Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне оңайлықпен жете қойған жоқ. Бұл мәселе мені әрқашан , әр кезде ойландырады. Себебi, ең бiрiншi - тарих алдындағы парыз, екiншi - елдiң азаматы ретiндегi мiндет. Дипломдық жұмысымның кеден бақылауы деп аталуы да тұңғиық тарих топырағына жетелейдi. Көздi Шыңғысхан дәуiрiне жүгiртсек кеден бақылауына ұқсас шекарадан тауарлар алып өту кезiнде алынатын барымта мен тамгалар еске түсерi анық. Кеңес Өкiметi билiк құрған тұста елдiң кедндiк жүйесi тiкелей Мәскеуге бағынды. Сондықтан бұл Қазақстан кеденiнiң тарихындағы "ақ дақ" ретiнде бейнелендi. Бұдан бiз еш ұтпағанымыз айтпаса да түсiнiктi.
XX ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдiк сахнада болған үлкен өзгерiске Кеңес одағының құлауы жатады. Соның нәтижесiнде 15 жаңа тәуелсiз мемлекет пайда болды. Солардың бiрi - Қазақстан Республикасы 14 жыл iшiнде өзiн барша әлемге тәуелсiз, демократиялық мемлекет ретiнде танытты. Өзiнiң толық тұрақты дамуы үшiн Қазақстан бiр жағынан өнеркәсiбi дамыған мемлекеттермен, екiншi жағынан ТМД бойынша әдеттегi серiктестермен белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзуi қажет. Сонымен қатар, Қазақстан өзiнiң транспорттық жүйесiн, яғни теңiз, өзен, темiр жол, автомобиль және құбыр сияқты көлiк түрлерiн, транспорттық инфрақұрылымдарында дамытуы керек.
Белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларының көлемiнiң өсуi, кеден бақылауының қатаңдылығына әкелiп соғады.
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары: Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлдар мен көлiк құралдары туралы кеден декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты; тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына; кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кеден қызметi саласы жаңадан аяғына тұрып, көптеген өзгерiстерге ұшырап жатыр. Елiмiз тәуелсiздiк алғалы берi кеден қызметiн түрлi министрлiктер мен ведомствалар басқарып келдi. Осының өзi кеден қызметiне көптеген қиыншылықтар тигiздi
Сыртқы сауда операцияларын кедендiк бақылау әлемдiк экономикада маңызды орынға ие, өйткенi түрлi елдердiң тауарлары мен қызметтерi арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуiне де нақты әсер етуге болады.
Қазақстан кеденi 1995 жылдың 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығынан жаңа өмiр бастауын алады.
ХХ ғасыр соңы мен ХХI ғасырда дүние жүзiнде глобализациялану процесi жүруде. Глобализация өз кезегiнде дүние жүзiлiк экономикаға, яғни дүние жүзiлiк тауар айналымына өте үлкен ықпалын тигiзуде. Қазақстан Республикасы еркiн экономика бағытын ұстанғаннан кейiн, дүние жүзiлiк тауар айналымының ажырамас бiр бөлiгi болды.
Осының нәтижесiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерiн, соның iшiнде кеден бақылауын артырды. Негiзi, түпкiлiктi кеден бақылауы Қазақстан Республикасына маңызы өте зор:
- әуелi ел шекарасын қадағалау,
- елiмiздiң бюджетiне түсiмдердi толық түрiнде әкелу.
Бiрақ, кеден бақылауы нәтижесiнде тек баждар, алымдар алынып қоймайды, сонымен қатар мемлекетiмiздiң экономикалық болжаулар жасауына, статистика жүргiзуiне, тiптi мемлекетiмiздiң экономикасының күрт өзгеруiне себепшi бола алады. Қазiргi таңда сыртқы сауданың кең етек жаюына байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiндегi кеден бақылауы кәсiпкерлер, өндiрiс басшылары және Сыртқы экономикалық қатынас қатысушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Өйткенi осы субьектiлер өз қызметтерiн жүзеге асыру барысында кеден бақылауымен бетпе-бет кездеседi. Осыдан келе бiзде кеден бақылауы кезiнде бәрi ойдағыдай, тез арада, еш кедергiсiз өте ме- сұрақ туындайды. Сондықтан, осы жағдайлардың маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға себеп болды.Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектiлер ғана емес, сонымен қатар кеден бақылауын жүргiзудiң тәжiрибелiк жақтары, кеден бақылауының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудiң перспективалық бағыты болып табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылып отыр:
- қазiргi уақыттағы Қазақстан Республикасының кеден бақылауын ұйымдастыру барысы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауы саласында негiзгi ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырудың жағдайы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауында техникалық құралдарды қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын мәселелер;
- кеден бақылауы саласында кейiнгi 10 жыл iшiнде болған мәселелер, өзгерiстер мен енгiзулер;
- кеден бақылауында халықаралық қатынастарда болып жатқан мәселелер;
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде заңдық, нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулар, отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерi қолданылды.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
- Нарықтық экономикада кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 12 бөлiмiнiң 56, 57, 58, 59, 60, 61 және Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 13 бөлiм 62, 63 тарауларында кеден бақылауы толық көрiнiс табады.
Кеден бақылауы мынандай қағидаларға сүйенедi:
- Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының заңдарын сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi
- Мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары: Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты; тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына; кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқыдайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады. [2]
Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кедендiк бақылауының нысандарын пайдаланады. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша немесе жазбаша және электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi. Кеден органы кедендiк бақылауы үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша немесе электронды нысанда сұратып алуға құқылы. Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес банкткер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы. Тауалар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің құжаттарын және басқа да ақапаратты, оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты деклораннтан немесе тауарлар мен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез-келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.[3]
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылауы үшiн қажеттi құжаттарды тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кедендiк ресiмдеу, алдын-ала операциялар және өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдары кедендiк декларацияның ресiмделуiнiң дұрыстылығына және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi iс-әрекет жасайды. Кедендiк декларацияны, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарауды, ал тауарларды алдын-ала, уақытша декларациялау кезiнде жүктiң кедендiк декларациясы мен құжаттарды тексерудi кедендiк органдары тауарларды шығару үшiн қажеттi барлық құжаттар табыс етiлген жағдайда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады. Аталған мерзiмдi - жүктiң кедендiк декларациясын қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнiне дейiн, ал тауарларды теңiз, iшкi су көлiгiмен тасымалдау кезiнде жиырма жұмыс күнiне дейiн ұзартуға декларантқа тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту себептерi көрсетiлген жазбаша рұқсатымен жол берiледi.[6] Тауарлар шығарылғанға дейiн кеден органдары тауарлардың атауының, шыққан жерiнiң, саны мен құнының жүктiң кедендiк декларациясында және кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттi операциялар жүргiзедi. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн бiр тауар легiнде түрi мен атауы әртүрлi тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю орындарына бөлу жүргiзiлмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса және тауарлардың iлеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы мәлiметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендiк тексерiп қарау мерзiмi қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 478- бабының талаптарын ескере отырып, кеден органының басшысының жазбаша рұқсатымен тауарлар легiн жекелеген тауарларға бөлу үшiн қажеттi уақытқа ұзартылады.[2] Басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендiк бақылау жүргiзген кезде кеден органдары мұндай iс-әрекеттердi үйлестiрудi және бiр мезгiлде жүргiзудi қамтамасыз етедi. Кедендiк бақылаудың негiзгi салдарына келесiлердi жатқызамыз:
- Кедендiк құралдар мен тауарларды кедендiк тексеру .
- Қажеттiлiк туындаған жағдайда жеке тұлғаны тексеру.
- Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу.
- Еркiн қойма,кеден қоймаларын, уақытша сақтау қоймасын және тағы басқа кеден қызметi аясындағы объектiлердi тексеру.[20]
Заңдар мен басқа да кедендiк бақылаудың түрлерi айқындалуы мүмкiн. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру басқа да кедендiк бақылау нысандары сияқты тек тауарлар мен көлiк құралдарын тексерумен шектелмейдi. Сонымен қатар, кедендiк құжаттарда, онда берiлген мәлiметтердi, құжаттардағы жазулардың дұрыстығын, аталған тауар мен берiлген мәлiметтердiң арасындағы сәйкестiктi де тексередi. Қажет болған жағдайда кеден органдарының жеке банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер менмекемелерден кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғалардан есеп шоттарының жағдай туралы мәлiметтердi алуға құқысы бар. Құқық қорғау, салық және басқа да мемлекеттiк органдар кедендiк бақылауды неғұрлым зерек жүргiзуге қажеттi мәлiметтердi кеден органдарына беруге мiндеттi.
1.2. Кеден бақылауының аймағы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының орналасқан, кедендiк рәсiмдеу орындарында кедендiк бақылау мақсатын жүзеге асыру кезiнде кеден бақылауының зонасы құрылады. 2002 жылғы 15 ақпандағы № 50 Қазақстан Республикасының Кiрiс Министiрлiгiнiң Кеден Комитетiнiң бұйрығымен бекiтiлген кедендiк бақылау зонасын құру және белгiлеу тәртiбi туралы ережеде: "кедендiк бақылау зонасын тануға негiз болып- еркiн қойма, кедендiк қойма, уақытша сақтау орнын тану туралы шешiм; кеден органының орналасқан орны туралы регистрациялық құжаттар, кеден органының кедендiк рәсiмдеу орындау белгiлеу туралы шешiм, сонымен қатар аэропорт, порт, темiр жол станцияларында құру туралы шешiм, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық өткiзу пунктерiнiң ашылу туралы шешiмi табылады " .[3]
Кедендiк бақылау зонасын құру кедендiк бақылауды жүргiзудiң басты себебi. Кедендiк бақылау зонасын құру туралы басты шешiмi Қазақстан Республикасының кеден органының бұйрығы негiзiнде рәсiмделедi. Кедендiк бақылау зонасы арнайы белгiлермен белгiленедi. Ондай белгiлерге мыналарды жатқызамыз:
- автомагистральда- жалпы техникалық шарттарға сәйкес ақпараттық белгiлер;
- жол белгiлерiнiң рәсiмделуi ГОСТ 10807-78;
- биiктiгi- 50 см, енi- 100 см, белгiнiң көк жиегiнде ақ әрiптермен, үш тiлде (қазақша, орысша, ағылшынша), үш жолда "кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы қажет; әрiптердiң биiктiгi мынадай болу керек- 10 см, енi -3,7 см болуы керек;
- суда қызыл түстi бояумен "кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы тиiс;
Кедендiк бақылау зонасына ену режимi.
Кедендiк бақылау зонасына ену Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кедендiк бақылау зонасын құру туралы шешiмiмен белгiленген орындарында жүзеге асырылады. Мұндай орындарға тексеру, рұқсат ету пункттерi, олар арнайы белгiлермен белгiленедi. Тұлғалардың кеден зонасына енуi және орын ауыстыруы Қазақстан Республикасының кеден органдарының рұқсатымен және бақылауымен жүзеге асырылады. Тек басқа мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдылық актiлерiне сәйкес кеден бақылау зонасына Қазақстан Республикасының кеден органдарына алдын-ала хабарлау арқылы ене алады. [2]
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң шекара қызметi мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн пункттердi ену режимiнiң технологиялық сызба нұсқасына сәйкес өте алады. [19]
Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден бақылау зонасы аумағында жүргiзу, сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да кәсiптiк қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының кеден органдарына рұқсатымен жүзеге асырылады. Оған кедендiк режиммен қарастырылатын тауарлармен белгiлi бiр операцияларды жүзеге асыру кезеңi кiрмейдi. Тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауы зонасында, мемлекеттiк шекарамен сәйкес келмейтiн оның шекарасы арқылы кеден бақылау зонасында орналасқан субъектiлер, онда тұратын жеке тұлғалар көлiк құралдарына арналған арнайы өткiзушi қағаздар және жеке тұлғаны танитын құжаттармен өткiзе алады. Арнайы өткiзушi қағаздар Қазақстан Республикасының кеден органдарының шекаралық, фитосанитарлық және басқа да кеден бақылауының түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсуi арқылы берiледi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу, өндiрiстiк жәнебасқа да коммерциялық қызметтi жүзеге асыру, егер кеден бақылау зонасының кедендiк жұмысының белгiленуi мен режимiне сәйкес келмесе жүзеге асырылмайды.
Тауарлар мен көлiк құралдары, тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары (кеденнен басқа) кеден бақылау зонасы арқылы өткiзу, сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да коммерциялық қызметтi Қазақстан Республикасының кеден орпгандарының рұқсатынсыз жүзеге асыру, немесе кеден бақылауы зонасының режимiн бұзатын iс-әрекеттер жасалса, қылмыстық қасиет жоқ болғанда - ескерту жасалады немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл төленедi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында арнайы экономикалық аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарында кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аумақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылаумен ғана жол берiледi.
