Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Мамырдың 30-ында кешкісін АТФБанктің операцияларын пайдаланған басқа банк клиенттерінің карталарындағы қаражат жоғалып кеткен. Ұлттық банк АТФ банктің жүйесіндегі техникалық ақауға қатысты пікір білдірді.
“Ұлттық Банк 2013 жылы шығарылған АТФБанктің банкоматтары мен терминалдары желісінде жүргізілген операциялар бойынша басқа банктердің төлем карточкаларынан ақшаны есептен шығару жүзеге асырылған АТФБанк жүйесіндегі кеше орын алған техникалық іркіліске қатысты аталған жағдай туралы хабардар екендігін және АТФБанкпен байланыста болғанын хабарлайды”, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта проблема шешілді және іс жүзінде барлық сома карточка ұстаушылардың банк шоттарына қайтарылды. Қазіргі кезде соңғы транзакциялар өңделіп жатыр.
“Сонымен қоса, осындай іркілістің себептері мен осындай жағдайды болашақта болдырмау үшін жоспарланған шаралар АТФБанкпен жан-жақты талқыланатын болады”, - дейді қаржы реттеуіші.
Мамырдың 30-ында кешкісін қазақстандық банктердің клиенттері өз карталарынан ақша жоғала бастағанын байқаған. АТФБанктегілер клиенттерден кешірім сұрап, жуық арада барлығын қалпына келтіретінін айтты. Банктегілер ақайдың әсерінен ешкім жапа шекпейтінін барлық қаражат толығымен қайтарылатынын айтты.
“Қолайсыздықтар үшін клиенттерден кешірім сұраймыз және мұндай жағдайдың болашақта қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасаймыз”, - деді АТФБанктің басқарма төрағасының орынбасары Сергей Коваленко.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024