Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда азық-түлік өнімдері 5,7 пайызға артты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты.
2017 жылдың қаңтар-сәуірінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылдың аталған мерзіміндегі көрсеткішке қарағанда 2,9 пайызға көп.
Қайрат Айтуғановтың айтуынша, 2016 жылдың алғашқы төрт айына қарағанда, 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында сары май - 8,9 пайызға, ірімшік - 10,3 пайыз, ет консервісі - 6,7 пайызға, сүт - 6,4 пайызға, сұйық май - 10,6 пайызға көп өндірілген.
Сонымен қатар, вице министр жыл сайын бидай сапасының нашарлап бара жатқанын атап өтті.
«2011 жылы бірінші және үшінші санаттағы бидай үлесі 88 пайызды, 2016 жылы 45 пайызды құраған. Ал төртінші және бесінші санаттағы бидай үлесі 2011 жылы 10 пайызды құрап, 2016 жылы 46 пайызға дейін артқан» , - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Оның мәліметінше, әкімшілік алғашында 3,7 млрд тенге бөлген. Бұл кажетті сомадан 56 пайызға кем болғандықтан, қосымша тағы да 4 млрд тенге жұмсалды. Соған байланысты 2017 жылы екі есе көп сапалы бидай егілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024