Тауарлар кедендiк бақылау аймағына жұмыс уақытынан тыс келген кезде кеден органының рұқсатымен кедендiк бақылау зонасында орналастырылуы қажет. Кедендiк бақылау басталғанша тауарлар сақталып жатқан қоймалар арнайы тағайындалған жағдайда болуы қажет. Қойманың иесi мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi:
- кедендiк бақылауға жататын тауарлардың толық түрде мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етуi
- кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасау және оған кедергi жасамау
- лицензиядағы ережелерге сәйкес өз қызметiн толық түрде атқару және тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдарының талаптарын мүлтiксiз орындау
- тауарларға қатысты есеп жүргiзу және Қазақстан Республикасының кеден органдарына тауарларға қатысты толық есеп берiп отыру [16]
Кедендiк бақылау зонасында мынандай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:
- тауарларды еркiн айналысқа шығару - бұл кеден режимiнiң бiр түрi болып табылады, яғни Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендiк режим. Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне тауарларды орналастырудың мынадай шарттары бар:
- a) кедендiк баждар және салықтар төленгенде
- b) тарифтiк емес шаралары сақталғанда
- c) Қазақстан Республикасының кеден кодексiнде және өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалғанда
- d) кедендiк ресiмдеу аяқталғанда
- тауарлардың реимпорты- бұрын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген мерзiдерде, тарифтiк емес шараларын қолданбай, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендiк баждардан және салықтардан босатыла отырып, керi әкелiнетiн кезедегi кедендiк режим.Тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне тауарларды орналастырудың мынадай шарттары бар:
- a) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлуi кезiнде Қазақстандық тауарлардың мәртебесi болуы
- b) әкету сәтiнен бастап үш жылдың iшiнде тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне мәлiмденуi
- c) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозудың немесе табиғи кемудiң салдарынан өзгерудi қоспағанда, олар өзгерiссiз жағдайда болуы тиiс
Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсiпкерлiк мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшiн қажеттi басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетiлген сәттегi құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өсуiне әкелетiн жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне орналастыруға кедергi келтiрмейдi. Бұл ретте әкетiлген күнгi құн мен әкелiнген күнгi құнның ара-қатынасы тауарлардың кедендiк декларациясында көрсетiлетiн статистикалық құнының негiзiнде айқындалады. Тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген, тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне орналастырылатын тауарлар жағдайынын тұрақтылығы, олардың әкетiлу фактiсi, әкетiлген күнi құжаттамамен расталуы тиiс. Тауарлардың керi импортының кедендік режимiне тауарларды орналастыруға кеден кодексiнiң 122- бабының 1-тармағының талаптары сақталған кезде және, егер әкетiлген тауарлардың бөлiгi ғана әкелiнетiн жағдайда жол берiледi.
- Тауарлар транзитi - шетелдiк тауарлар Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы бойынша кедендiк бақылауымен олардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына келген жерi мен олардың осы аумақтан әкетiлген жерiнiң арасында тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтiк емес шараларды қолданбастан, кедендiк баждарды және салықтарды төлеместен өткiзiлетiн және Қазақстандық тауарлардың шет мемлекеттiң аумағы бойынша олардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына келген жерiнiң арасында, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендiк баждарды төлеместен және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан өткiзiлетiн кедендiк режим.
- Кеден қоймасын ұйымдастыру - кеден қоймасы тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, әкелiнген тауарларды кедендiк баждар, салықтар алмай және тарифтiк емес шараларды қолданбай, кеден қоймасы мәртебесi бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендiк бақылауда сақтауда арналған кедендiк режим. Кеден қоймасының кедендiк режимiне, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тауарларды қоспағанда, кез-келген тауарлар орналастыруы мүмкiн. Басқа тауарларға зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиiс. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзiмiн тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгiлейдi, бiрақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған күнiнен бастап үш жылдан аспауы тиiс. Сақтау, тұтыну және сату үшiн шектеулi жарамдылық мерзiмi бар тауарлар өзге кедендiк режимге мәлiмделуi және аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiнгi күнтiзбелiк алпыс күннен кешiктiрiлмей кеден қоймасынан алып кетiлуi тиiс. Кеден қоймасының кедендiк режимi тауарларды өзге кедендiк режимге орналастырумен аяқталады. Кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар өзге кедендiк режимге толық немесе iшiнара мәлiмделiне алады. Тауарлар өзге кедендiк режимге орналастырылған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде кеден қоймасынан әкетiлуге жатады.
- Бажсыз сауда дүкенi - тауарлардың кейiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлуi жағдайында, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендiк баждар, салықтар алынбай және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатың режим. Бажсыз сауда дүкенiң кедендiк режимiне Қазақстан Республикасына әкелiнуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тиым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез-келген тауар орналастыруы мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенiң кедендiк режимiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған жағдайда сатылады. Бажсыз сауда дүкеннiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкеннiң кедендiк режимiне орналастыруға жатпайды.
- Тауарларды кедендiк аумақта қайта өңдеу- тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай және кедендiк баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнiмдерiн кейiннен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында шетелдiк тауарларды қайта өңдеу үшiн пайдалануға арналған кедендiк режим. Осындай жағдайларда кедендiк аумақта тауарларды кедендiк қайта өңдеу режимiне орналастырылған шетел тауарларын Қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол берiледi.
- Тауарларды еркiн айналыс үшiн қайта өңдеу - қайта өңдеу өнiмдерiн тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне кейiннен орналастыра отырып, кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендiк бақылаумен кедендiк аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөнiндегi операцияларға ұшырайтвн кедендiк режим. Еркiн айналыс үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимi еркiн айналыс үшiн тауарларды шығарудың кедендiк режимiне қайта өңдеу өнiмдерiн орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнiмдерiн еркiн айналыс үшiн шығару кезiнде кедендiк баждар және салықтар қайта өңдеу өнiмдерiне қолданылатын ставкаларды негiзге ала отырып есептеледi. Қайта өңдеу өнiмдерiнiң құны мен мөлшерi оларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне өтiнiш берген күнге қарай белгiленедi.
- Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу- экспорттық бақылау шараларын қоспағанда, Қазақстандық тауарларды тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбай, кедендiк баждардан және салықтардан толық немесе iшiнара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу өнiмдерiн өңдеу және оларды кейiннен әкелу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендiк режим. Осы жағдайларда тауарларды кедендiк аумақтан тыс кедендiк қайта өңдеу режимiне орналастырылған Қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн шетелдiк тауарлармен ауыстыруға жол берiледi. Қайта өңдеу өнiмдерi Қазақстан Республикасы кеден кодексiнiң 176-бабына сәйкес белгiленген тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеу мерзiмiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнуге немес тауарлар экспортының кедендiк режимiне орналастырылуға тиiс. Кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi орган айқындайды. Тауарларды кедендiк аумақтан тыс қайта өңдеудiң кедендiк режимiн өзгертуге тауарларды немесе қайта өңдеу өнiмдерiн кеден органына нақты табыс етпестен дол берiледi.
- Тауарлар мен көлiк құралдырын уақытша әкелу - шетелдiк тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында, тауарлар қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеуден толық немесе iшiнара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлiк құралдары кейiнен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкетiлетiн кездегi кедендiк режим.
- Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету - Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк әкету баждарын төлеуден толық немесе iшiнара босатыла отырып, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын кейiнен әкеле отырып Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тыс жерлерде пайдаланылатын режим .
- Тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге осы аумақтан тыс жерлерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетiлетiн кедендiк режим. Тауарлар экспорты:
- a) Кедендiк әкету баждары төленген;
- b) Тарифтiк емес шаралары сақталған;
- c) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады;
Экспорт үшiн шығарылған тауарлар Қазақстан Ресупбликасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетiлуi тиiс. Бұл орайда олар тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерiстердi қоспағанда, кедендiк декларация қабылданған күнгi қалпында болуы тиiс. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшiн шығарылған тауарлар әкетiлмеген кезде тауарларды өткiзушi тұлға жауапты болады.
- Тауарлардың керi экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлар кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетiлетiң кедендiк режим. Тауарлардың керi экспорты:
- a) Уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгiлi бiр кедендiк режимге орналастырғанға дейiн әкетiлген;
- b) Бұрын еркiн айналыс үшiн тауар шығарудың кедендiк режимiнде ресiмделген тауарлар кеден кодексiнiң 211-бабында көзделген жағдайларды сақтай отырып әкетiлген;
- c) Бұрын кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң және еркiн айналыс үшiн тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимдерiне орналастырылған, қайта өңдеу жөнiндегi операцияларды болмаған шетелдiк тауарлар әкетiлген;
- d) Бұрын кеден қоймасының, еркiн қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк режимдерiнде орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.
Керi экспортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Акцизделетiн тауарлардың керi экспорты кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеу не кедендiк алып жүру қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Кедендiк әкелу баждарын және салықтарды төлеудiң қамтамасыз етiлуiн қайтару тауарлдардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетiлуi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
- Тауарларды жою- кедендiк баждарды және салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шарларын қолданбастан шетелдiк тауарлар кедендiк бақылаумен жойылатын, оның iшiнде пайдалану үшiн жарамсыз қалыпқа келтiрiлетiн кедендiк режим. Тауарларды жою:
- a) Нәтижесiнде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалықне өзге де ықпалету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен жою. Тауарды жою тәсiлi оларды мақсаты бойыншапайдалану үшiн қалпына келтiру, бастапқы жай-күйiне келтiрумүмкiндiктерiн болдырмауды қамтамасыз етуге тиiс;
- b) Мұндай бүлдiрулер тауарларды кейiннен қалпына келтiрудi және оларды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шартымен, тесiп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсiлдермен бүлдiрудi қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық бүлдiру жолымен жүргiзiледi.
Сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкiн болмайтын тауарларды жою тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрi пайдаланудың мүмкiн еместiгi туралы қорытындысы негiзiнде жүргiзiлген болып саналады. Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтар оларды одан әрi пайдалану мүмкiн болатын жағдайда кедендiк бақылаудағы шетелдiк тауарлар ретiнде тиiстi кедендiк режимге орналастырылуы тиiс. Жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды кедендiк ресiмдеу тәртiбiн кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тауарларды жою тәртiбiн Қазақстан Респуликасының Үкiметi айқындайды. Тауарларды жоюдың кедендiк режимi тауарларды iс жүзiнде жоюмен аяқталады.
- Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту - тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлетiн кедендiк режим. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимi кеден кодексiнде айқындалған тәртiппен және жағдайларда кедендiк ресiмдеумен аяқталады, бұл ретте кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн көрсетiлген кедендiк режимдi өзгертуге жол берiлмейдi. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендiк режимге орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу аяқталғаннанкейiн мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 64-тарауына сәйкес мемлекеттiк меншiкке айналады. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне орналастырылған тауарларға қатысты кедендiк баждардың және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету кедендiк баждардың және тауарлар шығарылған соң өзiнiң қолдануын тоқтатады.
- Еркiн кеден аймағы - бұл тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар алынбастан, тарифтiк емес шараларды қолданбастан шетелдiк және Қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиiстi аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим. Еркiн кеден аймағының кедендiк режимi:
- a) Тауарларды өзге кедендiк режимде кедендiк ресiмдеумен;
- b) Тауарлар мен қайта өңдеу жөнiндегi операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткiзу үшiн пайдаланылған жағдайда аяқталады.
- Еркiн қойма- бұл тауарлар қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, шетелдiк және Қазақстандық тауарлар еркiн қойма ретiнде танылған тиiстi үй-жайларда (орындарда) кедендiк баждар, салықтар алынбастан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендiк режим. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша:
- a) Лицензия қайтарып алынған;
- b) Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еркiн қойма иесiнiң жазбаша өтiнiш беруiмен еркiн қойманың қызметi тоқтатылған;
- c) Еркiн қойма иесi болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда еркiн қойманы құруға берiлген лицензия өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Кедендiк бақылау зонасын нысандандыру барысында кеден шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары өздерiнiң кедендiк режимiне байланысты оларға қатаң түрде бақылау жүргiзiледi.
- Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi
Кедендiк бақылаудың нысандары:
- Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
- Ауызша пiкiр сұрау;
- Түсiндiрмелер алу;
- Кедендiк қадағалау;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау;
- Жеке тексеру;
- Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не кеден кодексiнде және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу;
- Тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу;
- Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.[2]
Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру.
Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi. Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Респубдикасының заңдарында тиым салынбаған басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпарттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы. Iрiктеп тексеру негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол берiледi.
Ауызша пiкiр сұрау.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдар лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда рәсiмделмейдi.
Түсiдiрмелер алу.
Түсiндiрмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттарынан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы.
Түсiндiрме жазбаша нысанда рәсiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендiк қадағалау.
Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру.
Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық пошта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын қарау кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жан-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру- егер мұндай тексеру көлiк құралымен оның жүк тиелетiн бөлiктерiн ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлiк құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендiк пломбалардың мөрлердiң және де өзге де тауарларды бiрдейлендiру құралдарының бар- жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендiк бақылау аймағында тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi тексеру кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру нәтижелерi бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi. Кедендiк қарау жүргiзiлгекндiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау.
Кедендiк тексерiп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн бөлiктерiн не ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iс әрекетi.
Кедендiк тексерiп қарау тауарларды кедендiк мақсаттар үшiн бiрдейлендiру, мәлiмделетiн мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ iрiктеп тексерудiң негiзiнде кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында жасалады.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 3-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзгеде тұлғалар және олардың өкiлдерi өздерiнiң бастамасы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау кезiнде қатысуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарау кезiнде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем мiндеттi. Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттiк берген өкiл болмаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын жеке тұлға осы мiндеттi атқарушы болып табылады.
