«Теңгенің тағдыры қалай боларын көру үшін көрші валютаның күйіне қара» дейді сарапшылар. Қазір ресейлік мамандар елдің валюта нарығында жуырда «қауіпті сілкініс» болады деп топшылап отыр. Бұл өзгеріс экономиканың өзгеруі мен тұрақсыздығына соқтырады. Экономистер бұл жағдай соңғы уақытта нығайып жатқан теңгемен болуы мүмкін екенін айтады.
Халықаралық валюта нарығында біраздан бері тұрақтылып орнап тұр. АҚШ президенті Дональд Трамп долларды «шектен тыс нығайған» деп, бірде Қытай юанінің «валюталық манипулятор» екенін айтты. Кейіннен ол ойынан да бас тартты. АҚШ-тағы қаржылық саясаттың тұрақсыздығына «көңілі қалған» сарапшылар доллардың құнсызданатын күні алыс емес екенін болжайды.
Біздің солтүстіктегі көршіміздің валюта нарығында қаржыгерлердің талқысын тудырған жағдай қалыптасты. Столыпин атындағы экономикалық өсім институтының мамандары Ресейдегі инфляцияның түсуі Орталық банк пен қаржы министрлігінің ақша сұранысын шектеу саясатына байланысы жоқ екенін, бұл рубль курсының тұрақтануымен байланысты екенін айтады. Әрі олар Орталық банк рубль курсын ұстауға араласып отырғанын сенімді.
«Қазақстанда да тап осындай жағдай қалыптасқан», - дейді Ulagat Consulting Group компаниясының директоры Марат Қайырленов. Оның пікірінше, Қазақстанда әзірге валюталық дағдарыс орнаған жоқ, бірақ экономикадағы дисбаланс үдеп келеді. «Елде спекуляция жасауға жағымды жағдай қалыптасқан. Мысалы, мұнай бағасының тұрақтылығы, жоғары 11 пайыздық ставка, салыстырмалы түрде тұрақты теңге курсы. Бірақ инвесторлар мұнай бағасының түсуін сезген кезден бастап, елден кете бастайды да, сырттан келетін капитал айтарлықтай азаяды. Ал бұл сөзсіз теңгенің құнсыздануына әкеп соқтырады», - дейді экономист.
«Қазкоммерц Секьюритиз» компаниясының активтерді басқару бөлімінің бастығы Айвар Байкенов қазір Ресейге инвесторлар қаржы құйып жатқанын, бірақ пайыздық ставка төмендесе олар да елден дереу жылыстай бастайтынын болжап отыр.
Бұл да рубльдің құлдырауына әкеледі. Ал бұл Қазақстанның ұлттық валютасын долларына 320-325 теңге болатындай етіп құнсыздандыруы мүмкін. Оның пайымдауынша, бұл 3-6 ай аралығында болады.
Halyk Finance басқарма мүшесі Мұрат Темірханов қазақстандық нарық ойыншылары, оның ішіндегі Ұлттық банк те басқа факторларға емес, көбіне ресейлік рубльге қарап, соның курсының қарай әрекет ететінін айтады. Осыған байланысты, - дейді сарапшы, - рубль құнсызданса теңге де көп тұрмайды. Оның пайымдауынша, ресейлік валюта долларына 60 рубльге дейін жетсе, теңгенің долларға қатысты бағамы 330 теңгеге дейін құнсызданады. Экономист Меруерт Махмұтова да курстың ресейлік валютаға тәуелді боп отырғанын айтқан еді. «Биыл төлейтiн сыртқы қарыз - 23,7 миллиард доллар, сондықтан теңге құнсызданады деп ойламаймын. Керісінше, доллар 300 теңгеге дейiн төмендеyi мүмкін. Бірақ рубль құнсызданса, теңге де девальвацияланады», - дейді маман.
«Алғашқы тоқсанда теңгенің долларға қатысты курсы 6 пайыздан астам шамаға дейін нығайып, құны тап сондай көрсеткішке дейін өскен рубльмен бірге ең табысты валюталардың қатарына қосылды», - дейді «Альпари» сараптама агенттігі директорының орынбасары Наталья Мильчакова. Жыл басынан бергі алғашқы тоқсанда дамушы елдер валютасының арасында теңге мен рубльден мексикалық песо мен оңтүстіккорелық вон ғана табыстырақ болды.
«Альпари» сарапшысының айтуынша, алда бір доллар 310 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. «Теңгенің құны көбіне мұнай бағасына тәуелді. Brent мұнайының бағасы барреліне 50 доллардан арзандаса, курс біраз уақыт 312-314 теңге шамасында тұрақтайды. Бірақ маман қазір мұнай бағасының өзгеріссіз екенін айтып, теңгенің долларға қатысты қандай да бір күрт өзгеруін күтпейтінін айтады.
«Финам» сарапшылар тобының маманы Богдан Зварич те теңге ары қарай да нығайып, доллар арзандауы мүмкін екенін айтады. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы мен АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы себеп болады. Бірақ сарапшы Ресей мен Қазақстанда қаржы жүйесі жуық арада күйреуі мүмкін дегенге сенбейтінін алға тартып, қазіргі теңге курсының шикізат бағасы есебінен нығайып жатқанын жеткізді.
Кейбір сарапшылар мұнай бағасы мен доллар құнының құбылмалы екенін айтып, мұндай болжамды «негізсіз» деп бағалайды. Экономист Денис Кривошеевтің айтуынша, қазіргі теңге курсына Ұлттық банк әсер етіп отыр.
— Егер доллардың инфляциясы жылына — 2 пайыз, теңгенікі 9 пайыз болса, орта есеппен шамамен 7 пайыз болады. Жылдық есепте жалпы инфляция 15 пайызға жетеді. 2015 жылы курс қатты өзгерді, бірақ инфляция іске асырылған жоқ. Біздің есебіміз бойынша, екі жыл бұрын доллар курсы 420 теңге болуы керек еді. Мұның мүмкін емес екенін білетін Ұлттық банк курсты жасырын түрде ұстап отыр. Бірақ бұл көпке созылмайды. Себебі, баға нарыққа сәйкес болмаса, оны девальвация реттеп береді. Ал Ұлттық банктің шығындары тым көбейіп кетті де, бұдан былай курсты ұстап отыруға қаражаты қалмады, — дейді экономист.
Айта кетейік, бүгін – 20 сәуірде мұнай бағасының 3,6−3,8 пайызға арзандауына байланысты теңге курсы да біршама арзандаған еді. Қазір 1 доллар 312,33 теңгеден сатылып жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024