Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз болады.
Тақырыбтың өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi. /1/
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.
Республикада соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан мәселелердің бірі әлеуметтік саясат, оның ішінде, зейнетақы реформасына қатысты сұрақтарды келесі ғалым экономистердің еңбектерінен көруге болады: Баймуратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К, Исахова П, Алибаев А, Нурланова Н.К., Зейнельгабдина А.Б., Ильясова К.К., Мельников В.Д., Есентугелова А.Е., Нурмуханбетов. және т.б.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына арналған ғылыми зерттеулерде тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес қаржы тетiктерi, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерi мен оны басқару тетiктерi, зейнетақы активтерiнiң портфельдi инвестицияларының пайда болуы, оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ел экономикасын қаржыландыруда зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың келешегi туралы сұрақтар қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың тереңдетiлген жағдайындағы Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң қазiргi жағдайын кешендi зерттеу негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн, портфельдi инвестициялардың пайда болу процесстерiн және оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстарды жасап шығару және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң әрекет етуiнiң экономикалық-ұйымдық тетiгiн жаңғыртудың ғылыми негiзделген ұсыныстарын әзiрлеумен түсiндiрiледi.
Жұмыстың мiндеттерi. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесi мiндеттердi шешудi қажет етедi:
1) тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн анықтау, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;
2) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының әр-түрлi сатысында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудi реттеудегi мемлекеттiк саясаттың ролiн анықтау;
3) нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшеліктеріне байланысты қолдануына талдау жүргізу;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiне талдау жүргiзу негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу және Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау;
5) келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытудың және тұрақты етудің негiзгi бағыттарын анықтау, зейнетақы жүйесiнiң тиiмдi әрекет етуiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу;
6) зейнетақымен қамтамасыз етудiң сақтандыру тетiктерiн әзiрлеу және келешекте зейнетақымен қамтамасыз ету мөлшерiн анықтау болып анықталады.
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
- Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы және даму теориялары
Күнделікті өмірде әрбір адам денсаулығының және тіршілік етуінің негізгі көзі жалақының жойылуына байланысты әр түрлі жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл жағдайларға мыналар жатады: кәрілік, мүгедектік, науқасқа шалдығу, асыраушысынан айрылу және т.б. Оларды көп жағдайда өздігінен жеңу мүмкін емес, сондықтан олар әлеуметтік-экономикалық талаптармен анықталғандықтан және өндірістік іс әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан жеке адамның еркіне тәуелсіз болып келеді. Адамзат дамуында қоғамның жарымжан және кәрі мүшелеріне көрсетілетін жәрдем түрлері өзгеріп отырды, алғашқы кезде бұл шіркеулерден қайырымдылық түрінде жүргізілсе, кейіннен мемлекетке адал қызметі үшін әскерилерге жалақы түрінде болды.Ақырында бұл адамның бүкіл өмір бойы жинақтаған қаржысын зейнетақы түрінде мемлекеттің кепілдендірілген жәрдемі түрінде жүзеге асты.
Алғашқы мемлекеттік зейнетақы жүйесі Германияда княз Отто фон Бисмарктің реформасы негізінде пайда болды. Реформа алғашқы кезде науқастарға және мүгедек адамдарға қаржылық көмек ретінде жүргізілсе (1883-1888жж) кейіннен 1889 жылдан бастап жалпы зейнетақымен қамтамасыз ету жүзеге аса бастады.
Өткен ғасырдың зерттеушілері қарт адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелерін әртүрлі қарастырды. Либералды рыноктық экономиканың жақтаушылары әрбір индивид өзінң өміріне қор жинау арқылы лайықты қарттық шағын өзі қамтамасыз етуі тиіс деген пікірде болды. Ал кейнсиандықтар керісінше жеке жинақтардан бөлек қарт адамдарға мемлекеттің есебінен зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде жәрдем көрсетілуі қажет екенін айтты.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосқан 20 ғ көрнекті экономистері Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман , Франко Модильяни, Моррис Алле және тағы басқалар болды.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің мәніне талдау жасау үшін, ең алдымен зейнетақы ұғымына анықтама беру қажет. Жалпы зейнетақы ұғымы (лат. Pensio) төлем деген мағынаны береді. Тарихи дамудың нәтижесінде бұл түсініктің мағынасы өзгеріп, толығып отырды. Алғашқыда ол мемлекетке адал қызметі үшін жалақы мағынасын берсе, қазіргі уақытта қоғамның қарт азаматтарының тіршілік етуінің қажетті көзі болып табылады. Қазіргі уақытта зейнетақының мәнін талдаудың бастапқы кезінде қызмет ететін жалпы қабылданған зейнетақы анықтамасы жоқ. Дегенмен де экономикалық әдебиеттерде кездесетін зейнетақы анықтамасына сәйкес келетін негізгі пікірлерді көрсетіп кетуге болады. Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше қызығушылық және осыдан шығатын зейнетақы түсінігі ғылыми зерттеу пәні ретінде біршама ертерек пйда болды. Енді зейнетақы туралы кейбір шетел экономистерінің анықтамаларына көз жүгіртсек: Дж. Кейнс зейнетақыны халықтың өзінің қарттық шағын қамтамасыз ету үшін жинаған жеке жинақтары және сонымен қатар мемлекеттің зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға төленетін белгілі бір ақша суммасы деп түсінді. К. Маркс қоғамдық қорлар құрамында еңбекке қабілетсіздер үшін тұтыну қорларын атап көрсетті. Тұтыну қорларының қызметі азаматтарға қарттық шағында, мүгедек болған жағдайда және жұмыс істеу қабілетінен айрылған жағдайда төленетін ақша төлемдері.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде зейнетақы деп мемлекеттердің және басқа да субьектілердің азаматтарға белгілі бір жасқа келген кезде, мүгедек болған кезде және тағы басқа жағдайларда тұрақты түрде төленетін ақша төлемдері.[5,416б]
ҚР-сының «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру» туралы заңында зейнетақыға келесідей анықтама берілген: «Зейнетақы бұл Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы». [1.]
Менің ойымша келесі анықтама зейнетақының мәнін толығымен ашып көрсететін сияқты: «Зейнетақы-бұл адам өмірінде белгілі бір жағдайлар болған кезде яғни зейнеткерлік жасқа жеткен кезде, қажетті еңбек өтілі болғанда, мүгедек болған жағдайда, асыраушысынан айрылған кезде, жұмысшылардың белгілі бір категорияларына байланысты көп жылғы сіңірген еңбегі үшін азаматтарға заңды негізде төленетін белгілі бір ақша суммасы».
Жоғарыдағы анықтамалардан байқалып отырғанындай зейнетақының әлеуметтік-экономикалық мәні бұрынғы өмірді қамтамасыз ету үшін болған жеткілікті деңгейдегі жойылған жалақыны толықтыру.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді әр түрлі аспектілерде қарастыруға болады. Зейнетақымен қамтамасыз ету юридикалық мағынада қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін күтумен байланысты қатынастарды реттеуші заң саласы.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік мағынасында – бұл адамның жұмыс істеу қабілетінен айырылған кезде, зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайда қоғам есебінен асыраудың формалары мен түрлерінің жиынтығы.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің экономикалық мағынасында – бұл қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін асырау мақсатында тұтынуға пайдаланылатын ұлттық табыстың бөлігі.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің мәні оның қызметтерінен көрінеді:
1) Әлеуметтік қызметі – адамдардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған;
2) Экономикалық қызметі – халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға, экономиканы тұтастай дамытуға бағытталған;
3) Ақпараттық қызметі – азаматтарға зейнетақы жүйесінің дамуы және жай-күйі туралы сенімді ақпаратты берумен көрінеді.
Зейнетақы жүйесінің басты мақсаттары:
1) қарттарды кедейліктен қорғау;
2) еңбек ету мерзімі аяқталған кезде кепілдендірілген табыспен қамтамасыз ету;
3) инфляцияның нәтижесінде нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуінен болатын табысты қорғау.
Зейнетақымен қамтамсыз ету жүйесі әр түрлілігімен ерекшеленеді. Әрине қағидалары және ұйымдастырушылық негіздері және тағы басқа белгілері бойынша толығымен сәйкес келетін екі жүйе табылмауы мүмкін. Осыған байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің келесідей классификацияларын бөліп көрсетуге болады:
Енді зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің классификациясын толығырақ қарастырсақ:
1) Зейнетақы жарналарын капиталдарға айналдыру және қайта бөлу принциптерін пайдалануға байланысты.
Кесте 1 - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің классификациясы [11.20б]
категория | түрлері |
Зейнетақы жарналарын капиталға айналдыру және қайта бөлу принциптерін пайдалануға байланысты | Жинақтаушы. Аралас. Бөлу. |
Ұлттық зейнетақы жүйесінің моделіне байланысты | Беверидж моделі. Бисмарк моделі. Жеке зейнетақы сақтандыру моделі |
Қаржыландыру әдісі бойынша | Зейнетақыға төленетін ағымдағы шығындарды ағымдағы түсімдермен өтеу. Болашақтағы және қазіргі уақыттағы барлық зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ететін қорлар жасау. |
Салық салу әдістеріне байланысты | Инвестициялық табысқа салық салу. Зейнетақы жарналарына табыс салығын салу. Зейнетақы төлемдеріне табыс салығын салу. |
Қатысушылардың ауқымына байланысты | Барлық халық үшін. Халықтың кейбір категориялары үшін. |
Зейнетақы жүйесіне қатысу айырмашылығына байланысты | Міндетті. Ерікті. Кәсіби |
а) Міндетті зейнетақымен қамтамасыз етудің бөлу жүйесін алғаш рет неміс канцлері Отто фон Бисмарктың енгізгенін мен жоғарыда атап өттім. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына сүйенеді. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жалақының бір бөлігін төлеген кезде, үкіметтің зейнеткерлердің табысын қамтамасыз ету үшін жұмысшылардың зейнеткерлікке шығар кездегі кепілдендірілген табысы туралы уәдесімен айырбасталады. Жас ұрпақ пен қарт ұрпақ арасындағы трансферттерге сүйенетіндіктен жүйе ортақ деп аталады. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі жұмысшы ұрпақтың ағымдағы жалақысына байланысты либералды рыноктық реформа идеологияларына жауап бермейді.
