Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, табиғаты, оның экономиканың әлеуметтiк және экономикалық салаларына тигiзер оң және терiс әсерлерiн қарастыру.

Сондықтан микроэкономика пәнi бойынша курстық жұмыстың тақырыбын «Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар” деп алдық.

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.

Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi. Осы аталған монополияның экономикадағы маңыздылықтарын ескере отырып оларды жан-жақты талдау мен анықтау осы курстық жұмысты орындаудағы алдағы мақсаттар мен міндеттер болып табылады.

Осылайша курстық жұмыс барысында монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастырмақшымыз. Әрине соңғы бөлiмде Қазақстандағы осы рыноктың жалпы көрiнiсi және телекоммуникация саласындағы табиғи монополия (“Қазақтелеком ААҚ”) мысалында қарастырып өтпекшiмiз.

  1. МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1  Монополия мәні мен түрлері 

Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.

Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

Рынок құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады:

  • Жетiлген бәсеке нарығы;
  • Монополия;
  • Монополиялық бәсеке;
  • Олигополия.

Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,  олардың өзара келiсiм жасауға  мүмкiндiгi болмауы тиiс.

Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және стаып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.

Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi.

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды.

Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз .

Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар / 1, 319 бет /.

Бұл шектеулер төмендегiдей:

  • Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
  • Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
  • Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.

Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық  патентi жоқ болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.

Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.

Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.

Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.

Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда  / 11, 224 бет /.

Нарықты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:

  • Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғлған;
  • Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс саласы;
  • Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын жағдай.

Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды жатқыссақ болады:

  • Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.

Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап отырады.

  • Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.

Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны  2-шi суреттен көре аламыз / 6, 173 бет /.

Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.

Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады.  Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.

Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады / 5, 305 бет /.

1.2 Монополистің нарық жағдайындағы әрекеттері

Рынок құрылымында  жетiлген бәсеке  рыногына қарама-қайшы рынок түрi  бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында  тұтынушылардың алдында бiр ғана  iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және  монополия  түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада  монополистiң өнiмiн пайдалаып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мiжбүр болады.

Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде  шын өмiрде сирек кездеседi.  Олар  көбiнесе  рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып  келедi.  Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей  тауар олар  мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң  орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының  ерекшелiгiне байланысты.

Бiздiң өмiрiмiзде  жетiлген бәсеке көбiнесе  астық, құнды қағаздар және  жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.

Ал монополияның толық қамтитын түрi  ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi  қайта тұтынуға  келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше  құқықтар беру арқылы  көрiнуi мүмкiн.  Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету  саласында орын алады.

Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс  халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен  қамту салаларында  көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы  орынды,  себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта  екiншi бәсекелес фирма келу үшiн  ол бүкiл сол аумаққа  өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз  артық шығындарды туғызады.

Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл  - басты ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға: негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған қарапайым мысал  ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су” , онда монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады / 1, 318  бет /.

Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.

Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi. Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.

Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы. Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.

Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып келе жатыр, яғни бұл рынокқа басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi болмауда.

Монополистiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелестiк фирма сияқты өндiрiс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан, тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi.

Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.

Ресурс нарығындағы монополист қысқа мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:

                                             МR = Р (1/Е +1) = МС                                           (1)

Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:

                                            Р (1/Е +1) = МС                                                         (2)

Ал монополиялық қысқа мерзiмдi жағдайда  пайдаы барынша көбейту шарты MR=MC.

                                            МR = Р (1/Е +1) = МС                                       (3)

Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:

                                            Р (1/Е +1) = МС                                                         (4)

Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi  Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң  шектi шығынына қарағанда  жоғары болады,  яғни Р  >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 4- сурттен көре аламыз / 2, 325 бет /.

Монополиялық нарық бағасы  өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық  баға Pm болып табылады.

Монополиялық бағаны табу  формуласы келесiдей болады .

                                                Р =  МС/ 1+1/Ер                                                 (5)

Мұндағы, Р - монополиялық баға;

                            МС – шектi шығындар;

                          Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.

