Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - 2015 жылғы қысқартулардан кейін Қазақстанда уақытша жұмыс істейтіндер қайта көбейе бастады. Фрилансерлердің саны бір жылда 4 пайызға өскен. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Бірақ елдегі экономикалық белсенділік пен халықтың таза табысы әлі де төмен. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы фриланста жұмыс істеп жүргендердің біраз бөлігі толық жұмыс уақытына ауысқан еді. Бұған сол кездегі экономикалық белсенділіктің және халықтың таза табысының төмендеуі әсер еткен.
2015 жылы уақытша жұмыс істейтіндердің саны 100 мың адамға қысқарып, жалдамалы жұмысшылардың саны 121,5 мың адамға өсті. Ол кездері фриланстан фул-таймға (толық жұмыс уақыты - ред.) өткендердің арасында қалалықтардың саны басым болатын. Өткен жылы да толық жұмыс уақытынан еркін режимдегі жұмысқа ауысқан қалалықтардың белсенділігі жоғары болды.
2016 жылы уақытша еңбек келісімшартына отырған қала тұрғындары бірден 42 пайызға өсіп, 73,5 мың адамнан 104 мың адамға жеткен. Ауылды жерлердегі азаматтар, керісінше, уақытша жұмыстан кетіп жатыр. Нәтижесінде 2016 жылы олардың саны 17 пайызға, яғни 22 мың адамға қысқарып, 111 мың адамды құраған.
2016 жылы Жамбыл облысындағы уақытша жұмыс істейтіндердің саны екі есеге өсті. Жыл басында аталған аймақтағы 48 мың адам фрилансер ретінде жұмыс істеген. Бұл жалпы елдегі көрсеткіштің 23 пайызына тең.
Мұндай жұмысшылардың саны Қостанай, Алматы облыстарында да өскен. Қостанай облысында - 11 мың адамға, Алматы облысында - 6,7 мың адамға.
Естеріңізге салсақ, 2017 жылдан бастап ҚР Жалпы кәсіпкерлікті дамыту және еңбек өнімділігін арттыру бағдарламасы жұмыс істейді.
Бұл мемлекеттің бағдарламаның аясында (ауылды жерде де, қалалы жерде де) қазақстандықтар бизнеске арнап 16 млн теңгеге дейін микрокредит ала алады. Демек, ҚР әрбір аймағында жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық бизнесті де дамыту жолындағы шаралар ұсынылып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024