Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы (курстық жұмыс)
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика — мемлекет қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі — бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы — нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бүл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға жэне т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.
«Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы» деген курстық жүмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты мемлекеттік түрғыдан үйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
«Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең» - деп бекер айтылмаған.
I. Нарықтың даму тарихы және теориясы
- Нарық катынастарыныц даму кезендері
Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды,оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит /1723 -1790/ өзінің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде -жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» ролін атқару қажет. Мемлекет "Lаіssег fаіге" саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбардың пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мүндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық жэне сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық~ коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тэуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
1.2 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бүл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлері жер ауып келген орыс шаруаларының,, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бүл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бүл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен ұүрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бүзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі: «XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашалығымен шүғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің 7 проценттейі ғана («Россия», 10 том, С-Петербург, 1913, 321 бет). Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен». Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі – бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бүл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кен байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте үзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады.. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтыды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында» былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші негізінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасты, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар жұне валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болды.
Үшінші кезең 5-10 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
1.3 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен 1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға, мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бүл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи, әмбебапты заңның» әрекетімен түсіндіреді. Мүндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дүрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бүған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтІп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П.Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі түр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет – әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып, барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады.
II. Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
2.1 Нарықты ұйымдастырудың эдістері және оның өзекті үш мәселесі
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бүл әдістері бір өндіріс шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды.
Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады.
Бүл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бүндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылың байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: "неге мүмкіндігіміз бар, соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал". Орталықтан бекітілген қорлар бойынша жоспарлап бөлу -экономиканы мұндай моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ, шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорыннан жоғары органдарға жеткенше, одан шешімін тауып қайтып келгенше жағдай қайта өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіруге, ресурсты үнемдеуді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау - қоғамдық өндірістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын- ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бүл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше -сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды кажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТП элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы нарық ҒТП жетістіктерін ендіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін керек? Бүл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатысына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың пікірінше экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік немесе нарықтық әдістері "таза күйінде" өмір сүрмейді. Олардың тұжырымдауынша, нарықты экономикасы дамыған елдерде экономиканы ұйымдастырудың аралас моделі қалыптасқан, онда жеке және қоғамдық институттар экономикалық бақылау жасайды:, жеке жүйе "көрінбейтін қолмен" нарықтық механизмге бағыт-бағдар беріп отырады, ал қоғамдық институттар-әкімшілдік жолмен реттеу және салық стимулдары арқылы.
2.2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникасымен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз^өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта болу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарықтық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бүрын соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бүл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бүл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бір проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бү_л анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып - сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын. Тауар ақша қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға үмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге,нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквивалентік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігімен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары –бәсеке -өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін.
Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.
2.3 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары жэне түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушылардың арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдарді экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауар бағасымен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға.олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жүмсалатын қоғам; қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызметте атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктері тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты бір қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдай тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр түрлі факторларға байланысты белгі бір нақты әлеуметтік экономикалық жағдай өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатын және өмір сүруін дәлелдеп береді.
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің
болуы;
- нарық инфрақүрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы. Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы, олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналисттер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездегі жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт - ол өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,нарықтың тиімді жүмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады.
Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикаға жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым - несие жүйесі болмай жұмыс жасай алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ғылыми техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз (ипотекалық) жылжымайтын мүліктердің кепілдігіне ақшалай қарыз берушілер банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдарының қоры құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі - атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктің қол шоқпарына айналар еді, ал енді мұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикага орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады және заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауын қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджетінің кірісімен шығысын теңдестіруге қол жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Алтыншыдан, өнім өндірушілердің өнім өндірудегі және сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені (латын сөзі - конкурро-бәсекелесу) нарықтың тең құқылы субъектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздеріне қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғүрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғүрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрі сатушыларының саны 4-5 тен, ал барынша тиімдірегі 8-15-тен кем болмау керек. Егер фирма белгілі бір тауар түрінің 80%-ін өндіретін болса, онда нарық монополияланған деп есептеледі.
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы мәліметі (маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шартына жатады.