Кеден органы декларант, тауарлар мен көлiк құралдары қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
* Аталған адамдар тауарлар мен көлiк құралдары тапсырылғаннан кейiн он күн өткен соң келмеген жағдайда;
* Ұлттық қауiпсiздiкке, адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға Қазақстан Респуликасы халықтарының мәдени игiлiгiн сақтауға қауiп болған жағдайда және кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
* Тауарларды халықаралық пошта жөнелтiмдерi мен жiберген кезде;
* Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында кедендiк режимдi бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк тексерiп қарау жүргiзуге құқылы.
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша кедендiк тексерiп қарау актiсi ресiмделедi.
Егер кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарлардың бiр бөлiгi бiр атаудағы тауарлар ретiнде кедендiк тексерiп қарауға ұшыраған болса, онда мұндай тексерiп қараудың нәтижелерi кедендiк декларацияда көрсетiлген осындай барлық тауарларға қолданылады.
Кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп акт жасалады. Кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiде мынадай мәлiметтер:
* Кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргiзу кезiнде қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
* Декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендiк тексерiп қарау жүргiзудiң себептерi;
* Кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi көрсетiледi.
Актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға не оның өкiлiне тапсырылады.
Жеке тексерiп қарау.
Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiндегi жеке тексерiп қарау Қазақстан республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралвқ әуәжайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу обьектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр ойлауға жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Жеке тексерiп қарау жүргiзуге байланысты рәсiмдә және жеке тексерiп қарауды рәсiмдеу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Жеке тексерiп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн көрсетуге жеке тұлғаны мұндай тексерiп қарауды жүргiзу кезiндегi құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу кензiндегi iс-әрекетi жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
* Жеке тексерiп қарау жүргiзу басталғанға дейiн оны жүргiзу тәртiбiмен және жеке тексерiп қарау жургiзу туралы шешiммен танысуға;
* Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу обьектiлерi боглып табылатын өзiнде жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
* Жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзе отырып, мәлiмдеме жасауға;
* Жеке тексерiп қарау жүргiзудiң нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
* Жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адмадарының iс әрекетiне Қазақстан Республикасының кеден кодексiне сәйкес шағым жасауға,
* Адвокаттың қызметтерiн пайдалануға құқығы бар.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адамға жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгенi туралы хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.
Жеке тексерiп қарауды тексерiлiп қаралатын адаммен бiр жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардыңенуiне және олардың тарапынан жеке тексерiп қараудың жүргiзiлуiн қадағалау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiп қаралатын адамның дене органдарын тексерiп зерртеудi маман-дәрiгер қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрiгердiң кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп жүргiзу туралы шешiмiн орындаудан жалтаруға құқығы бар.
Жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгендiгi туралы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға - жеке тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды адамы, өзiне қатысты тексерiп қарау жүргiзiлген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексерiп зерттеу жүргiзiлген кезде - дәрiгер қолдарын қояды.
Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеден органдары кедендiк бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудiң заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болуын тексеру жолымен жүзеге асырады.
Тауарларға арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болмауы, егер өзiнен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделi адам басқаша дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды кедендiк ресiмдеу мен шығару жүргiзiлмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретiнде қаралады.
Тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру.
Кедендiк бақылаудың нысаны ретiндегi тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда жүзеге асады:
* Тұлға Қазақстан Республикасы кеден кодексiнiң ережелерiне сәйкес кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған рәсiмдерiн қолдану туралы мәлiмделген кезде;
* Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен есепке алынуға тиiс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
* Кеден брокерлерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдер шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
* Кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасы кеден кодексiнде көрсетiлмеген жағдайларда, есеп пен есептiлiк жүйесiн тексеру кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi тексерудi пайдалана отырып кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде iске асырылуы мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу.
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары кеден кодексiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау кезiнде тұлғалар беретiн мәлiметтер негiзiнде, кеден iсi мәселелрi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандарда Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдаланатын тұлғалар және кеден кодексiнде белгiленген өзге де тұлғалар олардың есебiн жүргiзуге және кеден органдарына кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептiлiк тапсыруға мiндеттi.[3]
Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтiк куәлiгiн және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары, кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар болатын, не болуы мүмкiн, не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға(тексерiп қарау мен тiнту жүргiзу құқығынсыз) кiруге құқығы бар.
Кiруге прокурор рұқсат ететiн тұрғын үй-жайларды қоспағанда, аумаққа және үй-жайға кiргiзуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға куәгердiң қатысуымен қарсылықтын жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтын жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiрудiң барлық жағдайлары туралы кеден органдары 24 сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларына кiруiне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Кейiнге қалдыруды күттiрмейтiн жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етiлетiн әрекеттер рұқсатсыз да, бiрақ кейiннен прокурорды 24 сағаттың iшiнде жазбаша түрде хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейiн жүргiзiлген әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда күшiн жояды немесе тиым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының жекелеген объектiлерге кiруiнiң арнаулы тәртiбi белгiленсе, онда мұндай объектiлерге кiру осы заң актiлерiнде айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы, оның iшiнде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендiгiн растау мақсатында жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенiнiң үй-жайларында, сондай-ақ кеден кодексiнде көзделген кедендiк рәсiмдердiң немесе кедендiк режимдердiң шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиiс тұлғаларға жүргiзiледi. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иелiктен айырғандығы не кеден кодексiнде көрсетiлген талаптар мен шарттарды бұза отырып өзге де тәсiлмен билiк етiлуi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн, сондай-ақ iрiктеп тексеру негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 452-бабы 4-тармағында көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексерудi кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден кодексiнде көзделген тәртiптi бұза отырып әкелiнген тауарлардың бар екендiгi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi жөнiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша акт жасалады, оынң екiншi данасы тексеру жүргiзiлген тұлғаға берiледi.
Үй-жайлар мен аумақтардың Қазақстан Республикасы кеден кодексiнiң 89,104,130,145,246-баптарында белгiленген бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тексерудi де кеден органы жүзеге асырады. Тексеру нәтижелерi бойынша кеден iсi жөннiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша қорытынды жасалады.
2 ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ТАУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жеке тұлғалармен тауарларды тасымалдау тәртібі
Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғандарын қоспағанда, өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, жеке тұлғалар осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салмақтық және құндық нормалардың шегіндегі, оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен өткізеді.
Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елiнен жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде бүкіл жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртібі көзделмеген тауарларға кедендік ресімдеудің осы Кодекспен белгіленген жалпы тәртібі қолданылады.
Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша декларациялауы
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға міндетті жазбаша декларациялауға жататын тауарларды өткізу кезінде олар туралы өтініш, тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен кедендік ресімдеуге жататын жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жүргізіледі.
- Тауарларды жазбаша нысанда міндетті декларациялауға мынадай тауарлар жатады:
1) қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
3) мемлекет үшін тарихи, көркем, ғылыми немесе мәдени құндылыққа ие, әкетілетін өнер туындылары, коллекциялық және антиквариат бұйымдары;
4) улы және күшті әсер ететін заттар;
5) радиациялық материалдар;
6) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тарапынан бақылауға жататын жоғары жиілікті құрылғылар мен радио-электрондық байланыс құралдары;
7) флора мен фаунаның сирек кездесетін коллекциялары мен үлгілері, олардың бөлшектері мен олардан алынған өнім;
8) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен шектеулер немесе оларды Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің шарттары белгіленген валюталық құндылықтар;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген жеке зергерлік бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастар;
10) Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан тыс әкелінетін акцизделетін тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін адамдардың жолда, не емделу үшін жеке өзінің ғана пайдалануына арналған дәрілік құралдарды қоспағанда, фармацевтік өнімдер;
12) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 9018-9022 болып жіктелетін тауарлар;
13) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар;
14) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған, саны немесе құны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан асатын тауарлар;
15) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарлар;
16) әкелу және әкету кезінде тауарларды жеңілдікпен өткізу көзделмеген уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар;
17) көлік құралдары;
18) жеке тұлғаның шетел мемлекетінен Қазақстан Республикасына не Қазақстан Республикасынан шетел мемлекетіне тұрақты тұруға қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар.
- Жолаушылардың кедендік декларациясының нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
- Он алты жасқа толмаған адам өткізетін тауарларды жазбаша декларациялауды оны алып жүрген адам жүзеге асырады.
- Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарларға қатысты жолаушылардың кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде және сонымен бір мезгілде тауарларды кеден органына көрсете отырып, оларды әкету кезінде тауарларды кеден органына көрсеткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде берілуі тиіс.
- Иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы тауарларды тауар өткізуші адам немесе тауар өткізуші адамның сенімхаты бойынша әрекет ететін басқа адам декларациялай алады. Кеден органына мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығына тауарларды декларациялаушы адам жауапты болады.
- Он алты жасқа толмаған адамның иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы тауарлар оның ата-аналары немесе қамқоршылары, не ата-аналарының немесе қамқоршыларының сенімхаттары бойынша әрекет ететін адамдардың декларациялауына жатады.
Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуі және уақытша әкетуі
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің шетелдік мемлекетте уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкете алады.
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкеле алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар уақытша әкелетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің шектелген мерзімдерін белгілеуі мүмкін. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар, осы тауарлардың өткізілуіне қатысты ауызша декларациялау көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жазбаша нысанда декларацияланады.
Уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан болатын өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қайта әкетуге және қайта әкелуге жатады. Тауарлар кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін. Қайта әкетілетін және қайта әкелінетін тауарлар әкету және әкелу кезінде тиісінше ресімделген жолаушылардың кедендік декларациясында бұл тауарлар туралы мәліметтер болған жағдайда кедендік төлемдерден, салықтардан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан босатылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарын уақытша әкелуі және уақытша әкетуі
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкетуге және қайта әкелуге құқылы. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, шетел мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге және қайта әкетуге құқылы. Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкетудің мерзімі көлік құралын әкетуді шетел мемлекетінде жүзеге асырған адамның уақытша болу мерзімінен аспауы тиіс.
Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің мерзімі кез келген жүйелі он екі айлық кезеңде жиынтықты алты айдан аспауы тиіс.
Көлік құралын әкелуді жүзеге асырған тұлғаға қатысы жоқ себептер бойынша белгіленген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған жағдайда, көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін кеден органы көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты әкету басталғанға дейін оны пайдалану құқығын бермей бір айға ұзартуы мүмкін. Белгіленген мерзімдер өткенге дейін уақытша әкелінген көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілуі не тауарлар үшін көзделген кедендік режимдердің біріне мәлімделуі тиіс. Көлік құралдары кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін. Бұрын уақытша әкелінген көлік құралын әкету кезінде көлік құралын қайта әкету туралы міндеттеме көлік құралын әкету жүзеге асырылатын кеден органында қалады. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 267 бабының 4-тармағының шарттары орындалған жағдайда, көлік құралын тауарлар үшін көзделген кедендік режимде ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы немесе оның әкетілуі өзі арқылы жүзеге асырылатын кеден органы көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеген кеден органын көлік құралын кедендік ресімдеу не Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету фактісі туралы хабардар етеді.
Жеке тұлғалар жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелетін және уақытша әкететін көлік құралдарын декларациялау Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарын декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру және кеден органына көлік құралын бірдейлендіретін, осы көлік құралын меншіктену немесе иелену құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ оны өткізетін адам тұрақты тұратын елді растайтын құжаттарды беру жолымен жүзеге асырылады. Көлік құралын уақытша әкелуді декларациялау кезінде кеден органдары нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеуді жүргізеді. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінген көлік құралдарын белгілі бір кедендік режимге орналастырусыз иеліктен шығаруға, басқа тұлғаларға пайдалануға немесе билік етуге беруге болмайды.
2.2 Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды оңайлатылған және жеңілдетілген тәртіппен кедендік рәсімдеу
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі, осы бапта көзделген шараларды қоспағанда, кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олардың жүруі кезінде, Қазақстан Республикасының Кедендік Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.
