Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.
Зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.
Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады.
Инвестициялық пай қорына ақша қаражаттарын сала отырып, инвесторлар басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасасады да, сол сәттен бастап пай ұстаушы болып саналады. Пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз. Пайды осы инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания береді. Ал пайларды иелену құқығының есебін пай ұстаушылардың реестріндегі шотта тіркеуші жүргізеді.
Пай ұстаушылардың табысы пай құнының өсуінен қалыптасады. Пайлардың құны уақыт өткен сайын өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Себебі нарықтық бағалы қағаздардың бағасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан пай ұстаушылар пай құнының өзгеруіне байланысты шығындар тәуекеліне баруы мүмкін.
Қордың мүлкін басқарушы компания басқаратындықтан, оның қызметі қатаң бақыланып отырады. Басқарушы компания пай қорының инвестициялық портфелін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде ғана инвестициялық пай қорларын сенімгерлік басқара алады. Басқарушы компания инвесторлардың қаражаттарын мақсатсыз пайдаланбас үшін, қаражаттарды басқару қызметі мен сақтау қызметі бір-бірінен ажыратылған. Яғни пай ұстаушылардың қаражаттары басқа ұйымда сақталады, ол кастодиан. Кастодиан пай ұстаушылардың қаражаттарын сақтап қана қоймай, олармен жасалатын операциялардың заңды болуын бақылап отырады. Яғни кастодиан инвестициялық қор активтерімен жасалатын мәмілелерді бақылап, талаптарға сай келмеген жағдайда, басқарушы компанияның тапсырысын тежейді де, тез арада уәкілетті органға хабар береді.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының реестрін, яғни кім, қашан және қанша пай сатып алғанын немесе сатқанын тіркеуші жүргізіп отырады. Тіркеушінің, әрине, бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрін жүргізуге лицензиясы болуы тиіс.
Сонымен инвестициялық пай қорларына қысқаша шолу осындай. Енді негізгі бөлімдерде инвестициялық пай қорларының заңнамалық негіздері, олардың банк депозиттерінен айырмашылығы және Ресейдің инвестициялық пай қорлары жайлы мәлімдедім.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
- Инвестициялық пай қорларының әлеуметтік-экономикалық негіздері
- Инвестициялық пай қорларының құқықтық жағдайы, оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты
Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығы мемлекет экономикасының дамуына орай өзгеріп, жетіліп, дамып жатыр. Осыған байланысты 2004 жылдың шілде айында «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осы заңның 3-ші тарауында инвестициялық пай қорларының қызмет ету жағдайлары қарастырылған. Яғни осы заңға сүйенетін болсақ, инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қарының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзімге құрылады.
Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығыратын паймен куәландырылады. Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығырылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 50000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды.
Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы. Басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.
Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың нысанын өзгерту. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.
Инвестор инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына біріктіру және кейіннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына береді. Инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерінде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартын көрсетілген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бірге инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шартында:
- шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;
- қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейінгі, соның ішінде оның инвестициялық портфельді басқару лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайларда міндеттерін орындау шарттары мен тәртібі;
- тараптарды жауапкершілігі болуға тиіс.
Соңғы жылдары мемлекетімізде халықтың қаржылық сауаты мен инвестициялық мәдениетін жоғарылату бағытында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, тұрғындардың көпшілігі Пайлық инвестициялық қорлар жөнінде (ПИҚ) біле бермейді.
Ұжымдық инвестициялаудың бір формасы болып табылатын пайлық инвестициялық қорлар тұрғындардың жеке жинақтарын ұлғайтуда банктік депозиттерге бәсекелес болумен қатар, оларды инвестициялау арқылы акциялар рыногының ірі қатысушысы бола алды. Пайлық инвестициялық қорлар - салымшылар басқарушы компаниядан пай сатып алу жолымен ПИҚ-қа капитал инвестициялайтын ұжымдық инвестициялаудың бір формасы. Басқарушы компаниялар бұл активтерді олардың құнының өсуі және табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға инвестициялайды. Инвестор, ПИҚ және басқарушы компания негізінде сенімді басқару келісімі жатыр. Пай - ұстаушының инвестициялық қордағы үлесін куәлендіретін және оған ПИҚ қызметін тоқтатқаннан кейін иелік ету құқын беретін құжатсыз формадағы атаулы, эмиссиялық бағалы қағаз. Қаржылық, құқықтық және басқару формасына сәйкес инвестициялық қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Құқықтық формасы бойынша корпорация және траст түрінде болады. Корпорацияның кейбір түрлері қорды басқару функциясын өздері атқарса, екінші бір түрлерінде қордың инвестициялық портфелін басқару компаниялары басқарады. Траст - инвестициялық қорлардың ерекше формасы. Экономикалық мағынасы жағынан траст пен корпорацияның екінші нұсқасының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Траст - (ағылшын тілінде-сенім) өткен ғасырдың басында Шотландияда пайда болып, құқықтың басқару және меншік болып бөлінуін білдірді. Бұл әдіс англосаксондық заңнамада кең тараған. Акционерлік формаға қарағанда траст заңмен қатаң реттеледі. АҚШ-та инвестициялық қорлардың трасттық (англосаксондық) моделі жиі кездеседі. Ал құрлықтық Еуропа мен Жапонияда корпоративтік (континентальды) модель. Шетелдерде инвестициялық қорларды өтімділік формасы бойынша да бөлу қалыптасқан. Бір-біріне қарама-қарсы 2 инвестициялық қор формасы қызмет етеді: жабық (closed-end ) және ашық (open-end). Инвестициялық қорлардың типтері мен оны басқару түрінің арасында кейбір байланыстар бар: жабық түрдегі қорлар әдетте корпорациялар түрінде болады да, ашық корпорациялар және трасттар түрінде болады. Жабық типтегі инвестициялық қорлар Ұлыбританияда «бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша қоғамдар» деген атпен танымал болса, Францияда оларды «Капиталы тұрақты инвестициялық компаниялар» деп атайды. Мұндай қорлар тек корпорациялар түрінде құрылады. Бағалы қағаздар портфелі бір рет қана қалыптасады, соған сәйкес белгілі бір көлемде акциялар шығарылады. Мұндай инвестициялық қорлардың құрылтайшылары қордың акцияларын сатып алуға міндетті емес. Акциялардың алғашқы шығарылымы, барлық корпорациялардағы сияқты, тек құрылтайшылар арасында бөлінеді. Жаңа акционерлер үшін қосымша акциялар эмиссиясы жүргізіледі, бірақ бұл алдыңғы шығарылымдағы акциялар толық орналасқаннан кейін барып қана жүзеге асады. Эмиссиялар арасындағы акциялар саны тұрақты, бірақ акционерлер құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Мұндай инвестициялық қорлардың акцияларының қарапайым корпорациялардың акцияларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Жабық инвестициялық қорлардың акцияларын алғашқы орналастыру брокерлік фирмалар арқылы жүзеге асады. Акциялардың өтімділігі олардың биржалық, сондай ақ биржадан тыс айналымдағы инвесторлардың сату-сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Акциялар бағамы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде анықталады.
Ашық типтегі инвестициялық қорлар бертін келе пайда болды бірақ аса қарқынды дамыды. АҚШ-та олар «қарыз корлары», Ұлыбританияда «сенімді пайлық қорлар», Испанияда «бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары» деген атауға ие. Ал Францияда оларды «капиталы ауыспалы инвестициялық компаниялар» деп атайды. Жабық қорлардың да, ашық қорлардың да француздық атауы олардың мағынасын толық ашады. Ашық инвестициялық қорлар акциялар эмиссиясын жүзеге асырып тұрады. Бірақ олардың акциялары биржалық айналымға түспейді, тек қордың өзіне ғана сатылады Салымшылардың, яғни пай иелерінің табысы қор активтерінің таза құнының (АТҚ) өсуімен анықталады. Мысалы, «А» инвестициялық қоры жыл басында бір данасы 10 мың теңге болатын 1000 дана бағалы қағаз (пай) шығарды делік. Тиісінше кор активтерінің таза құны 10 млн теңге болды. Жинақталған қаражатты басқару компаниясы мемлекеттік, корпоративтік облигацияларға, акцияларға және тағы да басқа бағалы қағаздарға инвестициялау нәтижесінде алты айдан кейін қордың АТҚ-сы 12 млн теңгені құрады. Сонда қордың табыстылық деңгейі:
12 млн -10 млн/10 млн *100 = 20%
Осы кезде пай иесі қолындағы үлесін басқарушы компанияға қайта сатқысы келсе немесе тағы да қосымша пай сатып алғысы келсе, бұл жағдайда пайдың бір данасының құны 12 мың теңгеге бағаланады. Қазақстан жағдайында ашық және жабық ПИҚ пен қоса интервалды ПИҚ-тар қызмет етеді. Берілген қор түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы - олардың пайды сату немесе сатып алу мүмкіндіктерінің жиілігінде екені белгілі. Ашық қорлардың пайларын кез келген жұмыс күні сатып алуға немесе өткізуге болатын болса, интервалды ПИҚ-тарда ол тек белгіленген кезеңдерде ғана мүмкін болады. Ал жабық қорлардың пайлары тек сенімді басқару келісімінің мерзімі аяқталған кезде ғана басқарушы компанияға өткізіледі. Сонымен, ПИҚ - жинақтау құралы емес, белгілі бір мөлшерде тәуекелі бар инвестициялау құралы.
Қазіргі таңда біздің елімізде 186 қор бар. Оның 143-і - жабық, 18-і - ашық, ал 25-і - интервалды қорлар. Активтерінің жиынтық сомасына келетін болсақ, бұл көрсеткіш қазіргі күні 299 млрд теңгені құрап отыр. Пайлардың бір данасының құны 1 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін жетеді. Пайлық инвестициялық қорға қатысушы жеке тұлғалардың саны 2000 адамнан сәл ғана асады. Ал нарықтың басым бөлігі түрлі қаржы институттарына тиесілі. Бұл - пайлық инвестициялық қорға қаржы салу секілді құралдар қазақстандықтар арасында аса танымал емес екендігін аңғартады. Мұның себебі тұрғылықты халықтың басым бөлігінің бұл құралдар жайында мағлұматқа қанық емес екенінде және 90-шы жылдардағы жекешелендіру кезіндегі қорлар мен өткен жылдардағы тұрғын үй саласындағы үлестік құрылыстан аузы күйген жұрттың рыноктың бұл сегментіне де сенімсіздік танытып отырғанында болса керек. Бұл мәселелерді шешу үшін ПИҚ танымалдылығын арттыру және тұрғындардың қаржылық сауаттылығының жалпы денгейін көтеру тұрғысынан мемлекет белсенді араласып отыр. Мамандардың пікірінше, Пайлық инвестициялық қорлар бүгінгі күнде Қазақстанның қаржы рыногының заңмен неғұрлым толық әрі сапалы реттеліп отырған бөлігі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 144-бабының 5-1 тармағы бойынша пайлық инвестициялық қорлардың пайлары мен акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша төленетін дивиденттер және ПИҚ пайларын осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған жағдайда түсетін табыс жеке табыс салығынан босатылған. Кез келген салаға инвестиция салар алдында инвестордың сол саланың құрылымы мен қатысушылары туралы ақпаратқа қанық болуының маңызы жоғары. Осы орайда интернет торабында Қазақстанның инвестициялық қорлар нарығының барлық қатысушыларына арналған «Іnvestfunds» деп аталатын ақпараттық сервердің жұмыс істеп келе жатқанына да бірнеше жыл болды. Аталмыш сайтта инвестициялық қорлар мен басқарушы компаниялардың тізімдері, қорлардың табыстылығы мен активтерінің көлемі бойынша рейтингтері, бағалы қағаздардың бағасы мен сатып алу жолдары, сондай-ақ қор рыногындағы соңғы жаңалықтар мен сараптамалар көрсетілген. Сондағы мәліметтерге сүйене отырып, басқарушы компанияның басқару стратегиясымен танысып және өзінің тәуекел деңгейін айқындап, кез келген жеке инвестор өзі шешім қабылдауы тиіс. Тағы бір ескере жүретін жағдай - кез келген қордың инвестициялаудағы нәтежиесі оның болашақтағы табыстылығының көрсеткіші емес, оның құнының жоғарылауымен қатар төмендеуі де мүмкін.
