Жәукенов Марат Амангелдіұлы 1970 жылы 15 наурызда Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келді.
1988 жылы Астрахань теңіз училищесінде «кеме жүргізушісі» бөлімін бітіреді. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1994 жылдың шілдесінен бастап 1997 жылдың қарашасына дейін бухгалтерлік есепті реформалау басқармасының бас экономисі, банктерде бухгалтерлік есепті реформалау басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бухгалтерлік есеп жөніндегі департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
1997 жылдың қараша 1998 жылдың сәуір айларында - «ТұранӘлем Банкі» АҚ басқару филиалдарының бухгалтерлік есеп директоры мен бас бухгалтері болды.
1998 жылдың мамыр-желтоқсан айларында – Қазақстандағы Гонконг өкілдігі мен Шанхай Banking Corporation Limited-тің бас бухгалтері (қаржы бақылаушысы);
1998 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың сәуіріне дейін - Қаржылық бақылау департаментінің директоры, бас есепші, қаржы бойынша атқарушы директоры, DB HSBS АҚ Қазақстан банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдар аралығында Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директоры.
2010-2013 жылдар аралығында - «Еуразия даму банкі» АҚ-тың инвестициялық қызметі бойынша басқарушы директоры,басқарма төрағасының орынбасары;
2013 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қарашасына дейін «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары («ForteBank» АҚ);
2014 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2007 жылғы мамырдан бастап 2008 жылдың маусымына дейін - «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ-тың директоры;
2008 жылдың қазан айынан бастап 2012 жылғы желтоқсанға дейін - «Toyko Диалог Қазақстан» АҚ-тың тәуелсіз директоры;
2010 жылдың мамыр 2013 жылдың наурыз аралығында - «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының директоры;
2011-2012 жылдар аралығында «НПФ «Грантум» АҚ-тың тәуелсіз директоры;
2017 жылдың ақпанынан бастап «Батыс Транзит» АҚ-тың директоры қызметін атқарған.
2017 жылдың 13 маусымынан бастап Жәукенов Марат Амангелдіұлы «Цеснабанк» АҚ-тың басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024