Жақында Қазақстанның Ұлттық банкі тазартылған алтын құймаларын сату туралы бағдарламаны іске қосты. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің айтуынша, алтын құймалары тұрғындар үшін қаржыландыру мен ақша сақтаудың жаңа құралы болады. Жалпы алтын құймаларын сатылымға шығарғаннан мемлекет пен жеке тұлғаға келетін пайда қандай? Қаржыны алтынмен сақтаған қаншалықты тиімді?
Экономист Әділет Бағдаттың айтуынша, алтын құймаларын сатудағы жоспар:
Біріншіден, теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мемлекет көбірек долларды сатып алу арқылы теңге бағамына әсер ете алады немесе өзге де шетелдік бағалы қағаздарға салады. Алтын - көп жағдайда аз дивиденд алып келетін құрал. Керісінше оны сақтаудың өзі шығын. Бұл, Канаданың жасаған механизмі. Олар 100 унция ғана алтынын қалдырып, қалғанын (мыңдаған тонна) сатылымға шығарды. Осы арқылы олар түскен қаражатты доллар мен Американың бағалы қағаздарына жұмсаған болатын.
Алтын - тұрақтылықтың белгісі, Ресей сынды мемлекеттер керісінше алтынды жаппай сатып алып жатыр. Бұл да тағы да болашақта доллардан арылудың амалы және олар алтын өндірушілерді қолдағаны тағы бар.
Екіншіден, Ақышев айтқандай, ликвидті нарық құру. Ол дегеніміз қоғамда ақша айналымының жүруі. Қазіргі уақытта қолданыстағы ақша айналымы 2017 қаңтарында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7,4 пайызға түсіп кеткен екен.
Экономикаға инвестиция құюдың амалы ғана...Оның пайымдауынша, мемлекет алтынды көп жағдайда кризистік жағдайда сатуға тырысады. Өйткені, алтын дивиденд алып келмейді. Бірақ бізге бұл нұсқаның еш қатысы жоқ.
Одан бөлек, адамдар алтынды алған күннің өзінде баға айырмасынан жеңіледі. Яғни, сатып алғанда қымбатқа, сатқанда арзанға түседі.
«Осындай, 2 түрлі сценарий арқылы ЭКСПО алдында мемлекет басшысы халықты (әрине қалталы азаматтарды) экономикаға тағы бір инвестиция құюға шақырып жатыр», - деп өз пікірін білдірді Әділет Бағдат фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Кеш те болса, дұрыс шешім
Сарапшы Рахым Ошақбаевтың ойынша, тұрақтылықты сақтау және қаржыландыру құралдарының шектелген уақытында, алтынды нарыққа шығару кеш болса да, дұрыс шешім.
Бұл ұлттық валютаға сенімсіздік деген сөз емес. Ол қаржыландырудың альтернативті тәсілдердің бірі. Сондықтан ұлттық банктің бұл шешімі мемлекетке де халыққа да пайдалы. Себебі біз еркін инвестициялауға және жинақтарымызды сақтау мен көбейтудің көптеген мүмкіндіктеріне ие боламыз.
Ал ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев, - «Біздің негізгі ойымыз алтынды халыққа сату ғана емес, өтімді және белсенді нарық құру. Адамдар қаражатын алтынмен сақтауына болады немесе сату/сатып алу арқылы табыс таба алады. Бұл - жинақ сақтаудың қарапайым тәсілі. Сонымен қатар, шетел валютасына балама бола алады. Сондықтан қаражаттарыңызды долларда емес, алтынмен сақтаңыздар!», - дейді.
Алтын құймаларының бағасы нарықтық бағамға сүйеніп белгіленеді
Ұлттық банк төрағасының мәліметінше, 10 грамм алтынның бағасы шамамен – 127 мың теңге, 20 грамм – 254 мың теңге, 50 грамм – 635 мың теңге, 100 грамм алтынның бағасы – 1 млн 270 мың теңге болады. Ал Халық банктің ақпараты бойынша, алтын құймаларды сату бағасы операция жүргізілетін күні банктің маржасы есепке алынып, нарықтық бағамға сүйеніп белгіленеді.
[caption id="attachment_71103" align="alignnone" width="705"] Алтын құймалары. Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]Таза алтын – жұмсақ металл болғандықтан, ол арнаулы қаптамамен қапталған. Бұл қаптама – құйманың сапа сертификаты болып есептеледі. Сондықтан ораманы ұқыпты, ашпай сақтағаныңыз абзал. Егер сіз алтынды қайтадан сатқан кезде, оның орамасы бүтін болса, банк қандай да бір тексерулерсіз алтынды бірден сатып алуға міндетті. Ал егер қаптаманы ашқан болсаңыз құйманың құны өзгермейді. Бірақ ұлттық банктің алтынға арнаулы сараптама жасауына тура келеді. Бұл процесс ұзақ уақытты және қосымша төлемді талап етеді.
Қазіргі уақытта алтын құймаларды Қазақстанның Халық Банкінен және Еуразиялық банктен сатып алуға болады. Келешекте бағдарламаға қатысушы банктердің саны артады.
Бастапқы кезеңде алтын құймалар Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларында қолжетімді болады. Кейіннен алтын құймаларды сату географиясы да ұлғаяды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024