Он алты жасқа толмаған адамның өткізетін тауарларын декларациялаудың нысанын таңдауды оны ертіп жүрген тұлға жүргізеді. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың міндетті шарты жеке тұлғаның өту фактісін растайтын жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органына табыс ету болып табылады. Ауызша декларациялау кезінде жеке тұлға қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажды жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы мәлімдейді. Жеке тұлға өзінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін, міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын тауарларды жазбаша декларациялауға құқылы. . Тауарларды конклюденттік нысанда декларациялау мүмкіндігі мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуі үшін арнайы белгіленген орындар жайластырылады. Осындай орындарды жайластыру талаптарын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жеке тұлғаны қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажында жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ тұлғалардың өтуіне арналған арнайы белгіленген орын арқылы өткізу, көрсетілген тұлғада жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігі туралы кеден органына берілген өтініш ретінде қаралады. Ерекше жағдайларда кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдануға шектеулер белгілеуге құқылы. Мұндай шешім өткізу пунктінде қалыптасқан шұғыл жағдайды, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін қандай да бір тұлғалар санатының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған тауарлардың әкелінуі немесе әкетілуі мүмкін мемлекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданады. Кедендік Кодекстің 265-бабының 2-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тауарлар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат ету құжаттарының болуы шартымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлар ішінара кедендік тексеруге жатады. Кеден органы тауарларды өткізуші адамнан олардың негізінде жеңілдіктер берілген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуге құқылы. . Жеке тұлғалар тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, кеден органдары көлік құралдарынан шықпай кедендік рәсімдерден өтуге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізуі
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан босатпастан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес, тауарларды кедендік ресімдеу кезіндегі кедендік рәсімдерді қолданудан босатуды білдіреді. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткізуші адамның жеке басын, тауардың құнын, шығарылған елін, тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы тауарларды бір мезгілде кеден органына табыс ете отырып жүргізіледі. Оңайлатылған тәртіппен декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құны кассалық немесе тауарлық чектерде немесе бөлшек сауда-саттықта пайдаланылатын және тауарға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжаттарда аталған тауардың бағасы туралы мәліметтердің негізінде айқындалады. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік құнға тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келетін өзге де орындарына жеткізу жөніндегі шығыстар кіреді. Тауарлардың құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құнын кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге негіз ретінде қабылдайды. Мәлімделген кедендік құнның анық еместігі туралы негіздер болған жағдайда, кеден органы тауарлардың кедендік құнын Кедендік Кодекстің 39-тарауына сәйкес өздігінен белгілей алады. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен өткізу кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер және салықтар қолданылады. Егер оларда осы тауарлардың шығарылған елі туралы ақпарат болған жағдайда, этикеткалар, таңба-жапсырмалар, бұйымдардың төлқұжаттары және тауарларға қоса берілетін өзге де құжаттар тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар бола алады. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға осы Кодексте белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады. Кедендік төлемдерді және салықтарды жеке тұлғалар тікелей тауарларды декларациялау кезінде төлейді. Бұл ретте, кеден органының лауазымды адамы нысанын, толтыру тәртібін және есебін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын кедендік кіріс ордерін ресімдеуді жүргізеді. Егер әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу жеке тұлғаның кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мүмкіндігінің болмауынан немесе тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттардың болмауынан дереу аяқтау мүмкін болмаса, оларды тасымалдаушы тұлғаның тілегі бойынша тауарлар:
1) Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге дереу қайта әкетілуі;
2) уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы;
3) межелі кеден органында кейіннен кедендік ресімдеу үшін тауарлар жеткізудің ішкі кедендік транзит рәсімдері жөніндегі шарттарын сақтай отырып межелі кеден органына жеткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар тек еркін айналым үшін тауарлар шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзиті режимдеріне ғана мәлімделеді. Жеке тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, осы Кодекске сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібі қолданылады.
Экспорт-импорт операциясы кезiнде резиденттер, егер мәмiле паспортына өзгертулер енгiзсе, жалған қол қойған болса онда қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк заңдарында көрсетiлген жауапкершiлiкке тартылады. Осындай жағдайлар туындаған жағдайда кеден қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi үлкен роль атқарады. Қазiргi таңда кеден бақылауы қызметiнде жұмыс iстеп жүргендердiң көп бөлiгi кеден iсiнiң мамандары емес, басқа мамандық иелерi болып отыр. Кеден органдарына қызметкерлердi қабылдауда "кеден iсiнiң" мамандарына көңiл бөлiнiп, конкурс арқылы қабылдап жатыр. Республика бойынша кеден органдары қызметкерлерiнiң 60-ын аттестациялаудан өткiздi. Соның нәтижесiнде кәсiптiлiгi төмен деңгейдегi қызметкерлер анықталып, осы жылы 664 адам қызметiнен босатылды. Соның нәтижесiнде 591 адам қабылданып, солардың iшiнде 484 адамы конкурс арқылы қабылданды. ҚОСЫМША -№1. Олардың 192 заңгер,172 экономист, 115 кеден iсiнiң маманы.
Кеден органдарына мамандықтар бойынша қызметке қабылдану.
КЕСТЕ 1 Квалификациядан өткен мамандар саны
Мамандығы | Қабылданған адам саны |
Заңгерлер Экономистер Кеден ісі мамандары | 192 172 115 |
199 жоғарғы оқу орнын бiтiрген мамандар қабылданды. Олардың 18
Салық Полициясы Академиясын бiтiргендер, 5 кеден iсi бойынша Республикалық олимпиаданың жеңiмпаздары. Қосымша - №2.
Кеден органы қызметкерлерiне байланысты 52 қылмыстық iс қозғалды (2005 жылы 86 iс), 55 коррупциялық құқық бұзушылықтар орын алды(2006 жылы 146).
КЕСТЕ 2 -Кеден қызметiндегi құқық бұзушылық түрлерi
Құқық бұзушылық түрлерi | 2002 жыл | 2003 жыл |
Қылмыстық iс қозғалды Коррупциялық құқық бұзушылықтар | 86 іс 146 іс | 52 іс 55 іс |
Аттестация нәтижесiнде 149 адам қызметiнен босатылды. Кеден органдарында коррупцияға қарсы күрес шаралары жүргiзiлуде. Кадрлармен жұмыс iстеу бағыттары жасалып, оларға бiлiктiлiк мiндеттемелер қойылды және Ар-намыс Кодексi қабылданды.
Америка Құрама Штаттарының елшiлiгiмен және ЮСАИД-пен бiрiгiп қыркүйек айында Алматыда "Стратегия партнерства и сотрудничества в борбе за честность" деген халықаралық конференция өттi.
2.3 Жеке тұлғалармен тауарларды уақытша әкелу және әкету
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің шетелдік мемлекетте уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкете алады. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкеле алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар уақытша әкелетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің шектелген мерзімдерін белгілеуі мүмкін. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар, осы тауарлардың өткізілуіне қатысты ауызша декларациялау көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жазбаша нысанда декларацияланады. Уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан болатын өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қайта әкетуге және қайта әкелуге жатады. Тауарлар кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін. Қайта әкетілетін және қайта әкелінетін тауарлар әкету және әкелу кезінде тиісінше ресімделген жолаушылардың кедендік декларациясында бұл тауарлар туралы мәліметтер болған жағдайда кедендік төлемдерден, салықтардан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан босатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкетуге және қайта әкелуге құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, шетел мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге және қайта әкетуге құқылы. Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкетудің мерзімі көлік құралын әкетуді шетел мемлекетінде жүзеге асырған адамның уақытша болу мерзімінен аспауы тиіс.
Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің мерзімі кез келген жүйелі он екі айлық кезеңде жиынтықты алты айдан аспауы тиіс.
Көлік құралын әкелуді жүзеге асырған тұлғаға қатысы жоқ себептер бойынша белгіленген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған жағдайда, көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін кеден органы көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты әкету басталғанға дейін оны пайдалану құқығын бермей бір айға ұзартуы мүмкін. Белгіленген мерзімдер өткенге дейін уақытша әкелінген көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілуі не тауарлар үшін көзделген кедендік режимдердің біріне мәлімделуі тиіс. Көлік құралдары кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін. Бұрын уақытша әкелінген көлік құралын әкету кезінде көлік құралын қайта әкету туралы міндеттеме көлік құралын әкету жүзеге асырылатын кеден органында қалады. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 267 бабының 4-тармағының шарттары орындалған жағдайда, көлік құралын тауарлар үшін көзделген кедендік режимде ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы немесе оның әкетілуі өзі арқылы жүзеге асырылатын кеден органы көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеген кеден органын көлік құралын кедендік ресімдеу не Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету фактісі туралы хабардар етеді.
Жеке тұлғалар жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелетін және уақытша әкететін көлік құралдарын декларациялау Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарын декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру және кеден органына көлік құралын бірдейлендіретін, осы көлік құралын меншіктену немесе иелену құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ оны өткізетін адам тұрақты тұратын елді растайтын құжаттарды беру жолымен жүзеге асырылады. Көлік құралын уақытша әкелуді декларациялау кезінде кеден органдары нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеуді жүргізеді. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінген көлік құралдарын белгілі бір кедендік режимге орналастырусыз иеліктен шығаруға, басқа тұлғаларға пайдалануға немесе билік етуге беруге болмайды.
Жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізуі
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі, осы бапта көзделген шараларды қоспағанда, кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді.
- Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олардың жүруі кезінде, Кедендік Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.
Он алты жасқа толмаған адамның өткізетін тауарларын декларациялаудың нысанын таңдауды оны ертіп жүрген тұлға жүргізеді.
- Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың міндетті шарты жеке тұлғаның өту фактісін растайтын жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органына табыс ету болып табылады.
- Ауызша декларациялау кезінде жеке тұлға қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажды жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы мәлімдейді.
- Жеке тұлға өзінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін, міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын тауарларды жазбаша декларациялауға құқылы.
- Тауарларды конклюденттік нысанда декларациялау мүмкіндігі мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуі үшін арнайы белгіленген орындар жайластырылады. Осындай орындарды жайластыру талаптарын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
- Жеке тұлғаны қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажында жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ тұлғалардың өтуіне арналған арнайы белгіленген орын арқылы өткізу, көрсетілген тұлғада жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігі туралы кеден органына берілген өтініш ретінде қаралады.
- Ерекше жағдайларда кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдануға шектеулер белгілеуге құқылы. Мұндай шешім өткізу пунктінде қалыптасқан шұғыл жағдайды, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін қандай да бір тұлғалар санатының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған тауарлардың әкелінуі немесе әкетілуі мүмкін мемлекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданады.
- Кедендік Кодекстің 265-бабының 2-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тауарлар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат ету құжаттарының болуы шартымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.
- Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлар ішінара кедендік тексеруге жатады.
- Кеден органы тауарларды өткізуші адамнан олардың негізінде жеңілдіктер берілген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуге құқылы.
- Жеке тұлғалар тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, кеден органдары көлік құралдарынан шықпай кедендік рәсімдерден өтуге мүмкіндік береді.
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан босатпастан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес, тауарларды кедендік ресімдеу кезіндегі кедендік рәсімдерді қолданудан босатуды білдіреді. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткізуші адамның жеке басын, тауардың құнын, шығарылған елін, тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы тауарларды бір мезгілде кеден органына табыс ете отырып жүргізіледі. Оңайлатылған тәртіппен декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құны кассалық немесе тауарлық чектерде немесе бөлшек сауда-саттықта пайдаланылатын және тауарға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжаттарда аталған тауардың бағасы туралы мәліметтердің негізінде айқындалады. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік құнға тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келетін өзге де орындарына жеткізу жөніндегі шығыстар кіреді. Тауарлардың құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құнын кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге негіз ретінде қабылдайды. Мәлімделген кедендік құнның анық еместігі туралы негіздер болған жағдайда, кеден органы тауарлардың кедендік құнын Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 39-тарауына сәйкес өздігінен белгілей алады. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен өткізу кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер және салықтар қолданылады. Егер оларда осы тауарлардың шығарылған елі туралы ақпарат болған жағдайда, этикеткалар, таңба-жапсырмалар, бұйымдардың төлқұжаттары және тауарларға қоса берілетін өзге де құжаттар тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар бола алады. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға осы Кодексте белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады. Кедендік төлемдерді және салықтарды жеке тұлғалар тікелей тауарларды декларациялау кезінде төлейді. Бұл ретте, кеден органының лауазымды адамы нысанын, толтыру тәртібін және есебін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын кедендік кіріс ордерін ресімдеуді жүргізеді. Егер әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу жеке тұлғаның кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мүмкіндігінің болмауынан немесе тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттардың болмауынан дереу аяқтау мүмкін болмаса, оларды тасымалдаушы тұлғаның тілегі бойынша тауарлар:
1) Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге дереу қайта әкетілуі;
2) уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы;
3) межелі кеден органында кейіннен кедендік ресімдеу үшін тауарлар жеткізудің ішкі кедендік транзит рәсімдері жөніндегі шарттарын сақтай отырып межелі кеден органына жеткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар тек еркін айналым үшін тауарлар шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзиті режимдеріне ғана мәлімделеді. Жеке тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, осы Кодекске сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібі қолданылады.
- КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА БОЛЫП ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР
Халықаралық қатынас субьектiлерi мемлекетiмiздiң кеден шекарасынан өткен кезде ең бiрiншi Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң кедендiк бақылауынан өтедi. Осы кедендiк бақылау жүзеге асырылып жатқан кезде көптеген мәселелер мен қиыншылықтар туындайды. Бұл мәселелердiң себебi өздерiңiз бiлетiндей Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң әлi әлсiз екенi бәрiңiзге мәлiм. Бiрақ осындай мәселелер туындаған жағдай да бiздiң республикамыз басқа мемлекеттерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Ал дәл қазiргi уақытта елiмiз экономикасы дамыған мемлекеттермен тығыз байланыс пен қарым-қатынас жүргiзуi арқасында, көптеген бiрлескен бағдарламалар қалыптасып жатыр. Сол бағдарламалардың мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауы және шекараның қауiпсiздiгi (EXBS)
- Қауiпсiздiктiң екiншi желiсi (SLD)
- Жаппай қырып жою қаруларын таратпау (ОМУ)
Осы бағдарламалар 1992 жылы 20 мамырда Вашингтонда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында " Орталық - Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы" шеңберiнде келiсiлдi. Аталған бағдарламалар қазiргi қиын кезеңде кең етек жайып бара жатқан терроризмге қарсы күрес, есiрткi заттары мен жаппай қырып жою қаруларының заңсыз айналымына қарсы жасалып отыр.