Біріншіден, экономикадағы бағалық пропорцияларды бұрмалайтын табыстардың қайта бөліну масштабының елеулі түрде көбеюі.
Екіншіден, ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасы жеке тұлғаның мемлекетке және өзінің қарттық шағын қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігінің болмауына байланысты жеке тұлғаның капитал жинақтауға және еңбек етуге белсенділігін төмендетеді.
Үшіншіден, бөлуші зейнетақы жүйесі сақтандыру аспектісінде әділетсіз, яғни жұмысшылардың зейнетақы қорларындағы салымдарының төлеуіне кепілдік бере алмайды, тіпті кейбір жағдайларда зейнеткерлердің өмір сүруінің қолайлы деңгейін де қамтамасыз ете алмайды.
Зейнетақы жүйесін қаржыландыру әдістері бойынша:
а)Бөлу(қорланбайтын) әдісі. Бұл бойынша зейнетақы шығындарын ағымдағы түсімдердің есебінен төлейді. Шет елдерде бұл әдіс «pay-as- you go system» яғни «шамаң барда төле деп аталады.
Зейнетақы жүйесі –бұл еңбекке жарамсыз, жасы келген адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың жүйесі, ол жүйе мемлекетпен реттеледі және зейнетақы салымдары мен төлемдерінің эквиваленттілік, яғни сақтандыру қағидасына негізделеді. Бұл жүйе еңбекке жарамсыз жаста тұтыну үшін жиналған азаматтардың ақшалай қаражаттарының құрылуы мен жұмсалу механизмін білдіреді.
Зейнетақы жүйесінің мәні мен оның әлеуметтік қамсыздандыруда алатын орнын анықтау үшін ең алдымен зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі принциптерін анықтау қажет.
«Кеңестік зейнетақымен қамсыздандыруда» төмендегі принциптер көрсетілген:
- Зейнетақымен қамсыздандырудың жалпыламалығы;
- Зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының біркелкілігі;
- Зейнетақы мен әлеуметтік көмектің мемлекет есебінен төленуі;
- Зейнетақымен қамсыздандырудың жоғарғы деңгейлігі және зейнетақы көлемінің еңбек өтіліне еңбекке жарамсыздық деңгейіне, отбасылық жағдайына байланысты дифференциялануы.
Жоғарыда аталған зейнетақымен қамсыздандыру қағидалары тек жоспарлы экономика жағдайында ғана жүзеге аса алады, ал өтпелі экономикадағы зейнетақы жүйесінде шаруашылықты жүргізудің рыноктық жағдайына сәйкес принциптер болуы тиіс.
Жалпы алғанда әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру көздері бойынша екі түрлі принципті көрсетуге болады: сақтандыру принципі жіне қамсыздандыру принципі.
1) Сақтандыру принципі. Бұл принцип бойынша көрсетілген көмекті қаржыландыру салымдар есебінен жүргізіледі және салымдармен әлеуметтік қызмет көлемі арасында тығыз байланыс орнатылған. Көмектің көлемі жеке салымдардың көлеміне байланысты, яғни кепілденушінің алдын –ала жасаған салымдарына байланысты сақтандыру принципі жеке сақтандыру компанияларында және әлеуметтік сақтандыру жүйесінде сақтандыру принипі мынадай түрде іске асады: сақтандырушылар өздерінің жалақысының белгілі бір бөлігін салым ретінде төлеуі керек және жалақысынан айырылған жағдайда енбекақысының көлеміне байланысты компенсация алады.
Сақтандыру принципі ең алдымен төлемдер мен салымдардың өзара байлагысын білдіреді, ал өзін қарттық кезеңінде қамсыздандыру үшін арнайы қорларға өмір бойы белсенді салымдар төлеген адамдар үшін әділ прнцип болып табылады.
2) Қамсыздандыру принципі. Бұл принцип бойынша зейнетақымен қамсыздандыру салықтың есебінен қаржыландырылады. Көмек бұрын төленген салымдарға байланыссыз көрсетіледі. Мұндай көмек жалақыдан айырылған немесе жеке отбасылық бюджетке ауырлық түскенде беріледі. Бірақ бұл көмектің көлемі алдын –ала анықталған, оған көмек алушының табысы мен материалдық жағдайы еш әсер етпейді. Салықтардың есебінен қаржыландырудың принципіне сәйкес зейнетақының төленуі бюджеттің жағдайына байланысты. Егер әлеуметтік көмек жүйесінің айтарлықтай бөлігі қамысздандыру бөлігі бойынша құрылса, онда ол бюджетке ауырлық тигізуі мүмкін. Бірақ кейбір қатаң шектелмеген жерлерде әлеуметтік көмектің қамсыздандыру принципін қолдануы қажет болып табылады. Мысалы, бұл принцип сақтандыру қолдану мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Сенімді және тиімді зейнетақы жүйесі тек аралас қаржыландырылатын көп укладты моделдің негізінде ғана құрылуы мүмкін. Ол бөлу (ынтымақ принципіне) жүйесінің элементтері мен жинақтаушы жүйесінің элементтерінен үйлесіп құрылуы керек.
Рыноктық қатынастардың дамуы жасы келген, еңбекке жарамсыз адамдар үшін зейнетақымен қамсыздандыруды сақтандыру принципі бойынша ұйымдастыруды білдіреді. Жасы бойынша еңбекке жарамсыз адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруда өтпелі экономика кезінде сақтандыру принципі бойынша іске асуы тиіс, оны тиімді жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қамтамасыз ете алады.
Зейнетақы басқа әлеуметтік төлемдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Мұнда, халықтың ерекше бір категориясымен байланысамыз, яғни жасы келгенде еңбек қабілетін жоғалтқан адамдар. Қамсыздандырудың негізі мақсаты қоғамдағы еңбекке қабілетсіз адамдарды материалдық қолдау болып табылады. Барлық еңбекке қабілетсіз адамдарды үш топқа бөлуге болады:
1) Жасы бойынша еңбекке жарамсыз адамдар, яғни өмір бойы белсенді жұмыс істеп зейнет жасына жеткен азаматтар;
2) Уақытша еңбекке жарамсыз адамдар, яғни өзінің еңбекке қабілеттілігін еңбек және қоғамдық міндеттерді атқару кезінде жоғалтқан азаматтар;
3) Бала кезінен еңбекке қабілетсіздер, яғни бала кезінен мүгедектер және еңбек жасындағы азаматтар.
Жоғарыда көрсетілген адамдардың еңбекке қабілетсіздік деңгейіне қарай және оларды қамсыздандыру принциптері бойынша зейнетақымен қамсыздандырудың үш негізгі қызметін (мақсаттарын) көрсетуге болады:
1) Жасы бойынша еңбекке жарамсыздар үшін, яғни жасы бойынша зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер бейімделген өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етілуі керек
2) Еңбекке қабілетсіздер үшін оның себептеріне байланысты өтемақы төлеу.
3) Бала кезінен мүгедектермен қоғамның жұмыс істемейтін мүшелері үшін минималды өмір деңгейін қамтамасыз ету.[7,21б]
Жинақтаушы және ұрпақтардың ынтымағы принципіне негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі арасындағы айырмашылық оларды қаржыландыру әдістерінде болып отыр. Зейнетақы жүйесін қаржыландырудың екі тәсілі бар:
1) Бөлу (қорланбайтын) әдісі, ол бойынша зейнетақы шығындары ағымдағы түсімдердің есебінен өтеледі. Бұл әдіс PAYG (PAY –as –you –go) «шамаң барда төле» .
Бөлу жүйесінің төлем қабілеттілігі зейнетақы төлемдерін қажетті көлемде төлеу үшін қаржыларды жинақтай алу мүмкіндігімен анықталады. Зейнеткерлер өздерінің зейнетақыларын жұмысшылардың есебінен алады, осылайша төлемдер мен салымдардың салыстырмалы түрдегі теңдік балансы сақталып отырады.
Баланстың сақталуы зейнетақы жүйесінің негізгі өлшемдерінің үйлесімділігі есебінен іске асады: зейнеткерлік жас, зейнетақы көлемі, сақтандыру тарифтері. Олар келесі формулада көрсетілген:
НР жалпы х Е орта ЗС қойылымы = З орта (1)
Мұнда:
Ж – жалпы жұмысшылардың жалпы саны, адам
Е орта – орташа еңбекақы, теңге
ЗС – зейнетақы салымдарының қойылымы, теңге
З – орташа зейнетақы, теңге.
Бөлу әдісінің ерекшелігі басқарудағы қарапайымдылық болып табылды. Зейнетақының бөлу жүйесінде ұрпақтардың ынтымағы принципі іске асырылалы, онда жұмысқа қабілетті жас ұрпақ жұмыс істеуге жарамсыз ересек ұрпақты қолдау жүгін өз мойындарына алады. Болашақта демографиялық өзгерістерге сәйкес әрбір зейнеткерге келетін жұмысшылардың саны азая бастайды (тиісінше зейнетақы салымдарын төлеушілер саны да азаяды). Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі төмендеуі мүмкін.[20,154б]
Орта жалақының төлеміне қатысты зейнетақы көлемінің қысқаруы болжануда. Зейнеткерлердің әл –ауқатын қалайда баса қолдау үшін мемлекетке еңбекақының айтарлықтай бөлігін зейнетақы жүйесіне алып тұруға тура келеді. Бұл көптеген елдердің тәжірибесінде кездескен жағдай. Бай мемлекеттердің өздері де жұмысшылардың табысының айтарлықтай бөлігін зейнеткерлерге төлей алмайды.