Үкіметтің соңғы жылдары бұл салаға үлкен мән беруі қуантады. Өйткені қор нарығы жетілмей жедел даму мүмкін емес. Ал еліміздің алдында экономиканы индустриалды-инновациялық жедел дамыту міндеттері тұр.
- Инвестициялық пай қорларының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру
Пайдың бағасы мен бір ұстаушыға тиесілі пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетілуі мүмкін. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады. Пай ұстаушы – инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға. Пай ұстаушының өз пайын иелігінен шығаруы сенімгерлік басқару шартының бұзылғанын білдіреді. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеуші жүзеге асырады. Қордың пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерінің, пайлармен жасалған мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері тіркеушінің ішкі құжаттарымен айқындалады. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өздерінің пайларына тиесілі құн шегінде зияндардан тәуекелін, оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты заңдар тәуекелін көтереді. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелеріне орналастыру мен айналымға жіберуге жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының құқықтары:
- Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен сатып алуды талап етуге құқылы;
- Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көзделген шарттармен және тәртіппен осы пай бойынша дивиденттерді мезгіл-мезгіл алып тұруға құқылы;
- Инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган басқарушы компания ұсынған мынандай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- Өтініш;
- Басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімінің көшірмесі;
- Басқарушы компаниясының жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қор ережесі (2 дана);
- Кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың көшірмесі;
- Егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары (2 дана) негізінде жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органнның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу процесінде уәкілетті орган:
- инвестициялық пай қорының ережесін;
- егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарын келіседі.
Табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру және олар туралы мәліметтерді эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган егер табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, инвестициялық пай қорының ережелерінде, оларға өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге табыс етілген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесіз мәліметтер болса және басқарушы компания қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Инвестициялық пай қорының пайы – инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен ғана төленуге тиіс. Қордың пайларына төленетін ақша оларды орналастыру кезінде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады. Бастапқы орналастыру кезеңінде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшін қор ережелерінде айқындалған бірыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесінде көрсетілген мерзімде басталады.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі қор инвестициялық пай қоры активтерінің Заңда белгіленген ең төменгі мөлшеріне қол жеткізген кезде аяқталады. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін қордың таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзартуға басқарушы компанияның өтініші негізінде уәкілетті органның рұқсатымен бір рет жол беріледі, бірақ ол үш айдан аспауға тиіс. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларын сатып алуға өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен қабыдайды және орындайды. Өтінімнің болуы мен ақшаның түсуі пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады. Пайларды орналастыру кезінде пайларды пай ұстаушылар тізіліміндегі сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Пайды кейіннен орналастыру бағасы, өтінім болған жағдайда, ақша түскен жұмыс күнінің соңындағы қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтінім ақша түскеннен кейін түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтінім түскен жұмыс күнінің аяғына қарай қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың ережелерінде көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкін.
Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудан бас тартуға:
- Инвестициялық пай қорының ережесінде белгіленген өтінімдер беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
- Уәкілетті органның немесе басқарушы компанияның шешімі бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол беріледі.
- Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерінің құрамында бар немесе оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ Заңмен белгіленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзімі ішінде пайларды сатып алуға жол берілмейді. Ашық немесе аралық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтінімдер нысанында беріледі.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдерді басқарушы компания немесе оның өкілдері Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген шарттармен және тәртіппен пайлар сатып алынатын күннің алдындағы жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылдайды. Ақшаны өтінім берушіге беру (оның ішінде ақшаны олар көрсеткен шотқа есептеу) өтінім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдер, егер қордың ережесінде көзделген болса, жеңілдіктер шегеріле отырып, өтінім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күніндегі пайдың есептік құны негізге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтінімдері бойынша Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген құн бойынша, мерзімдерде және уақыт кезеңдерінде жүзеге асыруға міндетті. Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бір реттен сирек сатып алуды жүргізген кезде пайларды сатып алуға өтінімдерді қабылдау кезеңі үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне пайларды ұстаушылар мүддесіне нұқсан келтіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздеріне тиесілі пайларды көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде сатып алуды талап етуге құқылы.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудан:
- қордың ережесінде белгіленген өтінім беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;
- Заңда көзделген тәртіппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
Инвестициялық пай қорының пайларын кейіннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі үстеме ақылар мен жеңілдіктер.
Инвестициялық пай қорының ережесінде пайларды кейіннен орналастыру кезінде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңілдіктер қолдану шарттары мен мөлшерлері көзделуі мүмкін. Жеңілдіктің ең жоғары мөлшері инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының 3%-нен аспауы керек. Инвестициялық пай қорының, оның қызметі тоқтатылған жағдайда не ашық, не аралық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен пайларын сатып алу кезінде пайдың есептеу құнынан жеңілдіктер жасауға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру.
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:
- инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалардың немесе қаржы құралдары немесе өзге де мүлкі инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық міндеттемелерді бұзған немесе орындауы мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті органның ұйғарымы бойынша;
- ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезінде сонымен бір мезгілде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейін белгісіз мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып, уәкілетті органға бұл туралы сол күні жазбаша хабарлауға міндетті. Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күні басқарушы компания уәкілетті органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнінде хабардар етуге міндетті.
Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделеріне сай келмесе, уәкілетті орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейін пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе қайтарып алынғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, тіркеуші, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс істеуі тоқтатылған күнге дейін тоқтата тұруға міндетті.
ІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары: жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері
2.1. Инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық пай қорының ережесі – инвестициялық пай қорының мақсатарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат.
Инвестициялық пай қорының ережесінде келесілер көрсетілуі тиіс:
- Инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;
- Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жері;
- Инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жері, оның құқықтары мен міндеттері;
- Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің толық атауы мен орналасқан жері;
- Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;
- Инвестициялық декларация;
- Инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтіру тәртібі мен мерзімдері;
- Инвестициялық пай қоры жұмыс істейтін мерзім, не оның мерзімсіз жұмыс істеуі туралы көрсету;
- Инвестициялық пай қоры активтерін сенімгерлік басқару шарты;
- Инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезіндегі инвесторлар тәуекелдерінің сипаттамасы;
- Инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен міндеттері;
- Инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңіндегі нақтылы құны;
- Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;
- Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен міндеттері;
- Инвестициялық пай қоры активтерінің құнын және пайдың есептік құнын есепке алу және айқындау тәртібі;
- Пайларды орналастыру кезінде олардың есептік құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;
- Басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де тұлғалардың осы қордың активтері есебінен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлері, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшері;
- Басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртібі;
- Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;
- Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиісті баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылуы, оның ішінде қордың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртібі;
- Пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудің шарттары мен тәртібі;
- Пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесі және оларға енгізілген өзгерістер, қордың таза активтері құнының және пайдың есептік құнының өзгеруі, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалар, олардың қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртібі;
- Басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі өкілдерінің (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмірлері, орналасқан жері көрсетілген тізбесі болуға тиіс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесінде жоғарыда аталғандарға қосымша келесілер көрсетіледі:
- Пайды сатып алуға өтінім беру және оны орындау шарттары мен тәртібі;
- Пайларды сатып алуды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;
- Басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептік құнына жеңілдік қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;
- Басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары мен тәртібі;
- Пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды сол басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруындағы басқа ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын айырбастау шарттары, қордың басқарушы компаниясының және кастодианының, сондай-ақ тіркеушінің пайларды айырбастау рәсімін жүргізу шарттары мен тәртібі;
- Заңда және қор ережесінде белгіленген тәртіппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер болуға тиіс.
Жабық инвестициялық пай қорларының ережесінде қосымша мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- Пайлар бойынша дивиденттер есептеу, төлеу шарттары мен тәртібі;
- Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткізу шарттары, тәртібі, жалпы жиналыстың күн тәртібін, кворумын, жалпы жиналысқа өкілдікті анықтау тәртібі, дауыс беру, дауыстарды санау, жалпы жиналыстың хаттамасын рәсімдеу тәртібі болуға тиіс.
Инвестициялық пай қорының ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар, егер сол қордың ережесінде оларды енгізу мүмкіндігі, шарттары және тәртібі көзделсе, басқарушы компанияның шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
Жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіледі.
Инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде инвестициялық пай қорының ережесіне басқарушы компания, кастодиан немесе тіркеуші атауының немесе орналасқан жерінің өзгеруіне, басқа кастодианмен немесе аудиторлық ұйыммен шарт жасасуға қатысты өзгерістер, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі делдалдар тізбесінің өзгеруіне қатысты өзгерістер ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган қор ережесіне өзгерістер мен толықтырулармен келіседі.
Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістермен және толықтырулармен келісуден бас тарту туралы шешімі:
- ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
- келісуге ұсынылған ережеге өзгерістер мен толықтыруларда қайшылықты немесе жаңылыстыруға әкеп соғатын мәліметтер болған жағдайларда қабылданады.
Инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, олар уәкілетті органмен келісілгені туралы көрсетіле отырып, қордың ережесінде белгіленген тәртіппен баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе барлық пай ұстаушылар алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен соң күшіне енеді. Басқарушы компания, орналасқан жерінің өзгеруіне, олардың аудиторлық ұйымдарының ауысуына (жаңаларының сайлануына), сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастару және сатып алу жөніндегі делдалдар тізбесінің өзгеруіне байланысты инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар қордың ережесінде белгіленген тәртіппен күшіне енеді және уәкілетті органмен келісуге жатпайды.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты сыйақы мен шығыстар.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін және жұмыс істеуді тоқтатуын қамтамасыз етуге байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлері, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшері, оларды осы қордың активтері есебінен төлеу шарттары мен тәртібі инвестициялық пай қорының ережесімен айқындалады. Инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалмаған сыйақылар мен шығыстардың түрлері инвестициялық пай қоры активтерінің есебінен өтелуге жатпайды.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде басқарушы компанияға сыйақы есептеледі, бірақ төленбейді. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты осы кезеңнің сыйақылары мен шығыстарын төлеу, оның ішінде кастодиан мен тіркеуші көрсететін қызметке ақы төлеу басқарушы компанияның өз қаражаты есебінен оның шығындары кейіннен инвестициялық пай қоры активтері есебінен өтеле отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі оның пайларын бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін немесе оның таза активтерінің құны пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін ең төменгі мөлшерге сәйкес келмегендіктен тоқтатылған жағдайларда, басқарушы компания қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде жұмсалған шығындарды өтеу бойынша залал тәуекелін мойнына алады.
Жабық инвестициялық пай қоры, оның пай ұстаушыларының жалпы жиналысы. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысы тек жабық инвестициялық пай қорларында өткізіледі. Жабық инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне:
- қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- қордың жұмыс істеуін тоқтату;
- қорды басқа жабық инвестициялық пай қорымен біріктіру немесе қорды ашық немесе аралық қорға өзгерту;
- қордың басқарушы компаниясын, тіркеушісін немесе кастодианын ауыстыру;
- қордың ережесіне сәйкес өзге де мәселелерін шешу жатады.
Дауыс беру кезінде пайларды ұстаушыға берілетін дауыстардың саны оған тиесілі пайлардың санымен айқындалады. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жалпы жиналысты өткізу күніне қор пайларының кемінде 2/3 иеленген пай ұстаушылар немесе олардың өкілдері дауыс беру рәсіміне қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыстың шешімі жалпы жиналысқа қатысып отырған жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының немесе олардың өкілдерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі қордың ережесінде белгіленген тәртіппен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін. Басқарушы компанияның, кастодианның, тіркеушінің және уәкілетті органның өкілдері жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқылы. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін басқарушы компания жалпы жиналыс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жіберуге, сондай-ақ пайларды ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша табыс етілуге тиіс.
Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру.
Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күні пайлардың жалпы санының кемінде 1/3 құрайтын пайды ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады. Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы шешім қабылдаған кезде қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы мәселені шешу үшін пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға міндетті.
Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтереді. Бұл ретте қордың ережесінде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге жұмсалған шығыстарын осы қор активтерінің есебінен ішінара өтейтін жағдайлар көзделуі мүмкін. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берілген күні пайлардың жалпы санының кемінде 1/3 құрайтын пайларға ие болып отырған ұстаушылардың бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтері есебінен өтеледі.
Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында оны шақыру себебі, сондай-ақ жалпы жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс. Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап бір мезгілде уәкілетті органға хабарлана отырып, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианына және тіркеушісіне жіберілуге тиіс. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесіне сәйкес осы қордың әрбір пай ұстаушысына жеткізілуі тиіс.
Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткізілетін жалпы жиналысы.
Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың кворум болмағандықтан өткізілмей қалған жалпы жиналысының орнына қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, күн тәртібіне жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс істеуін тоқтату туралы мәселелерді шешу кіретін қайтадан өткізілетін жалпы жиналысты қоспағанда, осындай дауыс беруге қатысатын пайлардың санына қарамастан заңды деп есептеледі.
Жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс істеуін тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін пай ұстаушылардың қайтадан өткізілетін жалпы жиналысы, егер оған қатысу үшін тіркелу (сырттай дауыс беру өткізген жағдайда бюллетендер қабылдау) аяқталған кезде оған жалпы жиналысты (сырттай дауыс беруді) өткізу күні пайлардың жиынтығы он бес немесе одан астам процентін иеленетін ұстаушылар немесе олардың өкілдері тіркелсе (дауыс беруге бюллетендер табыс етсе), шешім қабылдауға құқылы. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткізілетін жалпы жиналысы осындай күн тәртібімен өткізілмей қалған жиналыстан кейінгі күнтізбелік он төрт күннен ерте өткізілмейді.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға негіздемелер. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- Инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесінде белгіленген мерзімі өтсе;
- Пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;
- Пайларды сатып алу жөніндегі өтінімдерді орындау нәтижесінде инвестициялық пай қоры активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессіздік ол туындаған күннен бастап екі ай ішінде жойылмаса;
- Басқарушы компания немесе кастодиан өзінің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауға бұдан әрі мүмкіндігі жоқ екендігіне байланысты қор активтерін басқару немесе қор активтерін есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды бұдан әрі орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаса және егер көрсетілген шешімді қабылдаған кезден бастап үш ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;
- Басқарушы компанияның, кастодианның немесе тіркеушінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай ішінде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан немесе жаңа тіркеуші тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енгізілмесе;
- Басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берілген лицензиясы қайтарып алынса және егер лицензияны қайтарып алған кезден бастап екі ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа тіркеуші немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;
- Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдаса;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға негіз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығындарды төлеуді және қалған ақшаны пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерін жұмсауға жол берілмейді.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату үшін басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткізеді. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда Заңның және қор ережесінің талаптарына сәйкес қор активтерін өткізуді қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге міндетті. Уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімін бақылау үшін өз өкілін жіберуге құқылы.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс істеуін тоқтатуға негіз туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде:
- пай ұстаушыларға, уәкілетті органға, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдарға қор кредиторларына және қор активтерімен жасалған мәмілелері орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатқаны, осы рәсімді жүргізу шарттары мен тәртібі туралы хабарлама жеткізуге;
- пай ұстаушылар тізіліміндегі мәмілелерді тіркеудің тоқтатылған күнін көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тізіліміндегі есептік шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшін тіркеушіге талап жіберуге міндетті.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату және мәмілелерді тіркеуді тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесінде айқындалған шарттар мен тәртіпте жеткізіледі. Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтері есебінен қанағаттандырылуға тиіс талаптарды беру мерзімі қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бір айдан кем болмауға тиіс.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі оның пайларын бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін оның таза активтері құнының инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне сәйкес келмеуінен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс істеуін тоқтатуға негіз туындаған кезден бастап он күннен кешіктірмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға міндетті. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерінің есебінен қанағаттандырылуға тиіс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс істеп тұрған кезеңде төленген, бірақ жеткізілмеген (қордың меншігі ретінде тіркелмеген) активтерін алу жөнінде шаралар қолданады.
Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерінің есебінен қанағаттандырылуға тиіс талаптарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейін қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерінің құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бірақ жеткізілмеген активтері туралы мәліметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қарау нәтижелері мен одан кейінгі әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкілетті органға жібереді.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған кезде міндеттемелерді орындау. Инвестициялық пай қорының активтерін өткізуден алынған ақша мынадай тәртіппен бөлінеді:
- Бірінші кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үшінші тұлғалардың және олардың алдындағы қор міндеттемелері қордың жұмыс істеуін тоқтатуға негіз туындағанға дейін құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтінімдері ішінара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бірақ қор пайларын ұстаушыларының тізіліміне енгізілмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтінімдері қордың жұмыс істеуін тоқтату үшін негіз туындаған кезге дейін қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
- Екінші кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату кезеңінде оның активтерін өткізуді және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететін тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
- Үшінші кезекте егер қордың жұмыс істеуін тоқтату кастодианның қызметіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшінде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
- Төртінші кезекте егер қордың жұмыс істеуін тоқтату басқарушы компанияның қызметіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы күшінде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
- Бесінші кезекте егер қордың жұмыс істеуін тоқтату тіркеушінің қызметіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, инвестициялық пай қоры тіркеушісінің қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
- Алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында ақшаны бөлу жүзеге асырылады.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейін инвестициялық пай қоры таза активтерінің құны Заңда айқындалған ең төменгі мөлшерден аз болып қалуына байланысты тоқтатылған кезде, басқарушы компанияның қордың жұмыс істеуін тоқтату рәсіміне қатысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерінің есебінен өтелмейді. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (қайтарып алынуына) немесе оның бұдан әрі қорды сенімгерлік басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық берілген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (қайтарып алынуына) немесе оның бұдан әрі қор активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату кезінде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс істеуін тоқтату рәсіміне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерінің есебінен өтелмейді.
Басқарушы компанияға және кастодианға берілетін сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының барлық активтерін сату нәтижесінде алынған ақша сомасының 5%-нен аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының есебінен өтеледі. Осыларға сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс істеуі тоқтатылғаны туралы:
- қор кастодианының осы қордың барлық активтерін бөлу туралы хабарламасын;
- тіркеушінің осы қордың пайларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінің жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкілетті органға ақпаратты табыс етеді.
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылғаны туралы құжаттарды алғаннан кейін уәкілетті орган Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар тізіліміне пайлардың өтелгені туралы мәліметтер енгізеді.
Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы өзгерістер мен толықтырулар:
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі бекітілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
- Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” Заңды тұлғалардың бірлестігіне, “Активтерді басқарушылар қауымдастығы” Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
- Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысы, 2004 жылғы 21 тамыздағы №259:
Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі:
Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Инвестициялық қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу мен айқындау әдістемесін және тәртібін белгілейді.
Инвестициялық қордың активтерін есеп алуды ұйымдастыру
- Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы қызмет етуін олар қамтамасыз ететін әрбір инвестициялық қор бойынша жеке есепті жүргізеді.
- Басқарушы компания және инвестициялық қордың кастодианы мыналарды сақтай отырып қордың активтерін есепке алады:
1) инвестициялық қор активтерінің құрылымы:
инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлеміне алынған активтер;
алынған кіріс, оның ішінде қаржы құралдары бойынша дивидендтер, сыйақылар түріндегі түсімдер, сондай-ақ инвестициялық қордың активтерімен мәмілелерден болған кірістер;
есептелген кіріс, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы, қор активтерін қайта бағалаудан болған құнының өсімі бөлігінде есепке алу жүйесінде көрсетіледі;
2) инвестициялық қор активтерінің есебінен өтелетін және қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін тұлғаларға төленетін шығыстар:
инвестициялық қордың бағалы қағаздарының төлеміне алынған активтер;
инвестициялық кіріс есебінен өтелетін шығыстарға бөлінеді;
3) инвестициялық қор активтерінің есепке алынуы кәсіпкерлер мен ұйымдар үшін белгіленген бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің принциптері мен негізгі сапалы сипаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Инвестициялық қордың активтерін есепке алу шоттары бойынша талдау есебін жүзеге асырған кезде:
1) валюта түрі;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қордың активтері және Қазақстан Республикасынан басқа, өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған немесе олардың аумағындағы инвестициялық қордың активтері;
3) қаржы құралдарының түрлері және айналыс (қолданылу) мерзімдері;
4) бағалы қағаздардың эмитенттері (бағалы қағаздардың бірегейлендіру нөмірлері), салым шарттары жасалған банктер, қор сатып алған қаржы құралдарын шығарған тұлғалар көрсетіледі;
5) инвестициялық қор активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны;
6) инвестициялық қор активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін);
7) инвестициялық қор активін сатып алу күні және оның сатып алу құны;
8) қаржы құралдары бойынша есептелген кіріс сомасы, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы.
Инвестициялық қордың активтері мен міндеттемелерінің құнын айқындау.
- Инвестициялық пай қоры активтері мен міндеттемелерінің құны пайларды орналастырудың барлық кезеңі ішінде (бастапқы орналастыру кезеңін қоспағанда) және/немесе пайларды орналастыру және/немесе сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңына пайларды сатып алудың барлық кезеңі ішінде, сондай-ақ:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күніне;
2) ашық инвестициялық пай қоры үшін әр аптаның соңғы жұмыс күнінің жағдайы бойынша;
3) аралық және жабық инвестициялық пай қоры үшін әр айдың соңғы жұмыс күнінің жағдайы бойынша;
4) пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алуды қалпына келтіру туралы шешімді қабылдау күніне - оларды орналастыру және (немесе) сатып алу тоқтата тұрылған жағдайда;
5) инвестициялық пай қорының қызмет етуінің тоқтауы үшін негіз туындаған күнге – оның қызмет етуі тоқтаған жағдайда;
6) инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.
- Акционерлік инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құны әр айдың соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша және акцияларды шығару проспектісіне сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.
- Әр айдың соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша инвестициялық қор активтері мен міндеттемелерінің құны басқарушы компанияға және инвестициялық қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін өзге тұлғаларға шығыстарды есептегеннен және сыйақы төлегеннен кейін айқындалады.
6-1. Инвестициялық қор активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.
- Инвестициялық қордың активтерiн құрайтын және қор биржасының тiзiмiне кiретiн қаржы құралы оның тiзiмiне кiрген сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарын бағалау әдістемесiне сәйкес нарықтық құны бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар жұмыс күнінің соңына Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректерi бойынша алдынғы сауда күнінің орташа мөлшерленген мәмілелердің бағасы бойынша бағаланады.
7-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.
7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарына құнсыздануы бойынша тестілеу жүргізеді.
Құнсыздану бойынша тестілеуге эмитент банкрот болған жағдайда, сондай-ақ дефолт немесе делистинг жарияланған инвестициялық қорының активтерін құрайтын қаржы құралдары жатады. Осындай қаржы құралдары құнсызданған жағдайда олардың әділ бағасын анықтау құнсыздану әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
7-3. Бағалы қағаздардың құнсыздануына жүргізілетін тестімен құнсыздануды танудың мынадай критерийлері анықталады:
1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
2) кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу;
3) кепілдіктердің болуы;
4) белсенді нарықтың болуы;
5) рейтингтің болуы.
Әрбір критерий бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.
7-4. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:
1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;
2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;
3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды.
7-5. Эмитенттің қаржылық жай-күйі былайша жіктеледі:
1) тұрақты – эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
эмитент төлеуге қабілетті;
коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген;
бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;
ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;
эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді;
2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі «тұрақты» сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады.
