Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Қазақстанның жаңа Кеден кодексі құжат жұмыстарын барынша автоматтандыруды көздейді. Тауар таситын кәсіпкерлер барлық декларацияларын ақпараттық жүйе арқылы үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Кеден салықтарын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Оған сәйкес, декларант бір аванстық төлем жасайды, ал ақпараттық жүйе оны баж салығы және тағы басқа салық түрлеріне бөліп тастайды.
«Сосын кедендік салықтарды төлеуді бір айға дейін шегеруге мүмкіндік бар. Алайда артынан пайызын төлеуге тура келеді. Салық төлеуді алты айға дейін пайызсыз шегеру мүмкіндігі де қарастырылған. Ондай шара барлығына таралмайды. Мәселен, ауыл шаруышылығы техникасын жеткізу, асыл тұқымды малды тасымалдау және тағы бірқатар салалар бойынша алты айлық салықсыз кезеңді пайдалануға болады», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бәкенов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024