Қазіргі нарық қүрылымы жағынан сан алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді: дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық нарық және оқшауланған (локальды) немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбас операциялары нарықпен байланыста болады. Қазіргі кезеңде нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда, соның ішінде әсіресе Шығыс Европа жэне Европалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭС), бұрынғы Совет Одағы қүрамында болған, қазірде тәуелсіздік алған егеменді мемлекеттер арасындағы нарық қатынастары. Осының нәтижесінде шын мәніндегі бүкіл дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалык айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқан, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
¥лттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. ¥лттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бүл қатынастар, нарық қызметінің шарты - ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық - кейбір елді пункттердің жиынтығы болып табылатын нарық. «Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай нарықты: дамыған (кемелденген) нарық, қалыптасу үстіндегі нарық және әртүрлі дәрежеде бәсекені шектеу нарығы (олигополиялық, монополиялық т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық, баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Сатушылардың аздығын, үміткерлердің бұл нарыққа енуінің қиындығымен, әрбір сатушының бәсекелестерінің стратегиясымен әрекетіне қарай шапшаң шешім қабылдаумен түсіндіруге болады. Егер бір компания өз өнімінің бағасын 10 процент төмендетсе, сатып алушылар тез соған ауып кетеді. Сондай өнім шығаратын басқа өндірушілерге не бағаны төмендетуге, не сол өнімді пайдалануға байланысты көптеген қызмет түрлерін ұсынуға тура келеді.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. «Сатушылар нарығында» сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың «белсенді қайраткері» болуға тура келеді. Нарықтың мұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән. «Сатып алушылар нарығында» экономикапық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең «белсенді іскері» болуға тура келеді.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі және ресми нарық деп атайды.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және теңдестерілмеген нарық деп бөлу көзделген .Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды. Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік болмайды, ол сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалмауына байланысты.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық - салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін, өткізу объектісі, халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды. Нарықты көлемді тауар топтары бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан - бөлке, макарон өнімдері т.б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары, бас киім және шұлық бұйымдары нарықтары бөлініп көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын ішкі нарық, оның барлық тармақтарының қызмет жасауы мен дамуы өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйықта емес, ол сыртқы нарықпен тығыз байланыста болады.
III. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
3.1. Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік-нарықты дамытудың алғышарты
Басты экономикалық мәселелерді шешуде нарықтық экономикаға тең келетін экономика жоқ.
Біріншіден, нарық өнеркәсіп пен тұынушы арасындағы мәселені шешіп отыр. Бұны шешу үшін сұраныстың төлем төлеу қабілеті мен өнім өндіру арасындағы сәйкестілік пайдаланылады.
Екіншіден, нарық еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл үшін артта қалғандарды ілгері кеткендерден аяусыз бөлектейді. Кім тезірек жаңа технология мен құралдарды пайдаланса, кім тұынушы сұранысының өзгергенін тез анықтаса, өндірісті жоғары қарқынмен дамытса сол жеңеді.
Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында баға еркін болады. Еркін баға — нарықтық экономиканың жүрегі. Еркін бағадан шегіну диктатураға әкеледі деген болатын батыс экономисі Ф.фон Хайек.
Төртіншіден, конкуренцияның түгелдей еркіндігі. Монополизмнің жоқтығы кез- келген өндірушіні нарықтық бағаға әсер етуден айырады, сөйтіп еркін конкуренцияның шарттарын бұза алмайды. Сонымен бірге нарықтық қатынастағы әрбір қатынасушы сұраныс пен ұсыныс, баға, пайда нормалары, еңбек пен капиталдың нарықтағы орны туралы толық информация алып отыруы керек. Бұл оған капиталды орналастыруда ең жақсы таңдау жасауына және өзіне қолайлы шартпен товар сатып алуына жағдай жасайды.
