Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Монополия; пайда болу себебi, мәнi және ұйымдастырушыылқ-экономикалық формалары” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi рыноктық экономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Осылайша мен курстық жұмысты оындау барысындағы мақсатым мен мiндетiм монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымын. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiн.
I РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
- Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
- Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ болуы.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс абсалюттi икемдi болып келедi.
Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйк Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға көбейтiндiсiне тең
Бәсекелесу деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және ұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және стаып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
- Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
- Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
- Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда.
- Монополияның белгілері мен түрлері
Рынокты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:
- Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғлған;
- Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс саласы;
- Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын жағдай.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды жатқыссақ болады:
- Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап отырады.
- Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.
3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi
/ 4, 257 бет /.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады. Ол мемлекет антимонополиялық саясатты жүргiзедi.
II МОНОПОЛИСТІҢ НАРЫҚТАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ОНЫҢ МЕРЗIМ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ЕТУI
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты
Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мiжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының ерекшелiгiне байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар және жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл - басты ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға: негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су” , онда монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады.
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi. Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.
Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы. Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.
Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып келе жатыр, яғни бұл рынокқа басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi болмауда.
Сөйтiп қандай монополиялы жағдай болмасын олардың бәсекелес фирмадан айырмашылығы, нарықтық билiкке ие болған жағдайда фирма тауарына сұраныс қисығы ылдилы болып келедi.
Монополистiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелестiк фирма сияқты өндiрiс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан, тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Монополист өндiрушiнiң пайдасы төмендегiдей формуламен анықталады.
П = TR – TC = p(Q) * Q – TC(Q)
Мұндағы, П – монополист пайдасы;
TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;
TC – жалпы шығын;
Q - өнiм көлемi;
Р – баға деңгейi.
Яғни, пайданы барынша көбейту шарты “MR = MC” болып табылады.
Мұндағы, MR – шектi түсiм;
MC – шектi шығын.
Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.
Ресурс нарығындағы монополист қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:
МR = Р (1/Е +1) = МС
Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1/Е +1) = МС
Ал монополиялық қысқа мерзiмдi жағдайда пайдаы барынша көбейту шарты MR=MC.
МR = Р (1/Е +1) = МС
Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1/Е +1) = МС
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 6-шы сурттен көре аламыз.
Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық баға Pm болып табылады.
Монополиялық бағаны табу формуласы келесiдей болады.
Р = МС/ 1+1/Ер
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС – шектi шығындар;
Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.
Сондай-ақ монополиялы рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын қисығы ATC бiр-бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер, фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса, онда фирма экономикалық зиян шегедi.
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар
Ұзақ мерзiмдi кезеңде монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн болсақ келесi жағдайларды ескеруiмiз керек:
- Қандай жағдайда жалғыз өндiрушi ұзақ уақыт кезеңiнде өзiнiң монополиялық билiгiн сақтай алады.
- Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде тепе- теңдiк орнаса онда манополист бiрнеше зауыттар салу арқылы өндiрiс уқымын көбейтуге өандай күштер итермелейдi.
Ұзақ мерзiмдi монополиялық тепе-теңдiкке жетудiң негiзгi шарты жеке өндiрушiнiң оң экономикалық пайда табуға мүмкiндiгi болуы. Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi өндiрiстiң орташа шығындары мен монополиялық бағааның ара қатынастарында орнайды. Егер тауар бағасы монополист фирманың ұзақ мерзiмдi орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндiрушi оң пайда алады.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде монополист фирма екi жағдайда қызмет етедi: бiрiншi, зауыттың өндiру қуатын кеңейту, ал екiншi бiрнеше зауытпен iстеу.
Ұзақ мерзiмде монополист өндiретiн өнiмнiң ұтымды санын ұзақ мерзiмдегi шектi шығынның шектi түсiмге тең болған жағдайында анықтайды:
LRMC = MC
Мұндағы: LRMC- ұзақ мерзiм кезiндегi шектi шығын;
MC – шектi түсiм.