Сондай-ақ  монополиялы рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын қисығы AC бiр-бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер, фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса, онда фирма экономикалық зиян шегедi.

Ұзақ мерзiмдi кезеңде  монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн болсақ  келесi жағдайларды ескеруiмiз керек:

  1. Қандай жағдайда жалғыз өндiрушi ұзақ уақыт кезеңiнде өзiнiң монополиялық   билiгiн сақтай алады.
  2. Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде тепе- теңдiк орнаса онда манополист бiрнеше зауыттар салу арқылы  өндiрiс ауқымын көбейтуге қандай күштер итермелейдi.

Ұзақ мерзiмдi  монополиялық тепе-теңдiкке жетудiң  негiзгi шарты жеке өндiрушiнiң  оң экономикалық пайда табуға  мүмкiндiгi болуы.  Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi  өндiрiстiң орташа шығындары мен монополиялық  бағааның ара қатынастарында орнайды.  Егер тауар бағасы монополист фирманың  ұзақ мерзiмдi орташа шығындарынан  жоғары болған жағдайда ғана, өндiрушi оң пайда алады.

Ұзақ мерзiмдi кезеңде  монополист фирма екi жағдайда  қызмет етедi: бiрiншi, зауыттың өндiру қуатын кеңейту, ал екiншi бiрнеше зауытпен  iстеу.

Ұзақ мерзiмде монополист  өндiретiн өнiмнiң ұтымды санын  ұзақ мерзiмдегi шектi  шығынның шектi түсiмге  тең болған жағдайында анықтайды:  / 3, 22 бет /.

                                      LRMC = MC                                                     (6)

Мұндағы:  LRMC- ұзақ мерзiм кезiндегi шектi шығын;

                    MC – шектi түсiм.

Өнiм шығару көлемiн  ұлғайту мн ұзақ мерзiмдi  орташа шығындардың  азаюы қатар жүрiп тұрған кезде монополист тек қана бiр зауытта өнiм өндiредi, оны 5-шi  суреттен көре аламыз.

LRMC < LRAC  кезiнде монополист фмрма  бiр зауытпен жұмыс iстейдi.Егер, оданәрi өнiм шығару орташа шығындардың өсуiне әкелiп соқса, онда монополистке  бiр зауытпен жұмыс iстеу тиiмсiз болады. Бұл кезде монополист екiншi зауытты салу туралы шешiм қабылдайды.

Бұл кезде өнiм көлемiн  ұлғайту үшiн өндiрiс қуаты Q* болатын екi зауыт салу тиiмдi болар едi. Бiрақ өндiрiстiң орташа шығындары LRAC min деңгейде болады.  Монополист фирма  өндiрiстi зауыттардың әр қайсысында  өнiм шығару кезiнде шектi  шығындары шектi түсiмге  тең болатындай етiп орналастырылады,

                                      LRAC min  = LRMC = MR                                      (7)

теңдiгi орындалады.

  1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛАР

2.1  Еліміз экономикасындағы монополиялар және инновациялық   жаңалық

Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты  рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық  экономикамызда монополиялы  нарықтың да орны ерекше. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында   “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсатыбәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау  / 2, 3 бет /.

Стратегия мақсатындағыдай бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiн қалыптастыру үшiн рынок құрылымының жиi кездесетiн түрi монополиялық бәсекенiң орны ерекше.  Яғни, монополиялы бәсеке рыногында бәсекеқабiлеттi сапалы тауарлар өндiруге фирмалар ие болып, рынокта монополиялық билiкке ұмтылады. Фирмалардың арасындағы мұндай бақталастықтың монополист жалғыз фирмадан артықшылығы сол, егер монополия рынокта тұтынушылар алдында жалғыз ғана фирманың өнiмдерi болып, олар соны тұтынуға мәжбүр болады, сондықтан кей кезде монополист фирма өз өнiмдерi өнiм сапасын жақсарту үшiн артық шығындар жұмсамауы да мүмкiн. Өйткенi олардың тауарлары рынокта мiндеттi түрде өтiп отырады. Ал, монополиялы бәсеке рыногындағы фирмалардың санының көп  болуына байланысты олардың бәсекелестерiне төтеп беру үшiн өз өнiмдерiнiң сапалы және бәсеке қабiлеттiлiгi жоғары болуын қамтамасыз етедi.

