Несиелік қор сияқты экономикалық санаттар экономиканың кез келген үлгісінде оны жөнге салып, тәртіппен басқарудың ең тиімді тетігі болып есептеледі. Басымыздан өткізген экономиканың үлгілерінің бәріне де мемлекет осы санаттарды тиімді пайдалана отырып, өндірістік өнімділігін қамтамасыз етіп келді, және қоғамның өнім мен ұлттық пайданы өз мақсатына сәйкес бөліп отырады. Ал, оларды тиімді пайдалануды банктердің маңызы зор.
Өйткені банктер ғана әркімнің уақытша бос артық ақшаларын өзіне шоғырландырып, экономиканың аса маңызды салаларына, болмаса халық арасына қайта бөле алады.
Бұл курстық жұмыста несиеге байланысты сауалдарды қамтиды.Яғни несиенің жеке өндіріс органдарының тиімділігін арттырудағы, өнім шығару мен оны өткізу процестерінің үздікссіз жүргізуіне, негізгі қордың көбеюіне байланысты , өндірістің көлемін ұлғайтуда тигізетін ықпалы туралы қаралады.Несиенің ең қолайлы (оптимальный) ақпараттық жүйесінің қажеттігі, сонымен қатар несие алушылардан алынатын төлемнің қажеттілігі,оның экономикадағы атқарымы мен маңыздағы жан-жақты қаралады.
Тағы да айта кететін болсақ, бұл жерде банктер мен банк жүйелеріне арналған. Бұл жұмыста ақша және несиелік қор саясаты эканомикалық санаттарды басқарудағы атқарымы мен маңыздары қамтылған.Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы, жоғары және төменгі деңгейдегі банктердегі қолданылатын эканомикадағы ақпараттық жүйенің (ЭАЖ) өзара қарым-қатынастары жөнінде айтылады.Банк жүйесіндегі менеджмент, эканомикалық мөлшер (нормативтер)деген жаңа ұғымдарға тиісті түсініктер беріледі.
- Негізгі бөлім
- Несиелік қордың ұғымы.
1.1.Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
Тарихтың қай кезеңінде болса да , несие алудан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын .Экономика ғылымы өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді.Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге,экономикалық санат ретінде,аса көп көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие төңірегіндегі алуан-түрлі практика және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің мәнін ашу-бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін , оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады.Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы,қосымша оның құрылымын қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге ойналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,бәрінен бұрын анық оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәлімеде қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.Кридитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды жеделдететін ,немесе бәсеңдететін ,кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болды.
Мысалы:
- шикізаттар мен материялдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- Тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің кідіруі;
- Өткізілген өнім үшін ,немесе,көрсетілген қызмет үшін уақытында төленбеушілік т.с.с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын , өндіру мен өткізу процесінің, әр шаруашылықта бір кезде басталып,бір кезде аяқталмайтындығынан олардың кейбіреуі уақытша бос қаржы пайда болды, ол кейбіреулеріне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін,қосымша қаржы керек болды.
Сонымен әр бір шаруашылықта, уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама-қайшылықтар туып тұрады.
Осындай қарама-қайшылықты жөндеу, реттеу үшін пайдаланатын бірден- бір құрал несиелік қорлар болып табылады.
Ол үшін, барлық шаруашылық жүргізетін субъектілердің бюджетінің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын ,бір жерге , банкідегі есеп шоттарына шоғырландырылады, ол банктер осы ақшаларды пайдаланып, уақытша қосымша қаржыға мұқтаж болған шаруашылық жүргізу субъектілерге, жеке тұлғаларға және керек болған кезінде , басқа елдердің фирмаларына, қайтарымдық және ақылық жағдайларға несие береді .
Ол енді, несиелік мәміледе, кімнің несиегер (кридитор) болып қатынасқанына байланысты, несие қорларыны төмендегідей нысандарға бөлінеді.
Несиелік қордың коммерциялық нысаны:
Несиелік қордың бұл нысанында несие беруші шаруашылық жүргізуші субъектілер болады. Яғни,мұндай несиенің негізінде төлемнің мерзімін ұзарту жатыр, яғни, тауардың сату үшін беріп, ақшасын тауар сатылып болғаннан кейін алу.Болмаса,сатып алушы сатушыға тауардың құнын белгілі мерзім өтеннен кейін төлеу жөнінде, вексель-борыштарының міндеттеме беруін айтады.
Несиелік қордың мемлекеттік нысаны:
Мемлекет немесе оның жергілікті органдары, қарызгер және несиегер болып қатысатын несиелік қарым-қатынастың жиынтығы деген жөн.Яғни, мемлекет ешкімге несие бермейді.Ол екінші дәрежелі банктердің атқарымы болып саналады.
Несиелік қордың халықаралық нысаны:
Несиелік қордың бұл нысаны ,несиелік мәлімеге қатысушының бір жағы шетелдік субъектісі болған кезде пайда болады.
Несиелік қордың банктік нысаны:
Барлық несие нысандарының ішінде ең көп тараған нысан .Бұл түсінікті де.Өйткені,біріншіден ,банктердің операцияларының ішінде, несие беру,ең бастысы.Екіншіден,шаруашылықтардың жеке тұлғаларының уақытша бос ақшаларын бір жерге шоғырландырып олардың басқаларға несиеге беру,банкіден басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Көптеген авторлардың пікірлеріне қарағанда “жүйе” деп бірнеше бөлшектерден құралатын тұтас,яғни,сол зерттелетін объектінің бөлшектерінің жиынтығы.Солай болса банк жүйесі де соны құрайтын элементтердің жиынтығы.
Банк жүйесі деген сөздің өзінен,оның басты элементі, негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін,әр түрлі банктер болып табылатынын түсінуге болатын .
Банк жүйесіне кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін яғни банк инфра-құрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді.
Оның ішінде :
1)Ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бұл қызмет банкті елдің,шаруашылықтың әр түрлі салаларының ,кәсіп орындардың эканомикалық жағдайлары туралы керекті деректер мен қамтамасыз етеді. Сол деректерге сүйеніп банктер клиенттерінің несие қайтару қабілеттерін экономикалық және іскер нарықтардың жағдайларын бағалап,тиісті қортындылар шығарады.