Зейнетақы жасын көбейтудің теориялық мүмкіндігі де бар, бірақ бұл жолмен проблема толық шешілмейді. Демек бөлу жүйесі бойынша зейнетақымен қамсыздандыруға әлемнің барлық мемлекеттері реформа жасайды.
2) Жинақтаушы (қорланатын) әдіс, мұнда қаржылар осы кезде және болашақта зейнетақы төлемдерін толығымен қамтамасыз ететін арнайы қорлардың құрылуына жіберіледі.
Жинақтаушы зейнетақымен қамысздандырудың қызмет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесс болып табылады. Ол үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына құйылатын салымдар түрінде болады.
- Екінші кезеңде жинақтаушы зейнетақы қаражаттары инвестицияланады. Бұл инвестициялау процесі салымдар мен зейнетақылардың көлемін білдіретін ережелерімен анықталады.
- Үшінші кезеңде зейнетақыны мерзімді төлеу іске асырылады.
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың шетелдік тәжірибелері
АҚШ-тың зейнетақы жүйесі азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етудің әлемдік инститтуттарының ішінде жетекші орын алады. Бұл елдегі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі 3 деңгейден тұрады:
1) Бөлуші және жинақтаушы схема бойынша мемлекеттік сақтандыру;
2) Түрлі зейнетақы жоспарларының шеңберінде жеке ұжымдық сақтандыру;
3) Жеке жинақтаушы есебінен ерікті аударымдар негізінде өзін-өзі сақтандыру. Бір айта кететін нәрсе жеке ерікті сақтандырулардың барлығы да жинақтаушы принципімен құрылған. АҚШ-тың мемлекеттік зейнетақы жүйесі бірнеше зейнетақы бағдарламаларын жүзеге асырады, соның ішінде әлеуметтік сақтандырудың жалпы федералды бағдарламасы ғана бөлу принципімен құрылған. Оның негізгі мақсаты қарттарға, кедейлерге, жұмысқа қабілетсіз адамдарға, асыраушысынан айырылғандарға және сонымен қатар жетім-жесірлерге жәрдемақы төлеу болып табылады. Сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы негізінде Medicare жобасы қарттардың медициналық шығындарын жабуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама келесі негізде жұмыс жасайды: жылдық табысы 65000 доллардан аспайтын әрбір жұмысшы жалақысынан 7,65% мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде аударады. Оның 6,2% әлеуметтік сақтандыру қорына түссе, 1,45% қарттарды медициналық сақтандыруға кетеді. АҚШ-та әлеуметтік салықтардың жалпы көлемі 15,3%-ды құрайды. Қалған 7,65%-ын жұмыс беруші төлейді. Жылдық табысы 65000 доллардан асатын жұмысшылар әлеуметтік қамтамасыз етуге жарналар төлеуден босатылған. Халықтың бұл категориясы тек қарттарды медициналық сақтандыруға ғана төлем жасайды. Бұл категориядағы жұмысшылардың табысының жоғары болуынан, олардың жарналық аударымдары кей кезде өте үлкен мөлшерде болады. Америкалық жұмысшылардың тағы бір бөлігі жеке кәсіпкерлер өздерінің табыстарынан 15,3% көлемінде салық төлеуге міндетті.
АҚШ-та жұмысшылардың зейнетақысы оның еңбек еткен жылдарындағы алған жалақысының ең жоғарғы мөлшерімен есептеледі. Бірақ мемлекеттік зейнетақыны толық көлемде алу үшін елдегі зейнеткерлік жас 65-ке толуы қажет (ерлер де, әйелдер де) және сонымен бірге 26 жыл еңбек өтілі болуы талап етіледі. Рас, америкалықтарға заң шеңберінде зейнеткерлікке сәл ертерек 62 жастан бастап шығуына болады. Бірақ бұл жағдайда зейнеткерлікке ерте шыққан тұлға қалған 3 жыл көлемінде толық мемлекеттік зейнетақы көлемінен 20% мөлшерінде аз зейнетақы алады. Алайда, АҚШ-та өзінің заңды зейнетақысын алумен бірге қызметтік карьерасын жалғастыра беруге тиым салынбайды. Мемлекет ресми зейнеткерлік жасқажетуге дейінгі уақытта (62- 65 жас аралығы) зейнетақы алушы тұлғадан оның зейнетақысын белгілі бір пайыз мөлшерінде (заңмен белгіленген) шегерім жасайды. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін мұндай шегерімдер алынып тасталады.Әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы негізінде әлеуметтік салық төлеуші жұмысшының өзінен басқа оның зейнетақысына қосымша 50%-ы оның асырауындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалары және зайыбына есептеледі. Егерде жұбайлардың екеуі де әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы негізінде зейнетақы алатын болса, онда әйелге өзінің меншікті зейнетақысы мен күйеуінің қосымша 50% зейнетақасының біреуін таңдауға тура келеді. Бір айта кететін жайт әлеуметтік сақтандырудың жалпы федералдық бағдарламасы америкалықтарды түгелдей қамтымаған. Бұл экономиканың жеке секторындағы жұмысшыларға қатысты.
АҚШ-та жеке зейнетақымен сақтандырудың барлығы жинақтаушы болып табылады. Дегенмен де жеке зейнетақымен сақтандыру схемасы әрбір 3-ші жұмысшыны ғана қамтиды. Мемлекттік емес сақтандыру ерікті түрде жүзеге асырылады, сондықтан да жеке сектордың көптеген жұмысшылары Жалпы федералды бағдарламадан басқа бір немесе бірнеше жеке схемаларға қатысады. Мемлекеттік емес зейнетақымен сақтандыру ұжымдық негізде құрылады, яғни кез келген кәсіпорын өзінің қызметкерлеріне бір немесе бірден бірнеше зейнетақы бағдарламаларын ұсына алады. Әдетте зейнетақы бағдарламаларын іріктеу және потенциалды инвесторларды іздеумен арнайы менеджерлер айналысады.
АҚШ-та зейнетақы жүйесіне белсенді қатысушылардың бірі – ол сақтандыру компаниялары. Олар 401(к) және 403(в) бағдарламасы шеңберінде бірнеше қызметтер ұсынады. Солардың ішінде кең таралғаны сақтанушының зейнеткерлік жасынан өмірінің ақырына дейінгі аннуитет төлемдері. Сақтандыру компанияларының негізгі инвестициялық көзі – акциялар мен облигациялар. 2000ж аяғында сақтандыру компаниялары 70 млн. астам америкалықтарға қызмет көрсеткен.[30]
Қазіргі уақытта Голландияда да 3 деңгейлі зейнетақа жүйесі қалыптасқан, және ол тиімді жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Елдегі зейнетақы жүйесінің 1-ші деңгейі базалық болып табылатын мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету. 2-ші деңгей мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге қосымша кәсіби зейнетақымен қамтамасыз ету. Ал соңғы 3-ші деңгейі дербес зейнетақымен қамтамасыз ету. Голландиялық зейнеткерлердің табысының негізгі көзін мемлекеттік зейнетақы құрайды. Оның зейнетақыдағы үлесі 50%-дан астам. Кәсіби зейнетақының көлемі 30%. Қалған 10%-ы дербес зейнетақымен қамтамасыз етудің үлесіне келеді. Нидерландыдағы зейнеткерлік жас ерлерге де әелдерге де 65 жас. Осы жасқа келген кезде кез келген азамат базалық мемлекеттік зейнетақыны алуға құқығы бар. Мемлекеттік зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне де, мемлекеттік зейнетақы қорларына аударған жарналарының көлеміне де байланысты емес. Нәтижесінде мемлекеттік зейнетақыны осы елдің кез келген азаматы ала алады. Мемлекттік зейнетақының көлемі бір қағида бойынша ғана тағайындалады. Жалғызбасты зейнеткерлер ерлі-зайыптылармен салыстырғанда зейнетақыны елеулі мөлшерде көп алады. Егер жалғызбасты зейнеткерге оның еңбек еткен жылдарында алған жалақысының 70% көлемінде зейнетақы белгіленсе, ал ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалақысының 50% көлемінде ғана ала алады.
Голландияда қосымша зейнетақы жинақтарын шоғырландыру үшін арнайы мақсатты қор құрылған. Бұл қорда жинақталған қаржы зейнеткерлердің саны күрт өсіп кетуімен байланысты зейнетақы шығындарын жабуға пайдаланылады. Бұл қордың құрылуы зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Мақсатты қордың капиталы мемлекттік бағалы қағаздарға инвестицияланады, соның нәтижесінде қордың активтері біршама жоғарылады.
Голландияда кәсіби зейнетақы жүйесі кең тараған. 2001 ж мәлімет бойынша кәсіби зейнетақы схемасына голландиялық жұмысшылардың 91% қатысқан. Әдетте кәсіби зейнетақы жүйесі жұмыс берушілердің ықылас білдіруімен салалық деңгейде және түрлі компаниялардың ұжымдық келісімі негізінде құрылады. Мемлекет кәсіби зейнетақы жүйесінің дамуына өте-мөте ынталы, сондықтан жұмыс берушілерге барлық жағынан қолдау көрсетеді. Мұндай қолдауға салықтық жеңілдіктер жатады. Кәсіби зейнетақы жүйесінің негізі –салалық зейнетақы қорлары. Мұндай қорлар Нидерландыда көптеп саналады. Зейнетақы жүйесіндегі Германия моделі. Бұл модел Алманиямен қатар бірнеше батыс Еуропа мемлекеттерінде жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің де зейнетақы жүйесі 3 деңгейден тұрады. (Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай дамыған мемлекеттердің барлығында зейнетақы жүйесі 3 деңгейлі болып табылады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз етудің міндетті жүйесі;
2) Кәсіпорындардан берілетін зейнетақы;
3) Ерікті жеке зейнетақымен қамтамасыз ету;
Германияда мына типтегі 4 «міндетті жүйелер» жұмыс істейді.