Өнiм шығару көлемiн ұлғайту мн ұзақ мерзiмдi орташа шығындардың азаюы қатар жүрiп тұрған кезде монополист тек қана бiр зауытта өнiм өндiредi, оны 7-шi суреттен көре аламыз.
Суреттен көрiп отырғандай LRMC < LRAC кезiнде монополист фмрма бiр зауытпен жұмыс iстейдi.Егер, оданәрi өнiм шығару орташа шығындардың өсуiне әкелiп соқса, онда монополистке бiр зауытпен жұмыс iстеу тиiмсiз болады. Бұл кезде монополист екiншi зауытты салу туралы шешiм қабылдайды.
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:
- Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
- Монополия жағдайын реттеу;
- Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
- Оларға әсер етпеу.
Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.
Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 8-шi суреттен көре аламыз.
Суреттен көрiп отырғанымыздай монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.
Келесi табиғи монополистi реттеу тәсiлi болып мемлекеттiң жеке меншiк монополист фирмаларды мемлекет иелiгiне өткiзуi болып табылады. Бұл саясат әсiресе Еуропа елдерiнде жиi кездеседi. Онда мемлекет табиғи монополияға жататын коммуналдық қызметтердi, яғни телефондар, электр жүйелерi және су құбырларын өз қолына алған. Ал АҚШ-та бұл саясат почталық байланыс саласында қолданылады.
Бiздiң мемлекетiмiзде табиғи монополияларды реутеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын мұнай және газ саласына, элекетр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.
2.3 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.
ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады.
“Қазақтелеком” ААҚ қазiргi таңда байланыс саласында интернет, сымсыз байланыс тораптары бойынша бәсекелестерi “Nursat”, “Patelko”, “Алтел”, “ GCM Қазақстан”, “K- Mobail”, “Унинад” компаниялары болып табылады. Яғни Қазақтелеком ААҚ 1990 жылы осы тораптар бойынша телекомуникация саласындағы үлесi 85% болса, ал 2004 жылғы мәлiметтер бойынша ақпарат және интернеттегi үлесi 58%
Қазақстанда қазiргi таңда экономикалық дамумен байланысты телекомуникация саласында компаниялар саны күннен күнге көбейiп, бәсекелi орта қалыптасуда. Бұл бiр жағынан елiмiз халқы үшiн ақпарат және интернетпен жоғары сапалы қамтамасыз етуiне әкеледi.
Мысалы “Қазақтелеком” ААҚ өзiнiң бәсекелестiк ортасын мығымдау үшiн әлемдiк интернет жүйесiн ADSL –ге қосылатындығын айтты. ADSL жүйесi жылдам әрi сапалы қызмет етедi. Сондай-ақ бұл жүйеде бiр мезгiлде интернеттi қолдануға және телефонмен сөйлесуге болады. Яғни “Қазақтелеком” ААҚ ADSL технологиясына қосылу арқылы тұтынушылардың қаржысын және уақытын үнемдеуге жағдай жасайды.
Ал екiншi жағынан “Қазақтелеком” ААҚ аймақаралық және жергiлiктi байланысында толық қанды табиғи монополист компания болып табылады.
Ол монополист ретiнде және телекомуникация саласында ұлттық компания ретiнде негiзгi екi қызметтi атқарады: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекомуникация қызметiн халықаралық стандартқа сәйкестiру болып табылады.
Сондықтан монополист компания бүгiнгi таңда “ ұлттық ақпараттық супер магистрал” қызметiн және торабын ел арасында орнатуда. “Қазақтелеком” ААҚ 2003 жылға қорытынды шығара келiп, компания иновациялық телекомуникация жүйесiн Шығыс қазақстан облысында ұзындығы 2400 км болатын торап тартумен сәттi аяқтады, сондай – ақ телекомуникация орталығына Семей және Ақтауды қосты.
2004 жылы “Қазақтелеком” ААҚ 1600 км болатын “Солтүстiк” торапты аяқтамақшы.