Мұндай ақпарат нарық жағдайында ісіресе бәсекелік күрестің дамыған,экономикалық дағдарыстың шиеленіскен кезінде өте қажет.Өйткені,мұндай кезде мемлекеттің және шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы жағдайында тұрақсыздық болады.
Көптеген экономикасы өскен елдерде ақпаратпен қамтамасыз етумен арнайы құрылған фирмалар, коммерциялық агенттіктер шұғылданады.
Сырттан алынатын ақпарат көзінің қатарына газеттерде , журналдарда, анықтамаларда тағы басқа да басылымдарда басылған деректер қосылады.Нарық кезінде мұндай ақпарат көздері эканомика салаларына көбірек көңіл бөледі.
2) Ғылымдық қамтамасыз ету.
Банктың бұл инфрақұрылымы барлық банк жүйесінде де және жеке банктердің де жұмыс істеу жағдайын қамтиды. Өкінішке орай, Қазақстанда банк жұмысын, банкілік қызметтердің нарығын, банк операцияларының тиімділігін, банктердің ел экономикасына тигізіп жатқан әсерін зерттейтін ешқандай ғылымдық құрылым жоқ деуге болады.Кейбір ірі банктердің “Экономикалық талдау және статистика” деген депортаменттері бар.Бірақ олардың жұмыстары ғылыми жұмысқа ұқсамайды. Сондықтан қазіргі банктердің жұмысында ғылыми негіз бар деп айту қиын.
3)Кадрлік қамтамасыз ету.
Қазақстанның қазіргі жағдайында банк жүйесіне мамандар дайындау ешқандай қиындық жоқ, тек сан жөнінде әңгіме , біріншіден, олардың сапасында, екіншіден, сол дайындалған мамандардың қалай пайдаланылып жүргенінде.
1.2 Қазақстан Республикасындағы банктердегі несиелік қор.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының орталық банк ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді.
Ұлттық банк- бұл эмисиялық , резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
ҚР-ның ұлттық банкінің несиелік қор саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағасын қамтамасыз ету болып табылады.
Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар болып табылады.
Несиелік қордың төменгі буыны, халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Яғни екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді,несиелік қорларды ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып саналады.
Банктегі несиелік қорлар- ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік қордың басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.Яғни операйиялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық несиелік қор- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауар немесе, көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады .Коммерциялық несиелік қордың ерекшелігі мынада:
Қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен , ол оның мақсаты- тауарларды өткізуді жылдамдату .
Коммерциялық несие қорларды Жапонияда және Францияда кең таралған.Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%-ға жетеді француз фирмаларынікі -20-25%. Олардың кейінгі орнында
Ағылшындық, Американдық және Германиялық компаниялар кіреді.
Тұтыну несиелік қоры- бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.Тұтыну несиелік қорының негізгі міндеті – тұрғындарға сатуға қолдау көрсету.Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты : бір жағынан-тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төмен қабілеттіке сұранысты күшейтеді.Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Ипотекалық несиелік қор- жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несиелік қоры- азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергіліктк билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиелік қордың негізгі формасы-мемлекеттік зайымдар,сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады.
Халықаралық несиелік қорлар- валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Сонымен қатар, Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптаса бастады. Осы уақыт ішінде сызбада құрылым қалыптасты.
Қазіргі кездегі несие қорлары соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Сондықтан да, Қазақстанда банктік емес несиелік қорлар саны кобеюде. Сол себептен, Қазақстанда мемлекеттік бюжеттен тыс қорларға мыналарды жатқызуға болады:
- Зейнетақы қоры – кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен құрылған ұйым болып саналады.
- Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры – жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілун қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 жылы құрйлған ұйым.
- Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншшіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құралады.
- Міндетті медициналық сақтандыру қорлары.
- Ломбардтар – банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым). Ломбардтық несие операцияларын ұйымдастырудың ерекшелігі оның кепілдік міндеттемесінің жоқтығы болып саналады. Яғни кепілге қарыз алған кезде, клиент кепілдік билет немесе кепілдік фактыні және берген қарызды куәландыратын басқа құжат алады.
- Несие серіктестігі - өзінің қатысушылырына қызмер көрсететін несиелендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға.
- Экономикалық ақпараттық жүйенің ұғымы.
2.1 Оның құрамы мен ерекшеліктері.
Ақпараттың алуан түрлері бар: саяси, биологиялық, математикалық, спорттық, экономикалық және тағы басқалары.
Экономикалық ақпарат жүйесі (ЭАЖ) – бұл материалдық игіліктерді өндірудің алмастырудың, бөлудің, жинқтаудың және тұтынудың қоғамдық кезеңдері туралы ақпарат. Ол экономикалық қатынастар мен қоғамдық өндірістік кезеңдерін бейнелейді.
Сонымен, ЭАЖ – экономикалық мәліметтерді өңдеу барысында аынатын мәліметтер болып табылады.
Ал мәліметтерге – кез-келген объектінің жағдайы туралы деректер , мағлұматтар жатады.
Экономикалық ақпарат объектілердің (кәсіпорындар, фирмалар, биржалар, фермалар және тағы басқалары) құндылық, табиғи және басқада көрсеткіштері арқылы жан-жақты қызметтерін бейнелейді.
ЭАЖ әріптер, сандар және олардың түйдектелген түрінде берілуі мүмкін. Ол дискретті және әртүрлі тасығыштарда (магниттік табақшаларда, құжаттарда және басқаларда) белгіленеді.
ЭАЖ сызықтық түрде болады және дер кезінде жазылады. Сондай-ақ, оған үлкен жалпға бірдейлік пен көлемділік тән қасиет. Сондықтан, ол көптеп қайталанып топтасудыжәне өңделуді қажет етеді. ЭАЖ айналымд болады, яғни оның пайда болуы мен өңделуінің айналымы, қайталанып отырады.
АЖ-ны тиімді ұйымдастырылып және оның күйін әділ бағалау үшін ақпаратты сандық әрі сапалық жағынан өлшеп отыру мкаңызды болып табылады.
Ақпараттың сандық сипаттаушы белгілері ( параметрлері) мәліметтер көлемін анықтаумен байланысты болады.