1)Заңмен белгіленген зейнетақымен сақтандыру, жұмысшылар мен қызметкерлер үшін, сонымен қатар жұмыспен қамтыған халықтың кейбір категориядары үшін(өнер адамдары, жазушылар, үй шаруашылығында жүрген адамдар) міндетті болып табылады.
2 ҚР-НЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 ҚР –да зейнетақы реформасының даму барысы
Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінен халықты әлеуметтік қорғаудың рыноктық жүйесіне өтуіне алып келді. Зейнетақы реформасын жүргізуге түрлі себептер болды. Бұл реформаның жүргізілуіне ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің қаржымен қамтамасыз етілмеуі, салық төлеушілердің азаюы, түскен салықтардың ағымдағы жылдағы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жіберілуі және басқа жағынан зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың санының өсуі себеп болды.
Бұл процесс 1991 - 1997 жылдардағы өндірістің құлдырауынан, жұмыспен қамтылған халықтың азаюынан, жұмыссыздықтың өсуінен, гиперинфляция жағдайында, экономикалық дағдарыс кезінде жүргізілді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Реформаның негізгі мақсаты – мемлекеттің зейнетақы берудегі, -мемлекеттік бюджетке түскен ауыртпалығын төмендетуге, демографиялық үрдістердің, соның ішінде халықтың қартаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі, зейнетке шыққан соң өмірдің ұзақтылығына байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған қаржы міндеттемелерін қысқарту болып табылады. Одан басқа жинақтаушы жүйе әр қатысушының салымдары мен төленетін жәрдемақылардың арасындағы қатынасты, капитал нарығын дамытуға, салымдарды, экономикаға берілетін инвестицияларды көбейтуге жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстанда қазіргі жағдайда екі жүйенің симбиозы –қосындысы жұмыс істейді, ынтымақтастық зейнетақы жүйесі және жинақтаушы зейнетақы жүйесі, кейін біріншісі мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарының компоненті болып қала береді, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің саясатын іске асырудың негізгі табыс көзі болады. [17,17-22б]
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі 1,5 миллион азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі тұтқасы болып табылады және сөзсіз әлі 20 -30 жылдар ішінде өте маңызды рөл атқарады. Келешекте бұл төлемдердің зейнетақымен қамтамасыз етудегі үлес салмағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына байланысты төмендей бастайды. Қазіргі жағдайда ынтымақтастық зейнетақы жүйесі әлеуметтік салық және басқа да төлемдер арқылы қаржыландырылады Зейнетақымен қамсыздандырудың ұрпақтардың ынтымағы принципіне негізделген жүйесі есепте тұрған зейнеткерлерге зейнетақыны жұмыс істеушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлеуге негізделген. Бұрынғы зейнетақы жүйесінің сипаттамалары мыналар болып табылады:
- зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
- қартайғанда өзін-өзі материалдық қамсыздандыру үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің болмауынан міндетті зейнетақы жарияларының иесіздігі.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың іш жүзінде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттің аппараттың мүлтіксіз бақылауы және зейнеткерлермен жұмыс беруші азаматтардың қалыптасқан ара салмағы жағдайында ғана тиімді болды. Сондықтан зейнетақы жүйесі зейнетақының біршама жоғарғы деңгейін қамтамасыз етті - оның мөлшері жұмыс істеген соңғы жылдары алынған жалақыға еңбек стажы мен жасына байланысты болды, ал жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлікке шығуға қызықтырды.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі қалыптасқан зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуін бұзды. Зейнетақы жүйесі, бір жағынан көптеген зейнеткерлердің ең төмен деңгейдегі қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын болды. Екінші жағынан экономикалық ауыртпалық заңды зейнетақымен қамсыздандыру қолданылып жүрген жүйесінің түбірлі кемшіліктері айқын анықталды.
1)Жарналардың мөлшерімен зейнетақы төлемдері мөлшері арасындағы тікелей байланыстың жоқтығы байқалады. Зейнетақы қорларына жарналар негіздікпен төленеді, бірақ жұмыс берушісінің зейнетақы қорына жарналарды тұрақты және толық аударған -аудармағанына қарамастан әрбір қызметкердің зейнетақы алуға құқығы бар. Мемлекет өз тарапынан жұмыс беруші мемлекеттік зейнетақы қорына міндетті жарналарын аударуда жалтаратын азаматтың алдыңғы зейнетақы тағайындау міндеттемесін орындауға тиіс.
2) Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейінің төмендеуі жалпы экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтық жарналарының түсуін бақылаудың тиісті тетігінің жоқтығына және қызметкерлердің мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделі еместігіне де байланысты болып отыр.
3) Зейнетақы жарналарының жоғарғы ставкасы өндіріс шығынын көбейтеді.
4) Зейнетақы тағайындау кезеңіндегі жеңілдіктер санының көптігі мемлекеттік зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсіреді.
5) Қызметкерлердің зейнетақы жарналарының дербес есебінің жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында қаражаттарды шоғырландыруға, жұмыс берушілердің жарналарын бақылауға ынталандырмайды.
6) Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиімсіз жүйесі түрлі ұйымдық құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалмауына жол ашық елеулі қаржы ысырабына әкеліп соғады /14/.
Ұрпақтардың ынтымағы принциптерінен дербес зейнетақы жинақтары принциптеріне кешу реформаны жүргізудің негізгі принципі болуы тиіс. Басқа принциптер мыналар болып табылады:
1) зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
2) азаматтардың зейнетақы жинауды мемлекеттік жинақтау немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорларында жүзеге асыруды таңдап алу құқығын қамтамасыз ету.
Зейнетақы қорларын қалыптастыруға жасына қарай зейнеткерлікке шығуға құқық беретін еңбек стажынан кем болмайтын уақыт қатысқан азаматтар үшін белгіленген ең төмен зейнетақы күнкөрісін минимум қамтамасыз ету жөніндегі тікелей мемлекеттік кепілдіктер:
1) еңбекке қабілетті азаматтардың қартайғанда өзінің зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауыпкершілігі;
2) зейнетақы салымының қауіпсіздігімен ұштастыра отырып инвестициялауды тиімді ету;
3) азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинауды мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
4) әрбір азаматтың қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы;
5) азаматтардың зейнетақы салымын инвестициялау арқылы экономикаға үлес қосу;
ҚР-да зейнетақы тағайындаудың келесідей жағдайлары анықталған: зейнеткерлік жасы (63/58), жеңілдік алғандарды қоспағанда:
1) жұмыс істегендегі өтілі 20/25 жыл;
2) зейнетақыға тағайындау үшін табыс көлемі, кез келген 3 жыл қатарынан жұмысшы үшін алынған орта айлық табысы (15 айлық көрсеткіштен аспауы тиіс);
3) орта айлық табысының 60% есептеп алғанда зейнетақы көлемі зейнетақы төлеу үшін есептелінеді. Жыл сайын зейнетақының минималды көлемі заңмен бекітіліп отырады.
ҚР-сының заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын төлейтін агент –ҚР-да тұрғылықты ұйым арқылы қызмет атқаратын шет елдік заңды тұлғалардың бөлімшелерін қосқанда заңды тұлға немесе жеке тұлға жатады, олар ҚР-сының заңнамасымен анықталған міндетті зейнетақы салымдарын төлейді. [1]
Реформалау басталғаннан бері оның нәтижелері мен жинақталған тәжірибені қортындылау үшін жеткілікті уақыт өтті, оның үстіне ТМД мемлекеттерінің ішінде ЖЗЖ-сі Қазақстанда 1-ші болып енгізілді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін әсіресе қызмет етудің алғашқы кезеңдерінде, яғни рынокты бөлу жаңадан болып жатқанда ірі кәсіпорындармен шарт жасасу маңызды орын алды. Өйткені ол қызмет масштабын кеңейтуге мүмкіндік береді. Зейнетақы қорларында жұмысшылар мен қатысушылардың салымдарының ара қатынасы әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындар өз салымдарын жабық типтегі қорларға салады, ал ашық типтегі қорларда олардың көлемі аз болып келеді.
Зейнетақы жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңінде қажетті нормативтік-құқықтық база құрылды және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін бастады. Ұлттық зейнетақы агенттігі бес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына лицензия берді: ЖАҚ "Қазақтелеком", "Үміт" корпоративті жинақтаушы зейнетақы қоры, ЖАҚ "Мемлекеттік емес ашық зейнетақы қоры", "Валют-Транзит қоры", ЖАҚ "Мемлекеттік емес Д. Қонаев атындағы ашық зейнетақы қоры", ЖТАҚ "Ұлттық зейнетақы қоры ашық жинақтаушы зейнетақы қоры", ЖТАҚ "Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры «Жәрдем»
Зейнетақы реформасының негізгі үш бөлімі бар: зейнетақы қоры-банк-кастодиан зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар. Бұл үшеуі реформаның бас кезінде бірден үш жақты келісім шартқа отырып үлгермеді. Сондықтан барлық зейнетақы қорлары ең алғашқы айдағы салымдарын жоғалтып, яғни алғашқы шығындарға кездесті. Сонымен қатар индивидуалды әлеуметтік кодты беру жұмысы да баяу, әрі ауыр жүрді. Бастапқы кезеңнің қиындықтарына мыналарды жатқызуға болады:
1) жұмыстың басталуына кеткен минималданған теңгемен есептелетін шығындарының болуы;
2) қорларды қамтамасыз ететін біркелкі және унифицирленген бағдарламаның болуы;
3) комиссиондық өте аз болу;
4) тәжірибенің жоқтығы, кадрлардың жетіспеушілігі;
5) зейнетақы реформасына қатысушыларының өзара байланысындағы келіспеушілік пен түсініспеушіліктің болуы. [15.21б]
Бұл мәселелер мен қиыншылықтарды біздің ойымызша екіге бөлуге болар еді. Біріншісіне зейнетақы реформасының кәсіби қатысушысының ішкі жұмысына байланысты сұрақтар: жұмысты жүргізу, салымдар мен зейнетақы активтерін өңдеу, бағдарламамен қамтамасыз ету, инвестициялық саясат, табыстарды аудару, ақпаратты сақтау мен есепке алу, филиалдар мен агенттік жүйесімен жұмыс істеу және тағы басқа байланысты қорларымен басқару бойынша кампаниялардың өздері жасаған "ноу-хау"-ды қолдана алатын барлық жұмыстар кірді, нәтижесінде дұрыс мақсаттағы бәсекелестікке қолданулары керек. Екінші бөлігіне барлығы үшін жалпы сұрақтардың барлығы кіреді, яғни: мемлекеттік органдар мен жұмыс жарнамалық саясат пен халықты ақпараттандырумен байланысты жұмыстар, тәжрибе мен алмасу, мамандандыруды жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстарды ұйымдастыру, біркелкі ақпарат кеңістігін құру және зейнетақы реформасына қатысуларының мәліметтер банкін жасау, зейнетақы қызметінің рыногында кәсіби және этикалық нормалардың сақталуы жақын және шетелдегі осыған ұқсас ұйымдармен байланыс жасау және тағы басқа көптеген сұрақтар. Олай болса жинақтаушы зейнетақы қорларының реформалануы мәселесін қарастырып, оған баға беру керектігін естен шығармауымыз қажет.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (Бұдан кейін ЖЗЖ) біздің мемлекетте қызмет істей бастағанына тоғыз жыл толып отыр. Осы аталынып отырған қысқа мерзім аралығында ЖЗЖ айтарлықтай салымдық және сапалық жағынан дамып отыр. 9 жылдың ішінде зейнетақы активтері ішкі ұзақ мерзімді инвестициялық кездердің ең негізгілерінің бірі болды, яғни басқа институционалды инвестицияларға қарағанда ЖЗҚ ең көп инвестициялық ресурстармен және ең мықты инвестициялық потенцияларды иемденгендігін байқатып отыр.
