Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – L-Capital компаниясының клиенттері қаржы ұйымына пайызбен берген ақшасын қайтаруды талап етіп, Алматы қаласы прокуратурасының алдына жиналды, деп хабарлайды 7kun.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Осы компанияның 30-дан астам салымшысы тергеушілермен кездесуді талап етті. Өздеріне назар аударту үшін плакаттар алып, шу көтерді.
Жиналғандар оларға ауқымды өндіріске қаржы салу ұсынылғанын, оларға жоғары дивидендтер уәде етілгенін, бірақ соңында бәрінің ештеңесі қалмағанын айтты.
«Олардың ұйымына кіре отырып, акцияларды сатып аламыз. Акциялар – бұл кілт сөз, өйткені бұл енді пирамида емес сияқты. Олар бірден акционерлері саналатын 16 ұйым бар екенін айтты. Яғни, оларда осы ұйымдардың акциялары бар. Олар бұл акцияларды бізге, яғни L-Capital клиенттеріне сатады. Дивидендтерімізді қалай аламыз. Бірақ мұның бәрі өтірік екені белгілі болды», – деді Наталья Игнатьева.
L-Capital атауын жарнамалау үшін пайдаланған кәсіпорындардың бірі – құс фабрикасы. Алайда, оның өкілдерінің өзі құрбан болғандарын айтады.
«Тергеу барысында компаниямыздың абыройлы аты жеке тұлғалардан ақша салымдарын тарту үшін қолданылғанын білдік. Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы бір мәміле жасалып, оның аясында менің құрылтайшымның сенімді өкілі құс фабрикасы капиталының 20% үлесін L-Capital АҚ-ға жазды. Біз бұл мәмілені заңсыз деп санаймыз, қазір бұл мәміле сотта қаралуда», – деді «Аса ДАМУ» құс фабрикасының өкілі Алмаз Өтебаев.
Тілшілер атап өткендей, Алматыға Бас прокуратурадан комиссия келді. Оның өкілдері алматылық әріптестерімен бірге салымшыларды қабылдап, әрқайсысына жеке-жеке мән-жайды түсіндіруде.
«L-Capital басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл аса ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық, сондай-ақ қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету. Қаржы пирамидасы. Бұл екі қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген. Қазір 12 адам күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді қала прокурорының көмекшісі Бауыржан Төлендинов.
Қазір компания әрекетінен 1349 адам зардап шеккен деп танылып, келтірілген шығын 7 млрд теңгені құрайды.
Жеті күдікті үйқамақта, тағы бесеуіне халықаралық іздеу жарияланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024