Ақпаратқа сандық баға беру синтаксистік ( физикалық) деңгейде ғана қолданылады. Мысалы магниттік табақшаға жазуға болатын ЭАЖ көлемі 360Кб (килобайт), ал 5 дюймділік табақша үшін ақпарат көлемі 1,2 Мбайт (мегобайт) және 3 дюймділік табақша үшін 1,4 Мбайт болады.
ЭАЖ-ны сапалық жағынан өлшеу дегеніміз – яғни бұл оның ақпараттық мөлшерін, ақиқаттылығын, өзектілігін, қабылдауға қойылғандығын, уақыттылығын, бағалылығын және тағы басқаларын анықтау.
Ақпараттың бағалылығы дегеніміз-жалпы түрде алғанда оның тұтынушыға қатысты маңызды, елеулі болуы.
Экономикалық жүйе кірулер ме шығулурдун тұратын динамикалық жүйе болып табылады. Кірулер арқылы жүйеге сыртқы ортадан белгілі бір уақыт кезеңінде зат, энергия, немесе ақпарат келіп түседі; ал басқа уақыт мезетінде шығулар арқылы сыртқы ортаға олардың түрленген нәтижесі келіп түседі.
Сыртқы орта дегеніміз – жүйені басқару органдарының шешімдерін қабылдау кезеңінде тікелей назарға алынатын, жүйеге қатысты физикалық және әлеуметтік сыртқы факторлардың бірігуі.
Жүйе мен сыртқы орта арасындағы байланысты әсер ету сипатына қарай – ақпаратық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, әсер ету бағытына қарай – тікелей және кері, мезгіл көрсеткіші бойынша – тұрақты және мерзімдік деп бөлуге болады.
Жүйелер мен сыртқы орта арасындағы өзара байланыс, мақсаттар мен өлшем жүйелері арқылы өткізу саласындағы жұмыстың іс жүзінде туындайтын жоспарланған дамуы мен нақты шын жағдайы арасындағы қайшылықты жояды.
Мысал ретінде нарықтық қатынас жүйесін қарастырсақ, банктың даму жолын таңдауға – экономикалық саясат, технология, әлеуметтік мәдени мұра, саяси-құқылық сала, экология сияқты сыртқы орта факторлары әсер етеді.
Ақпарат жүйесін тұрғызу үшін, ақпарат қоймасын тұрғызатындай, ақпараттың сәйкес топтасқан түрлері керек.
Қоғамды ақпаратпен жабдықтаудың мүмкіндіктері бойынша, ақпарат мынандай үш үлке топтастырлған жүкке бөлінеді: ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқарушылық.
Осының ішіндегі ең бізге керектісі басқарушылық, яғни менеджердің ақпараттық жүйесі. Ол экономикалық басқару механизмдерінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді. Объектіге немесе басқару ұйымдарына қатысты белгісіне қарай, басқарудағы ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі ақпарат тікелей басқару объектісіне және оның басқару ұйымдарынан туындаса, сыртқы ақпарат ортадан, басқа жақтан келіп түседі де, әр түрлі реттеулерді атқаруда орын алады.
2.2 Экономикалық ақпараттық жүйеде математикалық әдістердің қолданылуы.
Экономикалық ақпарат жүйесінің ұғымындағы есеп – соңғы немесе аралық нәтижесі нақты түрде (құжат, ақпарат және басқалары) сипатталатын автоматтандырылған функцияның бөлімі. Мысалы: материалдық қорлардың шығынын мөлшерлеудің есептержиынында мынандай есептерді бөлуге болады: негізгі материалдың шығынын мөлшерлеуге есепайырысу, көмекші материалдардың қалдығын мөлшеріне есеп айырысу, негізгі материалдардың қалдығын мөлшерлеуге есеп айырысу және тағы басқа.
Ал экономикалық есптердің ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- жоғары алгоритмділігі, яғни әрбір есепті математикелық тұжырымдау, бұл дегеніміз – алгоритм, математикалық үлгі (модель) және т.б. арқылы жазу;
- иерархиялық, яғни есептер жиынтығына, ішкі жүйелерге, блоктарға ену;
- ұдайы шешіліп отыруы;
- шешуге мүмкіндік мерзімінің бар болуы;
- шешуге алгоритмдердің бірыңғай түрге келтіру мүмкіндігі мен көпшілік жағдайға біркелкілігі;
- жүйеге кіру-шығудағы мәліметтердің үлкен көлемдігі мен құрылымдылығы.
Экономикалық есептерді шешудің жалпыланған алгоритмі былай жазылуы мүмкін: қарапайым қосынды әр алуан өзгеоген түрде (модификацияда) табу түрінде, қос туындылардың қосындысын табу түрінде; матрицалық амалдар – матрицаны қатарға көбейту, түрлеудіру түрінде; математикалық программалау (симплекстік әдісінің алгоритмі, транспорттық есептер және т.б.) есептерінің стандартты есептеу жүйелері түрінде.
ЭАЖ-ні жабдықтау бөлімі – бұл автоматтандырылған тәртіптегі жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиыны. Оның құрылымы төмендегі схемада берілген.
ЭАЖ-ны жабдықтау бөлімі |
ТЖ | МЖ | ПЖ | АЖ | ЛЖ | ҚЖ | ҰЖ |
Мұндағы:
ТЖ – техникалық жабдықтау;
МЖ – математикалық жабдықтау;
ПЖ – программалық жабдықтау;
АЖ – ақпаратпен жабдықтау;
ЛЖ – лигвистикалық жабдықтау;
ҚЖ – құқықтық жабдықтау;
ҰЖ – ұйымдастырумен жабдықтау;
ПЖ мен МЖ – машиналық программалардың, алгоритмдердің, экономика-математикалық әдістер мен үлгіердің бірігуін қамтиды.
Математикалық жабдықтау деп - ТЖЖ-ны жұмыс істеуде жабдықтайтын ЭАЖ-ның қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғынуға болады. Математикалық жабдықтаудың екі бөлімнен тұрады: жалпы математикалық және арнаулы математикалық жабдықтау.
Жалпы математикалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларғаесептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесеп, есептеу кезеңінің және/немесе шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін АЖ-ны математикалық программалау бөлімі.