EXBS бағдарламасын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Кеден Бақылауы Агенттiгiмен қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiдiк Комитетiнiң шекара қызметi, Қазақстан Республикасының қарулы күштер министрлiгi де қатысуда. Осыны жүзеге асырудың координаторы болып Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының кеден қызметiнiң атташесi (Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауы және шекараның қауiпсiздiгi атты бағдарламаның советнигi) - Фредерик Фетти болып табылады. "Экспорттық бақылау және шекара қауiпсiздiгi " бағдарламасы мынадай мiндеттердi алдарына қояды: ол Қазақстан Республикасындағы жаппай қырып жою қаруларын таратпау, заңсыз сату әрекетiнiң алдын алу, ракеталардың жеткiзiлу жүйесiн тоқтату. EXBS - бағдарламасы бұл Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттiк Департаментiнiң бағғдарламасы. Бұған Америка Құрама Штаттарының бiрнеше ведомствалары кiредi, олар: Кеден қызметi, Сауда департаментi, Энергетика департаментi, Су жағасын қорғау және қауiпсiздiк. Сонымен қоса EXBS бағдарламасы Қазақстан Республикасының осындай ведомстваларымен өз қызметiн жүзеге асырады.
Осы бағдарлама барысында бiздiң елiмiздiң Кеден бақылау агенттiгiне алдыңғы қатардағы кеден бақылауының техникалық құралдары берiлдi. Олар агенттiкпен аймақтық кеден органдарына таратылып берiлдi. Оларға байланыс құралдары мен барлау құралдары: 15 стационарлы және 15 мобильды радиостанция "BARRET-950", 10 түнгi барлау құралы "ЛИТТОН", 10 теңiздiк және 70 жердегi бақылау бинокль "BUSHNELL" берiлдi.
Қауiпсiздiктiң екiншi желiсi бағдарламасының мақсаты - мелекеттiк шекараның барлық аумақтарында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады.
Кеден бақылауының халықаралық қатынастарда ең негiзгi мәселесi техникалық құралдар болып отыр, сонымен қатар кеден қызметкерлерi де бiлiктiлiктерi қанағаттандырмай отыр. Осының нәтижесiнде АҚШ-тың Техас штатындағы, Идальго қаласында 2001 жылы 20-24 тамызда кеден қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мақсатында оқу-жаттығу курстары өттi.
2003 жылы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Вашингтонда АҚШ, экспорттық бақылау саласындағы халықаралық эксперттердiң қатысуымен жыл сайын болатын симпозиум өттi. Осы симпозиумның мақсаты болып экспорттық бақылау саласындағы техникалық құралдармен көмек беру туралы болды. Бұл екiжақты келiсiм негiзiнде жүзеге асырылды. Яғни бiр жағынан АҚШ, екiншi жағынан қатысушылар жағы. Осы шаралар барысында Орталық Азия және Кавказ мемлекеттерi үшiн транзиттiк келiсiм жобасын қорытындылауға бағытталды.
Симпозиум барысында Қазақстандық делегация Америка Құрама Штаттарының өкiлеттi тұлғаларымен екi жақты келлiссөз жүргiздi.
Сыртқы Экономикалық Қызмет қатысушылары, кәсiпкерлер және шетелдiк сарапшылар арасындажұмыс атқарылып жатыр. Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнiң консультативтiк кеңесi кеден кодексiне ғылыми практикалық коментарии дайындап жатыр. Кедендiк әкiмшiлiктiң нысандары мен әдiстерi жүзеге асырылып жатыр. Кеден алымдары мен салықтарының түсуiн қатаң бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiмен кедендiк құнның тәуелсiз сараптамасына байланысты үлкен тәжiрибе жиналды. Қазақстан Республикасы территориясына тауарлардың өте төмен бағамен кiруi осыған себеп болып отыр. Мұндай жағдайлар барлық аумақтық кеден органдарында орын алып отыр. Кедендiк құнды бақылауға байланысты "ICS" компаниясымен тәуелсiз сараптама жүргiзiлiп жатыр. Осының нәтижесiнде 2004 жылы бюджетiмiзге қосымша 2,1 млрд. теңге түстi. Кедендiк құнды бақылау үшiн Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiмен кеден органдарын қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету алға қойылды. Соның нәтижесiнде 2004 жылы кеден органдарымен мынадай құнды анықтамалық әдебиеттер қолданысқа ие болды:
* "SUPERSCHWACKE" европалық одақтан келетiн көлiк құралдарының кедендiк құнын бақылау үшiн пайдаланылады.
* Ресей Федерациясында өндiрiлетiн және шығарылатын тауарлардың кедендiк құнын бақылау үшiн "Ценовая информация" деген ақпараттық бюллетен қолданылуда.
* Ресей Федерациясынан импортталатын қанттың кедендiк құнын бақылау үшiн қажет ақпараттық бюллетен.
Сонымен қатар әр квартал сайын Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiмен аумақтық кеден органдарына импортталатын тауарлардың бағасының тiзiмi тауар номенклатурасының кодымен көрсетiлген толық тiзiмi берiледi. 2004 жылдың басынан бастап кеден алымдары мен салықтарын төлеудiң ережесi өзгертiлдi. Қазiргi таңда кеден алымдары мен салықтары кеден органдарының депозиттiк шоттарына емес тiкелей бюджетке түседi. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiмен кедендiк алымдар мен салықтарға байланысты есеп жүргiзуге көп көңiл бөлiндi. Осыған байланысты кеден органдары салық органдарымен және казначейлiк органдарымен тығыз қарым-қатынаста болды. Кеден органдырының алға басқан қадамы болып - кеден алымдары мен салықтарының төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылуы болып табылады.
Бұл процесс сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына ешқандай кедергiсiз қызмет көрсету және кедендiк ресiмдеудiң дүние жүзiлiк стандарттарға сай қызмет атқаруына әкелiп соғады. Барлық аумақтық кедендiк органдармен "Қазақстан Республикасының Халық банкi" ААҚ - мен келiсiм жасалып, барлық аумақтарда 57 POS-терминалдар орнатылды. 2004 жылғы мәлiметтерге сүйенсек республикалық бюджетке кеден салықтары мен алымдарынан 198,5 млрд. теңге түстi.
Болжау бойынша 183,3 млрд. теңге түсуi керек етiн, соның iшiнде 108,3 млрд. теңге алынып қосымша бюджетке 15,2 млрд. теңге түстi. Осының нәтижесiнде барлық аумақтық кеден органдарына берiлген болжамдық жоспар толық орындалды деп айтуға болады. Кедендiк алымдардың ставкаларының төмендеуiне Бүкiл Әлемдiк Сауда Ұйымының және 1994 жылғы ГАТТ -ың 8-шi статьясының мiндеттемелерiне байланысты болды. 2003 жылмен салыстырғанда кедендiк төлемдер мен салықтар 43,2 млрд. теңге немесе 27,8 (-ке өстi. Кедендiк төлемдер мен салықтар коэффицентi 1,7 (-ке өстi. 2004 жылы желтоқсан-қантар айларында жалпы салықтың түсiмдерiнiң iшiнде кеден төлемдерi мен салықтары 19 (-тi иелендi, ол мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жалпы сомасы 18 ( болды. Республикалық бюджеттiң жалпы кiрiс сомасы 30 (-тi құрады.
2004 жылы 5-шi желтоқсанда қабылданған №505-II қазақстан Республикасының "2005 жылғы республикалық бюджет" туралы заңында 216,8 млрд. теңге түсуi керек деп болжам жасалынған, соған байланысты 2004 жылы кiрiстерiн атап айтсақ 9,2 (-ке өстi деуге болады.
Кедендiк процедураны унификациялау және жеңiлдету мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау үшiн пост кедендiк бақылау қолданылады. Өткен жылы пост кедендiк бақылау бөлiмдерiмен 325 тексеру жұмысы жүзеге асырылды, осы тексерулер нәтижесiнде 39 қылмыстық iс қозғалып, 662 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалып, оның 187 сотқа жiберiлдi, 325 iс кеден iсi аясындағы қылмыстар мен құқық бұзушылыққа қарсы бөлiм қызметiне жiберiлдi, 29 iс басқа мемлекеттiк бақылау органдарына жiберiлдi. Осының нәтижесiнде 9,2 млн. теңге айыппұл алынды. Алынған 909,1 млн. теңгенiң 840 млн. теңгесi кедендiк салықтар мен төлемдерден алынған. Кiшi және орта бизнес субъектiлерiне маратории жариялауна байланысты 2003 жылмен салыстырғанда тексеру 46 (-ға төмендеген, бiрақ осыған қарамастан тәркiленген төлемдер 2,5 (-ке өскен. Қазiр 2005 жылғы пост кедендiк бақылаудың әрi қарай дамуына бағдарлама жасалып жатыр.
Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнiң халықаралық стандарттарға сай технологиялар орнатылып жатыр. Бұлар кендендiк рәсiмдеудi тиiмдi және тез арада жүзеге асыру үшiн қолданады. Қазақстан Республикасы кеден шекарасына тауарлар мен көлiк құралдарын еш кедергiсiз алып өту үшiн Сыртқы Экономикалық Қызмет қатысушыларына қолайлы жағдай жасалып жатыр. 2005 жылы кеден процедураларын жеңiлдетуге көп көңiл бөлiнiп жатыр. Осыған байланысты өткен жылы нақты қадамдар жүзеге асырылды. Кеден кодексiнде кедендiк ресiмдеуге қажет құжаттардың нақты тiзiмi көрсетiлiп, кеден декларациясын толтырудың және тiркеудiң нақты ережесi көрсетiлген. "Кедендiк ресiмдеу орталығында" және арнайы кеден бекеттерiнде кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың үш этаптық механизмi құрылды. Бұлар кеден бақылауының құжаттылық және нақтылық қағидасына сүйенедi және кеден процедураларының уақытының қысқаруына әкелiп соғады.
Қазiргi уақытта жүк кеден декларациясы 1 жұмыс күн iшiнде ресiмделедi. Кедендiк ресiмдеу орындарында визуалды бақылау маниторлары және ақпараттық стенттер орнатылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылы, 8-шi қыркүйекте қабылданған №1358 "Қазақстан Республикасы территориясы арқылы автомобиль тасымалын жалпы мемлекеттiк бақылау" туралы қаулысына сәйкес, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн құруға байланысты ведомствааралық комиссия құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2002 жылғы 26-шы қарашада қабылданған №1256 қаулысымен мақұлданды. Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгi Қазақстан Республикасының шекарасына өту кезiндегi бақылауды басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп тексеру туралы инструкцияны қабылдады. (2003 жылы 17-шi ақпанда №2174 Қазақстан Республикасы Әдiлет Министiрлiгiнде тiркелген). Кедендiк бақылаудың жедел техникалық моделiнде визуалды бақылау әрдайым және үзiлiссiз жүргiзiлiп отырады.
Халықаралық қатынас субьектiлерi мемлекетiмiздiң кеден шекарасынан өткен кезде ең бiрiншi Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң кедендiк бақылауынан өтедi. Осы кедендiк бақылау жүзеге асырылып жатқан кезде көптеген мәселелер мен қиыншылықтар туындайды. Бұл мәселелердiң себебi өздерiңiз бiлетiндей Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң әлi әлсiз екенi бәрiңiзге мәлiм. Бiрақ осындай мәселелер туындаған жағдай да бiздiң республикамыз басқа мемлекеттерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Ал дәл қазiргi уақытта елiмiз экономикасы дамыған мемлекеттермен тығыз байланыс пен қарым-қатынас жүргiзуi арқасында, көптеген бiрлескен бағдарламалар қалыптасып жатыр. Сол бағдарламалардың мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауы және шекараның қауiпсiздiгi (EXBS)
- Қауiпсiздiктiң екiншi желiсi (SLD)
- Жаппай қырып жою қаруларын таратпау (ОМУ)
Осы бағдарламалар 1992 жылы 20 мамырда Вашингтонда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында " Орталық - Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы" шеңберiнде келiсiлдi. Аталған бағдарламалар қазiргi қиын кезеңде кең етек жайып бара жатқан терроризмге қарсы күрес, есiрткi заттары мен жаппай қырып жою қаруларының заңсыз айналымына қарсы жасалып отыр.
EXBS бағдарламасын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Кеден Бақылауы Агенттiгiмен қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiдiк Комитетiнiң шекара қызметi, Қазақстан Республикасының қарулы күштер министрлiгi де қатысуда. Осыны жүзеге асырудың координаторы болып Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының кеден қызметiнiң атташесi (Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауы және шекараның қауiпсiздiгi атты бағдарламаның советнигi) - Фредерик Фетти болып табылады. "Экспорттық бақылау және шекара қауiпсiздiгi " бағдарламасы мынадай мiндеттердi алдарына қояды: ол Қазақстан Республикасындағы жаппай қырып жою қаруларын таратпау, заңсыз сату әрекетiнiң алдын алу, ракеталардың жеткiзiлу жүйесiн тоқтату. EXBS - бағдарламасы бұл Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттiк Департаментiнiң бағдарламасы. Бұған Америка Құрама Штаттарының бiрнеше ведомствалары кiредi, олар: Кеден қызметi, Сауда департаментi, Энергетика департаментi, Су жағасын қорғау және қауiпсiздiк. Сонымен қоса EXBS бағдарламасы Қазақстан Республикасының осындай ведомстваларымен өз қызметiн жүзеге асырады.
Осы бағдарлама барысында бiздiң елiмiздiң Кеден бақылау агенттiгiне алдыңғы қатардағы кеден бақылауының техникалық құралдары берiлдi. Олар агенттiкпен аймақтық кеден органдарына таратылып берiлдi. Оларға байланыс құралдары мен барлау құралдары: 15 стационарлы және 15 мобильды радиостанция "BARRET-950", 10 түнгi барлау құралы "ЛИТТОН", 10 теңiздiк және 70 жердегi бақылау бинокль "BUSHNELL" берiлдi.