3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар:
эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы;
4) өте қиын – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы сыни деңгейге жетті:
төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрдегі қайта құрылуы ықтимал;
шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу);
бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді;
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы.
Есептен шығару мөлшері бағаланатын бағалы қағаздың санатына байланысты болады, ол осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес анықталады:
он пайызға – «1-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін,
он бес пайызға – «2-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін,
жиырма бес пайызға - «3-санаттағы күмәнді» жіктеу санаты үшін»,
елу пайызға – «қанағаттанарлықсыз» жіктеу санаты үшін.
Қаржы құралы үшін ашық сауда тоқтатылуына байланысты белсенді нарықтың жоғалуы құнсыздануға растау болып табылмайды. Эмитенттің кредиттік рейтингінің төмендеуі құнсызданудың растауы болып табылмайды. Қаржы құралының әділ құнының нақты шығындардан немесе амортизацияланған құнынан төмен төмендеуі құнсыздануының растауы болып табылады. Барлық жоғарыда аталған оқиғалар басқа қол жетімді деректермен жиынтығында қаралады.
7-6. Акциялардың құны олардың белсенді нарығының болмауы салдарынан әділ құнын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда сәйкестендірілген құны бойынша анықталады.
Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми сайтында тоқсан сайын жарияланатын қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын баланстық құнына мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады:
он екі ай ішінде, егер ағымдағы құны баланстық құнынан 1-1,5 есе ауытқыса;
жиырма төрт ай ішінде – егер ауытқу 1,5-2 есені құраса;
отыз алты ай ішінде – егер ауытқу 2 –ден астам есені құраса.
Басқарушы компания немесе өзінің активтерін дербес басқаратын акционерлік инвестициялық қор 2010 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алған акциялар сәйкестендірілген құны бойынша есепке алынады, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынған акциялар – баланстық құны бойынша есепке алынады.
Осы қаулының мақсаттары үшін баланстық құны деп эмитенттің қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын акциялардың құны танылады.
Инвестициялық қордың активтерін құрайтын, бұрын қор биржасының тізіміне енгізілмеген қаржы құралдары басқарушы компанияның есеп жүргізу саясатына сәйкес есепке алынады.
Эмитенттің қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты емес себептермен қор биржасының тізімінен алынып тасталған пайлар таза активтер құны бойынша бағаланады.
- Қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық қордың өзге мүлкінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөніндегі заңдарына сәйкес айқындалады.
Егер инвестициялық қордың активтері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда, олардың құны аумағында инвестициялық қордың активтері бар мемлекеттердің заңдарына сәйкес мүлікті бағалауды жүзеге асыру лицензиясына (рұқсатына) ие бағалаушылар айқындай алады.
- Бағалаушы бағалайтын инвестициялық қордың активтері оларды сатып алған және иелігінен шығарған кезде, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың акцияларын шығару проспектісінде немесе инвестициялық пай қорының ережелерінде белгіленген мерзімде, бірақ жылына бір реттен кем емес бағалануға жатады.
- Құны шетел валютасында көрсетілген, инвестициялық қор активтерін бағалау инвестициялық қор активтерінің құнын айқындау күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
- Инвестициялық қордың міндеттемелеріне:
1) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі міндеттемелер;
2) инвестициялық қордың бағалы қағаздары бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі міндеттемелер;
3) инвестициялық қордың активтерімен болған мәмілелер, инвестициялық қордың қызмет етуін қамтамасыз ететін тұлғаларға төленетін комиссиялық сыйақы бойынша берешек;
4) инвестициялық қордың активтері есебінен орындалуға жататын өзге де міндеттемелер кіреді.
Инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын айқындау
- Инвестициялық қордың таза активтерінің құны осы инвестициялық қордың активтері есебінен орындалуға жататын активтері мен міндеттемелерінің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Акционерлік инвестициялық қордың таза активтерінің құнын есептеген кезде акционерлік инвестициялық қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған акционерлік инвестициялық қордың кастодианында есепте тұрмаған және сақтауында жоқ активтер мен бөлінбеген кірістің бір бөлігі есепке алынбайды.
- Инвестициялық пай қоры пайының есепті құны мұндай қордың таза активтерінің құнын айқындау күніне осы құнды пайларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің деректеріне сай сол күнге айналыста болатын пайлар санына бөлу арқылы айқындалады.
- Акционерлік инвестициялық қор акцияларын сатып алу бағасы акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.
14-1. Тәуекелді инвестициялау инвестициялық пай қорының пайын қоспағанда инвестициялық пай қоры пайының есептелген құны күнделікті басқарушы компанияның ресми сайтында орналастырылады.
Қорытынды ережелер
- Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.
ІІІ. Инвестициялық пай қорының жетілдіру перспективалары және шетел тәжірибесі
3.1. Инвестициялық пай қоры пайларының банк депозиттеріне балама ретінде
Бүгінгі таңда біздің елімізде алғаш орналастырылған құралдардан көлемді пайыздық пайда алу мүмкіндігін беретін инвестициялық бағдарламаларға халықты тарту тәсілдері жеткіліксіз болып отыр. Ал салымдар бойынша банктер ұсынып отарған пайыздар капиталды тек инфляциядан ғана қорғап, оны өсіруге ешқандай мүмкіндік бермейді. Жылжымайтын мүлік болса, оның бағасы күннен күнге жедел өсуде. Ал ондай жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін, жинақтарың көп болуы керек. Қор нарығының дамуы бос ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға табысты инвестициялау мүмкіндігін тудырып отыр. Дегенмен, кәсіби тәжірибесіз бұндай инвестициялауды жүзеге асыру қиынға соғады, сондықтан мұндай жағдайда капиталды жинақтап, жұмысқа кәсіби маманданған басқарушыны шақырған жөн болар.
Инвестициялық пай қорын құру идеясы жеке тұлғалардың инвестициясын ұжымдық салымға тарту құралы ретінде тарихи қалыптасқан болатын. Жеке инвесторлардың бұл құралға деген сенімділік деңгейі осы қаржы құралы нарығының дамуына әсер ететін негізгі аспектілердің бірі болып табылады. Алғашқы пай қорлары 90 жыл бұрын құрылған болатын және олардың құрылуымен жеке инвесторларға өз ақшаларын салу процесі жеңілдей түсті. Қазіргі кезде әлемде 50 мыңнан астам пай қорлары бар.
Пай сатып алу үшін аса көп көлемде бос ақшаның болуы да, қор нарығын жақсы білу де керек емес, сонымен қатар қор нарығын күнделікті бақылау да қажет емес.
Пай ұстаушылардың қаражаттарын инвестициялаумен басқарушы компания айналысады. Ал басқарушы компанияның жұмысын мемлекет және маманданған тіркеушілер қатаң бақылап отырады. Басқарушы компания қордың мүлкін инвестициялық ресурс ретінде басқарады, бірақ оның қордың мүлкін иелену құқығы жоқ. Инвестициялық пай қорлары заңды тұлға болып табылмағандықтан салық төлемейді, ал қорды құрайтын мүлік салық салу объектісі болып табылмайды. Пай қорларының табысы салықтан босатылады, сонымен қатар инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялаған тұлғалардың да табысы салық салудан босатылады. Міндетті резервтер қорына аударымдар жасалмайтындықтан, инвестициялық пай қорларының құралдары коммерциялық айналымда үнемі ұлғайып отырады. Жеке пай ұстаушыларға қор қызметінің анықтылығы және инвестиция сомаларының минималды мөлшерінің салыстырмалы аз болуы инвестициялық пай қорларының банктерге мықты бәсекелес екендігін көрсетеді.
Инвестициялық қор нарығының әлемдік көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, қазақстандық инвестициялық пай қорларының саны әлі де болса өте аз. Мысалға АҚШ-та халықтың 2/3 бөлігі ұжымдық инвестициялау қорларының пай ұстаушылары болып табылады, ал пай қорлары нарығының көлемі 7,4 трлн. долларды құрайды. Ал біздің елімізде аналитиктердің болжамы бойынша 2006 жылы қазақстандық инвестициялық пай қорлары 300 млн. доллар көлемінде немесе халықтың банктердегі қазіргі депозиттік базасының 10%-тей ақша қаражаттарын тартады деп көзделіп отыр. Себебі Қазақстанда банктік салымдар бойынша ставкілер шамамен 5-тен 12-ге дейінгі жылдық процентті құрайды. Оның өзі инвестициялау мерзімі мен валютаға тікелей байланысты. Сыйақының максималды мөлшерін алу үшін салымды теңгемен 5-6 жылға немесе одан да ұзаққа салу керек. Қысқа мерзімге салуды ойлау да керек емес – жинақтарды инфляция жеп қояды. Ал инвестициялық пай қорлары пайларының құны 1 жылдан кейін кем дегенде 13-14%-ке өсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездің өзінде ірі пай ұстаушылардың пайлары 30-35% көлемінде жылдық таза табыс әкеліп отыр. Яғни бұл жерде инвестициялық пай қорлары мен банк депозиттерінің айырмашылығын айқын сезуге болады. Бұл айырмашылық келесі таблицада көрсетілген.
Депозит | Пай | |
Салымшының ақша қаражатын пайдаланудан түсетін табыстың қаншасы салымшыға тиесілі? | Салымшы банкпен алдын ала келісілген проценттік ставканы ғана алады. | Салымшының ақшасын пайдаланғанннан түскен таза табыстың барлығын салымшы пайды сату кезінде алады. Салымшы басқарушы компаниядан пайдың таза құны және жинақталған пайда туралы ақпаратты талап ете алады. |
Басқару шығандары салымшының ақша қаражаттарынан түсетін табысты қаншалықты кемітеді? | Салымшы оны біле алмайды, банк шығындарын айқын көре алмайсыз. | Салымшы басқару шығындарының мүмкін болатын деңгейін алдын ала біліп отырады – ол қор ережесінде көрсетіледі және мемлекетпен қадағаланады. |
Салымшының ақшасы қалай инвестицияланады? | Салымшы оны біле алмайды, заң бойынша банк клиент алдында есеп бермейді. Сондықтан салымшы банктің қандай тәуекелге баратындығын бағалай алмайды. | Қордың активтер құрылымы заңмен қатаң қадағаланады. Сондықтан салымшы өз ақшасының қайда және қаншалықты тиімді инвестицияланып отырғанын біле алады. |
Егер салымшы ақшасын жедел қайтарып алғысы келсе | Салымшы ақша қаражаттарын мерзімнен бұрын талап ететін болса, банк салым бойынша жинақталған барлық проценттерді өзіне қалдырады. Немесе салымшы талап еткенге дейінгі салым бойынша минималды ставканы ғана алады. | Салымшы берілген мерзімдегі (жылдың әр тоқсаны) барлық пайданы пайын сату жолымен ала алады. Яғни салымшы жинақтаған табысты жоғалтпайды. |
Қандай болжанбаған шығындар пайда болуы мүмкін? | Егер салымшы мерзімнен бұрын өз ақшасын қайтарып алғысы келсе, банк біржақты өз еркімен қосымша комиссия алуы мүмкін. | Қор өз пай ұстаушыларына айыппұл салмайды. Салымшы барлық шығындарды алдын ала біледі. Қор шығындарды өз ережесін өзгертулер енгізе отырып қана өзгерте алады, ол әрине алдымен мемлекеттік тіркеуден өткізіледі. |
Банкроттыққа ұшыраған жағдайда | Банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Онда салымшы өз салымдарын жоғалтуы мүмкін. | Қор бакроттыққа ұшырамайды.себебі инвестициялық пай қорының активтері бір мезгілде бірдей бағалы қағаз түріне салынбайды. |
Салымшының максималды шығындары салымшыға қаншалықты тәуелді? | Банк банкрот болса, салымшы барлық ақшасын жоғалтуы мүмкін. Ол өз шығындарын алдын ала біле алмайды. | Салымшы өз пайының құнын біліп отырады. Егер қор активтерінің құны төмендеп кетсе, салымшы пайын сата отырып, өз шығындарын тежей алады. |
Салымшының ақшасының ұрлануы мүмкін бе? | Мүмкін, бірақ бұл қылмыстық әрекет және мұдай жағдайлар сирек кездеседі. | Мүмкін емес, себебі қордың активтері маманданған ұйымдарда сақталады. |
Сонымен қатар инвестициялық пай қорларының банк депозиттерінен негізгі айырмашылығын ашып қарайтын болсақ, мыналарды атап көрсетуге болады:
- Депозиттік келісім-шарт бойынша банк инвестицияланған соманы қайтаруға және оған белгілі бір проценттер төлеуге міндеттенеді. Бұған тек сол банктің банкроттыққа ұшырауы ғана кедергі бола алады. Банк инвестициялаудан түскен табысты төлемеу тәуекелін өзіне алады.