Арнаулы математикалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және АЖ-ның әр түрлі фукционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП жалпы жүйелік және функционалдық болып екіге бөлінеді. Мұндағы жалпыы жүйелік ҚПП кезкелген АЖ-да қолданылуы мүмкін. Оны ҚПП-да жүзеге асыратын мәліметтермен басқаруды, мәліметтерді өңдеудің типтік орындалу ретін, математикалық статистика әдістерін, дискретті программалар әдістерін, үздіксіз есептерді шешуәдістерін және басқаларды орындайтын алгоритмдердің және есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.
- Несиелік қордың менеджментіндегі ақпарат жүйелері.
3.1 Менеджменттегі ақпарат жүйе.
Менеджменттегі ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылау мен басқаруда оны ақпаратпен жабдықтауға арналған мәліметтерді өңдеу жүйесін білдіреді. Егер жоғрғы менеджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі буындағы менеджерлер көбінесе өзекті, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.
Тиімді негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпаратқа қойылатын басты талап – ол дәлме-дәл сапалы болуы тиіс. Ал ақпараттың сапасы келесі алты белгімен ерекшеленеді:
- ақиқаттылығымен,
- қазіргілігімен,
- жинақтылығымен,
- қысқалығымен,
- сиымдылығымен,
- релеванттылығымен.
Басқаша айтқанда, шешім қабылдауға қажетті ақпарат – қателерден тазартылған, соңғы мәліметтергенегізделген, толықтылығымен ерекшеленген және тығыз түрде бейнеленген болуы шарт.
Менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару қызметінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады: стратегиялық жоспарлау, басқарушылық бақылау және жедел бақылау.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – бұл ұйымның мақсатына, сол мақсаттардың өзгеруіне, әрі оған жету үшін қорларды қолдану мен осы қорлады алуға, қолдануға, орналастыруға себепші болатынстратегия жөніндегі шешімдерді қабылдау барысын болжау.
Басқарудағы бақылау дегеніміз – бұл басқарушылардың ұйымды мақсатына жеткізу үшін қорларды алуы мен оларды тиімді қолдануын қамтамасыз ететін кезең.
Жедел бақылау дегеніміз – бұл нақты мәселені шешуді тиімді және дәрежелі орындауды қамтамасыз ететін кезең.
Менеджерлердің қызметіндегі бұл дәрежелер шамамен жоғарғы, ортаңғы және төменгі буындағы менеджерлерге сәйкес келеді.
Менеджменттегі АЖ, әрқайсысы нақты бір бөлімдегі басқарушыларды ақпаратпен жабдықтау үшін қызмет көрсететін ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Мысалы, стратегиялық жоспарлау бойынша жоғарғы буындағы басқарушының қызметі, ұйым мен сыртқы орта арасындағы өзара байланысты көрсететін және сыртқы деректерден түсетін ақпаратқа негізделеді.
Басқарушы бақылауға арналған ақпарат жоғарғы және ортаңғы буыедағы басқарушыларға қажет. Әрине, ол ішкі деректер сияқты сырқы деректер де келіп түседі. Мысалы, бұл ұйымның өз компаниясының негізгі бөлімшелердің жұмысы мен бәсекелес ұйымдардың қызметі жайындағы ақпарат болуы мүмкін. Орта буындағы жетекшілерге өнімділік, шыын, айналыс және т.б. туралы ақпарат қажет.
Жағдайдың өзгеруін қадағалауда кейбір қиындықтар кездесіп отырады, себебікез келген ұйымның қорлары үнемі қозғалыс жағдайында болады.
Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың ішкі жүйелерімен бірге, басқарудағы еңбек қорларын басқарудың ішкі жүйелері де маңызды орын алады. Оған мынандай есептер кіреді:
- қорларды жоспарлау, бүкіл мамандық бойынша дәрежелі ұсынылушылар қорын қалыптастыру, жұмыс орнына ұсынылушыларды бағалау;
- кәсіпқойлық үйрену;
- еңбектегі іскерлікті бағалау.
Ақпарат технологиясының көмегімен менеджерлер өз жұмыстарын кеңірек көлемде, тиімдңрек, тезірек және нәтижелі орындауы мүмкін. Ондағы ақпарат жүйесі байланыс жабдықтарымен және текстік, графикалық, ауызша материалдар мен мәліметтерді бейнелеу үшін ақпараттың нақтылығын жабдықтау үшін ЭЕМ жүйелерімен ілесіпе отыруы тиіс.
3.2 Менеджмент пен несиенің байланысы.
Менеджмент- ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөщі тар мағынада белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оның кең мағынасында банктік қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджменттің негізгі фигурасы. өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті,нақты жағдайды тез бағалай білетін, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғарғы биліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады.Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріліп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты- басқарудың оңтаилы жүйесі есебінен пайда табу.Демек,менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен ,кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.Жетістікке жету үшін немесе істі дамыту үшін, оңтайлы алғы шарттарға ие болу үшін басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, теория мен практикада жиналған білімді тез меңгеру, өзгермелі жағдайда жаңа ерекше шешім табу қажет.
Пайда табуға ұмтылу- менеджменттің бір ғана мақсаты емес.
Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру факторы менеджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика ролі артып отыр.Кәсіпкерлік әлеуметтік этикасын арам олжаға,пайданы өсіруге ұмтылу емес ,қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды.Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді шешу ісі деп кіретін болады.
Менеджмент ғылым ретінде балық қызмет саласына ортақ мына принцптерді сипаттайды:
- Бысқару субъектісі әрекетінің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
- Олардың алға қойған мақсаттарының,нәтижесінің және құралдарының ортақтығын.
- Құрамына жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешкнділігін.
- Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.
- Оларды іске асырудағы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.
- Ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық белсенділігін, табыстылығы мен жетістігін материялдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру.
- Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.
- Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көреруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.
- Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.
- Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.
Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды.Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті ьолып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын,ұйым,кооператив менеджменті деңгейін бағалай білу қажет.
Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайында жұмыс істейтін банк үшін міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.
Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады.Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, коперативке, халыққа мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.
Сонымен қатар, банк басқа біреулердің ақшасымен «жұмыс істейді».Онда айналым шеңберінен босаған әртүрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады .Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталы бөлуші әрә сақтаушы ретінде алға шығады.Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктік жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
1.Бірінші топ банк құзіреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
2.Банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.