Алғашқы бес жылдықта (1998-2002жж.) ЖЗЖ-ның құрылымы қалыптасты, бұл кезде отандық ірі қаржы және өнеркәсіп топтары зейнетақы қорларының негізгі қатысушылары болып анықталды, ЖЗҚ-ның бүкіл техникалық инфрақұрылымы, мемлекеттік бақылау мен қадағалау құрылымы, нормативтік-құқықтық базасы толығымен қалыптасты. Жалпы қаржы рыногының және зейнетақы рыногының жеке экстенцивті өсуі және басқа да факторлардың есебінен алғашқы жылдары ЖЗЖ үшін ең табысты және рентабельді кезең болып табылды.
Бірақ 2003 жылдың басында ЖЗЖ-де тоқырау кезеңін басынан өткерді және бұл процесс қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ал ЖЗЖ- нің жиналған зейнетақы салымдарының сомасы сияқты қарқынмен өсуде. ЖЗЖ-нің сапалық жағы қатты төмендеген. Қаржы рыногындағы табыстарының төмендеуіне және 3 жыл қатарынан жалғасын тапқан тенгенің долларға қатынасының бекітілуіне байланысты зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы теріс болып отыр. (яғни ол өсумен көбейту туралы айтпағанда инфиляция деңгейінің өзін таба алмай отыр). ЖЗЖ-нің инвестициялық портфельдері үлкен тоқырауға ұшырап, мұнда теңгелік инструменттер мен мемлекеттік бағалы қағаздар алға шықты. (портфельдердің валюталық және инструменталдық диверцификациясы төмендеді және тәуекелділік жоғарылады)[8,99б]
Үкіметтің МЖЗ қорын жекешелендіру туралы уәдесі ұзаққа созылып, ал уәкілетті органдар ЖЗҚ-ның инвестициялық проблемаларын көре тұра инвестициялық ұсыныстарды іздеу немесе жасап шығару бойынша инвестиционалдық және пруденциялдық нормативтерді либерализациялау бойынша ешқандай шара қолданбады. ЖЗЖ-нің және зейнетақы рыногының жеке кәсіби қатысушылары көмектер сұрай бастады. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір сүруіне мемлекет араласпаса бірнеше айлар ғана өмір сүруі ғажап еместігі болжанып отыр.
Екі жылдық таныстықтан кейін мемлекет өзінің уәкілетті ұйымдары арқылы 2005 жылдың басынан бастап зейнетақы рыногындағы инвестициялық объектілерді кеңейту мен инвестициялау ережесіне өзгерту енгізеді. Өйткені жинақтаушы зейнетақы қорларының дамуы, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өмір сүруі де қиындап кеткендігі байқалады. Сонымен 2005 жылдың басынан бастап қаржы министирлігі 10 жылдық айналу мерзімі бар ұзақ мерзімді жинақтаушы қазыналық міндеттемелердің (МЕУЖКАМ) міндеттемелерінің инфляция деңгейлеріне индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрін зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін 2005 жылға дейінгі Қазақстанның гидроэнергетикасының даму концепциясының шеңберінде гидроэлектро станциялардың (Алматы облысындағы Кербұлақ және Мойнақ ГЭС-і) құрлысын қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Үкімет қаулысы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен агенттік облигацияларды сатып алу мүмкіндігінің негізі жасалды.
Сонымен қатар зейнетақы активтерін Чаркек-Өскемен темір жол желісінің құрлысы жобасына қатысу мәселесі қарастырылуда. Бірақ та аз уақыт бұрын қаржы министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық проблемаларын шешу үшін жобалық облигацияларды қолдануға сенімсіздікпен қараған болатын. Бұл сенімділіктің себебі мұндай облигацияларға берілетін мемлекеттік кепілдеме болып отыр. Егер 2004 жылы мемлекеттік кепілдеме көлемі 50 млн долларды құраса, 2005 жылғы кепілдік 100 млн долларды құрады.[19,12б]
ЖЗҚ-лары үшін тағы бір инвестициялық маңызды мәселе мемлекеттік бағалы қағаздарды эммиссиялау көлемінің өсу және олардың айналым мерзімінің өсуі болып табылады, өйткені барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті лимит бойынша салым жасаулары қажет. Үкімет 2005 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі былтырғы жылдан төмен болмауына барлық күшін салуды міндетке алды.
Әрине зейнетақы рыногының дамуына ұлттық кампаниялар мен ірі масштабтағы өндірістік кәсіпорындардың акциялары қаржы рыногына шыға алған жағдайда айтарлықтай тиімді әсерін тигізетін еді. Бірақ инвестициялық проблеманы глобалды масштабта қарастырсақ акция рыногы зейнетақы рыногына сәйкес дамымай отыр. 2004 жылдың аяғында Қазақстанда 2,8 мың акционерлік қоғам тіркелген. Бірақ Қазақстандық қор биржасына тек 76 акционерлік қоғам ғана, яғни жалпы акционерлік қоғамдардың санынан 3% жіберілген. Қор рыногының болмауы ол рынокта акциялардың болмауына байланысты.
Көптеген мамандар акция рыногының стагнациясының негізгі себебі ретінде заңнамалық шектеулерді, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарымен жұмыс істеуінің аздығын, халықаралық аудиттің қымбаттығын айтады. Бірақ акция рыногының дамуын тәлейтін ең негізгі проблема меншік құрылымында, яғни акциялардың негізгі тобы акционерлердің қолында жинақталғандығында болып отыр.
ЖЗҚ-ның сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін жүйелі факторлардың бірі соңғы жылдары ұлттық валютаның әлемдік валютаға әсіресе долларға қатынасы үздіксіз бекітілуінде болып отыр. Аз ғана уақыт ішінде Қазақстандық теңгенің бағамы 2003 жылдың басында 155,85 тенге/доллардан 2004 жылдың аяғында 130 тенге/долларға дейін бекітілді. Яғни оның екінші жылдағы номиналды бекітілуі (2003-2004) 25,85 немесе орта жылдық көрсету бойынша 8,3 % құрады. 2004 жылы револьвация жоғары қарқында болды. Жылдық қорытынды бойынша номиналдық түрдегі тенге долларға қатынасы бойынша 9,3% құрады. Ал оның нақты бекітілуі 15,3%-ті құрады. Алғаш қарағанда ұлттық валютаның бекітілуі тенгенің сатып алу қабілеттілігінің жоғарылауы арқасында жақсы жағдай сияқты. Бірақ зейнетақы рыногының қатысушыларымен зейнетақы жүйесінің салымшылары үшін тенгенің ревальвациясы жағымсыз жағдай. Ол ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдеріндегі валюталық қаржы инструменттерінің құнсыздануына алып келеді және зейнетақы активтерінің жалпы табыстығын төмендетеді. Сонымен барлық ЖЗҚ-ры екі жылдың ішінде долларлық инструменттерден құтылды., ол өз кезегінде портфельдердің валюталық диверцификасиясының максималды төмендеуіне алып келді, яғни ол біркелкі тенгелік болатын болды.
Егер валюталық бағам өзгеріп, әлемдік валюталарға қатысты доллар бекітіле бастаса барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары бағамдық айырмашылық салдарынан үлкен шығынға ұшырады. 2004 жылдың басынан бастап мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорын жекешелендіру күтілді. Қазақстан үкіметі халықаралық қаржы институттарының қатысуымен 2004 жылдың 1-ші кварталында жекешелендіру туралы шешімді қабылдауы керек болатын. Өкінішке орай көрсетілген мерзімде бұл шешім қабылданбады, бірақ оның орнына мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендірудің болашақ схемасы анықталды. 2004 жылдың сәуір айында үкімет мемлекеттік ЖЗҚ-ның акциясының 25пайызын Европалық қайта құру және қайта даму банкіне (IBRD) және халықаралық қаржы корпарациясына (IFC) сататындығы туралы, одан кейін олардың қатысуымен МЖЗҚ акцияларының бақылау
Келесі болатын шаралар IBRD, Қазақстан Республикасы үкіметі және ұлттық банктің арасындағы мимориандумға қол қоюы, сонымен қатар қосымша эмиссия жүргізуге рұқсат алуы және IBRD акциясының 10% сатып алуға рұқсат алуы болып отыр. Егер МЖЗҚ ағымдары жылда сату туралы шешім қабылданса, онда шешімнің өзі (үкіметтің қаулысы) екі-үш айдың ішінде нарыққа шығуы мүмкін, ал жылдың ортасында МЖЗҚ акцияларын сату бойынша байқау өтілуі мүмкін.
