Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы 1968 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «философия» мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы Еуразиялық нарық институтын «экономист» мамандығымен бітірді. Ал 2014 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің іскерлік әкімшілік магистрін аяқтаған. 2007-2010 жылдар аралығында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2010 жылғы 10 ақпаннан 2012 жылғы 28 қыркүйегіне дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымында қызмет атқарды. 2013 жылғы 25 маусымнан 2013 жылғы 6 тамызына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қазыналық департаментінің директоры ретінде қызмет еткен. 2013 жылғы 2 қыркүйектен 2014 жылғы 6 сәуірге дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі лауазымын атқарып, 2013 жылғы 27 қыркүйектен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды. 2014 жылғы 7 сәуірінен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2014 жылдың 29 қарашасынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарып, ал 2017 жылдың мамыр айында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Дереккөз: kase.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024