Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі cейсенбі күні 7 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның қор биржасы.
АҚШ доллары — 335,61 теңге, 1 еуро — 361,32 теңге, Ресей рублі — 5,26 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 427,80 теңге, жапон йені— 2,94 теңге, 1 қытай юаньы — 48,79 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,88 теңге, 100 өзбек сумы— 10,67 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 желтоқсандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 335,61 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.