Қауiпсiздiктiң екiншi желiсi бағдарламасының мақсаты - мелекеттiк Штаттарының Үкiметi арасында " Орталық - Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы" шеңберiнде келiсiлдi. Аталған бағдарламалар қазiргi қиын кезеңде кең етек жайып бара жатқан терроризмге қарсы күрес, есiрткi заттары мен жаппай қырып жою қаруларының заңсыз айналымына қарсы жасалып отыр.[27]
EXBS бағдарламасын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Кеден Бақылауы Агенттiгiмен қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiдiк Комитетiнiң шекара қызметi, Қазақстан Республикасының қарулы күштер министрлiгi де қатысуда. Осыны жүзеге асырудың координаторы болып Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының кеден қызметiнiң атташесi (Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауы және шекараның қауiпсiздiгi атты бағдарламаның советнигi) - Фредерик Фетти болып табылады. "Экспорттық бақылау және шекара қауiпсiздiгi " бағдарламасы мынадай мiндеттердi алдарына қояды: ол Қазақстан Республикасындағы жаппай қырып жою қаруларын таратпау, заңсыз сату әрекетiнiң алдын алу, ракеталардың жеткiзiлу жүйесiн тоқтату. EXBS - бағдарламасы бұл Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттiк Департаментiнiң бағғдарламасы. Бұған Америка Құрама Штаттарының бiрнеше ведомствалары кiредi, олар: Кеден қызметi, Сауда департаментi, Энергетика департаментi, Су жағасын қорғау және қауiпсiздiк. Сонымен қоса EXBS бағдарламасы Қазақстан Республикасының осындай ведомстваларымен өз қызметiн жүзеге асырады.
Осы бағдарлама барысында бiздiң елiмiздiң Кеден бақылау агенттiгiне алдыңғы қатардағы кеден бақылауының техникалық құралдары берiлдi. Олар агенттiкпен аймақтық кеден органдарына таратылып берiлдi. Оларға байланыс құралдары мен барлау құралдары: 15 стационарлы және 15 мобильды радиостанция "BARRET-950", 10 түнгi барлау құралы "ЛИТТОН", 10 теңiздiк және 70 жердегi бақылау бинокль "BUSHNELL" берiлдi.
Қауiпсiздiктiң екiншi желiсi бағдарламасының мақсаты - мелекеттiк шекараның барлық аумақтарында радиациялық бақылау жүргiзу болып табылады.
Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттердің кеден қызметтерімен екі жақтық қатынастарды орнатуға үлкен назар аударылды. Олармен өзара іс-қимыл бірнеше келісімдермен бекітілген. Тауарлардың заңсыз тасымалдануын болдырмау үшін тұрақты жұмыс істейтін штабтар, біріккен мобильді топтар құрылды, өзара іс-қимылдың технологиялық сызбалары әзірленді.
Ресей Федерациясының Бас кеден комитетімен бірігіп ресейлік-қазақстандық шекарада өткізу пункттерін тексеру жүргізілді. Тексерудің мақсаты шекарадағы істердің жағдайын зерделеу мен талдау, өткізу пункттерін құру мен техникалық жабдықтау, өзара іс-қимылдың проблемалық мәселелерін анықтау, транзиттік потенциалды жақсарту мүмкіндігі мен өзара сауда көлемін көбейту болып табылды.
Ресей Федерациясынан Байқоңыр кешеніне әкелінетін және Байқоңыр кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін дайындау жөніндегі жұмыстар аяқталды. Жалға алу шартының мерзімін ұзарту туралы уағдаластықты ескере отырып қазақстандық-ресейлік шарттық-құқықтық базаға өзгерістер енгізу міндеті алға қойылды.
Қазақстан Республикасының негізгі саудалық серкітес елдерінің кеден қызметтерімен ақпараттық алмасуды қондырғылау жөнінде шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен ақпараттық аламасу туралы Келісімге қол қойылды, Ислам Республикасымен, Иран, Әзербайжанның кеден қызметтерімен Келісім қол қоюға дайындалуда. "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлардың тасымалдану туралы статистикалық ақпаратпен алмасудың Техникалық талаптарына қол қойылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жалпы мемлекеттік міндет болып табылады және бұл мәселеде есіркті, оқ-дәрінің заңсыз айналымы контрабандасына қарсы күрес, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде кеден органдарының рөлі маңызды болуы тиіс.
Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бастартудың ауқымы мен көлемі, сондай-ақ контрабандышылардың контрабанданы жасырудың әккі әдістерін пайдалануы, жалған транзит ТМД мемлекеттері кеден қызметтерінің алдына жаңа әдістерді іздеу қажеттігін қояды. ТМД шеңберінде іске асыру қосарлы, не жасанды инвойстарды пайдалану мүмкіндігін болдырмауға, криминалды қызметке қатысатын фирмаларды табуға, заңсыз жолмен алынған кірістерді қадағалауға, экономикалық контрабанданы, кеден ережелерінің бұзылуын табуға не болдырмауға мүмкіндік жасайтын біріккен арнайы операциялар ұйымдастырудың жоспары әзірленді және ағымдағы жылдың мамыр айында бекіту жоспарлануда.
Жасанды және контрафактілі өнімдерді тарату айтарлықтай экономикалық залал тигізеді. Қазақстан Республикасының жыл сайынғы шығындары (шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша) миллиард жарымға жуық АҚШ долларын құрайды. Біздің мемлекеттеріміздің экономикасына инвестициялардың көбеюіне, сыртқы саудаға тауарлардың түсу жағдайларының жақсаруына бөгет жасайтын факторлардың бірі санаткерлік меншікті қорғаудың төмен деңгейі болып табылады.
Оңтүстік шекараларда болып отырған шұғыл жағдайлар оны шешу жөніндегі ерекшелікті талап етеді. 2003 жылдың ішінде шекарадағы кеден басқармалары басшыларының бірқатар кездесулері болып өтті. Үкіметтің нұсқауына сәйкес өзбекстандық-қазақстандық шекарада жұмыс істеу үшін жұмыс тобы құрылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласында кеден статистикасының деректері айырмашылығының себептерін анықтау бойынша Қазақстан мен Қытайдың кеден органдары сарапшыларының екі жақты кездесуі болып өтті.
Қазіргі уақытта республиканың кеден органдары көрсеткіштер айырмашылығына ықпал ететін себептерді бағалауды жүргізуде және Қазақстанның саудалық серіктес-мемлекеттерімен өзара сауда туралы статистикалық деректерді салыстырмалы түрде талдауды жүргізудің әдістемесі әзірленуде.
Қытай Халық Республикасының кеден қызметімен тоқсан сайын статистикалық деректермен алмасу туралы шешім қабылданды. Жылына бір рет кедендік статистика мәселелері бойынша сарапшылардың мәжілісін өткізу.
КБА бастамасымен ҚХР кеден әкімшілігінің басшысымен кездесу өткізілді. Кездесуде ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап "Қорғас" кедені арқылы өткізілетін көлік құралдары мен тауарлар бойынша жедел ақпаратпен (он күнде бір) алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ҚР мен ҚХР арасындағы екі мемлекеттің экономикасына елеулі залал келтіретін ұйымдаспаған сауданы реттеуге, тауарларды заңсыз өткізуді қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылауды жүзеге асырушы уәкілетті орган деп белгілеген.
Қара және түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарының Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына радиациялық фонның рұқсат етілетін деңгейінен асып кету туралы Қытай Халық Республикасының карантиндік қызметі қорытындысының негізінде бірнеше рет қайтарылуы фактілері актуальді мәселе болып табылады. Қытай Тарапымен маусым айында "Достық" станциясында мүдделі екі мемлекеттің министрліктері мен ведомстволарының мәжілісін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жоғарыда аталған Кеңестің Хаттамалық шешімін орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік бақылау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер құруды, жүк көлігіндегі радиоактивті сәулеленуді анықтаудың стационарлық жүйелерін, автоматтандырылған жүйелерін, мемлекеттік шекараның барлық аумағы бойынша радиациялық бақылаудың протативтік аспаптарын сатып алу мен қондырғылауды көздейтін қаулының жобасы әзірленді.
Кедендік бақылау агенттігі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі бойынша келісу процессіне белсенді қатысты. Дүниежүзілік кедендік ұйымының қызметіне белсенді түрде қатысуды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2003 жылға арналған халықаралық бағдарламалардың шеңберінде 11 оқу семинарлары өткізілді. ҚР кеден органдарының 1000 жуық лауазымды тұлғалары оқытылды. Осы халықаралық ұйымның қатысуымен Кедендік бақылау агенттігінің Кинологиялық орталығына маман-кинологтарды оқыту бойынша орталық-азиялық аймақтық орталық мәртебесін беру мәселесі шешілуде.
Ағымдағы жылы үш негізгі:
- бауырлас әуежайлар (Астана-Брюссель);
- Кинологтарды даярлау бағдарламасын жалғастыру;
- оқу орталығы бағыттары бойынша Бағдарламалар іске асырылатын болады.
Еуропалық комиссия кеден қызметіне 1 000 000 техникалық көмекке және 500 000 евро жабдықтар алуға, барлық саны 1 500 000 евро бөліп беру туралы шешім қабылдады.
Басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасының кеден қызметі соңғы уақытта халықаралық сәреде жеткілікті түрде белсенді орында тұр, Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы саясаты жүйелі және нәтижелі түрде жүргізілуде. Саяси тұрақтылық, нарықтық қайта құруларға қатаң бағыт, демократияның дамуы, қазіргі уақыттың талаптарына сай кеден заңы, жоғары дәрежедегі білім деңгейі халықаралық ынтымақтастық үшін жағымды жағдайлар туғызуды айқындайды. Бұның дәлелі ретінде көптеген дүниежүзілік қаржылық ұйымдар Қазақстан Республикасында халықаралық ауқымдағы іс-шараларды өткізуді қалайтындығын айтуға болады.
Кеден қызметі құқықтық қамтамасыз ету ісінде сенімді нормативтік-құқықтық ірге құру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. 1995 жылы кедендік қатынастарды реттеу механизімінде орталық орынға ие болу арқылы кеден ісінде, мемлекет жүргізетін кеден саясатында дамудың сапалы жаңа кезеңін білдіретін Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығы қабылданды.
Дүниежүзілік кеден ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің ережелерін егжей-тегжейлі және анықтап зерделегеннен кейін 1999 жылы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның кедендік заңдарын халықаралық нормалармен, Қазақстан Республикасы мүше болғысы келетін Дүниежүзілік кеден ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің талаптарымен жақындастырды.
Халықаралық қатынастарда осындай мәселелер орын алады.
- Халықаралық қатынастардағы кедендік бақылау
Жеке тексерiс ерекше жағдайда ғана, белгiлi бiр жеке тұлғаға қатысты жүргiзiледi. Ондай тексерiстi жүргiзу туралы шешiмдi кедендiк бақылау жүргiзушi органының басшысы жеке тексерiс жеткiлiктi негiз болған жағдайда қабылдайды. Бұндағы негiз - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтушi немесе кеден бақылауы зонасында, не халықаралық аэропорттың транзиттiк зонасында орналасқан жеке тұлғаның өзiнде өткiзуге болмайтын тауарды жасырған және өз бетiнше бермеген жағдай болып табылады. Жеке тексерiс жүргiзiлер алдында азаматқа Қазақстанның заңдылығын бұзу объектiлерiне жататын және кеден деклорациясында жазылмаған заттарды, валютаны , асыл бұйымдарды өз еркiмен берудi ұсынады.[17] Егер тұлға бас тартса кеден органының лауазымды тұлғалары жеке тексерiске кiрiседi. Бiздiң заң тәжiрибесiнде экстрималды жағдайға түскен адамдарға құқықтарын түсiндiру онша көп кездеспейдi. Жеке тексерiске ұшыраған адамның мынадай құқықтары бар:
* жеке тексерiс басталғанға дейiн жеке тексерiс туралы шешiммен және жүргiзу тәртiбiмен танысуға
* Қазақстан Республикасының заңын бұзу объектiсi болып табылатын, өзiнде жасырған тауарларды өз еркiмен беруге
* Қазақстан Республикасының жеке тексерiстi жүргiзушi кеден органдарының лауазымды тұлғаларына жеке тексерiс жүргiзу тәртiбi туралы протоколға енгiзiлетiн өтiнiш жасауға
* Жеке тексерiс жүргiзуiнiң нәтижесiнiң және процессуалдық құжаттарымен танысуға
* Кеден органдарының лауазымды тұлғалары iс-әрекетiне шағым жасауға
* Адвокат қызметiн пайлануға [2]
Жеке тексерiс аяқталғаннан кейiн жеке тексерiс протоколының көшiрмесiн және тексерiс нәтижесiн тауар тәркiленген болса, онда акт те тапсырылады. Жеке тексерiс екi куәгердiң қатысуымен сол жұмыстың өкiлi жүргiзедi. Тексерiс әдейi арналған санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестелген орындарда жүргiзiлуi тиiс. Қажет болған жағдайда медициналық қызметкер шақырылады. Тексерiс протоколына тексерiске қатысушы тұлғалардың барлығы, куәгерлер, жеке тұлға қол қояды. Сонымен қатар, жеке тұлға жазбаша түрде өз келiспеушiлiгiн бiлдiруге құқығы бар. Кедендiк бақылау арнайы белгiленген жерде өткiзiледi. Тауарлар қозғалысы, осы зона iшiнде коммерциялық iс-әрекет жасау кеден органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады. Тауарлар кеден бақылауында кеден режимiне сәйкес уақытта болады. Тауарды шығару кезiнде кедендiк бақылау кеден органдарымен кеден деклорациясын қабылдау уақытына келедi. Кеден бақылауы тауардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезде аяқталады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылау тауарлардың мына категорияларын табу мақсатында жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасына кеден бақылауынсыз өткен немесе шекарасы арқылы құжаттары мен идентификация құралдарын жалған жолмен қолдану арқылы енгiзiлген
- әкелу кеден органына белгiленген уақытында көрсетiлмеген
- ЕврАзЭС қатысушысы мемлекеттерiнде ережелердi бұзып рәсiмделген
- Басқа да кеден құқық бұзушылық объектiсi болатын тауарлар.