Бүл айтылғандарға қоса мына жағдайлардың да үлкен мәні бар. Ол жағдайлар: елдің финанс пен ақша жүйесінің тұрақтылығы, сыртқы нарыққа ашықтығы, саяси тұрақтылық және т.б.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей елдің экономикалық тұрақтануына қол жеткізу үшін шағын және орта бизнес рөлі ерекше. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономикаға өтудің алғышарты болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы көптеген өнеркәсіп орындары мен кәсіпорындар ашылады. Жұмыс орындары көбейеді, салық түсімі жоғарылайды, елімізге импорттық тауарлардың әкелуін азайтып, елдің импортын азайтады және т.б. Әрине Қазақстан он төрт жыл тәуелсіздігі ішінде нарықтық экономика саласында көптеген жетістіктерге жетті. Мысалға алатын болсақ Атырау қаласында шағын бизнестің 9000 субъектісі бар. Оның ішінде заңды түлға 2560, жеке тұлғалар мен фермерлік шаруашылық 6386, экономиканың осы секторының өндірілген өнім көлемі 3,4 млрд. Теңге, жұмыс орындарының саны 31000 адам. Шағын бизнес субъектілерінің бюджетке төленетін төлемдері 424,3 млн теңгені құрайды. Алкоголь өнім өткізу орындары 7 нарық орталары жұмыс жасайды. Атырау облысы аймақтарында көптеген дүкендер, киоскілер ашылды. Шағын бизнесте негізгі орынды өнеркәсіптің өндіріс ауыл шаруашылығының өнімін өңдеу құрылыс, көлік байланысы болады. Нарықтық механизмге өту негізделеді. Шағын бизнесті ашу үшін кәсіпкер банктен несие алады. Банк несиені шағын деңгейдегі тәуекелділігімен береді. Сондықтан да несиені қанша қаржы керек, қандай мақсатта қажет екендігін білетін кәсіпкер алады. Ақша тек бизнес жоспарға байланысты беріледі. Нарықтық экономиканың кедергісіне қарсы тұруы үшін кәсіпкерлер бірігеді. Ал кәсіпкерлікті ашу үшін көмек қажет. Осыған байланысты консалтингтік қызметтің рөлі ерекше.
3.2 Нарықтық экономиканың кемшіліктерін жұмсарту және жоюдағы мемлекет атқаратын қызметтер
Тауарлық тапшылықтың болуына жол бермей, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына жол аша отырып, экономиканы нарықтық ұйымдастыру кейбір проблемаларды шеше алмайды. Оған ең алдымен ақшамен өлшеуге болмайтын қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету жатады. Қазіргі қоғамда мұндай қажеттілік қалайда керек және оны ескермеу тіпті мүмкін емес.
Ешқандай қоғам халықты қорғау жүйесінсіз, халыққа білім бермей, қоғамдық тәртіп сақтау күштерінсіз, біртұтас энергетикалық жүйесінсіз, мемлекеттік және жергілікті басқару аппаратынсыз және т.б. болмаса өмір сүре алмайды. Бұларды бүкіл халық пайдаланатын болғандықтан бұлар «қоғамдық» немесе «коллективтік» тауарлар деп аталады. Бүл тауарларды өндіруді, және қызмет түрлерін мемлекет өз мойнына алады. Және ол үшін бюджеттен, яғни жеке азаматтар мен өнеркәсіп орындарының табыстарына салынған салық арқылы қаржыландырады. Және бұл жерде мемлекет "қоғамдық тауарлардың" күрделі құрылымы бар екендігіне, яғни, олардың бір бөлігін (мыс, ұлттық қорғанысты) халық түгелдей пайдаланса, екінші бір бөлігін (берілген региондағы милиция қызметін), ал үшінші бөлігін - халықтың бір бөлігі ғана (коммуналдық қызмет) пайдаланылатын ескеру керек.
Міне осындай "қоғамдық тауарлардың" қажеттіліктерін қамтамасыз ету нарықтық жағдайда жүзеге аспайды. Мұны нарықтық экономиканың 1-ші кемшілігі дейміз.
