Экономика
IT, Технология
Жапониялықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне сутегімен жүретін көліктерді әкеле алмады
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне Жапония сутегімен жүретін автокөліктерін әкеле алмады, деп хабарлады Informburo.kz.
Павильонның презентациясында Жапония ұлттық секциясының комиссары Томиясу Накамура күн шығыс елі қазақстандықтарға сутегімен жүретін көлікті таныстырғысы келгенін айтты.
"Өкінішке орай, көлікті әкеле алмадық. Себебі сутегінің өзі қауіпті энергия көзі болып саналады. Сол себепті сіздерге бүгін тек видеопрезентацияны көрсетіп отырмыз. Негізінде шынайы экспонаттарды көрсеткіміз келген", - деді Томиясу Накамура.
Оның айтуынша, қазақстандық тарап қауіпсіздік шараларын сақтау үшін көлікті көрсетуге қарсы болған. Сонымен бірге, әуе компаниялары да автокөліктерді тасымалдаудан бас тартқан.
[caption id="" align="alignnone" width="1288"]
Жапония павильионының презентациясы. Фото: Информбюро[/caption]
"Бұл негізінде кәдімгі көлік. Ол жүрген кезде түтін шығатын жерден газдың орнына су ағады. Ал сіз ол ерге стақанды қойып, аққан суды іше аласыз. Ол сондай таза", -деді ол.
Жапонияда жанармайдың орнына сутегі қолданатын көліктер сұранысқа ие. Мысалы, Toyota мен Honda секілді танымал маркалардың өзі екі-үш жыл бұрын осындай көліктерді жасап шығарды.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ сутегімен жүретін көліктерді тасымалдауға әуекомпаниясы қарсы болғанын айтты.