Кеден бақылауын жүргiзудiң қандай тәсiлдерi бар? Ондай тәсiлдерге мыналарды жатқызуға болады:
- мамандарды, экперттердi неғұрлым терең кедендiк бақылау жүргiзу үшiн шақыру
- көлiк құралдарын және жеке тауарларды идентификациялау
- кеден шекарасынан тауар өткiзушi заңды және жеке тұлғалардың жалпы қаржылық қызметiне тексерiс жүргiзу; сыртқы экономикалық қызметiн тексеру
- тауарларды таңдап тексеру
Тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауы астында болғанда кеден режимiне сәйкес оның басталуы мен аяқталу уақытына дейiн болады. Тауарлар мен көлiк құралдарына бақылауына Қазақстан Республикасының территориясында кеден шекарасының бойында күндiзгi және түнгi уақытта болады. Кей жағдайда, кеден орагнының бастығымен немесеоның орнындағы тұлғамен бекiтiлген жоспар мен бұйрықты орындау мақсатында жедел қызметтi жүзеге асыру барысында тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк бақылау -Қазақстан Ресмпубликасының iшкi авто жолдарында да жүргiзiледi. Әкелу уақытында кедендiк бақылау тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасыныңкеден шекарасынан өткен басталып, тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының территориясынан еркiн айналысқа шыққан кезiнде немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан қайта өткенде аяқталады. Әкету уақытында кедендiк бақылау кедендiк декларацияны қабылдаған уақытта басталады және тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезiнде аяқталады.[3]
Кеден нарядының лауазымды тұлғаларымен және мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары көлiк құралдарын тоқтатқаннан кейiн кеден құжаттары мен жүк накладнойын тексередi. Тексеру барысында мыналар анықталады:
- нормативтiк-құқықтық актiлермен қарастырылған, кедендiк құжаттар мен жүк накладнойының нақты бар-жоқтығын
- кеден мөрлерi мен штамптарының растығы, дұрыстығы
- көлiк құралының белгiленген жеткiзу орнына дейiн маршрутқа сәйкес жүрiп жатқаны.
- өткiзiлетiн тауарлар аттарының құжаттардағы мәлiмдемелерге сәйкестiгi
Құжаттар тексерiлгеннен кейiн көлiк құралдарының жүк бөлiмдерiн сырттай қарау басталады. Онда мыналар тексерiледi:
- кеден мөрлерi мен пломбаларының, кеден идентификация құралдарының сақталуы
- көлiк құралдарының жүк бөлiмiнiң техникалық жағдайы
Егер де жүк накладнойы маркировкаға жататын акциздiк тауарлар немесе алкагольдi емес тауарлар көрсетiлсе, онда кеден нарядының лауазымды тұлғалардан тұратын тексеру тобы өткiзiлетiн тауарларға идентификациялық қарау жүргiзедi. Маркировкаға жататын подакциздiк тауарларды тексеру кезiнде тауарларда маркiлердiң бар-жоқтығы, тауарларға жапсырылған маркiлердiң сериясының құжатта көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгi анықталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзу анықталса, басқа да тауарлар идентификациялық тексерiстен өткiзiледi. Егер кеден нарядының лауазымды тұлғасының құжаттарға кеден мөрлерi мен штамптарына қатысты күмәнi туса, онда кеден нарядының басшысы тауар мен көлiк құралдарын құжаттардың, мөрлер мен штамптардың қайта тексерiлуi үшiн кеден органына жiберу туралы шешiм қабылдайды. Қарауды жүргiзу тәртiбi мен қауiпсiздiк сақтау шараларын жүргiзу тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi. Тексеру нәтижесi кедендiк тексеру актiсiнде жазылады. Бұл акт екi экземпляр түрiнде жазылады. Оған кеден нарядының лауазымды тұлғалары, көлiк құралының жүргiзушiсi және тексеруде болған басқа да тұлғалар қол қояды. Жүргiзушi қол қоюдан бас тартса, онда сол туралы актiде жазылады. Бiрiншi экземпляр жүргiзушiге немесе тауарларды алып өтуге жауапты тұлғаға берiледi. Екiншi экземпляр наряд басшысында қалады. Тексерiстен өткеннен кейiн жаңа идентификациялық құралдар қойылады. Одан соң жүк накладнойы кеден құжаттарында идентификациялық құралдардың жаңалығы туралы және кедендiк тексеру актiсiнiң номерi қойылады. [2]
Қосымша тексерiс уақыты көлiк құралы мен тауарлардың кеден органына келгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен аспауы қажет. Тексерiс кезiнде тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауы зонасында немесе уақытша сақтау қоймасының иесiнiң келiсiмiмен осы қойма территориясында болуы қажет. Бiрақ бұндағы шығындарды көлiк жүргiзушiсi-тасымалдаушысы өтемейдi. Кеден органдарына тексерiс жүргiзiп жатқан кеден органдары сұраныс жiберген кезде, олар жедел ақпарат беру құралдарың қорлдану арқылы жауапты тез уақыт аралығында қайтару тиiс.
Қосымша мәлiметтердi алу мақсатында кеден органдарының лауазымды тұлғалары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғау алдында көлiк құралының жүргiзушiсiнен немесе берiлген тасымалға қатысы бар басқа да тұлғалардан құжаттарды тексеруге қажеттi мәлiметтер мен түсiнiктемелер алуға құқығы бар.
Бақылау жүргiзу барысында немесе тексерiс кезiнде дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi анықталса немесе сондай белгiлерi бар материалдар алынса, онда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы протокол рәсiмделедi.
Контрабанда немесе басқа да қылмыстар болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы қылмыстық iс қозғайды.
Егер де iшкi транзиттiк декларацияда дұрыс емес, қате жеткiзiлетiн орны туралы мәлiметтер болса, онда кеден органының лауазымды тұлғасы декларацияға өзгерiстер енгiзедi. Ал, ол мүмкiн болмаса кеден органының жедел байланысы арқылы жеткiзу орнының мәлiметтерi айтылады.
Бақылау жүргiзiлiп болған соң көлiк құралының әрi-қарай жылжуы туралы шешiм қабылданса, кеден органының лауазымды тұлғасы жүктiк және кеден құжаттарында мынадай жазу қалдырады: "Кедендiк бақылау кедендiк нарядымен жасалды". Онда кеден органының аты жазылады, бас кеден нарядының мөрi мен қолдары қойылады.[12]
Бақылау жүргiзу кезiндегi есеп жүргiзу. Бақылау жүргiзу кезiнде кеден наряды тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауының есебiн жүргiзедi. Берiлген есеп өзiнде мынадай мәлiметтердi қамтуы қажет:
- Бақылау жүргiзiлген күн
- Бақылау жүргiзiлген орын
- Көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу белгiсi
- Тасымалдаушы аты-жөні, мекен-жайы
- Тауарларды қабылдап алушылардың аты-жөні, мекен-жайы
- Жүктiк (кедендiк ) құжаттары бойынша тасымалданатын тауарлар атаулары
- Тексерiс нәтижесi бойынша тауарлар атаулары
- Бақылау нәтижесi. (Тауарлар мен көлiк құралдары ұсталған жағдайда, осы туралы шешiм қабылданғанда көлiк құралы жiберiлген кеден органының атауы)[2]
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңiз, iшкi су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдiк кемелер мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы кемелердi ұстау ( қайтару) жөнiндегi әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
- Кедендік бақылау саласын жетілдіру
Кедендiк процедураны унификациялау және жеңiлдету мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарын бақылау үшiн пост кедендiк бақылау қолданылады. Өткен жылы пост кедендiк бақылау бөлiмдерiмен 325 тексеру жұмысы жүзеге асырылды, осы тексерулер нәтижесiнде 39 қылмыстық iс қозғалып, 662 әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалып, оның 187 сотқа жiберiлдi, 325 iс кеден iсi аясындағы қылмыстар мен құқық бұзушылыққа қарсы бөлiм қызметiне жiберiлдi, 29 iс басқа мемлекеттiк бақылау органдарына жiберiлдi. Осының нәтижесiнде 9,2 млн. теңге айыппұл алынды. Алынған 909,1 млн. теңгенiң 840 млн. теңгесi кедендiк салықтар мен төлемдерден алынған. Кiшi және орта бизнес субъектiлерiне маратории жариялауна байланысты 2003 жылмен салыстырғанда тексеру 46 (-ға төмендеген, бiрақ осыған қарамастан тәркiленген төлемдер 2,5 (-ке өскен. Қазiр 2005 жылғы пост кедендiк бақылаудың әрi қарай дамуына бағдарлама жасалып жатыр.
Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнiң халықаралық стандарттарға сай технологиялар орнатылып жатыр. Бұлар кендендiк рәсiмдеудi тиiмдi және тез арада жүзеге асыру үшiн қолданады. Қазақстан Республикасы кеден шекарасына тауарлар мен көлiк құралдарын еш кедергiсiз алып өту үшiн Сыртқы Экономикалық Қызмет қатысушыларына қолайлы жағдай жасалып жатыр. 2004 жылы кеден процедураларын жеңiлдетуге көп көңiл бөлiнiп жатыр. Осыған байланысты өткен жылы нақты қадамдар жүзеге асырылды. Кеден кодексiнде кедендiк ресiмдеуге қажет құжаттардың нақты тiзiмi көрсетiлiп, кеден декларациясын толтырудың және тiркеудiң нақты ережесi көрсетiлген. "Кедендiк ресiмдеу орталығында" және арнайы кеден бекеттерiнде кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың үш этаптық механизмi құрылды. Бұлар кеден бақылауының құжаттылық және нақтылық қағидасына сүйенедi және кеден процедураларының уақытының қысқаруына әкелiп соғады.
Қазiргi уақытта жүк кеден декларациясы 1 жұмыс күн iшiнде ресiмделедi. Кедендiк ресiмдеу орындарында визуалды бақылау маниторлары және ақпараттық стенттер орнатылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылы, 8-шi қыркүйекте қабылданған №1358 "Қазақстан Республикасы территориясы арқылы автомобиль тасымалын жалпы мемлекеттiк бақылау" туралы қаулысына сәйкес, бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн құруға байланысты ведомствааралық комиссия құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2002 жылғы 26-шы қарашада қабылданған №1256 қаулысымен мақұлданды. Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгi Қазақстан Республикасының шекарасына өту кезiндегi бақылауды басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп тексеру туралы инструкцияны қабылдады. (2003 жылы 17-шi ақпанда №2174 Қазақстан Республикасы Әдiлет Министiрлiгiнде тiркелген).
Темiр жол саласында кедендiк бақылаудағы тауарларды сақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгi мен Қазақстан Ұлттық Экспедиторлары ассоциациясы арасында "Преференциялды кеден жүйесiн пайдаланып халықаралық жүк тасымалы" деген проект жасалу үстiнде.
Қытайдан транзиттелетiн тауарлардың Қазақстан Республикасы территориясынан өту кезiнде тауарлардың толық жеткiзiлуiне бақылау жасау үшiн кеден органдарын тауарлардың жеткiзiлуiн автоматтандырылған жүйемен бақылау үшiн керектi қондырғылармен қамтамасыз етiп жатыр. Қосымша -№ 5 Бұл бағдарлама 2004 жылы Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнiң бюджеттiк заявкасына қосылған. Бұл бағдарлама тауарлар мен көлiк құралдарының транзитi кезiнде толық ақпарат алу үшiн қолданылады.
Кеден кодексiнiң 19-шы бабына сәйкес 2004 жылы 1-шi қантардан бастап кеден органдары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасында радиациялық бақылауды жүргiзедi. Осыған байланысты радиациялық бақылау үшiн қажет "Янтарь" стационарлық жүйесi алынуда. 2003 жылы 2-шi тамызда Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнде өткiзiлген тендер бойынша бұл құралдарды "Урал-Аспект" атты өндiрiстiк сауда центрi қамтамасыз ететiн болды. (Екатеринбург қаласы, Ресей). Қазiргi таңда Достық кеденiнде темiр жол станцияларында радиациялық бақылау жүргiзу үшiн "Янтарь-1Ж және 2Ж" құралдары және "Янтарь-2У" автомабильдiк жүйесi орнатылған. Осыған байланысты 2004 жылы бюджеттен радиациялық бақылауға қажеттi құралдар алу үшiн және кеден органдарының штатын көбейтуге, радиолог мамандарын тартуға жұмсалатын қаржы туралы өтiнiш берiлдi.