Менеджменттің міндеттері:
1.Өзіндік несие қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айырықша маңызды орын алады. Банктік активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік несие капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады.
- Несие жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын,тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырып қатаерін бақылауды қажет етеді.Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне,күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
- Несие қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік-(қауіп-қатер менеджменті) жатады.
Несие қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады:несиенің және ол үшін аланатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері және т.б
Тәуекелдік болмаған жерде кәсәпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет.Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
- қауіп-қатер пайда болуының ықтьимал жағдайын көре білу;
- болжалды зиянның ауқымын бағалау;
- ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.
Қауіп-қатерді (тәуелділікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға,ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын-ала негіздеуге құрылады.Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айырықша назар аудартады.Осыған байланысы банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастырумен,жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.
Шетелдік іс тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзіреттілікті шектеу принціпі пайдаланылады.Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды.Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.
- Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.
Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:
-жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған ролін тануға негізделеді;
-американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рол ойнайтын тұлғаға бағдарланады;
Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкелшілігін бақылауды ,басшылардың бағыныштылармен қатынасы, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.
Ұжымды басқарудағы басты міндет- менеджер әр бір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білу керек,оларды терең ойлауға үйрету қажет.
Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптемтерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білумен байланысты .
Ұжымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше
-ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
-әр қызметкермен тіл табыса білу;
-ұжым алдында қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Ал енді несиелік қордың ақпараттық жүйесіне келетін болсақ, 70-ші жылдардың ортасында Ю.П. Авдиянцтың, Д.А. Аллахвердияның, Н.Д. Барновскийдің, В.С. Панековскийдің белсенді түрдегі несиенің ақпараттық жүйесін құрумен айналысқан болатын.
Әрбір дербес экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму Ақпараттық жүйесі болады. Мысалға, қаржы – қаржы ақпараттық жүйесі, несие – несте ақпараттық жүйесі, ақша – ақшалай ақпараттық жүйесі.
Қазіргі несиелік қордың ақрараттық жүйесі (АЖ) қазіргі тұжырымын теориялық тұрғыдан қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен несиелік қордың АЖ-сы нарықтық экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру қажет.
Қазіргі кездегі несиелік қордың АЖ-сы дегеніміз – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық АЖ –нің бір бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар несие жүйесінің механизмінің қызмет етуінің мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:
- жұмыс жасап отырған несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие;
- қазіргі несиелік АЖ-ның маңызды бір белгісі оның келісім шартқа негізделуі болып табылады;
- несиелік АЖ-дағы басты ерекшелігі несиенің жаңа түрлерінің дамуымен сипатталады;
- қалыптасып отырған, несиелік АЖ-нің ең маңыздысы бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуімен сипатталуы. Сонымен қатар, бұл жерде несиелеудің ұсақ объектісінен ірі объектіні несиелеу әдісіне өтуі деп айтуға болады;
- Қазіргі несиелік АЖ дәстүрлі және ерекше бір принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету прициптері, сол сияқты несиеің ақылық сипаты да ескеріледі;
- Несиелік АЖ-ның соңғы бір ерекшелігіне, банк несиелерін жоғарғы дәрежедә кепілденділетін формаларына өту жатады.
Сонымен, несиелік қордың ақпарттық жүйесіне келетін болсақ, ол ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің автоматандырылған айырықша саласы болып табылады. Менеджер несие ісімен айналысқан кезде әр дайым Президенттің күші бар «ҚР Ұлттық банкі жөніндегі» жарлығына сүйене отырып былай жазылған: Жүргізілетін мемлекеттік ақша-несие саясатының тиімділігін және ҚР қаржы жүйесінің әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында осы заңға сәйкес:
а) ҚР қаржы министрлігіне қарыз алушының кепілдемелік міндеттемелеріне сәкес келәсәм жағдайында қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) ҚР қаржы министрлігіне Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты жазылу және басқа төлемдеріне қатысты өзара келісілген жағдайлар негізінде қосымша несиелер береді, өз міндетін атқарады.
Қорыта айтқанда, менеджмент пен несиенің байланысы өте тығыз қарым-қатынаста жүруіне көз жеткізуге болады.Несиелі қордың, оларға келіп түскен ақша айналымын басқарытын және оны халық шаруашылығына тарата алатын іс-әрекеттердің барлығын менеджер арқылы басқарылатыны айқын
3.3 ҚР-да несиелік қордың менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесінің қолдану түрлері.
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.Әлемдік экономикадағы құрылымдақ қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда.
ҒТР мен ЭЕМ-дың дамуы әсерімен өндірістің шоғырлануы капиталдың жоғарлануымен орталықтануын талап етті,Сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделуі жүзеге асады.
Мынаны атап айту керек, экономикалық өзгермелі жағдайларына сәйкес банктік қызматтің өзінде,дәстүрлі банктік рперацияларды қайта құру жүзеге асты. Оған банктік қызметті реттеуші әкімшілік әрежелерді алып тастауға, яғни қайта реттеуге ықпал етті.Қайта реттеудің мақсаты бәсекелестің өте кең құралдарын қолдануға,банктік қызметтердің нарығын жандандыруға банктерді термелеу.
Басқарудың барлық процесі ақпаратты қабылдау ,өзгерту және жеткізу процесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Осы тұрғыдан алып қарағанда , қабылдаушының білім қазынасын байыта түсетін мәліметтер ғана ақпарат болып табылады деп айтуға болады.
Сонымен ақпарат дегеніміз- белгілі мәліметтерді шешу үшін пайдалы деп бағаланған,қабылдаған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай да бір оқиға туралы, біреулердің қызметі туралы т.т. жағдайлар туралы хабардар болуды мағлұматтар болып табылады.
Сонымен ақпараттар төмендегідей қатынастардың түрі бойынша маңызды белгілерге бөлінеді.
Өндірістің әр түрлі фактроларының арасындағы техникалық және технологиялық қатынастарды қоғамның өндіргіш күштерінің элементтері ретінде бейнелейтін ақпаратты техниктік- технологиялық деп атауға болады.