- инвестициялық пай қорларына ақша салғандағы тәуекел ұжымдық инвестициялаудың басқа да формаларында сияқты инвесторлардың өзіне түседі. Алайда дұрыс инвестициялау кезінде түскен табыстың барлығын пай ұстаушылар иеленеді. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниялары ақша қаражаттарын сенімгерлік басқаруға алғандықтан, пайларды инвестордың талабы бойынша қайта сатып алу міндетін өз мойнына алады, бірақ табысқа кепілдік бермейді;
- инвестициялық пай қорларының тәуекелі өте жоғары болғанымен, олардың болашақ табыстылық деңгейі де әлдеқайда жоғары болып келеді. Яғни қордың тапқан табысының барлығы (басқаруға кететін шығындарды қоспағанда) пай ұстаушылардың меншігіне айналады. Ал банк клиенттерінің салымын пайдаланудан алынған ақша қаражаттарының көлеміне қарамастан, салымшыға келісілген ставкадан артық төлемейді.
- Кез келген коммерциялық банк өз активтерінің бір бөлігін міндетті резервтер қорына аударуы тиіс. Бұл салымдардың тұрақтылығын жоғарылатады, бірақ ақшалар банк айналымынан кетеді. Инвестициялық пай қорларында пай ұстаушылардың барлық ақшалары айналымға түседі, себебі оның басқарушы компаниясы мұндай міндеттен босатылған.
- Банк салымшылардан алған ақша қаражатарының иесі ретінде оларды өз мақсаттарына, өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге де жұмсай алады. Ал инвестициялық пай қорларының басқарушы компаниялары пай ұстаушылардың пайдасына қызмет етуі тиіс, сондықтан қор активтерін инвестициялық пай қорының мүлкін сенімгерлік басқарумен ғана байланысты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін ғана пайдалана алады. Инвестициялық пай қорларының мынадай басымдылықтарын көрсетуге болады:
- инвестициялық пай қорларын бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары басқарады, яғни олар инвестициялау объектісі ретінде қандай бағалы қағазды таңдау керек екендігін біледі және нарық конъюнктурасының өзгеруіне жедел бейімделеді, сонымен қатар қордың инвестициялық портфелін қайта қарастыра алады. Яғни пай ұстаушы бағалы қағаздар нарығын зерттеу қажеттілігінен босатылады, ол инвестициялық пай қорына ақшасын инвестициялай отырып, мүмкін болатын тәуекелді анықтағаны жеткілікті. Сонан соң ол тек басқарушы компания жұмысының дұрыстығын көрсететін өз пайының құнының өзгеруін ғана бақылап отырады;
- инвестор салыстырмалы азғантай ғана қаражаттарымен ұжымдық инвестициялауға ене отырып, қор нарығындағы кәсіби басқарудың басымдылықтарын пайдалана алады және ірі инвесторлардың да басымдылықтарын пайдалану мүмкіндігі бар;
- инвестициялық пай қорлары арқылы инвестицияланатын ақша сомасы аз болса да, ол толығымен диверсификацияланады, яғни инвестициялық пай қорларының активтері бір мезгілде бірдей бағалы қағаздарға немесе қаржы құралдарына салынбайды. Бұл тәуекелді төмендетеді;
- инвестициялық пай қоры қызметінің нәтижелері туралы ақпаратқа әр пай ұстаушы оңайлықпен қол жеткізе алады;
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі мемлекеттік орган пай қорларына қатаң қадағалау жүргізеді;
- салық салу жеңілдігі;
- инвестициялық пай қорлары корпорациялық табыс салығын төлемейді;
- басқарушы компания немесе кастодиан банкроттыққа ұшыраған жағдайда, инвестициялық пай қорларының мүлкі конкурстық массаға қосылмайды, тәлкіленбейді және сатылмайды;
- ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының инвестициялары өз пайын қордың басқарушы компанияларына сата алады.
3.2. Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қадағалау
Осы Заң ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды, серiктестiк пен оның мүшелері арасындағы қатынастарды реттейдi.
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастығы (одағы)- ауыл шаруашылық серiктестiктерi жалпы жиналысының шешiмдерi негiзiнде құрылатын, олардың жалпы мүлiктiк және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қызметiн үйлестiру, мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында және халықаралық ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ серiктестiк мүшелерiне құқықтық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету үшiн ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң ерiктi түрде бiрiгуi; 2) пай - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң оның мүлкiндегi мүше енгiзген пай жарнасының мөлшерiне бара-бар үлесi;
3) пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң пай қорына ақшалай, жер учаскелерiмен, жер және мүлiк үлестерiмен не ақшалай бағасы бар өзге де мүлiкпен қосқан мүлiктiк жарнасы;
4) мiндеттi пай жарнасы - мiндеттi түрде енгiзiлетiн және серiктестiктi басқару органдарында тең дауыс беру, оның жарғыда көзделген қызметтерi мен жеңiлдiктерiн пайдалану құқығын беретiн пай жарнасы;
5) қосымша пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң өз қалауы бойынша мiндеттi пайдан тыс не серiктестiктiң жалпы жиналысы көздеген жағдайларда енгiзетiн пай жарнасы;
6) пай қоры - ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелерi енгiзетiн мүлiк (пай) жарналарынан тұратын және серiктестiк мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
7) ауыл шаруашылық өнiмi - өндiрiстiң толық технологиялық циклынан өткен және белгiленген стандарттарға сәйкес келетiн өсiмдiк және мал өнiмi; 8) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсi - тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
9) серiктестiктiң көрсететiн қызметтерi - ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сервистiк қызмет көрсету немесе ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тауар өндiрушiлерге көрсететiн басқа да кез келген қызметi;
10) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi - ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi болып табылатын және серiктестiкке осы Заң мен серiктестiк жарғысында белгiленген тәртiппен кiрген жеке немесе заңды тұлға;
- Ауыл шаруашылық серiктестiгi - ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, сақтау, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету немесе серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету қажеттерiн қанағаттандыру үшiн олардың мүлiктiк жарналарын ерiктi түрде бiрiктiру жолымен мүшелiк негiзiнде құрылатын заңды тұлға. Серiктестiктiң кәсiби бағытына сай тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке және заңды тұлға ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi болуы мүмкiн.
- Ауыл шаруашылық серiктестiктерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгi алған таза табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалуға тиiс. 3. Егер құрылтай құжаттарында ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң белгiлi бiр мерзiмге және белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiленбеген мерзiмге құрылған деп есептеледi.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiн құрудың мақсаты
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:
1) ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзудi, сақтауды, қайта өңдеудi қамтамасыз ету, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау сумен қамтамасыз ету және серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету үшiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн ерiктi түрде бiрiктiру арқылы олардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;
2) серiктестiктердiң пайда алмайтын негiзде жұмыс iстеуi кезiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өз пайдасын қамтамасыз ету;
3) өнiмдi өткiзу, сақтау, қайта өңдеу және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестiк орта жасау; 4) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiден тұтынушыға тiкелей жеткiзiп берудi қамтамасыз ету;
5) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қажеттi ресурстарды тиiмдi жағдайлармен сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алуы мақсатында құрылады.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:
1) серiктестiкке мүше болудың ерiктiлiгi және кәсiби бағыты бойынша серiктестiк қызметтерiн қажет ететiн және өзiне оның мүшесiнiң мiндеттерiн қабылдауға әзiр кез келген ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсiнiң мүше болу мүмкіндігі;
2) серiктестiк мүшелерiнiң тең құқықтылығына: бiр мүше - бiр дауыс дегенге негiзделген демократиялық басқару сипаты;
3) басшы органдар құрамының сайланбалылығы мен оның мерзiмдi түрде ауысып тұруы және олардың серiктестiк мүшелерiне есеп берiп отыруы;
4) серiктестiк қызметiн өз мүшелерiнiң мүдделерi үшiн "өзiндiк құн бойынша қызмет көрсету" принципiмен жүзеге асыруы;
5) мiндеттi және қосымша пай жарналарының мөлшерiн қызметтердi тұтыну көлемiне қарай белгiлеу;
6) серiктестiк көрсететiн қызметтердi оның мүшелерiнiң келiсiм-шартта көзделген көлемде тұтыну мiндеттілігi;
7) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң, қауымдастығының (одағының) қызметi туралы ақпаратқа оның барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi принциптерi негiзiнде құрылады және өзiнiң қызметiн сол принциптер негiзiнде жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң түрлерi
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi қызметiнiң негiзгi түрлерi.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi негiзгi қызмет түрiне байланысты: өткiзу, қайта өңдеу, жабдықтау, сервистiк серiктестiктерi және олардың аралас түрлерi болып бөлiнуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылық серiктестiктiгi қызметiнiң негiзгi түрi оның атауында көрсетiледi.
Өткiзушi ауыл шаруашылық серiктестiктерi.
Өткiзушi серiктестiктер серiктестiк мүшелерi өндiретiн өнiмдi сатады. Өткiзу қызметiне сонымен қатар шикiзатты жас немесе қайта өңделген түрiнде жинау, сақтау, сұрыптау, кептiру, оларды көтере немесе бөлшектеп сату және серiктестiк мүшелерiнiң өнiмiн тасымалдау жатады.
Қайта өңдеушi ауыл шаруашылық серiктестiктерi.
Қайта өңдеушi ауыл шаруашылық серiктестiктерi ауыл шаруашылық өнiмiн қайта өңдеумен, оны өзiнiң көтерме және бөлшек сауда жүйесi арқылы сатумен айналысады.
Жабдықтаушы ауыл шаруашылық серiктестiктерi.
Жабдықтаушы серiктестiктер ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн өндiрiстiк процеске қажеттi ресурстармен және материалдармен: жанар-жағармай материалдарымен, тұқыммен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, жемшөппен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс материалдарымен және ауыл шаруашылық өндiрiсiне қажет басқа да iлеспе материалдармен қамтамасыз етедi.
Сервистiк ауыл шаруашылық серiктестiктерi.
Сервистiк серiктестiктер өз мүшелерiне ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру мен өткiзу процесiне, сондай-ақ басқа салалардағы (материалдық-техникалық және агрохимиялық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу мен оған қызмет көрсету, телефон желiсiн тарту, мал тұқымын асылдандыру және селекция қызметi, мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығындағы, ормандар өсiрудегi және басқа да зерттеулер бойынша қызметтер көрсету) ортақ қажеттердi қанағаттандыруға байланысты қызметтер көрсетедi.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiн құру
Ауыл шаруашылық серiктестiктiгiн құру тәртiбi.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгi құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмiмен оны құру арқылы, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ауыл шаруашылық серiктестiгiн қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін. 2. Ауыл шаруашылық серiктестiктiгiнiң заңды тұлға ретiндегi құқық қабiлеттiлiгi оның мемлекеттiк тiркелу кезiнен бастап пайда болады. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензия алған кезiнен бастап пайда болады.
- Жарғы мен құрылтай шарты ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары болып табылады.