Құқық қорғау қызметiне байланысты үлкен жетiстiктер жасалып жатыр. Осыған орай қылмыстық iстер бойынша 690 млн. теңгенiң тауары тәркiлендi (2003 жылы - 457 млн. теңге). Мемлекет кiрiсiне 342 млн. теңгенiң тауары тәркiлендi және бюджетке қосымша 320 млн. теңге түстi. Қылмыстық iстердi қозғау бойынша iс-әрекеттер жақсарды. Егер 2003 жылы прокуратураға 179 қылмыстық iс жiберiлсе, 2004 жылы 206 қылмыстық iс жiберiлдi, яғни көрсеткiш 15%-ға өстi.
әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша 28141 iс қозғалып (2003 жылы 28030 iс) қозғалып, 97,6 млн. теңге айыппұл алынды.
Есiркi заттарына байланысты 659 факт жасалды, 3,5 тонна әр түрлi есiрткi заттары (2003 жыл - 2,2 тонна) тәркiлендi, соның iшiнде 510 кг героин.
Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Агенттiгiнiң маңызды бағыттарының бiрi - Кедендiк Автоматтық Ақпараттық Жүйе құру болып табылады. Осыған қазiргi таңда 88 спутниктiк станциялар, 40 радиомодемдер, 100-ден астам маршрутизаторлар, 3 оптикалық байланыс желiлерi, UNIX - серверлерi (112 сервер), СУБД Informix, персоналды компьютерлер (200 дана) кiредi.
Кеден органдары арасында мәлiметтермен алмасу үшiн 16 аймақтық кеден бақылауының департаменттерiнде, 11 кеденде және 99 кеден бекетiнде спутниктiк станциялар орнатылған.
Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарында кедендiк ресiмдеудi автоматты түрде жүргiзу үшiн радиомодемдер орнатылды және аймақтық кеден органдарында компьютерлiк техника сатып алынып берiлдi.
Агенттiктiң отырысы мен коллегиясын трансляциялау үшiн және қызметкерлер арасында нормативтiк құжаттарды дұрыс түсiндiру мен оқыту үшiн телевизиялық жүйе орнатылған.
Агенттiктiң "WWW.CUSTOMS.KZ" деген веб-сайтын қолданушылар күннен күнге көбеюде. Бұл сайтта Сыртқы Экономикалық Қызмет қатысушыларына ақпараттардың толық тiзiмi, кеден заңдылығы және болып жатқан өзгертулер көрсетiледi. Сайт 11 бөлiмнен тұрады ("Законодательство", "Новости", "Участнику ВЭД", "Пресс-слуба", "Вопрос-ответ","Гостевая" және тағы басқа). Бұл сайтты өткен жылы 30000-ға жуық адам пайдаланған. Яғни бұл көрсеткiштердiң өсуi жедел түрде керектi ақпаратты алуына байланысты болып отыр.
2003 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен Кеден Бақылау Агенттiгiнiң Ақпараттық орталығы ашылды. Яғни, бiз бұны ақпараттық технологияның дамуы деп айтуымызға бiрден-бiр дәлел болып отыр.
Айта кететiн тағы бiр жай ол Кеден Бақылау Агенттiгiнiң ендi республиканың сыртқы саудасының кедендiк статистикасын өзi жүргiзуi. Ел басының кеден органдарының кадр жұмысына байланысты айтқан ескертулерiне байланысты жұмыс атқарылып жатыр.
2003 жылы басынан бастап Агенттiкпен 30 шақты бұйрықтар қабылданып жүзеге асуда.[7] Олар тәрбиелiк-кадрлық жұмыстарға бағытталған нұсқаулар мен қаулылар ретiнде жүзеге асып жатыр.
2003 жылы 15-шi тамыздағы №938 Үкiмет қаулысымен Кеден басқармалары Кеден Бақылау Департаменттерi деп аталатын болды. Осыған орай Астана мен Алматы қалаларында Кеден Бақылау Департаменттерiнiң жүйесi қабылданып және оларға жаңа талаптар қойылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кеден қызметi - елiмiздiң экономикасының өсуiне, өркендеуiне және нығаюына үлкен үлесiн қосады деп айтуымызға бiрден-бiр болады.
Қазiргi таңда сыртқы сауданың кең етек жаюына байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiндегi кеден бақылауы кәсiпкерлер, өндiрiс басшылары және Сыртқы экономикалық қатынас қатысушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Өйткенi осы субьектiлер өз қызметтерiн жүзеге асыру барысында кеден бақылауымен бетпе-бет кездеседi. Осыдан келе бiзде кеден бақылауы кезiнде бәрi ойдағыдай, тез арада, еш кедергiсiз өте ме( - сұрақ туындайды.
Кеден бақылауының екi жаққа да тиiмдi болуы, яғни мемлекет пен Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасында тиiмдi болуы мынадай жағдайларға әкелiп соғады:
* Экономиканың өсуi мен нығаюы
* Нарықтағы тапшылықтың болмауы
* Бәсекелестiк деңгейiн көтередi
* Ғылыми-техникалық прогрестi дамытады
* Мемлекеттiң экспорттық мүмкiншiлiктерiн кеңейтедi,әсiресе ауылшаруашылық өнiмдерiн экспорттау кезiнде
* Жұмыссыздықты төмендетедi.
Осы айтылған мәселелердiң iшiнде барлығы басты элемент екенi сөзсiз.
Қазақстан кеденi 1995 жылдың 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығынан жаңа өмiр бастауын алады.
ХХ ғасыр соңы мен ХХI ғасырда дүние жүзiнде глобализациялану процесi жүруде. Глобализация өз кезегiнде дүние жүзiлiк экономикаға, яғни дүние жүзiлiк тауар айналымына өте үлкен ықпалын тигiзуде. Қазақстан Республикасы еркiн экономика бағытын ұстанғаннан кейiн, дүние жүзiлiк тауар айналымының ажырамас бiр бөлiгi болды.
Осының нәтижесiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерiн, соның iшiнде кеден бақылауын артырды. Негiзi, түпкiлiктi кеден бақылауы Қазақстан Республикасына маңызы өте зор:
Қазiргi таңда кеден бақылауын реттейтiн заңдар ендi-ендi алға қадам басу үстiнде. Олар атап айтсақ: "Кеден кодексi", "Қазақстан Республикасының кеден бақылауы" туралы заңы, "Қазақстан Республикасының валюталық бақылау" туралы заңы, "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау" туралы заңы және т.б. заңастылық актiлер, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Үкiметтiң қаулылары, нормативтiк актiлер мен Қазақстан Республикасы Кеден бақылау агенттiгiнiң бұйрықтары.
Бiрақ дәл қазiргi таңда кеден заңдылығын дамыту мен нығайту басты мәселе болып отыр. Дүние жүзiндегi экономикасы дамыған елдердiң кеден кодекстерi кеден қызметi құрылған сәттен бастап пайда болған. Бiздiң кеден кодексiмiздiң шыққанына бiр жылдың қасы болды. Сондықтан да шығар бiздiң кеден қызметiмiздiң әлсiз болуы. Бiрақ бiз әлi бәрi алда деп сенемiз.
Кеден қызметi саласы жаңадан аяғына тұрып, көптеген өзгерiстерге ұшырап жатыр. Елiмiз тәуелсiздiк алғалы берi кеден қызметiн түрлi министрлiктер мен ведомствалар басқарып келдi. Осының өзi кеден қызметiне көптеген қиыншылықтар тигiздi. Өйткенi әр жаңа бағынуға өткен сайын қызметкерлер түрi мен санының өзгергенiн жасырмай-ақ айта беруiмiзге болады. Кеден қызметiне түрлi мамандық басқа иелерi, ағалары мен көкелерiнiң арқасында жұмысқа орналастырылды. Осындай жағдайлар нәтижесiнде кеден қызметi құлдырау жағдайына жете жаздады. Қазiргi таңның өзiнде статистикаға сүйенсек таза "кеден iсi" маманы 20(-дан асатын ғана көрсеткiштi құрайды.
Тағы бiр өзектi мәселенiң бiрi - ол кеден бақылауындағы техникалық құралдардың тапшылығы. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы күнiне әртүрлi тауарлар мен көлiк құралдарының түрлерi өтедi. Сол тауарлар мен көлiк құралдарын дұрыс тексермеу нәтижесiнде елiмiзге контрабандалық жүктердiң көптеген түрi өтiп кетiп жатыр. Әсiресе адамзаттың тiлсiз жауы - есiрткi заттары. Бiздiң елiмiз Еуропа мен Азияны қосатын болғандықтан және территориямыздың көлемi кең байтақ болғандықтан елiмiз есiрткi саудасының ошағы болып бара жатыр. Бұған қоса елiмiздiң басты проблемасы - Шу өңiрi тағы қосылады. Осындай жағдайларды бiз ескере отырып, кеден бақылауының техникалық құралдарын дүниежүзiлiк стандарттарға сай дамытуымыз керек. Қазiр мысалы: бiздiң кеден бекеттерiмiзде таразылардың өзi мүлдем ескiрiп кеткен немесе жоқтың қасында. Бұған қоса 2004 жылдан бастап кеден қызметi мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзетiн болды. Бұл бақылау түрi де күрделi техникалық құралдар түрiн қажет етедi.
Кеден бақылауы процессiне қатысушылардың құқықтық мәртебесiн қорғау да қолға алынбай жатыр.
Кеден бақылауы нысандары да өздерiнiң қолданылуы жағынан да, әлi де қосымша жұмыстардың атқарылуын қажет етедi.
Кеден бақылауының сапасын арттыру үшiн кеден бақылауының бiрiңғай ережелерiн, яғни стандартын құру керек. Кеден бақылауы ережелерi мен стандартына - кеден iсi саласындағы кедендiк бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың бiрiңғай мiндеттемелерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттар жатады. Осы бiрiңғай ережелердiң қолданылуы бiрiңғай мiндеттемелердi талап етедi және кеден бақылауы кезiндегi шешiмдердiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мiне, өзiмнiң дипломдық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдаған Қазақстан Республикасы кеден бақылауының көзделген негiзгi проблемалары осындай және өз ойымды қорытындылай келе былай деп айтар едiм: - "Қазақстан Республикасының экономикалық өсiп-өркендеуiн нарықтық жағдайда қамтамасыз ету үшiн, кеден қызметiндегi кедендiк бақылау мәселелерiн жан-жақты қолдау керек..." - деп айтар едiм.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтiк-құқықтық актiлер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексi. Астана 5 сәуiр 2003 жыл. № 401-11 ҚРЗ "Егемендi Қазақстан" 11.04.03 жыл. № 102-104 (24042-24044).
- Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы: нормативтiк актiлер жиынтығы. Алматы: ЮРИСТ 2002 жыл.
- 2004-2006 жылға Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң дамуы бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 3 қазан 2003 жыл, №1019.
- 01.01.2004 - 11.10.2004 жылдың Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң анализi. "Азия-экономика и жизнь" 2003 жыл, № 11, 03-13 беттер.
- Казахстан в цифрах. Статистический сборник. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттiгi. Алматы; 2004 жыл.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. 1997 жыл.
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi туралы ереже".
- "Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты пленумының 1997 жылғы 18 шiлдедегi № 10 қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Үкiметi мен АҚШ Үкiметi арасындағы "Орталық-Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы шеңберiндегi " бағдарламалар. 1992 жыл 20 мамыр.
- ҚР КМ КК "ҚР кеден шекарасы арқылы автомобиль құралдарымен тауар алып өту кезiндегi кеден нарядының бақылау жүргiзу ережесi туралы" бұйрығы. 2001 жыл 15 ақпан № 50.
- "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау туралы" заңы. 1996 жыл 18 маусым. № 9-1.
- "Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы" заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан. № 54.
- Кедендiк ресiмдеу. Нормативтiк актiлер жиынтығы. 2002 жыл.
- Кедендiк режимдер. Нормативтiк актiлер жиынтығы 2002 жыл.
Басқа да әдебиеттер:
- М.А.Сәрсенбаев "Қазақстан Республикасының кеден iсi құқығы" Алматы: Данекер 2001 жыл.
- Д.М.Мадиярова "Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару" Алматы: Экономика 2001 жыл.
- Н.Ш.Шеримова "Таможенное право (в схемах)" Алматы: Данекер 2003 жыл.
- Н.А.Голощапов "Таможенный контроль" Москва 2000 жыл.
- Д.С.Жақашев "Кеден органдарының құқықтық мәртебесi: теориясы мен практикасының мәселелерi" Алматы 2004 жыл.
- В.Г.Драганов "Кеден iсiнiң негiздерi" Мәскеу: Экономика 1998 жыл.
- Е.Вибол "Кедендiк тексерiстiң органдары" Алматы 1999 жыл.
- Д.Серко "Импорттың тәжiрибесi және халықаралық сауда". Нью-Йорк 1985 жыл.
- С.Т.Алибеков "Кеден құқығы" Алматы 1999 жыл.
- С.Р.Ушурова "Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң негiздерi" Алматы 1998 жыл.
- Р.Б.Жакупова "Казахстан и ВТО" 1-2 том, Алматы: Данекер 2002 жыл.
- Таможенный вестник - журнал. №2 1998 жыл.
- Таможенный вестник - журнал. №7 2001 жыл.
- Таможенный вестник - журнал. №1 2003 жыл.
- Кеден iсiнiң сөздiгi.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024