Қоғамдық өнімді өндіру , бөлу және тұтыну жөніндегі адамдар арасындағы қатынастарды, яғни экономикалық қатынастарды бейнелейтін ақпарат-экономикалық ақпарат болып табылады. Әлеуметтік информация қоғамдық қондырма шеңберінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық емес әлеуметтік қатынастарды бейнелейді.
Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда, ақпарат:жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген немесе жүйеленген және жүйеленбеген(ықтимал) болып табылады.
Жүйеге келтірілген ақпарат дегеніміз- көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестарі, дүркінділігі мен мерзімдері, ұсынылу қалыптары(бір ыңғай қалпында құжаттандырылған) бойынша адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім айтылған уақытта түсіп тұрады.
Жүйеленген ақпараттарға жататындар: бекітілген статистикалық есеп, өндіріс жұмыстарының барысы, ресурстардың жұмсалуы,т.б. туралы күнделікті (оперативті) ақпарат.
Жүйеге келтірілмеген ақпарат- сипаттамалары бойынша толықтай немесе ішін ара тәртіптелмеген болады.Бұл,әдетте ауық-ауық түрде түсетін ақпарат.Мысалы,төтенше оқиғалар жөніндегі ақпарат.
Басқарудың ақпараттық жағын білу менеджерге ақпарат жүйесі дегеніміз не екенін және оны жасау үшін қандай мәселелерді шешу керектігін анықтауға көмектеседі.
Ақпарат жүйелері дегеніміз – деректерді жинау ,өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында,олардың толық, дәл және дер кезәнде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін, деректердің өтуі мен пайдаланудың барлық буындарында оларды біржақты түсіну; әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс бағалауды , олраға қойылатын талаптарды анықтауы мен басқарудың ұйымдық құрылымының барлық деңгейінднгі басшылар үшін оларды тиісті іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы.
Экономикалық ақпарат жүйесінің басты міндеті басқарудың байланыстық (коммуникациялық ) тармағының барлық бөлімдеріндегі барлық түрдегі шуыл дәрежесін кеңецте түсу жағдайына жеткізу болып табылады.Сондықтан,бұл жүйелер құрамында шуылдарды жоюды қамтамасыз ететін құралдар жасалуя тиіс.
Экономикалық ақпараттық жүйені ұйымдастыру кезінде қамтамасыз етілуге тиіс асам маңызды сапалық сипаттамалардың қатарына жататын дар мына төмендегілер:
-ақпараттың дұрыстығы;
-ақпараттың жеткіліктілігі;
-ақпараттың қарапайымдалығы;
-ақпараттың бір мағыналығы;
-ақпараттың оперативтілігі (жеделдігі).
Әрбір өндірісте немесе кәсіпорындарда қарапайым және күрделі ақпараттық жүйелер болады.
Қарапайым ақпараттық жүйелері – ақпарат пайда болған жерден оны адамға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйелер.
Күрделі ақпараттық жүйелер- оларды құрастырушы ақпараттық үлгілердің информациялық өңделуін,бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алатын және олардың талдануын, күрделі есептеулер жасалуын керек ететін жүйелер. Осы заманғы өндіріс пен оны басқару дәрежесі, әдетте, күрделі ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды көздейді.
Несиелік қордың күрделі, сонымен қатар,анағұрлым нәтижелі ақпараттық жұйелері дегеніміз- ақпаратты өңдеудің бүкіл технологиялық процесі түгел автоматтандырылған жүйелер.
Мұндай жүйелерде ақпаратты алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі шығыс құжатты тұжырымдауды қоса алғандағы прогресті техникалық құралдардың жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге асырылады.
Өндірісте ақпараттық жүйелердің бір түрі- автоматтандырылған жүйелер кездеседі.Оларда информациядан алудан бастап, басқарушылық нұсқауды жасап шығаруды, қоса алғандағы, бүкіл цикл техникалық құралдар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды(өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материялдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық ақпараттық жүйелер деп түсініледі.
ЭАЖ-лер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері ақпараттық жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.
Менеджменттегі экономикалық ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты- кәсіпорынның коллектиивті мен жекелеген қызметкерлері бойынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар барлық эканомикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді.
ЭАЖ бірнеше бірнеше тобын боліп көрсетуге болады.
-шаруашылық механизмі және оның құрылымы;
-әлеуметтік-эконоиикалық дамуды аймақтық басқару;
-Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;
-мемлекеттік реттеудің әдістері.
Шаруашылық механизімі- шаруашылық жүргізудің қағидаларына негізделген әдіс.Бұл шаруашылық механизімі ұғымы кез келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнән ашып көрсетеді.Шаруашылық механизімі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңбеоде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.
Сондықтан эканомикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизімінің енгізілуіне байланысты.Бұл орайда мыналарға:
-кәсіпорындардың залалсыз жұмыс істеуіне;
- пайдасы жоқ дотациялардың тоқталуына;
-басқалармен салыстырғанда, ғылымти-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылыми-техникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға;
- өндіруші жөнінде де тұтынушы жөнінде де экономикалық мүдде котегорияларының пайдаланылуына;
-мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге;
-кәсіпорындардың шын мәнәнде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс денгейін күрт көтеруіне және т.б. қол жеткізуге болады.
Сонымен қалыпты өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық механизімі нарықтық механизімге өтпей қоймайды деген қорытынды жасауға болады.
Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларын бірі болып табылады.Осы орайда бір айтып кететін жайт –нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында,бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде пайданалынған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті.Ол тұста жоспар әрқашанда директивалық құжат түрінде болған және заң күші берілген.
Жоспарлау-жүйеге ықпал еттетін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материялдық көздері, бүкіл өндірістік организімді дамытудың әдістері мен формалары анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады.Аймақтық басқару келесі сатыға көтеріледі.Оған дәлел жалпы еліміздегі және жергілікті жерлердегі реформалрды тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесі(маусым-1996 ж.).
Аймақ әкімдерінің алдында эканомикадағы ең басты саяси міндет –барынша қысқа мерзім ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру.Меншіктің кәсіпорындарды дағдарыстан шығаруға қол жеткізе алатын, жақсы менеджментті ұйымдасиыра алатын адамдардың қолына көшуі барлық жағдайды жасау қажет.
Мемлекеттік реттеу-басқарудың экономикалық әдістеріне жатады.Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдкрінде мемлекет ол процеске әсер етуге тиістіү.Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалануымен іске асырады.