Мұндай инновациясы бар, еркше сапалы өнiмдер өндiретiн салалардың саны көбейiп, олардың дамуы елiмiздiң ұлттық экономикасы үшiн маңыздылығы жоғары екенi белгiлi.  Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады.

Осындай өңдеу өнеркәсiбiнiң iшiндегi кезек күттiрмейтiн, қарқынды даму жолына түсудi талап ететiн салалардың бiрiне жеңiл өнеркәсiбi жататындығн атап өтуге болады. Өйткенi, бүгiнде Қазақстанда монополиялық бәсеке рыногында тамақ өнiмдерiнiң бәсеке қабiлетi бiршама жақсы болғанымен жеңiл өнеркәсiбiнiң жағдайы әлi де болса дамуды, экономикалық қолдауды қажет етедi.

Жоғарыда өзiмiз атап өткендей монополиялы бәсеке рыногы көбiнесе жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде көрiнiс табады. Жеңiл өнеркәсiп саласында 1999 жылдан бастап өсу қарыны байқалды. Тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнде 2002 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 125,6%-ға артқанмен, өнiмнiң көптеген түрлерi бойынша өндiрiстiң төмендегенiн көрсетедi. Шикiзат пен материалдардың тапшылығы (“Озат” АММК), жiптiң аздығы (“Тұлпар”АҚ), айналым қаржыларының жетiспеушiлiгi (“Атрико” АҚ, “Котекс” АҚ, “Южтекс”Ақ, “Дина”АҚ, “Обувная фабрика” АҚ) сияқты кәсiпорындарды тығырыққа тiредi.

Қазақстан нарығына келiп түсетiн тоқыма және тiгiн өнеркәсiп өнiмдерi көп жағдайда үкiметi жеңiлдiктер мен субсидиалар беретiн елдерден әкелiнедi екен. Сөз жоқ, мұндай өнiмдердiң сапасы отандық тауарлардан төмен, бағасы арзан. Статистика мәлiметтерiне жүгiнетiн болсақ, елiмiзде тұтыну тауарларын импорттау көлемi 700 млн. АҚШ долларын құрайды екен, ал қалғаны астыртын әдiстермен сырттан тасылады.

Импортталатын тауарлар құрамындағы киiм-кешек, аяқ-киiм, жеңiл көлiктер, медикаменттер, жиһаздар және т.б. Ресей, Германия, Түркия, Оңтүстiк Корея, Қытай, Ұлыбритания, Азия сияқты елдерден ағылып келуде.

Сарапшылардың топшылауынша , тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң ойдағыдай дамымай отыруының басты себебi айналым қаржыларының жетiспеушiлiгi мен негiзгi қорлардың тоуы болып отыр. Негiзгi құралдардың тозу шамасы – 31,5%, олардың жаңару коэффицентi – 0,7%, ал ескiру коэффицентi – 0,8% құрап отыр.

Осы салаға мемлекеттiң әсерi салық салу, несие беру және лизингтiк қатынастарды дамыту болып табылады. Ондағы өндiрiстiк аппараттардың ескiруiнiң басты себебiне тоқтайтын болсақ, мемлекеттiң белсендi қолдау шараларының қажеттiгiнде деп тұжырым жасауға болады. Мысалы, инвестициялық қызметтi жақсы жолға қою арқылы “Қыз Жiбек” АҚ-да өнiм түрлерi көбейдi. Оған бiрден-бiр себеп, осы қаржыларға әр түрлi үлгiдегi өнiм өндiруге мүмкiндiк беретiн жаңа құрал-жабдықтар сатылып алынды.