Ұлттық компаниямыз “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және аймақаралық бесекелестiкте орны өте төмен. Сондықтан елiмiздiң бұл компаниясын қолдау арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу.
Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады. “Қазақтелеком” ААҚ бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.
2003 жылы“Қазақтелеком” ААҚ Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр. Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның “Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады.
Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда. Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ “Ұлттық байланыс супермагистрал” жобасын толығымен iске асырса, 2006 жылы Азия мен Европа арасындағы телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналады. Бұл жоба елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi .
Сондай-ақ алдымыздағы 2007 жылға қарай елiмiздiң Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығы ашылмақ, бұл қызметтi орындау үшiн ең алдымен мiндеттi түрде байланыс саласын және интернет тораптарын халықаралық стандарттарға енгiзiп, олардың қызмет ету жылдамдылығын арттыру керек.
Экономикалық тұрғысынан келетiн болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық компаниямызды табиғи монополия қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады.
Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта бәсеке қабiлеттiлiгiн артыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауындағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдынғы қатарлы елдер” санатына қосады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, рынок құрылымының қызмет ету механизмiн теориялық және практикалық түрде толық зерттеу, ұлттыө экономиканың тиiмдi дамуына өз септiгiн тигiзедi. Рынок құрылымына байланысты және олардың рыноктағы салмағына байланысты экономиканың әр салаларында, әр елде әр түрлi болып келедi. Сондай-ақ ұлттық экономикамыздағы рыноктық қатынастардың күрделенуi көптеген мәселелердi талқылауға қажет етiп отыр. Елiмiзде рыноктың қарама қайшы түрi жетiлген бәсеке мен монополиялы рыноктың қызмет етудiң ерекшелiктерi көрiнуде.
Осы рынок құрылымдары өз кезегiнде өзiнiң қызмет етуiне байланысты экономикаға, әлеуметтiк салаға және сыртқы экономикалық байланыстарда қызмет етуi, оның түрлерiде әр түрлi екенi белгiлi.
Осындай рынок құрылымының бiр түрi монополия болып табылады. Монополияның пайда болуының және оның басқа рынок құрылымдарынан ерекшелiгi өндiрушiнiң немесе тұтынушының жалғыз фирма болуы, рынокқа басқа фирмалардың енуiне тосқауылдардың болуы және монополист фирма баға саясатын өзi iске асыратын болуы тиiс.
Сонымен, монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл рыноктағы фирмалар баға деңгейiне толық өзгертулер енгiзе алады.
Экономикалық тұрғысынан келетiн болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық компаниямызды табиғи монополия қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады. Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта бәсеке қабiлеттiлiгiн артыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауындағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдынғы қатарлы елдер” санатына қосады.Қорытындылай келе, байланыс саласындағы монополия жағдайында келесi iс-шараларды атқаруымыз керек:
- Телекоммуникация саласында интернет және сымсыз байланыста бәсекенi тиiмдi жолмен жетiлдiру, ал ел аумағындағы қалааралық және жергiлiктi телефон байланысында табиғи монополияны сақтап қалу, яғни монополист фирма“Қазақтелеком” ААҚ болып отыр;
- Осы салаға белгiлi дәрежеде мемлекеттiк реттеудi iске асыру, оның бiрден-бiр әдiсi тарифтiк саясат болып отыр;
- “Қазақтелеком” ААҚ байланыс саласындағы дамуы екi кезеңнен тұрады, яғни өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу;
- Әлемдiк рынокта жоғары бәсекеқабiлеттiлiгiнiң артуы үшiн жоғары дәрежелi технологиялармен қызмет етiп, ұлттың iшiнде бiрыңғай байланыс тораптарын жүргiзiп, Азия мен Еуропа арасындағы байланыс көпiрi болуы керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
- Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
- Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
- Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
- Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
- Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
- Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
- Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
- Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Афтореферат. – Караганда. – 2004 г.
- Экономика и права Казахстана, 2004 / №13.
- Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3.
- Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024