2-кемшілігі, "сыртқы эффекті" деп аталатынына байланысты. Бұл осылай түсіндіріледі: Нарықтық өнеркәсіп орнының артықшылығы да, кемшілігі де бар. Бұл кемшілік ақшаға байланысты болмауы мүмкін, бірақ қоғамның басқа мүшелерінің тұрмыс жағдайларына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сыртқы эффектілер, өнеркәсіп орындарының жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы, мөлшерсіз пайдалану нәтижесінде табиғи қордың таусылуы, өнеркәсіпте құрылымдық және региондардың пропорциясының бұзылуы т.б. Бүл кемшіліктерді нарықтық механизм өздігінен жоя алмайды, себебі ол ақы төлеуді жоғарылата беру экономикасына негізделген. Сондықтан, сыртқы эффектіні реттеуді үкімет өз қолына алуға мәжбүр. Үкімет мұны сыртқы эффектінің жағымсыз жағын азайту үшін, мемлекеттік бюджет арқылы табысты етпеу, т.с.с. жолдармен шешуге тырысады. Бұл заңдарды орындамаған жағдайда түскен пайдадан да көп есе артық штраф салынады. Сьіртқы эффектілермен күрес кезінде мемлекет жалғыз емес. Оған тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұйымдар, еркін пресса, демократия институттары көмектеседі. Бұлардың барлығы нарықтық механизмнің әсерін реттеп, сыртқы эффект кезінде пайда болатын соқыр ойынның негативті зардаптарын жоюға немесе әлсіретуге мүмкіндік береді.
Ақырында нарықтық механизм тудыратын 3-ші кемшілікті қарастырайық. Ол нарықтық механизмнің жеке адамның социалды -экономикалық правосымен, соның ішінде еңбек правосымен байланыстылығы. Нарықтық экономика халықты түгелдей жұмыспен қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Жұмыссыздықтың әр түрінің өсуі немесе азаюы кезеңді түрде қайталанып отырады. Бұл технологиялық (өнеркәсіптің ескіріп жабылуынан), структуралық (экономиканың қайта құрылуынан), региональдық (әртүрлі регионның бірқалыпты дамымауынан), жасырын (фермерлердің бір бөлігінің күйреуінен) түрде көрінеді. Мемлекеттің ролі бұл жағдайда қалай болғанда да халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету емес. Бұл нарықтық механизмді құртқан болар еді. Сондықтан, бұл жердегі мақсат - жұмысшы күшін дұрыс реттеу, адамдарға әлеуметтік төлемдер арқылы көмектесу, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарларын орындау.
Нарық шеше алмайтын тағы басқа проблемалар үкіметтің араласуын керек етеді. Бұған тез арада қайтарым бермейтіндері инвестициялық жобалар, инфляция мен монополизммен күрес, т.б жатады.
Сонымен, бір жағынан нарық шаруашылықты ұйымдастырудың неғұрлым тиімді әдістерін ұсынады, ал екінші жағынан оның кемшіліктері де бар. Оны үкімет қана әртүрлі формада әсер ету арқылы жояды немесе жұмсарта алады. Сондықтан қалыпты экономика деп әрқашан реттеуге келетін экономиканы айтады.
3.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез- келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мынадай сұрақ туындайды мемлекеттік араласу - объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма?
Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өріс алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бүл тәжірибенің нарықтық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми талдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемлекеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд "таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес" – деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті бөлуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін атап көрсетеді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажетгілігін анықтайтын факторлардың мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, үғымдық түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселен "таза қоғамдық тауарлар", яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік — тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бүл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен "көршілес" тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бүл істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі қандай?
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бүл жүйенің негізін -— микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) "қозғалысының" қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механизм әрекетінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер мұндай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффициентінің мөлшері жоғарылайды.
Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен шектелетіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой-өрісінен тыс қалатындығы әбден қисынды да, түсінікті. Бүл нарықтық механизм құрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмейтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:
а) ағымдағы және болашақтағы табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу;
ә) шаруашыльіқ жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі алдын- ала бекітілген ережелер мен мөлшерден артық кететін болса, оларға әкімшілік-құқықтық шектеулерді бекіту;
б) табиғатты тиімді пайдалануды ынталандыратын механизмді жасап-дайындау және бақылау.