- Құрылтай жиналысында құрылтайшылар ауыл шаруашылық серiктестiгiн құру туралы шешiм қабылдайды, оның жарғысын бекiтедi, мемлекеттiк тiркеу үшiн серiктестiктiң құжаттарына қол қоюға және оларды табыс етуге, серiктестiктiң пай қорына құрылтайшылар енгiзетiн мүлiктi, соның iшiнде мүлiктiк құқықты ақшамен бағалауды белгiленген тәртiппен жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамдарды сайлайды.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң атауы және орналасқан жерi.
- Серiктестiктiң атауына оның қалай аталатыны және ұйымдық-құқықтық нысаны кiредi. Серiктестiктiң атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетiн атауларды, егер қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар сол адамдардан (олардың мұрагерлерiнен) өз есiмiн пайдалануға рұқсат алмаса, адамдардың өз есiмiн пайдалануға жол берiлмейдi.
- Серiктестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
- Серiктестiктiң атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Құрылтай шарты.
- Құрылтай шарты құрылтайшылар арасында жасалады.
- Құрылтай шартында:
1) ауыл шаруашылық серiктестiгiн құру туралы шешiм, оның қызметiнiң негiзгi бағыттары, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жерi;
2) оның құрылтайшыларының (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) атаулары, орналасқан жерi, банк реквизиттерi немесе (егер құрылтайшы жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрақты тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi көрсетiлген тiзбесi; 3) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң құрылу тәртiбi; құрылтайшылардың оны құруға байланысты мiндеттерi, сондай-ақ құрылтайшылардың серiктестiк құру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылық серiктестiгiн құру мен тiркеу барысында оның мүдделерiн бiлдiру тапсырылатын басқа да тұлғалар өкiлеттiгiнiң айқындамасы;
4) ауыл шаруашылық серiктестiгi пай қорының мөлшерi; 5) әрбiр құрылтайшының ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң пай қорына қосатын ақша салымының немесе заттай түрдегi салымының құрамы, мөлшері және оны енгiзу мерзімі туралы мәліметтер, сондай-ақ серіктестіктің пай қорына салымдарды дер кезiнде енгiзбеудiң зардаптары;
6) құрылтайшылардың шығу тәртiбi;
7) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысын бекiту туралы жазба келтiрiлуге тиiс. 3. Құрылтай шарты коммерциялық құпия болып саналатын құжаттар құрамына енедi және заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың талап етуi бойынша көрсетiледi.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысы.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысы заңды тұлға ретiндегi серiктестiктiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. 2. Жарғы құрылтай жиналысында серiктестiк құрылтайшыларының басым көпшiлiк даусымен қабылданады және онда:
- атауы;
- орналасқан жерi;
- қызметiнiң нысанасы мен мақсаты;
- серiктестiктiң басқару органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi;
- серiктестiкке кiру тәртiбi мен талаптары, мүшелiктi тоқтатудың немесе серiктестiкте құқықтардың пайдаланылуын уақытша тоқтата тұрудың негiздемесi мен тәртiбi;
- серiктестiк мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
- серiктестiк мүлкiнiң қалыптасу көздерi;
- серiктестiктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
- аудит жүргiзу тәртiбi;
- қорларды құрау мен пайдалану тәртiбi, олардың түрлерi мен мөлшерлерi;
- серiктестiктi қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату талаптары келтiрiлуге тиiс.
- Серiктестiктiң жарғысында заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де мәлiметтер қамтылуы мүмкiн. Р980928
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
Жарғыға өзгерiстер немесе толықтырулар жалпы жиналыста басым көпшілік дауыспен немесе серіктестік мүшелерiнiң басым көпшілiгiнiң жазбаша келiсiмiмен қабылданады. Басым көпшiлiк серiктестiк мүшелерi жалпы санының үштен екiсi болады.
Филиалдар мен өкiлдiктер.
- Серiктестiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құра алады.
- Серiктестiктiң орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi серiктестiктiң филиалы болып табылады. 3. Серiктестiктiң орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және серiктестiктi қорғау мен оның мүдделерiн білдiрудi жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-қимылдар жасайтын оқшауланған бөлiмшесi серiктестiктiң өкiлдiгi болып табылады.
- Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған серiктестiк мүлiк бередi және олар серiктестiк бекiткен ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
- Филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеу заңдармен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекет және ауыл шаруашылық серiктестiгi.
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары серiктестiктiң, оның қауымдастығының (одағының) шаруашылық, қаржы және өзге де қызметiне араласуға құқылы емес.
- Мемлекеттiк органдардың немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының серiктестiк, оның қауымдастығы (одағы) құқығын бұзатын актiлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
- Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi салдарынан серiктестiкке, оның қауымдастығына (одағына) келтiрiлген залал азаматтық заңдарда көзделген тәртiппен өтеледi.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiне мүшелік
Ауыл шаруашылық серiктестiгiне мүшелiк.
- Серiктестiктiң кәсiби бағытына сәйкес тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар серiктестiк мүшелерi бола алады.
- Егер ондай серiктестiктiң жарғысында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар бiрнеше серiктестiкке мүше бола алады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелiгiне қабылдау.
- Серiктестiктiң жаңа мүшелерiн қабылдау осы Заң мен серiктестiк жарғысын сақтай отырып жүргiзiледi және басқарманың немесе жалпы жиналыстың шешiмiмен жарғыға сәйкес ресiмделедi.
- Серiктестiк мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш жасалған арызда жарғының талаптарын сақтау жөнiнде мiндеттеме болуға, соның iшiнде жарғыда көзделген пай жарналарын төлеу және серiктестiк қызметтерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттемелер келтiрiлуге тиiс.
- Арыз берушi мiндеттi пай жарнасын енгiзген күннен бастап серiктестiк мүшелігiне қабылданған болып есептеледi.
- Серiктестiк мүшесiне мүшелiк кiтапша берiледi, онда: мiндеттi пайдың мөлшерi және оны енгiзу мерзiмi; қосымша пай жарналарының мөлшерi мен саны, пай жарнасының нысаны (ақшалай, мүлiктiк) көрсетiледi.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiне мүше болуды тоқтату.
1.Серiктестiкке мүше болу: 1) пай басқа тұлғалардың иелiгiне берілген; 2) серiктестiк мүшесi болып табылатын шаруа (фермер) қожалығы қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған; 3) серiктестiктен шығарылған; 4) серiктестiк мүшесi болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған; 5) ауыл шаруашылық тауар өндiрушi қызметi тоқтатылған немесе қызметтiң өзге түрлерiне көшiрiлген; 6) серiктестiк таратылған жағдайларда тоқтатылады. 2. Серiктестiктің әрбiр мүшесiнiң осы Заңда және жарғыда белгiленген тәртiппен өзiнiң серiктестiктегi мүшелiгiн өз еркiмен тоқтатуға құқығы бар. Серiктестiк мүшелiгiнен өз еркiмен шығу туралы арыз отыз күн iшiнде қаралуға тиiс.
Серiктестiктен шығу кезiнде пайды сату, төлеу (беру).
- Серiктестiк мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және серiктестiктен шығуға хақылы. Пайды серiктестiктiң мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне, егер жарғыда өзгеше белгiленбеген болса және ондай тұлғалар серiктестiкпен кәсiби бағыттас ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi болып табылса, беруге болады. Пайды сату кезiнде серiктестiк мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.
- Осы Заңның 20-бабының 1-тармағының 2)-5) тармақшаларында көрсетiлген негiздемелер бойынша серiктестiктегi мүшелiк тоқтатылған жағдайда серiктестiк мүшесiне немесе оның құқық мирасқорына пай төленедi (берiледi). Пай беру немесе төлеу туралы шешiмдi, жарғыға сәйкес, серiктестiктiң жалпы жиналысы немесе басқармасы қабылдайды.
- Пайды төлеу (беру) серiктестiк басқармасы белгiлеген мерзiмде жүргiзiледi, бiрақ ол мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс.
- Егер осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларда серiктестiктiң шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) серiктестiктiң мүмкiндiгi болмаса, жалпы жиналыс серiктестiктiң басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi).
Ауыл шаруашылық серiктестiгiне мүшелiктi уақытша тоқтата тұру немесе одан шығару.
- Жарғыда серiктестiк мүшелiгiнен шығару не оның құқықтарын пайдалануды уақытша тоқтата тұру жағдайлары, сондай-ақ шығару немесе құқықты уақытша тоқтата тұру тәртiбi көзделедi. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесiнен шығарылған тұлғаға он күн iшiнде жазбаша түрде хабарлануға тиiс.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшелiгiнен шығарылған немесе құқығын пайдалануы уақытша тоқтатылған тұлға жалпы жиналыстың шешiмi жөнiнде сотқа шағымдануға хақылы.
Ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң борыштары бойынша пайды өндiрiп алу және серiктестiк мүшесiнiң құқық мирасқорларының мұраға қалдыру және серiктестiк мүшесi болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары.
- Серiктестiк мүшесiнiң пайы осындай борыштарды өтеу үшiн өзге мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда азаматтық және азаматтық-iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен оның кредиторларының талап етуi бойынша өндiрiп алу нысанасы болуы мүмкiн.
- Жеке тұлғаның мұрагерлерi, егер серiктестiктiң жарғысында өзгеше көзделмесе, өтініш негiзiнде серіктестің мүшесі құқығын иемденуге хақылы. Мұндай тұлғалар серiктестiктiң кәсiби бағыты бойынша ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi болып табылса, олар мүше құқықтарын иемдене алады.
- Заңды тұлғаны қайта құру жолымен оны басқа ұйымдық-құқықтық нысандарға қайта ұйымдастырған кезде, қайта кәсiби бағыттауға байланысты мүшелiктi тоқтатуға негiз болған жағдайларды қоспағанда, мүше құқығын жаңадан құрылған заңды тұлға иемденедi.
- Заңды тұлға бiрiгу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде бiрiккен заңды тұлғаның мүшелiгi тоқтатылады. Оның пайы өзi бiрiккен заңды тұлғаға ауысады. Егер соңғысы серiктестiк мүшесi болып табылмаса, оны серiктестiкке мүше етiп қабылдау жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
- Заңды тұлға бөлiну немесе қосылу арқылы қайтадан ұйымдастырылған жағдайда қайтадан ұйымдастырылған заңды тұлғалардың мүшелiктерi тоқтатылады. Мұндай мүшелердiң пайын алу құқығы бөлiну балансына және алыс-берiс актiсiне сәйкес қайтадан құрылған заңды тұлғаларға ауысады. Мұндай адамдар серiктестiк мүшесi құқығын өтiнiш негiзiнде алады.
- Серiктестiк мүшесiнiң мұрагерлерi мүше құқықтарын иемденбеген жағдайда оларға мұрагерлiк анықталған кезден бастап бiр жыл iшiнде оның пайы төленуге немесе бөлiп берiлуге тиiс.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiн басқару
Ауыл шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құрылымы.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң басқару органдары: жоғары органы - серiктестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысы; атқарушы органы - төраға басшылық ететiн басқарма; бақылау органы - тексеру комиссиясы
- Серiктестiктi басқару органдарының өкiлеттiгi, құрылымы, серiктестiк басқармасының мүшелерiн сайлау мен керi шақырып алу тәртiбi, сондай-ақ серiктестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзу тәртiбi осы Заңға және серiктестiктiң жарғысына сәйкес белгiленедi.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелерi сот тәртiбiмен басқару органдарының шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымдана алады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жалпы жиналысы.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жалпы жиналысы серiктестiктiң жоғары басқару органы болып табылады.
- Серiктестiктiң әрбiр мүшесiнiң серiктестiк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша шешiм қабылдаған кезде, өзiнiң пай қорындағы пайының мөлшерiне немесе серiктестiк көрсететiн қызметтiң өзi тұтынатын көлемiне қарамастан, бiр дауыс құқығы болады.
- Жалпы жиналыс басқарма түрiндегi атқарушы органды және бақылау органын (тексеру комиссиясын) сайлайды.