Мысалы,несие беру негізінен алғанда:жоспарланбайтын, орталықтандырылмаған және ішінара күрделі қаржылары орталықтандырылған салаларға, бірлестіктерге,кәсіпорындарға қолданылады. Несие беру күрделі құрлыстың, кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
Мысалға, біздің көрші мемлекетіміз Ресей нарығында қолданылатын эканомикалық ақпараттық жүйенің түрлерін көруімізге болады.
Жергілікті жүйелер | Кіші интегралды жер | Орташа интегралды жер | Ірі интегралды Жер |
-1С пред-я | Concorde XAL | JD | -SAP(R3) |
-БЭСТ | Exact NS-2000 | Edwards | (SAP AG) |
-Ипотек | Platinum | MFG | -Baan |
-Инфин | PROMIS | PRO(QAD) | -BPCS |
-Инософт | Scola Sun | (BMS) | (IIS/SSA) |
-Супер менеджер | Systems | - Syteline | -Oracle Application. |
-Турбо бухгальтер | Босс-корпарация | (Сока)П/Symix | |
-Инфо бухгальтер | -Галактика -Ресурс |
Тағы да бір айта кететін жағдай ол ҚР несиелік жүйе ішінара қор қағидысы негізінде қызмет етеді.Бұл,мәселен,әр банк өз пассивтерін қамтамасыз етуде өз міндеттемелерінің шамалы бөлігін ғана құрайтын өтімді қаржысының қажетті минимумын ғана қолдацды дегенді білдіреді .Әдетте баланстың 9-% дейінгі пассивтердің банктегі есеп айырысу ,ағымдық шоттарда сақталатын басқа біреулердің ақшасы,және тұлғалар мен мемлекеттік шаруашылық буындарының резервтері құрайды.
Осы орайда, салымшылардың мүдделерін қорғау, барлық несие қорының өтімділігі мен төлем қабілетін және жөнді қызмет етуін сақтау үшін менеджер несиелік мекемені және тұтас несие қорын мұқият қадағалайды,бақылайды және реттеп отырады
Қаржы несие қорларының қызметін реттеу арқылы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуына негізінен мемлекет ықпал етеді.
Несиелік қордың қызметтері өзара байланысты болғандықтан оларды барлық бағыттары бойынша экономикадағы ақпараттық жүйені қолдану барысында, оларды мемлекет реттеп отырады белгілі бір кезеңдерде менеджер адамдардың несиелік қорына кейбір ақпараттық жүйесін пайдалану бағыттарына жаңа өзгерістер енгізу арқылы ықпал әсерін күшейте алады.
Сонымен қатар, несиелік қордың экономикалық ақпараттық жүйесінде мынандай модульдерді және автоматтандырылған жұмыс орындарын қамтитын (АЖО) әкімшілік-шаруашылық қызметті басқару блогы: бюджетті басқару және жоспарлау модулі; банктің шығыстарын басқару модулі; негізгі қаражатты есепке алу модулі; Бас кітаппен жұмыс істеу модулі; әкімшілік-шаруашылық шығыстарының АЖО-сы; негізгі құралдарды есепке алудың АЖО-сы.
Жаңа СУБД ORACLE платформасында және Clipper платформасында әзірленіп жатқан мынандай модульдерді қамтитын банктің қызметін басқаруға болады:
- Жаңа СУБД ORACLE платформасында:
Бас бухалтерияның модулі;
Бас кітапты енгізудің модулі;
Шет ел валютасымен және қымбат металмен жасалатын операциялардың есебін жүргізу модулі;
Қазақстанның Ұлттық банкінің төлем жүйесінің модульі;
Және тағы басқалары жатады.
- Clipper платформасында топтағы орындаушының АЖО-сы, корреспонденттік қатынастар бөлімінің орындаушысының АЖО-сы; бас бухгалтердің орынбасарының АЖО-сы.
Қазіргі несиелеудің ЭАЖ-сы келесідей құрамдас бөліктерден тұрады: несие жекелеген түрлері, несиелеу обьектілері, несиелеу әдістері және ссудалық шот түрлері, несиелік мәмілені құжаттау, несиенің мөлшерін белгілеу, несиені беру процедурасы, несиені қайтару тәртібі, несиелеу процесіне жасалатын бақылау, кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Сонымен, екінші деңгейдегі банктердің жобаларды несиелеу тәжірибесінен, нақты мысал ретінде қарастыруға болады.
Екінші деңгейдегі банктерді мерзім бойынша салынған несиелік салымдары.
Дегенмен де, экономикаға берілген несиелердің көлемінің өсуі, экономикадағы соңғы уақыттардағы жалпы тұрақтандыру ағынымен байланысты. Сонымен қатар, экономика салаларына байланысты банк несиелерінің ұлғая түсуінің де әртүрлі себептер бар. Оларға: біріншіден, сол уақыт аралығындағы банктердегі мүдделендіру мөлшерінің төмендеуіне байланысты несие бағаларының арзандауы; екіншіден, ҚР Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі бактер үшін белгіленетін ең төменгі резервтер нормасының мөлшерінің төмендеуі; үшіншіден, мемлекеттің бағалы қағаздары бойынша бөлінетін табыстың төмендеуі.Осы келтірілген мысалдардан да біз несиелік қорлардың экономикалық ақпараттық жүйесіндегі Pentium үлгісіндегі процессордағы Excel програмасының қолданылу жолдарын көруімізге болады.
- Несиелік қордың менеджментінің ЭАЖ-нің программасы.
4.1 Программаның құрылу жолы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп – деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларды деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
- Қайшылықсыз
- Артықсыз
- Тұтас
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ мү мкіндіктеріне ие. Ұсынылып орырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase.
Есептің қойылымы.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – деректер базасын құру және онымен жүмыс істеу. DELPHI пограммалық жүйесін пайдалана отырып, несиелік қорлардың экономикалық ақпараттық жүйесін орнатып, оны қолданушыларға ыңғайлы әрі тиімді автоматтандырылған түрінде пайдаланылуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Есептің алгоритмі.
- DBE Administranor –ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH параметрлеріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.
- Деректер базасын құру үшін, ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қтар, бас кетенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кесте екінші индекстерді тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру керек.