Бұл мәселенің 2008 жылға дейін МЖЗҚ-ның кейбір көрсеткіштерінің жақсаруына дейін қалдырмауы мүмкін. Қазіргі кезде МЖЗҚ халық банкінің ЖЗҚ-нан активтері бойынша артта қалуда, ал табыстылық бойынша соңғы орында. 2005 жылдың зейнетақы рыногында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болған жоқ. Ал екінші жартысында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына әсерін тигізетін бірнеше маңызды өзгерістер болды.
Ал 2006 жылдың аяғында ЖЗҚ "Қазақстан" зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруды қолға алды, ол пайда болғаннан бері "Испат -КАРМЕТ" ірі өндірістік бірлестігінің корпаративтік зейнетақы қорының қызметін де атқарған. Бұл қор Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ-нан кейін зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға лицензия алған Мемлекеттік емес ЖЗҚ-дың арасынан екінші болып келеді. Мұндай құқықты Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ 2006 жылдың ортасында алған. Сонымен 2007 жылдың басында зейнетақы активтерін өз бетінше басқаратын ЖЗҚ үлесі рыноктың жартысын құрады (49,8%), ал ЖЗҚ "Қазақстан" және ЖЗҚ "Құрмет" қосылғаннан кейін 2008 жылдың басында 54 %-ке дейін өсуі мүмкін деген болжамдар туындап отыр. Егер барлық ЖЗҚ Қазақстанның Халық Банкі және ЖЗҚ "Қазақстан" мысалы бойынша жүретін болса, онда ЗАИБЖҰ/ЗАБК рыногы 20-25% қысқаруы мүмкін немесе зейнетақы рыногының сегментті ретінде жойылып кетуі мүмкін [22,9б]
2007 жылы болған тағы бір өзгеріс ол 2-ші деңгейдегі ірі банктердің бірі АҚ "Банк Туран Алем Казахстан" және "Құрмет" зейнетақы қорларын біріктіру туралы шешімі болып табылады, өйткені бұл қорлардың бақылау пакетін осы банк иеленген. Бұл бірігу "RESMI Group" қаржы өндірістік тобының ЖЗҚ "Құрмет" үлгісіндегі өзінің бөлігін Туран Алем Банкіне бергеннен кейін мүмкін болды. ЖЗҚ "Қазақстан" зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға лицензиялғанынжәне ЖЗҚ "БТА Құрмет Қазақстан" болашақта бұл құқықты қолданғанын ескерсек "RESMI Group" компаниясының рыноктық жағдайы минимумға өзгеруі мүмкін. "RESMI Group" компаниясы тек ЖЗҚ "Отан" зейнетақы активтерін басқарып отырып, олардың рыноктық үлесі 8,8%-тен 1,5 пайызға дейін қысқарып отыр.
Кесте 2- 2007 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗҚ-лардың инвестициялық портфелінің құрылымы [11.26б]
ЖЗҚ/ЗАИБ ЖҰ-ның аттары | Шет мемлекеттердің бағалы қағаздары | Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары | Банкілік депозиттер, тенге | Аффинирленген алтын | Шетелдік инвестқорлардың үлестері | |
акция | облигация | |||||
Халық Банкі ЖЗҚ | 13,84% | 17,66% | 1,73% | |||
МЖЗҚ ЖЗҚ | 0,09% | 10,07% | 14,41% | |||
Ұлар Үміт ЖЗҚ | 3,65% | 17,08% | ||||
ТӘБ Қазақстан ЖЗҚ | 7,56% | 18,42% | ||||
Грантум ЖЗҚ | 4,55% | 16,08% | ||||
Сенім АЖЗҚ | 0,58% | 0,51% | 2,03% | 6,62% | 0,17% | |
Валют-транзит Қор ЖЗҚ | 5,43% | 8,14% | ||||
Атамекен ЖЗҚ | 0,57% | 17,03% | ||||
НевтеГаз ЖЗҚ | 11,87% | |||||
Қазақмыс ЖЗҚ | 1,06% | 25,91% | 0,59% | |||
Капитал ЖЗҚ | 1,65% | 13,03% | ||||
Отан АЖЗҚ | 2,67% | 11,46% | ||||
Қорғау ЖЗҚ | 19,50% | |||||
Қонаев ат. АЖЗҚ | 17,29% | |||||
Барлығы: | 0,06% | 7,69% | 15,96% | 0,49% | 0,01% |
2008 жылдың 1 қаңтарына дейін рынокта 14 ЖЗҚ қызмет істеді, оның ішінде 1 мемлекеттік, 1 карпаративтік және 12 ашық мемлекеттік емес қорлары болды. 2001 жылдың басымен салыстырғанда ЖЗҚ-ның саны біреуге қысқарды. Екінші кестеде керсететініміздей ЖЗҚ "Филип Моррис Казахстан" жазылмаған, яғни ол 2005 жылдың желтоқсанында "ABN AMRO КаспийМұнайГаз ЖЗҚ" құрамына қосылған.
Арнайы мәліметтер бойынша 2007 жылдың бірінші қаңтарында міндетті зейнетақы төлемдері бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің саны 6 974 437 адамды құрады. 2006 жылдың ішінде міндетті зейнетақы салымдарын салушылардың саны 810121 адамға көбейді (өсімі+13,1%). Ал ерікті түрде зейнетақы салымдарын салушылардың саны 2006 жылдың ішінде 2 793 адамға өсіп, 2006 жылдың бірінші қаңтарында 30157 адам болды. Олардың индивидуалды шоттарындағы зейнетақы жинақтары 0,4 млрд теңгені құрады.
2008 жылдың басында таза зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 909696573 теңгені құраған.Оны мына төмендегі кестеден байқауымызға болады:
Кесте 3- 2008 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗҚ-лардың инвестициялық портфелінің құрылымы
ЖЗҚ-ның/ЗАИБЖҰ-ның аттары | Таза зейнетақы активтері, тенге | Мемлекеттік бағалы қағаздар | ҚР ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздары | |||
Халық Банкі ЖЗҚ | 252047689 | 4,12% | 20,91% | 28,08% | 13,66% | |
МЖЗҚ ЖЗҚ | 163695040 | 0,44% | 20,19% | 0,04% | 23,63% | 31,13% |
Ұлар Үміт ЖЗҚ | 160090006 | 0,44% | 30,53% | 24,46% | 23,84% | |
ТӘБ Қазақстан ЖЗҚ | 83820120 | 1,34% | 17,66% | 23% | 32,02% | |
Грантум ЖЗҚ | 58812935 | 1,17% | 22,34% | 12,26% | 43,60% | |
Сенім АЖЗҚ | 35422767 | 0,43% | 27,17% | 12,17% | 50,32% | |
Валют-транзит Қор ЖЗҚ | 35199620 | 2,35% | 24,55% | 1,7% | 23,71% | 34,12% |
Атамекен ЖЗҚ | 22869635 | 1,21% | 27,75% | 23,57% | 29,87% | |
НевтеГаз ЖЗҚ | 21344152 | 5,51% | 26,71% | 0,11% | 10,93% | 44,87% |
Қазақмыс ЖЗҚ | 20079576 | 1,57% | 20,72% | 21,20% | 28,95% | |
Капитал ЖЗҚ | 19752141 | 1,03% | 22,44% | 14,66% | 47,19% | |
Отан АЖЗҚ | 19580847 | 1,22% | 27,09% | 20,15% | 37,41% | |
Қорғау ЖЗҚ | 12744111 | 0,36% | 18,86% | 14,16% | 47,12% | |
Қонаев ат. АЖЗҚ | 4247933 | 2,49% | 23,07% | 31,99% | 25,16% | |
Барлығы: | 909696573 | 1,87% | 23,09% | 0,08% | 23,07% | 27,66% |
Үшінші кестеде көрсетілгендей 2008 жылдың басында таза зейнетақы активтері 909696573 теңгені (2,570 млрд. доллар) құраған, яғни 12 айдың ішінде таза зейнетақы активтері 115,643 млрд. теңгені (1,153 млрд доллар) құраған. Зейнетақы активтерінің өсімі 2004 жылдың басынан бастап теңгемен есептегенде 31,4 процент.доллармен есептегенде 44,4 процентке өскен .
2008 жылдың басынан зейнетақы төлемдері 380,1 млрд теңгені құраған және өткен жылмен қарағанда 37,6 процентке өскен. Таза инвестициялық табыс 2006 жылдың бірінші қаңтарында 114,7 млрд теңгені құраған, бір жылда 15,5 млрд теңгеге өскен. Жалпы зейнетақы жинақтарындағы үлесі 2007 жылдың басында 23,7 пайызға жеткен.