- Жалпы жиналыстың ерекше құзыретi: 1) басшы органдарды сайлау және оларды босату; 2) тексеру комиссиясын сайлау; 3) серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер енгiзу; 4) атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртiбi мен кезеңдiлiгiн, сондай-ақ бақылаушы органның тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi анықтау; 5) пай жарналарының мөлшерiн белгiлеу; 6) серiктестiк қорларының түрлерiн, мөлшерiн, құралу және пайдаланылу тәртiбiн белгiлеу; 7) пай қорының мөлшерiн азайту немесе көбейту; 8) серiктестiк мүшелiгiнен шығару немесе құқықтарын пайдалануды уақытша тоқтату; 9) серiктестiк мүшелерiнiң серiктестiк көрсететiн қызметтердi мiндеттi тұтыну принципiн қамтамасыз ету үшiн серiктестiк мүшелерiмен келiсiм-шарт жасасудың негiзгi ережелерiн белгiлеу; 10) серiктестiктi қайта ұйымдастыру және тарату; 11) серiктестiктiң басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өздерiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн құруға немесе олардың қызметiне осы Заңда белгiленген шекте қатысуы жөнiнде шешiм қабылдау; 12) жарғыда көзделген басқа да мәселелер болып табылады. Жалпы жиналыс серiктестiк қызметiне қатысты кез келген мәселені өзiнiң қарауына қабылдауға хақылы.
- Жалпы жиналыс жылына кемiнде екi рет шақырылады. Серiктестік мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң талап етуiмен кезектен тыс жиналыс шақырылады. Жалпы жиналысты шақыру тәртiбi серiктестiк жарғысымен белгiленедi.
- Егер серiктестiк мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса, жалпы жиналыстың шешiм қабылдауға құқығы бар. Жиналыста шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданған болып есептеледi. Жиналысқа қатысушылардың кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша жасырын дауыс берiлуi мүмкiн.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi жалпы жиналысқа өзi немесе өкiлi арқылы қатысуға құқылы. Сенiмхаты бар кез келген адам өкiл ретiнде қатысуға хақылы.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң басқармасы және оның өкiлеттiгi.
- Серiктестiктiң басқармасы оның атқарушы органы болып табылады, басқарма мүшелерiн тек серiктестiк мүшелерi арасынан жалпы жиналыс қана сайлайды. Басқарма серiктестiк қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
- Басқарма серiктестiкке мүше емес адамды серiктестiктiң күнделiктi қызметiн басқару мiндетiн атқаратын жұмысқа жалдай алады. Басқарма мұндай адаммен басқарушының (менеджердiң) құқықтары мен мiндеттерiн, оның еңбегiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбiн, онымен еңбек қатынастарын тоқтатудың негiзiн айқындайтын жеке еңбек шартын жасасады. Басқарушыға басқа адамдарды жұмысқа жалдауға, сондай-ақ серiктестiктiң өз қызметiн тиiмдi жүзеге асыруына қажеттi мiндеттердi атқаруға құқық берiледi.
- Басқарманың сан құрамы мен iс-қимыл мерзiмi жарғымен белгiленедi.
- Серiктестiк басқармасының мүшелерi серiктестiктiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша атқаратын мiндеттерiнен кез келген уақытта босатылуы мүмкiн.
- Серiктестiк басқармасының мүшелерi өздерiнiң құзыретiне қатысты, жалпы жиналыс және серiктестiктiң жарғысы белгiлеген мәселелердi бiрлесiп шешуге өкiлеттi.
- Жалпы жиналыс сайланбалы органдардың мүшелерiне олардың мұндай органдар мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруға тiкелей байланысты шығыстарын өтеу және басқарма төрағасының еңбегiне ақы төлеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң штаттағы қызметкерлерiне еңбек, әлеуметтiк қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңдар қолданылады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тексеру комиссиясы.
- Серiктестiктiң жалпы жиналысы серiктестiктiң атқарушы органының қызметiне бақылау жасау мақсатымен тексеру комиссиясын құрады.
- Тексеру комиссиясының құрамына серiктестiктiң мүшелерi, аудиторлық қызметтi жүзеге асырушы адамдар, қаржы және бухгалтерлiк есеп аласындағы мамандар және басқа адамдар кiре алады.
Атқарушы органдардың мүшелерi тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тексеру комиссиясы серiктестiктiң жалпы жиналысына есеп бередi.
- Тексеру комиссиясы серiктестiктiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзген кезде серiктестiктiң барлық құжаттамасына даусыз қол жеткiзу құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының талап етуiмен атқарушы органның мүшелерi қажетті түсiндiрмелердi ауызша немесе жазбаша түрде беруге мiндеттi. Тексеру нәтижесiн тексеру комиссиясы серiктестiктiң жалпы жиналысына жiбередi.
- Тексеру комиссиясы жылдық баланс пен серiктестiктiң басқа да есептерi бойынша қорытынды жасайды. Тексеру комиссиясының қорытындысы болмайынша серiктестiктiң жалпы жиналысы серiктестiктiң жылдық балансы мен басқа да есептерiн бекiтуге хақысы жоқ.
- Серiктестiктiң тексеру комиссиясының жұмыс тәртiбi жарғымен белгiленедi. Ескерту. - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139Заңымен.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң аудитi.
- Серiктестiктiң жылдық қаржылық есебiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-күйiнiң дұрыстығын тексеру және растау үшiн серiктестiк оның жарғысында көзделген жағдайларда және тәртiпте серiктестiкпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының мүшелерiмен немесе серiктестiк мүшелерiмен мүлiктiк мүддеге байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тартуға хақылы.
- Серiктестiк мүшесi өз қаражаты есебiнен серiктестiктiң қаржылық есебіне аудит жүргiзілуiн талап етуге хақылы.
- Егер серiктестiктiң атқарушы органы серiктестiктiң қаржылық есебiне аудит жүргiзуден жалтарса, аудит мiндетті болған не оны жүргiзудi серiктестiк мүшесi талап еткен жағдайда, аудит мүдделі тұлғаның не серiктестiк мүшесiнiң өтiнiшiмен соттың шешімі бойынша тағайындалуы мүмкiн. Ескерту. - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139Заңымен.
Ауыл шаруашылық серiктестiктiгiнiң мүлкi
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi және оны қалыптастыру көздерi.
- Серiктестiктiң мүлкi оның мүшелерiнiң пай жарналары, өз қызметiнен алынатын табыстар есебiнен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
- Серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысында көзделген жағдайларда серiктестiктiң мүлкiне билiк ету жалпы жиналыстың шешiмiмен жүзеге асырылады.
- Серiктестiк өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қорлар құрады. Бұл қорлардың түрлерiн, мөлшерiн, оларды құру мен пайдалану тәртiбiн серiктестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысы оның жарғысына сәйкес белгiлейдi.
Ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшелерiнiң пай жарналары мен пайлары.
- Серiктестiкке тиесiлi мүлiк жарғыға сәйкес оның мүшелерiнiң пайларына ақша түрiнде бөлiнедi.
- Серiктестiктiң әрбiр мүшесi үшiн пай қорының, мiндеттi және қосымша пай жарнасының мөлшерiн оған серiктестiк көрсететiн қызметтердiң көлемiне қарай жалпы жиналыс белгiлейдi.
- Пай жарналарының есебi құнына балап жүргiзіледi. Пай жарнасы есебiне заттай түрде мүлiк немесе мүлiктiк құқықтар енгiзiлген жағдайда пай жарналарын ақшамен бағалауды серiктестiктiң басқармасы жүргiзедi және оны жалпы жиналыс бекiтедi. Серiктестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысы берiлетiн мүлiктi ақшамен бағалау әдiстемесiн бекiтiп, басқармаға осы әдiстеме негiзiнде аталған мүлiктi ақшамен бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды тапсыра алады. Серiктестiк мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша пай жарналарының ақшамен бағалануы тәуелсiз сарапшылық тексеруге берiлуi мүмкiн.
- Пай жарнасы бағалану құнының мiндеттi пай мөлшерiнен асып түсетiн бөлiгi серiктестiк мүшесiнiң келiсiмiмен оның қосымша пай жарнасы деп танылады. 5. Серiктестiк мүшелерi жалпы жиналысының шешiмiмен серiктестiк жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, пай қорының мөлшерi ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкiн. Аталған өзгерiстер заңмен белгiленген тәртiпте қайта тiркелуге жатады.
- Пай қоры мөлшерiнiң ұлғайтылуы қосымша пай жарналарын енгізу жолымен жүзеге асырылады.
- Серiктестiктiң кредиторларына пай қоры мөлшерiнiң азайтылуы немесе оны қалыптастырудың мерзiмдерi туралы аталған өзгерiстер күшiне енгеннен кейiн бiр ай iшiнде хабарлануға тиiс. Аталған пай қоры мөлшерiнiң азайтылуы туралы хабар жарияланғаннан кейiн алты ай iшiнде серiктестiкке талап қойған кредиторлардың талаптары қанағаттандырылуға тиiс.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүлiктiк жауапкершiлiгi.
Ауыл шаруашылық серiктестiгi өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен заңдарға сәйкес жауапты болады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң өз мүшелерімен өзара қатынастарының негiздерi
Ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшелерiнiң өнiм сатуы және қызметтер тұтынуы туралы келiсiм-шарт (келiсiм).
Серiктестiк пен оның мүшелерi өнiм өткiзу, сондай-ақ серiктестiк өз мүшелерiне көрсететiн қызметтердiң көлемi мен түрлерi туралы келiсiм-шарттар (келiсiмдер) жасаса алады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiн қайта ұйымдастыру және тарату
Ауыл шаруашылық серiктестiгiн қайта ұйымдастыру.
- Серiктестiктi қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) заң актiлерiне сәйкес серiктестiк мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Серiктестiктi селолық тұтыну кооперативi етiп қайта құруға болмайды.
2. Келiспеушiлiктер туындаған жағдайларда серiктестiктi оның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардың бөлiнуi немесе бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Серiктестiк қайта ұйымдастырылған кезде оның жарғысына өзгерiстер енгiзу немесе жаңа жарғыны қабылдау заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Серiктестiк қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқықтары мен мiндеттерi алыс-берiс актiсiне немесе бөлу балансына сәйкес құқық мирасқорларына ауысады. Аталған құжаттарда тараптар дауласып отырған мiндеттемелердi қоса алғанда, қайта ұйымдастырылатын серiктестiктiң барлық кредиторлары мен борышкерлерiне қатысты барлық мiндеттемелерi бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиiс.
- Алыс-берiс актiсi мен бөлу балансы серiктестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi және құрылтай құжаттарымен бiрге мемлекеттiк тiркеуге ұсынылады.
- Егер бөлу балансы қайта ұйымдастырылған серiктестiктiң құқық мирасқорын белгiлеуге мүмкiндiк бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша оның кредиторлары алдында ортақ жауапкершiлiкте болады.
Ауыл шаруашылық серiктестiгiн тарату.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша немесе сот шешiмiнiң негiзiнде таратылуы мүмкiн.
- Ауыл шаруашылық серiктестiгiн тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтары (одақтары)
Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтары (одақтары).
- Ауыл шаруашылық серiктестiктерi облыстық және республикалық деңгейлерде қауымдастықтарға (одақтарға) бiрiгуi мүмкiн.
- Бастауыш ауыл шаруашылық серiктестiктерi өз қызметiн үйлестiру, экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында мемлекеттiк және өзге де құрылымдарда коммерциялық емес ұйым болып табылатын ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтарын (одақтарын) құрады.
- Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi құрылтай шартының және жарғының негiзiнде iс-қимыл жасайды, бiрақ өзiнiң дербестігi мен заңды тұлға құқығын сақтайды.
- Қауымдастықтың (одақтың) негiзгi мiндеттерi:
1) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi бiрлестiктерiнiң дамуын реттеу және оған жәрдемдесу;
2) ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құқықтары мен экономикалық мүдделерін қорғау;
3) аймақаралық байланыстарды әзiрлеу мен жүзеге асыру, iшкi және сыртқы экономикалық өзара қатынастарды жетiлдiру;
4) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдесу, салааралық айырбастың баламалылығы мен ауыл шаруашылық өнiмiнiң және өнеркәсiп беретiн ресурстардың бағасын реттеп отыру;
5) кәсiпорындардың даму үрдiсiн айқындау, соның негiзiнде одан әрi даму перспективасының жалпы бағытын белгiлеу;
6) жаңа техниканың, технологияның енгiзiлуiне жәрдемдесу, тәжiрибе, ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру және патент-лицензия жұмысы мен лизингтi ұйымдастыру.
- Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген басқа да мiндеттердi жүзеге асыруға хақылы.
- Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастықтары (одақтары) ерiктi негiзде құрылады, құрылтайшылар жүктеген мiндеттерді атқарады.
- Қауымдастықтардың (одақтардың) қызметiн қаржыландыру осы қауымдастыққа (одаққа) бiрiккен ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң жыл сайынғы шарттық аударымдары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президентi
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандықтардың бос ақша қаражаттарын инвестициялаудың жаңа құралы ретіндегі инвестициялық пай қорларының пайда болғанына бір жарым жылдай болып қалды. Дамыған елдерде инвестициялық пай қорларына бос ақшаларды инвестициялау белгілі тәсіл болып табылады. Бұл процеске халықтың 2/3 бөлігі қатысады және инвестициялардың жалпы көлемі 15 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемде 50 мыңға жуық инвестициялық қорлар қызмет етеді.
Бүгінгі таңда біздің елімізде ұжымдық инвестициялаудың дамуына оңтайлы жағдай қалыптасқан деуге болады. Яғни ол заңнамалық базаның болуы, қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы және клиентуралық базаның ұлғаюы.
Дегенмен, клиентуралық база болғанымен, оларды инвестициялық пай қорларына қызықтыру, олардың қаражаттарын тарту мәселелері әлі де болса аяғына дейін шешілмеген. Осыған орай бірнеше ұсыныстарды атап өтсем деймін.
Халықтың ұжымдық инвестициялаудың жаңа түріне деген сенімсіздігі, инвестициялық қорлар мен олардың қызметі жайлы ақпараттың аздығы, сонымен қатар жинақталған ақша қаражаттарын бағалы қағаздар нарығы арқылы көбейту сияқты дәстүрдің жоқтығы, инвестициялық пай қорлардың дамуына кедергі болып отыр. соған байланысты, Қазақстандағы инвестициялық пай қорларын дамыту жолында тұрған басты міндеттердің бірі болып әлуетті инвесторларды қор нарығы арқылы, инвестициялық қорлар институттары арқылы инвестициялау мүмкіндігі жайлы ақпараттандыру шараларын жүргізу табылады.
Бұл сәтте уәкілетті органның рөлі зор болып келеді. Мәселен, тәуекелмен инвестицияланатын қорларға қатысты кез келген ақпаратты таратуға рұқсат етілмейді. Бұл мәселені қайта қарастыру керек. Себебі, ондай қордың атын атаудың өзі заң бұзушылық болып табылады. Уәкілетті органның логикасын түсінуге болады – ең алдымен инвесторлардың құқығы мен қызығушылығын қорғау керек. Алайда, инвестициялық қорлардың көптеген түрлері осындай тәуекелмен инвестицияланатын жабық инвестициялық пай қорлары болғандықтан, олар жайлы ақпарат тарату рұқсат етілмесе, әлуетті инвесторларды тарту қиынға соқпақ. Әлуетті инвесторлар инвестициялық қорлар жайлы, заңнамалық база және қорларды реттейтін басқа да механизмдер туралы көбірек ақпарат алса, олардың қызығушылығы өсе түсетіні сөзсіз.
Инвестициялық қорларға қатысты тағы бір мәселе, активтерді инвестициялауға қаржы құралдарының тапшылығы табылады. Қазіргі кезде инвестициялық қорларды шетелдік қаржы құралдары қызықтырып отыр. Бұл жайлы уәкілетті органның либералды режимін айтуға болады, яғни тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорларының активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізімі мен инвестициялау көлемі қор ережесінде белгіленеді. Менің ойымша, уәкілетті орган мұндай режимді инвестициялық пай қорларының басқа да түрлеріне қатысты қарастырғаны жөн болар. Себебі, басқа қорлардың активтерін инвестициялауға болатын қаржы құралдарының тізбесіне эмитенттің өте жоғары рейтінгін талап ететін құралдар кіреді. Сондықтан инвестициялық пай қорларының активтерін инвестициялық қорлардың рейтингіне кірген қорлардың пайларына салу мүмкіндігін қарастыру керек. Ал бағалы қағаздарға қатысты олардың сенімділігін бағалаудың критерийі ретінде қор нарығының әр түрлі индекстері мен индикаторларын қолдануға болады.
Инвестициялық қорлардың шетелге инвестициялаудың бір мәселесі болып шетелдік брокерлерде, әсіресе ресейлік брокерлерде кастодианның шот ашуы табылады. Басты проблема ресейлік заңнама бойынша Ресейде шетелдік кастодиандар номиналды ұстаушы болып саналмайды. Соған байланысты, кастодиандардың өз клиенттерінің активтері бойынша шоттары меншік иесіне ашылады. Бұл кастодиан банкротқа ұшыраған жағдайда немесе кастодианның брокерде ашқан шотына арест салынған жағдайда тәуекелге ұшырауы мүмкін. Осыған орай, уәкілетті органға шет елдермен, әсіресе Ресеймен кастодианды номиналды ұстаушы болатын кәсіби қатысушы ретіндегі лицензиясын қабылдау келісімін ұйымдастыру ұсынысы туады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Галанова А.С.,Басова И.С. Рынок ценных бумаг.- Москва.,1996.-339бет.
- Көшенова Б.А.Бағалы қағаздар нарығы.- Алматы., 1999.-234 бет.
- Абдрахманова Г.Т., Жумабаева З.С.,Рынок ценных бумаг: особенности функционирования в Казахстане.- Алматы., 2002-340 бет.
- Сейткасимов Т.С., Ильясов А.А., Ценные бумаги и фондовый рынок. - Алматы., 1998.-184 бет.
- Жатканбаев Е.Б., Агальцова С.В.Рынок государственных ценных бумаг. - Алматы., 1999.-312 бет.
- Колесникова В.И.,Таркановского В.С.,Ценные бумаги.- Москва.,1998. -219бет.
- Жуков Е.Ф., Ценные бумаги и фондовые рынки.- Москва., 1995-224бет
- Косолапов Г. Интеграционные процессы в корпоративном секторе и фондовый рынок // Рынок ценных бумаг №13 2005 г-19-21 бет.
- Джуматова А.К. Деятельность Инвестиционного Фонда Р.К на рынке ценных бумаг // Банки Казахстана №6 2005г -24-25стр.
- Арыстанбаева С. Организация эффективного размещения финансовых ресурсов на рынке ценных бумаг // Қаржы қаражат №4 2005г - 10-11 бет.
- Супугалиева Г.И. Банк аясындағы инвестициялау // Вестник КазНу - 2004 ж 26-29 бет.
- Буренин А.Н., Рынок ценных бумаг и производных финансовых инструментов: учебное пособие – Москва., ИНФРА-М, 1998.,-165 бет).
- Банки казахстана №12 2004 г. (13-20 бет).
- Сарсенбаева Ж.И. Проблемы долглвого рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Мир финансов №1 2006 г. - 13-35 бет.
- Алексеев М.Ю., Рыног ценных бумаг. – Москва., 1992 – 352 бет.
- Аналитический обзор Ассоциации финансистов Казахстана // Мир финансов 2004г – 7-8 бет.
- Байганин Е. Становление и развитие рынка корпоративных облигации в Республике Казахстан // Рынок ценных бумаг№5 2005г.-50-55бет.
- Оспанов А. Перспективы развития рынка ценных бумаг в Республике Казахстан // Рынок ценных бумаг №5 2005г- 72-77бет.
- Есенов Б. Перспективы совершенствования казахстанского фондового рынка // Рынок ценных бумаг №11 2005г - 9-14бет.
- Аналитическая служба. Итоги развития биржевого рынка за 2005год / Рынок ценных бумаг №8 2005г - 12-21бет.
- Аналитическая служба. Итоги развития биржевого рынка за 2004год // Рынок ценных бумаг №1 2005г- 11-19бет.
- Важинская Е. Итоги развития биржевого фондового рынка за 2005 год // Рынок ценных бумаг №1-2 2006г-13-27бет.
- «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 10 шілде, 2004 жыл.
- «Рынок ценных бумаг Казахстан» журнал, №2 2005 жыл.
- «Рынок ценных бумаг Казахстан» журнал, «О проблемах и перспективах индустрии инвестиционных фондов в Казахстане», №5 2005 жыл.
- «Рынок ценных бумаг Казахстан» «Структура активов российских инвестиционных фондов и их категории», журнал, №6 2005 жыл.
- «Рынок ценных бумаг Казахстан» «Паевые фонды Казахстана», журнал, №17 2005 жыл.
- «Рынок ценных бумаг Казахстан», «Инвестиционные фонды: состояние и перспективы», журнал, №18 2005 жыл.
- «Финансы и Кредит» журнал, «Теория финансов и практика инвестирования в российские ПИФы», №10 2005жыл.
- Интернет: www.afn.kzҚосымша 1
«Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 1-қосымша Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлері
Критерийдің атауы | Балдар саны | |
1 | Қаржылық жай-күйі: | |
1.1 | Тұрақты | +0 |
1.2 | Қанағаттанарлық | +1 |
1.3 | Тұрақсыз | +2 |
1.4 | Өте қиын | +5 |
2 | Кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу: | |
2.1 | Мерзім өткізу жоқ | -1 |
2.2 | Мерзімі 7 күнге дейін өткізілген | +0 |
2.3 | Мерзімі 8-ден 15 күнге дейін өткізілген | +1 |
2.4 | Мерзімі 16-дан 30 күнге дейін өткізілген | +2 |
2.5 | 30 күннен астам | +3 |
3 | Кепілдіктің болуы: | |
3.1 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде) | -4 |
3.2 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% -дан аз кепілдігі болған кезде) | (балдар сомасы кепілдік мөлшеріне пропорционалды есептеледі «- 4»-тен) |
3.3 | «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекетінің | -3 |
3.4 | Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері | -3 |
3.5 | «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитентінің | -2 |
3.6 | Кепілдігі жоқ | +0 |
4 | Белсенді нарығының болуы: | |
4.1 | Белсенді нарық | +0 |
4.2 | Нарығы белсенді емес | +1 |
5 | Рейтингінің болуы: | |
5.1 | «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А» төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар | -4 |
5.2 | «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен «ВВВ-»-ке дейін рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар | -3 |
5.3 | «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар | -2 |
6 | Рейтингі жоқ | |
6.1 | «бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | -1 |
6.2 | «екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | +0 |
7 | Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар | -1 |
7.1 | Эмитенттердің қор биржасы тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына кіретін акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар | 0 |
8 | Қор биржасы тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | +1 |
9 | Дефолт, делистинг немесе рейтингтің төмендеуі | +2 |
10 | Бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі) | +2 |
11 | Ақпарат жоқ | +10 |
Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады.
1-ге дейін (қоса алғанда) баллдар сомасын алған жағдайда – бағалы қағаз стандартты деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 2-ден 4-ке дейін (қоса алғанда) болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 8-ден 10-ға дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
Баллдар сомасы 10-нан астам болған кезде қанағаттанарлықсыз деп жіктеледі.
Бағалы қағаз эмитентінің банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз нөлге дейін біржолғы есептен шығарылады.».
Қосымша 2 «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 2-қосымша Бағалы қағаздар құнсыздануының қажетті мөлшері
Балдар сомасы | Бағалы қағаздардың жіктеу санаты | Құнсызданудың қажетті (барынша төмен) мөлшері |
1 | Стандартты | 0% |
2-4 | 1-санаттағы күмәнді | 10% |
5-7 | 2 –санаттағы күмәнді | 15% |
8-10 | 3-санаттағы күмәнді | 25% |
10 астам | Қанағаттанарлықсыз | 50% |
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024