- Содан кейін DELPHI-ге кіріп, кестелер және менюі бар жаңа форманы жасаймыз, сақтаймыз
- DELPHI-де кестелерді байланыстыру үшін DataModule-ді құрамыз, сақтаймыз.
- Әр бір кестеге формалар жасаймыз, проектте сақтаймыз.
- Кестені және SQL тілін пайдаланып, құжаттар мен есеп беруді құрастырамыз.
- Жаңа формаларға инструкцияны және автор туралы мәліметтерді енгіземіз.
- Барлық жасалған формаларды проектінің ішіне сақтаймыз.
Мәліметтер базасының кестесін құру.
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады.
Жаңа кесте құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\пограммы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден D:\BANK каталогыф сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда несиеге байланысты кестені құру үшін File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады.
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name – бағананың өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәлімерттердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key - <*> символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса қойылады.
DELPHI-дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әртүрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған DELPHI құралын екіге бөлуге болады:
- Аспаптық құрал
- Компонеттер
Аспаптық құралдарға арнайы пограмалар мен пакеттер жатады. Олар деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Компонеттер, деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға арналған.
Содан кейін қойылған компоненттерге сәйкес қасиетері береміз.
Алғашқы жобаның мәндерін орындау үшін бірнеше қосымшалар егіземіз. Объектілер инспекторы бетіне форманың мынандай мән береміз:
Procedure TForm2.FormCreat(Sender:TObject);
Begin
Table1. Active:=true;
End;
Бұл өзгерістер пограмманы жүктегенде кесте мен мәліметтер қоры арасындағы байлыныс орнап, программа тоқтаған кезде байланыс ажырап отырады. Бұл егерде сіз желіде жұмыс жасап отырсаңыз, мәліметтер қорының жобалау кезінде бос болуын қамтамасыз етеді.
Осы стандарт бөлімінде алынған формаларды байланысырамыз. Бұл бөлімді орындау міндетті. Суреттен байқасаңыздар, бірінші форманың бастапқы екендігі көрінеді.
Берілген формаға Label , Edit, Table, DBNavigator атты компоненттер беріледі.
Енді байланыстырып болғаннан кейін әрбір форманың өзіндік қасиеттерін береміз. Бірінші форма басты меню рольін атқарады. Яғни сол форма арқылы келесі кестелер орналасқан форманы аша аламыз. Олар өзіміз байқағандай, бұл формада компонент орналасқан олар: MainMenu-ді берілген формаға меню құру үшін, ал сурет қою үшін Image- формасын пайдалана отырып, көрнекті жасауға болады
- Программаның қолданылуы.
Қарастырылып отырған мәліметер базасы Delphi 7 ортасында құрылды. Ол үшін компьютер Celeron 1800\ 256Mb\ 40Gb\ 32 Mb GeForce\ M\ K\ қоданамыз.
Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып ортырған Delphi құралы локальді және тораптық деректер базасын құрып және соның ішінде жұмыс істеуге және кезкелген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Локальді МББЖ – барлық бөліктері қоолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге фай-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МБББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-лерге: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және тағы басқаларын жатады.
ІІІ. Қорытынды.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында ұзақ мерзімде несиелеу мәселелері әлі дұрыс шешім таба алмай келеді. Ол туралы осы жұмыстың екінші бөлімінде екінші деңгейіндегі банктердіңэкономика салаларына берген несиелеріне жасалған талдау барысында көруге болады. Несиелік портфель құрылымдағы проблемалық несиелердің үлнсі баршылық. Олардың болу себептеріне: банктеріміздің бүгінгі күндегі несиелік механизмнің жетілмеген жағдайындажұмыс жасауы; несиелеудің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы ретінде кепіл механизмнің жеткіліксіздігі; несиелік тәуекелді бағалау және басқару әдісі, тәсілдерінің және элементтерінің кемдігі жатады.
Бұл курстық жұмыс нәтижесінде сипатталған жаңа несиелік механизмді, экономикм үшін тиімді қызмет етуге бағыттау, өз кезегінде экономикалық өсуге және банк жүйесінің нығая түсуіне мүмкіндік жасайды деп ойлаймыз.
Ол үшін ертеңге қалдыруға болмайтын мынандай шараларды жүзеге асыру қажет:
- Несиелік тәуекелді анықтауда, оны төмендеру және бағауда автоматтандырылған жүйені пайдалану;
- Несие берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында, Қарыздық міндеттемелерді қорғау туралы институт құру;
- Қазақстанда ипетекалық несиелеу жүйесінің қызметін реттеп отыратын арнайы ұйым – Ипотекалық несиелеу агеттігін құру.
- Несие алушыларға несиенің мерзімі бойынша пайыздық мөлшерін төмендету.
Қорыта айтқанда, осы айтылған шаралардың орындалуы қазіргі несиелік механизмді, несиелік қорлар менеджментінің экономикалық ақпараттық жүйесін жетілдірумен қатар, еліміздің экономикалық жағынан дамуына, банктік жүйенің нығаюына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, жұмыссыздыққа тосқауыл болуға және тағы сол сияқты жағдайларға ықпал етеді. Сонымен қатар, банктегі басқару механизмі яғни менеджерлердің басқару тәжірибесі бойынша әрбір бөлімшелердің бір қалыпты және де автоматтандырылған түрде жасалған жұмыстарының, тез әрі ыңғайлы етіліп іске асуын қамтамасыз етеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
- Архангельский А.Я. «Программирование в Delphi7». Издательство Бином, Москва 2004г.
- Байшоланова Қ.С. «Ақпараттық жүйелер теориясы». Алматы, Экономика 2002ж.
- Бердалиев К. «Менеджмент». Алматы, Экономика 2005ж.
- Бралиева Н.Б. «Бизнестегі ақпарат жүйелері». Алматы 1994ж.
- Епанешников А.М. «Delphi база данных». Издательство Диалог-Мифи, Москва 2000г.
- Мақыш С.Б. «Қазіргі несиелік механизм және оны жетілдіру жолдары». Алматы, 2000ж.
- Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер». Алматы , Экономика2005.
- Хамитов Н.Н. «Банк ісі». Алматы, Экономика 2006.
- Фаронов В.В.« Delphi5. Руководство программиста». Издательство, Нолидж, Москва 2001г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024