2.2 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ)

ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады.

“Қазақтелеком” ААҚ қазiргi  таңда байланыс саласында интернет, сымсыз байланыс тораптары бойынша бәсекелестерi “Nursat”, “Patelko”, “Алтел”, “ GCM Қазақстан”,  “K- Mobail”, “Унинад” компаниялары болып табылады.  Яғни Қазақтелеком ААҚ  1990 жылы осы тораптар бойынша телекомуникация  саласындағы үлесi 85% болса, ал 2004 жылғы мәлiметтер бойынша  ақпарат және интернеттегi үлесi 58%

Қазақстанда қазiргi таңда  экономикалық дамумен байланысты  телекомуникация саласында  компаниялар саны күннен күнге көбейiп, бәсекелi орта қалыптасуда. Бұл бiр жағынан елiмiз халқы үшiн  ақпарат және интернетпен жоғары сапалы  қамтамасыз етуiне әкеледi.

Мысалы “Қазақтелеком” ААҚ өзiнiң бәсекелестiк ортасын  мығымдау үшiн әлемдiк интернет жүйесiн ADSL –ге қосылатындығын айтты. ADSL жүйесi жылдам әрi сапалы қызмет етедi. Сондай-ақ  бұл жүйеде бiр мезгiлде  интернеттi  қолдануға және телефонмен сөйлесуге болады. Яғни “Қазақтелеком” ААҚ ADSL технологиясына қосылу арқылы тұтынушылардың  қаржысын және уақытын үнемдеуге  жағдай жасайды.

Ал екiншi жағынан “Қазақтелеком” ААҚ аймақаралық және жергiлiктi байланысында толық қанды  табиғи монополист компания болып табылады.

Ол монополист ретiнде және телекомуникация саласында ұлттық компания ретiнде  негiзгi екi қызметтi атқарады: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру  және өзiнiң телекомуникация  қызметiн халықаралық стандартқа сәйкестiру  болып табылады.       Сондықтан монополист  компания бүгiнгi таңда  “ ұлттық ақпараттық супер магистрал”   қызметiн және торабын ел арасында орнатуда. “Қазақтелеком” ААҚ 2003 жылға қорытынды шығара келiп, компания иновациялық телекомуникация  жүйесiн Шығыс қазақстан облысында  ұзындығы 2400 км  болатын торап тартумен  сәттi аяқтады, сондай – ақ телекомуникация орталығына  Семей және Ақтауды қосты.

2004 жылы “Қазақтелеком” ААҚ 1600 км болатын “Солтүстiк” торапты аяқтамақшы. Ұлттық компаниямыз “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және аймақаралық бесекелестiкте орны өте төмен. Сондықтан елiмiздiң бұл компаниясын қолдау арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу.

Осылайша компанияның таза пайдасының өсуiн келесi суреттен көре аламыз.

Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады. “Қазақтелеком” ААҚ  бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ  елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.

2003 жылы“Қазақтелеком” ААҚ  Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр. Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның “Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады.

Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда. Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ  “Ұлттық байланыс супермагистрал” жобасын толығымен iске асырса, 2006 жылы Азия мен Европа арасындағы телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналады. Бұл жоба елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi . Сондай-ақ алдымыздағы 2007 жылға қарай елiмiздiң Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығы ашылмақ, бұл қызметтi орындау үшiн ең алдымен мiндеттi түрде байланыс саласын және интернет тораптарын халықаралық стандарттарға енгiзiп, олардың қызмет ету жылдамдылығын арттыру керек.

“Қазақтелеком” ААҚ  ұлттық масштабта даму стратегиясы iске асуда. Оны келесi суреттен көре аламыз. / 8, 10 бет /.

Экономикалық тұрғысынан келетiн болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ  ұлттық компаниямызды табиғи монополия қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады.

Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта бәсеке қабiлеттiлiгiн артыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауындағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдынғы қатарлы елдер” санатына қосады. Ұлттық компаниямыз “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және аймақаралық бесекелестiкте орны өте төмен. Сондықтан елiмiздiң бұл компаниясын қолдау арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу.

