Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Apple компаниясы өзінің операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы iOS 11-ді ұсынды, деп хабарлайды Қазақпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтей отырып.
Ол биыл күзде шығарылады. Жаңа жүйеде мессенджер арқылы ақша жіберуге, файлдарды оңай басқарып, дисктегі орынды үнемдеуге мүмкіндік берілген. iOS 11-дің тұсаукесері Сан-Хостағы Дүниежүзілік құрастырушылар конференциясында (WWDC) өтті.
Жаңа операциялық жүйедегі ең кең көлемде талқыланып жатқан жаңалық - файлдар менеджері. Енді қолданушы файлдарды өзі басқара алады. Бұдан өзге, алдағы уақытта iMessage арқылы төлемдерді жүзеге асыруға болады.
Бұл Apple Pay жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, фотосуреттер мен карталарды өңдеуге арналған бағдарламалар жасалды. Жаңа iOS күзде іске қосылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024