФБанк та 2017 жылдың басында заңды тұлғалар салымы бойынша көшбасшы атанды. Ең көп салым Еуразиялық банкке құйылды. Екі айда депозит көлемі 95,32 млрд теңгеге (26,46%) өсіп, 455,62 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, Forte Bank-тің де салымдары 40,12 млрд теңгеге (8,80%) өсіп, 2017 жылдың 1 наурызында 496,86 млрд теңгені көрсетті.
АТФ банкі баспасөз қызметінің айтуынша, жайлы макроэкономиалық шарттар клиент динамикасына оң әсер етіп жатыр. Жыл басынан бері АТФ банкте заңды тұлғалар салымы біршама көбейді. Салым көлемі 38,04 млрд теңгеге (5,95%) артып, 677,27 млрд теңгені құрады.
ЕДБ-дегі депозит құрылымының өзгергеніне қарамастан, банктер салымы артып келеді. Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауаты менқаржылай белсенді азаматтар көбейіп келеді.
Депозит портфелінің көлемі бойынша, алғашқы үштікте Халық Банк, Қазком және Цеснабанк қалады7
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024