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу — мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл — үкіметтің болжамы емес, оның объективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие болады:
- өндірістік немесе әлеуметтік сипаттағы нақтылы мәселелердің тиімді шешімі оны макроэкономикалық деңгейден қарастырғанда, яғни, тек жиынтық табыстарды жиынтық шығындармен салыстыру жағынан келгенде тиімсіз болып шығуы әбден мүмкін. Егер жиынтық шығындардың абсолюттік көрсеткіштері жиынтық табыс бойынша көрсеткіштер деңгейінен жоғары болса, — бұл шешімнің тиімділігі күмәнді болады;
- халық шаруашылығының тиімді аймақтық-салалық құрылымын құру жөніндегі мемлекеттік шаралар жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалар мен аймақтардың тұрғысынан тіпті де тиімді болмай шығуы мүмкін, өйткені соңғылардың деңгейінде мемлекеттің макроэкономикалық мүдделері әрдайым қарастырыла бермейді;
- егер экономиканы өсіңкілі ұдайы өндіретін жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда макроэкономикалық теңгермешіліктің өзі осы жүйенің болашақтағы даму тиімділігінің факторы ретінде алынады.
Осыларды ескеретін болсақ, мемлекеттік реттеу барысы өз кезеңінде нақтылы бір мерзімге есептелген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының туындысы болып табылатын тұтастай экономикалық жүйе дамуының бағдарламалы-мақсатты нұсқауларына бағындырылуы қажет екендігі туындайды..
Тәжірибелер мен әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, мемлекеттік реттеу барынша "жоғары ранг" мақсаттарын жүзеге асыру жұмысына жақын тұрады.
Бәрінен бұрын, сөз мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру жөнінде болуы керек. Біздің ойымызша, оны ішкі, сондай-ақ әлемдік деңгейде де шаруашылық жүргізудің тиімді нәтижелерін қамтамасыз ететін үкімет іс-әрекетінің ұзақ мерзімдік бағыты, жолы ретінде түсіну керек. Бұл жолдың бағытын дұрыс таңдау оның сызықтық кескінінде кездесетін сынықтан аулақ болуға мүмкіндік береді. Бірақ, мұндай таңдау:
- жаңа экономикалық саясатқа өту кезеңіндегі қалыптасқан әлеуметтік шаруашылық жағдайды терең ғылыми талдауға;
болашаққа қажетті қоғамның материалдық-техникалық, табиғи-экономикалық және интеллектуалдық қорларын анықтауға арналған ғылыми көп вариантты болжамдардың эксперттік бағалауы мен нәтижелеріне;
- халықаралық экономикалық саясаттың мүмкін болатын өзгерісі мен сыртқы экономикалық байланыстар тиімділігін болжауға негізделген жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.
Тиісті мемлекеттік органдар ғылыми қызметінің жоғарыда аталған бағыттары экономикалық саясат қалыптасуының маңызды бөліктерін ақпараттық қамтамасыз ету банкін құрайды. Бұл бөліктерге, біздің ойымызша, қорларды тиімді пайдалану саясатын, ішкі шаруашылық және әлеуметтік саясатты, сыртқы экономикалық саясатты жатқызу жөн сияқты. Құралдар құрамының жүйелілігі көбінесе экономикалық даму мақсаттарының қандай да бір саяси құрал өзгерісінің әсерімен мүмкін болатын өзгерісі (сандық өлшемде) қаншалықты дұрыс бағаланатындығына байланысты болады. Мұндай бағалаудың шапшаңдығы мен әділдігі жүргілізіп отырған экономикалық саясаттың тиімділігін
Тиісті әдебиеттердің, ресми құжаттардың талдап-қорытулары мен мемлекеттік реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, оның келесідей негізгі қағидаларын атап өтуге болады:
- мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
- халық шаруашылығын басқару иерархиясының барлық деңгейлеріндегі шаруашылық жүйесінің тиімді шамаластық, сай келушілігі мен теңгермешілігі;
- мемлекеттік реттеу бойынша шешілетін мәселелердің сипаты мен деңгейіне сай келетін құралдарды таңдай білу;
- реттеу барысында тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның ішінде макроэкономикалық тұрақтылыққа айтарлықтай әсер ететін мэселелерді кешенді түрде қарастыру.
Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субьектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі, көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты. Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін қалай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік:
- Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бүған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.
Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мацсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикаиық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердсгі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;
ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің әэртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;
6) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
- Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:
а) несиенің пайыз нарқыныц өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;
ә) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін несие нарқын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы, керісінше іскерлік белсенділікті көтермелейді;
б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) ерікті ақша салымдарынан (бос резерв) және міндетті ақша салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;
в) "ашық нарықтагы операциялар". Бұл жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын салуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.
- Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
- Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.
- Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты — бірнеше айдың ішінде нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдің ағымдағы кезеңінің қозғалысын өзгерту, оның ішінде экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып отыр.
Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық саясат деп аталады.
- ¥зақ мерзімді реттеу - бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойынша экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми-техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.
Қорытынды
Сонымен, қорыта айтқанда, нарықтық қатынастар ерте заманнан пайда болған. Ол шаруашылықты жүргізудің құралы. Нарықтың қалыптасуының өзі айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық қатынастардың дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы. Ал нарықтың өзін 3 түрге бөлетінін жоғарыда айтып өттім. Олар еркін, монополиялы, реттемелі нарық.
Бұрынғы Совет Одағында нарық монополиялы болды. Еркін бәсеке шектелді, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етті. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқты. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік, әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Міне, сондықтан Совет Одағы құрамындағы Қазақстан да осындай күй кешті. Қазақстан 70 жылдан аса уақыт бойы аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қалды. Қазақстанда қоғамдық прогресс дамымай, өндіргіш күштерінің дамуы тежелді.
Қазір Қазақстанның алдында тарихи әділетсіздіктерді жеңіп, Қазақстанды көркейту міндеті тұр. Ал ол міндет нарықтық экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономиканы дамытуды Қазақстан үкіметі 3 кезеңге бөліп отыр. Бірінші кезеңде микроэкономикалық тұрақтандыру: мемлекет меншігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. Екінші кезеңде экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жоюды жалғастыру, көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектік меншік нарығын құру. Үшінші кезеңде экономиканың шапшаң дамуы, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюы және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
Енді Қазақстандағы нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне келетін болсақ, нарық бағаға еркіндік әкелді. Еркін бэсекелестік орнатты. Еңбек өнімділігін арттырды. Тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнатты. Қазақстан рыногінде тауар молайды. Бірақ, кемшіліктері де бар.
Ол кемшіліктер: 1) «Қоғамдық тұтынуды» нарық шеше алмайды. Білім беру мәселесін, медицина, тәртіп сақтау қызметін үкіметтің араласуынсыз нарық ешқандай шеше алмайды. 2). «Сыртқы эффект» деп аталатын жағдайларға байланысты болатын кемшіліктер. Бұл экология саласындағы мәселелер. Мысалы: Теңіз кенішіндегі экологиялық жағдай өте ауыр. Ол мәселені тек үкіметтің араласуы ғана шеше алады. Су тасқыны, жер сілкіну зардаптарын да тек үкімет жоя алады. Қарт, мүгедек адамдарға көмек көрсетуге де нарықтың әлі келмейді. 3). Нарық жүмыссыздықты жоя алмайды. Осы мәселелерді шешу жолында үкімет бюджеттен ақша бөліп отырады.
Қазақстанда нарықтың кемшіліктерін жою үшін орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту керек деп ойлаймын. Осы орта және шағын кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын жақсартып, Қазақстандағы нарықтың дамуын жылдамдатады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан нарығы болашақта өз кемшіліктерінен арылуға мемлекет тарапынан күш жұмылдырылса және ол халық арасында қолдауға ие болса Қазақстан мемлекетінің гүлденетіндігіне дау жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Әубакиров Я. «Экономикалық теория және нарықтық қатынастар».// «Ақиқат» 1996 ж. №1
- Уоттсе М. «Нарықтық экономика әліппесі».// «Ақиқат» 2001. №9
- Әміров Т. «Нарықтық қатынастардағы кикілжіндер». // «Ақиқат» 1995 ж. №4
4. Адасбаев А. «Нарықтық экономиканың маңызды буыны». // «Егемен Қазақстан» 1997 ж. 19 наурыз №61
5. Жүнісов Б.,Мәметов Ү.,Байжомаров Қ. «Нарықтық экономика негіздері»./ Оқу методикалық құралы 1-бөлім, Полиграфия-Ақтөбе 1993 ж./
6. В.Крымова «Экономикалык теория».Алматы.Аркаим 2003 ж.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. / Алматы.1995 ж. /
8. Түркебаев «Основы рыночной экономики»./ Қазақстан даму институты. Алматы 1998 ж. /
9. Мамедов «Современная экономика»./ Ростов на Дону 1996 г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024