СҰРАҚ:
Үй жөндеуге, газ тартуға арнайы кредиттер жоқ па?
Нұрлыбек, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жауап:
Қазақстандық банктер газ тарту үшін кредит ұсынбайды. Бірақ газ тартумен айналысатын компаниялар газ түсіру құнын бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл мәселені банктер арқылы емес, газ тартушы компаниялар арқылы шешуге болады. Немесе банктерден ақшалай кредит алып, газ тартсаңыз болады. Бұл өз шешіміңізге байланысты.
Үй жөндеуге арналған кредитке келсек, мұны бірқатар банктер ұсынады. Мысалы: Нұр банктің «Нұр Жөндеу» кредиттік бағдарламасы 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін кредит алуға болады. 20 жылға дейін жылдық тиімді сыйақысы 14,79%. Несие алушының жасы 21-ден аспауы керек. Тұрғын үйге қатысты банктің арнайы талаптары бар. Онымен толық танысу үшін: https://nurbank.kz/kz/retail/credit/nurzhendeu
Сондай-ақ Азиякредитбанкінің «Тұрғын үй құрылысына және жөндеуге арналған кредит» бағдарламасы бар. 10 жылға дейін жылдық сыйақыс мөлшерлемесі 14 пайыздан кепілге қойылатын үй құнының 60 пайызы көлемінде алуға болады. Талаптарымен мына жерден таныса аласыз: http://www.asiacreditbank.kz/p/kredit_na_remont/kz.html
Қазкоммерцбанктің шұғыл қажеттіліктерге арналған кредитін пайдалануға болады. Бірақ, бұл нақты жөнеу үшін емес, кез-келген тұтынушылық мәселені шешуге арналған http://kaz.kkb.kz/retail/page/CreditNeotlojnye
Құрметті оқырман! Егер банктерге (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы, жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 707 768 21 44 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024