Кесте 4 - 2007 жылғы ЖЗҚ-лардың зейнетақы активтерінің табыстылық коэффицентінің динамикасы
ЖЗҚ-ның аттары | Жыл басындағы өсу нәтижесінде зейнетақы активтерінің жылдық табысы, % | Түрлі жылдық кезеңдердегі зейнетақы активтерінің табыстылығы(номиналды табыс коэффиценті),% | |||
2006жыл | 2007 | Абсолютті динамика | 3 жылдық кезең(2006-2007) | 5 жылдық кезең(2003-2007) | |
ТӘБ Қазақстан | 9,20% | 39,93% | 30,73% | 63,59% | 95,21% |
Халық Банк ЖЗҚ | 9,09% | 15,08% | 5,99% | 28,89% | 55,99% |
Капитал | 7,20% | 13,87% | 6,67% | 28,21% | 60,04% |
Атамекен | 9,95% | 12,83% | 2,88% | 32,34% | 60,04% |
Отан | 8,11% | 12,59% | 4,48% | 29,48% | 51,40% |
Қонаев ат. ЖЗҚ | 9,01% | 10,93% | 1,92% | 26,77% | 48,36% |
Сенім | 10,03% | 10,31% | 0,28% | 26,40% | 52,42% |
Ұлар Үміт | 8,45% | 9,73% | 1,28% | 24,66% | 49,08% |
Қазақмыс | 9,55% | 9,62% | 0,07% | 27,59% | 49,09% |
Грантум | 6,38% | 9,61% | 3,23% | 22,33% | 47,68% |
Қорғау | 7,89% | 9,22% | 1,33% | 21,04% | 42,44% |
МЖЗҚ | 3,54% | 7,52% | 3,98% | 12,95% | 41,07% |
НевтеГаз-Дем | 8,18% | 5,91% | -2,27% | 20,30% | 43,65% |
Валют-транзит-Қор | 8,27% | 3,22% | -5,05% | 17,00% | 39,67% |
Орташа өлшенген шама | 12,69% | 25,38% | 50,64% | ||
Кезеңдегі жинақталған инфляция | 8,40% | 24,45% | 41,69% |
Рыноктың дамуына және теңгенің ревальвациясының жалғасуына байланысты доллармен шектелетін зейнетақы активтері екі еселенген жылдамдықпен өсуде. Егер 3,723 млрд. долларды ЖЗҚ жеті жылдық қызметіне теңдей бөліп қарасақ онда жыл сайынғы өсім 532 млн. долларды құрайды, ал 2005 жылдың ішіндегі абсолютті өсімнің өзі 1,150 млрд долларды құрайтынын көрсетеді. Теңгелік есеппен жалпы зейнетақы активтері жылына 100 млрд. теңгеге көбейген, яғни ай сайынғы көрсеткіш 7-8 млрд теңгенің шегінде болғанын көрсетеді.
Егер 2007 жылдың басында зейнетақы активтерінің орта рыноктық мәні 23 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың қорытындысы бойынша ол (32,3млрд) теңгеге дейін артқан. Алғашқы төрт ЖЗҚ ғана зейнетақы активтерінің көлемі орта рыноктан жоғары, демек зейнетақы активтері ірі ЖЗҚ-ның қолында жинақталған.
2.2 ҚР-да зейнетақы жүйесінің даму мәселелері және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасында зейнетақыменен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъекті ретінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан банктердің пайда болуына, дамуына жағдай жасалды.
Зейнетақы 1-2 жылдың ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қажетті талаптарымен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестиция мен қамтамасыз ету мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті.
Осы уақыттарда зейнетақы реформасының мақсаты бағытты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету. Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмады.
Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттілігін айқындайды.
Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банк және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады .
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтың қартайған шағында, жұмысқа қабілеті жойылған кезде материалдық негізін қалауға қажетті қаражатты жинауға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қорларының активтері кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетті зейнетақылық жарнамаларынан, азаматтардың жеке жарнамаларынан және де осы төлемдерді инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады. Зейнетақы жарналарының ерекшелігі - ұзақ мерзімнен кейін көп жылдар есебі бойынша төленді, сондықтан жарнаның төлеу мерзімі айтарлықтай үлкен. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің жинақтау мерзімін ұзаққа болжамдау осы факторға байланысты. Сондықтан қаражатты инфляциядан қорғау мақсатында олар қаржы инструменттерін қолданып, ұзақ мерзімді активтерге немесе инвестициялық бағдарламаларға да салуға болады.[11,96б]
Жинақтау зейнетақы қорлары қызметінің ерекшелігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық концепцияларды қолдану қажет, жинақтау зейнетақы қорлары қаржы нарығының ұзақ мерзімді секторының қатысушысы болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған зейнетақы қорлары ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыстар жасайтын әлеуметтік қаржы институттары болып табылады. Ұзақ мерзімді қызмет атқаратын зейнетақы қорларының активтерінің мөлшерінде салмақшы. Мысалы, Еуропа мемлекеттері одағының жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері 1993 жылы 1,2 млн доллардан асқан. Ал ООН қызметкерлерінің жинақтау қоры 1995 жылы 12,6 млрд. доллар сомасында болған.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестор ретіндегі қаржы нарығындағы үлес салмағына байланысты активтердің қарқынды өсуіне кейбір мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салық салудан жеңілдік беріледі:
- ол енгізілген активтерге қалай әсер етсе, инвестициялардан түскен табысқа да солай әсер етеді. Бұны түсіну үшін қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамыған болуы керек, ол мемлекеттік ауыртпашылықты төмендетуге жол береді;
- ел экономикасын мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаражаттарын қатыстыру қордың өсуіне және күнделікті тұтынудың азаюын қамтамасыз етуі. Дамыған елдер мемлекеттік емес зейнетақы қорларының инвестициялық шегі 40-60 жыл. Ал басқа инвесторлардың мысалы, банктер мен қаржы ұзақ мерзімді инвестициялар 12-15 жылға дейін ғана жоспарланады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді болып табылады да, қаржы инструменттеріне инвестицияланады және күнделікті айналымнан алынып тасталынады. Зейнетақы қорларының активтері елдің қаржы жүйесінің өзге де стаблизаторы болып табылады.
Осыдан барып мынадай қорытынды жасауға болады: зейнетақы қорлары қаржыны жинақтауға және біздің елімізде оны реттеуге жағдай жасай алады. Ұзақ мерзімді айналымды дамытуға арналған мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері Қазақстан экономикасына ең қажетті мерзімді инвестицияны дартуға және де Қазақстанның қор нарығының өзгеше стаблизаторы бола алады.
Осы жүйедегі зейнетақы жүйесі ары қарай осындай жағдайда қала берсе, онда ол дағдарыстың шиеленісуіне және күйреуіне әсер етеді. Бұл жайсыз жағдайдан айналып өту үшін 1997 жылы 20-шы маусымда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданған, сонымен бірге, 1998 жылдың бірінші қаңтарында нарық экономикасынң барлық талаптарына сай жаңа зейнетақы жүйесі енгізілген. Зейнетақы қорының ары қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемімен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті.
Зейнетақы жүйесінің тағы бір ерекшелігі зейнетақының жиналуы тек қана жарна берушінің есебінен ғана емес, әр түрлі инвестициялардың алынатын табысынан да құралады.
Зейнетақы төлемдері бағалы қағаздарға инвестициялауға зейнетақы активтерін басқару компаниялары жүзеге асырылады. Бұл компаниялардың қызметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы реттейді. Қазіргі кезде зейнетақы жарналарын жинақтау және зейнетақыларды төлеуді іске асыруға заңмен бекітілген тәртіп бойынша бір мемлекеттік, 13 мемлекеттік емес зейнетақы қорларына лицензия беріледі.
Мемлекеттік емес жинақтау қорлары мен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылды. Сондай-ақ ашық немесе корпоративті болулары мүмкін.
Ашық зейнетақы қорының құрылтайшылары заңды және жеке тұлға бола алады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комиссия қорларының әр бір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайталануын қорғайды. Ұлттық зейнетақы агенттігінің талаптарына сәйкес әр қор зейнетақы тәртібін бекітуі қажет.[16,69б]
Тікелей қызметі бойынша зейнетақы жарналарына бір пайыздық және инвестициялық табыстан он пайыз мөлшерінде шығындарын қамтамасыз етуге комиссиондық алым алуға болады.
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы Акционерлік қоғам нысанасында құрылады. Құрылтайшылар резидент және резидент емес заңды жеке тұлғалар бола алады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қоры - коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді беруі қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларынан мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорының айырмашылығы - мемлекет зейнетақы төлемдерінің сақталуын қорғайды; зейнетақы активтерінің тәуекелділігі аз және біршама табысы аз тетіктерді инвестициялайды.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерінің негізгі бөлігі активтерді басқару компаниялары арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды және банк депозиттеріне инвестициялау арқылы жұмсайды. Қалған бөлігі Қазақстан қор биржасының "А" листингі бар кәсіпорындарға халықаралық аудит стандартына өткеніне екі жылдан асқан кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік жинақтау қорларына қарағанда инвестициялық табыстан жоғары процент мөлшерінде табыс беріп отыр.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы жинағының сақталуы Үкіметтен қабылданған шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.
Ең маңызды сақтау деңгейі зейнетақы активтерінен бөлек заңды тұлға - зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялауды жүзеге асыруын айтуға болады. Одан басқа, барлық инвестициялау операциялары арнайы лицензиясы бар кастодиан банктер арқылы етеді.
Ал өз кезінде кастодиан банктер және зейнетақы активтерін басқару компаниялар қызметін бақылауға жүзеге асыратындар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу қызметі Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді. Бірақ сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде орын алып отырған проблемалар да жоқ емес.
Бірінші проблема - халықтық қорларға сенімнің бірден қалыптаспауы. 2000 жылдан бастап қана жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады. 2006 жылдың бірінші шілдесінде салушылардың саны 3359 мыңға дейін жетті. Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да саны өсуі байқалады: он мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға.
Жалпы зейнетақы жарналарының сомасы 77,7 млрд теңге болды, соның ішінде 2006 жылдың бірінші жартысында 21,1 млрд теңге салынды.
Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясына сәйкес жинақтау зейнетақы жүйесі зейнетақы активтерінің айналымын арттыру, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес зейнетақы қорларымен қолданылатын мадақтау және зейнетақы қорларына жоғары сапалы шетел қаржы активтеріне инвестициялауды еркіне беру арқылы нығайтылады.[4]
Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайту қажет
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерешеліктерімен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы инвестициялаудың жоғарғы денгейіндегі тәуекелділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.
