Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 145,4 млрд теңге сомаға 12 830 өтініш қабылданды. Оның ішінде 88,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 7 633 өтініш мақұлданды.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.