Анализ көрсеткенiндей, телекомуникация саласында басты табиғи монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады. “Қазақтелеком” ААҚ  бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ  елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.

2003 жылы“Қазақтелеком” ААҚ  Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр. Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның “Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады / 9, 11 бет /.

Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда. Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ  “Ұлттық байланыс супермагистрал” жобасын толығымен iске асырса, 2006 жылы Азия мен Европа арасындағы телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналады. Бұл жоба елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi / 10, 36 бет /.

Сондай-ақ алдымыздағы 2007 жылға қарай елiмiздiң Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығы ашылмақ, бұл қызметтi орындау үшiн ең алдымен мiндеттi түрде байланыс саласын және интернет тораптарын халықаралық стандарттарға енгiзiп, олардың қызмет ету жылдамдылығын арттыру керек.

Экономикалық тұрғысынан келетiн болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ  ұлттық компаниямызды табиғи монополия қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады / 11, 176 бет /.

Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта бәсеке қабiлеттiлiгiн артыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауындағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдынғы қатарлы елдер” санатына қосады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, рынок құрылымының қызмет ету механизмiн теориялық және практикалық түрде толық зерттеу, ұлттыө экономиканың тиiмдi дамуына өз септiгiн тигiзедi. Рынок құрылымына байланысты және олардың рыноктағы салмағына байланысты экономиканың әр салаларында, әр елде әр түрлi болып келедi. Сондай-ақ ұлттық экономикамыздағы рыноктық  қатынастардың күрделенуi көптеген мәселелердi талқылауға қажет етiп отыр.  Елiмiзде рыноктың қарама қайшы түрi жетiлген бәсеке мен монополиялы рыноктың қызмет етудiң ерекшелiктерi көрiнуде.

Осы рынок құрылымдары өз кезегiнде өзiнiң қызмет етуiне байланысты экономикаға, әлеуметтiк салаға және сыртқы экономикалық байланыстарда қызмет етуi,  оның түрлерiде әр түрлi екенi белгiлi.

Осындай рынок құрылымының бiр түрi монополия болып табылады. Монополияның пайда болуының және оның басқа рынок құрылымдарынан ерекшелiгi өндiрушiнiң немесе тұтынушының жалғыз фирма болуы, рынокқа басқа фирмалардың енуiне тосқауылдардың болуы және монополист фирма баға саясатын өзi iске асыратын болуы тиiс.

Сонымен, монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл рыноктағы фирмалар баға деңгейiне толық өзгертулер енгiзе алады.

Елiмiздiң байланыс саласындағы монополия жағдайында келесi iс-шараларды атқаруымыз керек:

  • Телекоммуникация саласында интернет және сымсыз байланыста бәсекенi тиiмдi жолмен жетiлдiру, ал ел аумағындағы қалааралық және жергiлiктi телефон байланысында табиғи монополияны сақтап қалу, яғни монополист фирма“Қазақтелеком” ААҚ болып отыр; / 6, 176 бет /.
  • Осы салаға белгiлi дәрежеде мемлекеттiк реттеудi iске асыру, оның бiрден-бiр әдiсi тарифтiк саясат болып отыр;
  • “Қазақтелеком” ААҚ байланыс саласындағы дамуы екi кезеңнен тұрады, яғни  өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу;
  • Әлемдiк рынокта жоғары бәсекеқабiлеттiлiгiнiң артуы үшiн жоғары дәрежелi технологиялармен қызмет етiп, ұлттың iшiнде бiрыңғай байланыс тораптарын жүргiзiп, Азия мен Еуропа арасындағы байланыс көпiрi болуы керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
  2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
  3. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
  4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
  5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
  6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
  7. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
  8. Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Афтореферат. – Караганда. – 2004 г.
  9. Экономика и права Казахстана, 2004 / №13.
  10. Жайдары Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2004, №3.
  11. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.

Похожие материалы