Жалпы жинақта зейнетақы қорының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструменттерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатьында төмен тәуекелді өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады. Және де, зейнетақы қорларының инвестициялық мүмкіншілігінің дамуына әсер ететін тағы бір жағдай қаржы нарығындағы мемлекеттің тұрақты саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда инвестицияның қандай инструменттеріне немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды. Қазіргі кезде мұндай жағдайдан шығу үшін портфель құрылымын тез өзгерту қажет. Бірақ бұл қазір қиынға түседі. Зейнетақыларынң активтері өз бетімен таралмайды, ал активтерді басқару компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және кампания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырылмауында болып отыр. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару кампаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімінен қайта-қайта қарастырылуы қажет.[13,23б]
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел экономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болады. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасалмағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.
2.3 Зейнетақы жүйесін дамытудың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. 5 миллионнан аса біздің азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш– осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл ішінде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.
Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей елімізде зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың жейнетақылық жинақтары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып кетті. Сондай-ақ Жолдауда алдағы 2009-2012 жылдары жалпы мемлекеттік қызметкерлер мен зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өсіп отыруы қарастырылды.
Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Үстіміздегі жылы Үкімет олардың орындалуы жөнінде есеп беруі қажет. Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда «Нұр Отан» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкіметті қалыптастырды.
Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.
Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 процентті құрап отыр. Жалпы алғанда ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 процентке өсіп отырған. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Қазақстан 2008 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.
Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есе артық.
Жолдауда зейнеткерлерді қолдау көлемін ұдайы арттырып келе жатқандығы айтылады. Халықтың зейнетақылық жинақтары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
2009 жылдан бастап ынтымақшыл зейнетақының орташа мөлшері тағы да арттырылады және ол 13604 теңгеге немесе 25% -ға өсті. Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 2008 жылдан бастап 1500 теңгеге немесе 15%-ға көбейді. Ал 2008 жылдан бастап зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 21713 теңгеге дейін немесе 76% -ға өсті. Осылайша зейнетақының мөлшері ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету халықарлық стандарттарға сәйкестендіріледі.Сонымен бірге зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілетін тұрақтандыру үшін зейнетақы төлемдерін индекстеу сақталады және ол тұтыну бағалары индексінің болжамды өсімінен 2%-ға арттырыла жүзеге асырылады.
Әлеуметтік құрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау орны салынды. Жалпы айтқанда қоғамдық өмірдің барлық салаларында ілгерлеу серпіні болып жатыр. Бұл біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыз бен дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік бюджеттің негізінде іске асып отыр.
Жолдауда келесі атқарылуға тиісті шаралар қарастырылған:
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;
- сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;
- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы - 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонымен қатар Жолдауда нақты көрсетілгендей бюджеттің нәтижелігін арттыру қарастырылды. Оның негізі тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту керек. Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі дейгейде де дамыту керек. Яғни, тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуі тиіс.
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі жинақтаушы жүйе енгізілді. Зейнетақымен қамтамасыз етудің бөлу жүйесі өзінің іс жүзінде мүмкіндікерін тауысты. Зейнетақы реформасының жүргізілуіне елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы, дәлірек айтқанда өндірістің құлдырауы, жұмыспен қамтылған халықтың азаюы, халықтың тез қартаюы, туу көрсеткішінің төмендеуі, салық төлеушілердің азаюы, салықтардан түскен қаржылардың ағымдағы жылдағы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жіберілуі және сонымен бірге зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың санының өсуі, соның нәтижесінде ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің қаржымен қамтамасыз етілмеуі себеп болды.
Реформаның негізгі мақсаты мемлекеттік зейнетақы берудегі,- мелекеттік бюджетке түскен ауыртпалығын төмендетуге демографиялық үрдістердің, соның ішінде халықтың қартаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі, зейнетке шыққан соң өмірдің ұзақтылығына байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған қаржы міндеттемелерін қысқарту болып табылады. Одан басқа жинақтаушы жүйе әр қатысушының салымдары мен төленетін жәрдемақылардың арасындағы қатынасты, капитал нарығын дамытуға, салымдарды, экономикаға берілетін инвестицияларды көбейтуге жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстанда қазіргі жағдайда екі жүйенің симбиозы –қосындысы жұмыс істейді, ынтымақтастық зейнетақы жүйесі және жинақтаушы зейнетақы жүйесі, кейін біріншісі мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарының компоненті болып қала береді, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің саясатын іске асырудың негізгі табыс көзі болады.
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі 1,5 миллион азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі тұтқасы болып табылады және сөзсіз әлі 20 -30 жылдар ішінде өте маңызды рөл атқарады. Келешекте бұл төлемдердің зейнетақымен қамтамасыз етудегі үлес салмағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына байланысты төмендей бастайды. Қазіргі жағдайда ынтымақтастық зейнетақы жүйесі әлеуметтік салық және басқа да төлемдер арқылы қаржыландырылады.
Өзінің қартаюын ойлау және азаматтардың еңбек етуі барысында қаржы жинақтау жеке жауапкершілігі барлық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі постулаты болып табылады.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі де тыс қалған жоқ: мемлекет міндетті зейнетақы салымдарының сақталуына кепілдік береді және әмбебап базалық зейнетақыны қосымша кепілдік ретінде енгізілген. Жалпы, әрбір жұмысшы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті, зейнетақы жарналарын өзінің дербес шотына төлеу арқылы дербес жауапкершілік алады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі Қазақстанда 9 жылдан бері жұмыс істейді, бұл уақытта зейнетақы активтері едәуір көп жиналды және олар 2006 жылы ЖІӨ -нің 10 % -ын құрады. Қазіргі жағдайда жинақтаушы зейнетқы жүйесіне қатысушылардың нақты көрсеткішін айту қиын. Ресми статистикаға жүгінсек, бұл жүйе 6, 7 миллион адамды қамтып отыр, бұл жұмыспен қамтылған адамдардың 85% -ын құрайды. Зейнетақы жарналарының 2003 жылы 41 % -ға өсуіне қарамастан кәсіпорындардың зейнетақы жарналарын төлеуде қарыздары бар.
Бұл жерде халықтың кейбір топтарының еңбекақысы жоғары болмағандығын ескерсек, күндердің күнінде зейнетақы төлеу үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін. Оларға еңбекақысы төмен халық санаттары, соның ішінде әйелдер, ауыл шаруашылығы секторында жұмыс істейтіндерді жатқызуға болады. Осыған байланысты халықтың аз қамтылған айлық жалақысы төмен топтарына арнайы шараларды мемлекет тарапынан қарастырған жөн. Қазіргі кезде 6,7 миллионнан астам жеке зейнетақы шоты ашылған, ал таза инвестициялық табыс 107, 4 миллиард теңгені құрайды. Бұдан басқа зейнетақы қорлары мен аударуды қосқанда, жалпы құны 25 миллиард теңге болатын міндетті және қайырымдылық зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылған. Өз кезегінде, 2008 жылы зейнетақы қорының көлемі 947 миллиард теңгеге жетеді деп болжанып отыр.
Міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік кепілдікті сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, төлем кезіндегі инфляция деңгейін есептей отырып енгізілген зейнетақы жарнасын, сондай –ақ салымшылар мен зейнетақы жинағын алушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету үлкен мәселеге айналып отыр.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей елімізде зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың жейнетақылық жинақтары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып кетті. Сондай-ақ Жолдауда алдағы 2009-2012 жылдары жалпы мемлекеттік қызметкерлер мен зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өсіп отыруы қарастырылды.
Аталған Жолдау барысында бюджетті жоспарлаудың үшжылдық жоспары көрсетілген. Жаңа үшжылдық бюджет:
- тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшері 2012 жылға қарай 2,5 есе өсуі;
- мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең бойынша өсіріп отыру;
- жаңа Салық Кодексі негізінде салықтық түсімдерді қадағалауды жетілдіру;
- мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік арналымын кеңейту және осының негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 ҚР-сының «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы
2 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2005ж ,
3 Н.Ә. Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 2007 жылғы, 3 Наурыз.
4 Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» даму стратегиясы
5 Экономическая теория. Под. ред. Грязновой. //М.-1989.-б.415-416
6 Қонысбаев А. Н Реформирование системы пенсионного обеспечение: опыт Казахстана и зарубежных стран //Материалы семинаров Всемирного банка.-1995-1998 гг. б 57-60
7 Нурмуханбетов.Е Пенсионное страхование и пенсионный аннуитет //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2005.-№1.б21-26
8 Карагусова Г.Д Пенсионная система РК: опыт реформирование //Экономист.-2003.-№11.-б99-103
9 Адамбекова.А. Анализ пенсионного рынка Казахстана //Финансы Казахстана.-2005.-№5.б77-82
10 Бекбердиев Б.Д ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары //Қаржы қаражат.-2001.-№3 69-77б
11 Аманжолов С.А Накопительная пенсионная система в Казахстане: первый этап и новые проблемы //Вестник КазНУ.-1999.-№4 б86-90
12 Алибаев.А Накопительная пенсионная система необходимый поиск эффективных решений //Рынок ценных бумаг Казахстана.- 2003.-№6.б46-49
13 Брежнева Н.А Перспективы совершенствование и оптимизации накопительной пенсионной системы Казахстана // Мир финансов.-2006.-№1 б23-26
14 Джумабеков А. Накопительная пенсионная система Республики Казахстан //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2005.№16 б13-17
15 Сүлейменов Ж Пенсионная система: настоящее и будущее //Финансы Казахстана.-2001.-№2.-б21-23
16 Нурмуханбетов Е Рынок пенсионных услуг в 2006 году //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2007.-№3 б16-23
17 Исахова П Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары //АльПари.-2004.-№3 17-22б
18 Отаров А.К, Алиева З.А Мергенбаева А.Т Негосударственные пенсионные фонды как институциональные инвесторы социальной сферы //Вестник КазНУ.-2005.-№5 б12-17
19 Молдағалиев Н.Ы Жинақтаушы зейнетақы жүйесі: жағдайы мен болашағы //ҚазҰУ хабаршысы.-2003.-№5 б112-115
20 «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024