Сахара маңайы аймағы елдері құрамына енетін елдерге Египет, Ливия, Нигер, Нигерия, Маврикий, Мавритания, Мали, Алжир, Тунис. Бұл елдер климаттың қолайсыздығына қарамастан экономикалық тұрғыдан дамушы елдер қатарына жатады. Африканың өзгеде елдері сияқты Сахара маңы елдері де отарлық саясаттан зардап шекті.
Сахара маңайы аймағындағы елдердің жалпы көлемі – 10 млн. км² шамасында, халқы – 150 млн. адам. Ірі аймақтың жағдайы ең алдымен оның Жерорта теңізіне «қарап тұруына» байланысты, өйткені осының арқасында Сахара маңайы аймағы елдері Оңтүстік Еуропамен және Оңтүстік-Батыс Азиямен көрші болып, Еуропадан Азияға баратын теңіз жолына шыға алады. Аймақтың ішкі жағынан Сахара адамзат баласы аз қоныстанған аймақ болып табылады.
Сахара маңындағы елдер-ежелгі Египет өркениетінің бесігі, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін біз білеміз. Антик заманында Жерортатеңіздік Африка Римнің астықты өлкесі саналатын: жер астындағы су жинайтын галереялар мен басқа да құылыстардың ізін құм мен тастан тұратын тіршіліксіз теңіз арасынан бүгінге дейін кездестіруге болады. Теңіз жағалауындағы көптеген қалалардывң «Александрия, Тунис» негізгі ежелгі рим және карфаген қоныстарынан басталады. VII-XII ғасырларда арабтардың отарлауы халықтың энтикалық құрамына,оның мәдениетіне,діні мен өмір салтына зор ықпал етті. Сахара маңы аймағындағы елдерді қазір де араб Африкасы деп атайды, өйткені оның бүкіл халқы дерлік араб тілінде сөйлейді «3» және ислам дінін ұстайды. Осы заманғы қалалардың көпшілігін арабтар тұрғызған.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Сахара маңайы аймағы елдерінің экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Сахара маңайы аймағы елдерінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай?
- Мемлекеттердің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
- Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай?
- Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
- Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
- Мемлекеттрдегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
- Сахара маңайы аймағы елдерінің шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғ. Гарапова «География», Ә. Бейсенова, К. Каймулдиналардың «География» атты кітабы бойынша.
Сахара маңайы аймағы елдеріне физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Сахара маңайы аймағы елдері туралы мәлімет алу үшін қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сахара маңайы аймағындағы елдердің физикалық-географиялық жағдайы
- 1 Сахара маңайы аймағындағы елдердің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы
Сахара маңайы аймағы елдері құрамына енетін елдерге Египет, Ливия, Нигер, Нигерия, Маврикий, Мавритания, Мали, Алжир, Тунис. Бұл елдер климаттың қолайсыздығына қарамастан экономикалық тұрғыдан дамушы елдер қатарына жатады. Африканың өзгеде елдері сияқты Сахара маңы елдері де отарлық саясаттан зардап шекті.
1-кесте. Сахара маңайы аймағындағы елдер туралы жалпы мәліметтер
Елдер | Ауда-ны, мың км² | Демографиялық көрсеткіштер | Мемлекеттік құрылымы | Астана-сы | ||
Халық саны млн адам | Орташа жылдық табиғи өсім | Қала халқы-ның үлесі% | ||||
Египет | 1002 | 74,7 | 2,2 | 44 | Р | Каир |
Ливия | 1760 | 5,5 | 2,5 | 86 | Джамахирия | Трипо-ли |
Нигер | 1267 | 11,0 | 3 | 17 | Р | Ниамей |
Тунис | 164 | 9,9 | 1,6 | 61 | Р | Тунис |
Нигерия | 924 | 134,0 | 2,8 | 16 | ФР | Абуджа |
Маврита-ния | 1031 | 2,9 | 2,7 | 54 | Р | Нуак-шот |
Мали | 1240 | 11,6 | 3,1 | 26 | Р | Бамоко |
Алжир | 2382 | 32,8 | 2,4 | 49 | Р | Алжир |
Сахара маңайы аймағындағы елдердің жалпы көлемі – 10 млн. км² шамасында, халқы – 150 млн. адам. Ірі аймақтың жағдайы ең алдымен оның Жерорта теңізіне «қарап тұруына» байланысты, өйткені осының арқасында Сахара маңайы аймағы елдері Оңтүстік Еуропамен және Оңтүстік-Батыс Азиямен көрші болып, Еуропадан Азияға баратын теңіз жолына шыға алады. Аймақтың ішкі жағынан Сахара адамзат баласы аз қоныстанған аймақ болып табылады.
Сахара маңындағы елдер-ежелгі Египет өркениетінің бесігі, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін біз білеміз. Антик заманында Жерортатеңіздік Африка Римнің астықты өлкесі саналатын: жер астындағы су жинайтын галереялар мен басқа да құылыстардың ізін құм мен тастан тұратын тіршіліксіз теңіз арасынан бүгінге дейін кездестіруге болады. Теңіз жағалауындағы көптеген қалалардывң «Александрия, Тунис» негізгі ежелгі рим және карфаген қоныстарынан басталады. VII-XII ғасырларда арабтардың отарлауы халықтың энтикалық құрамына,оның мәдениетіне,діні мен өмір салтына зор ықпал етті. Сахара маңы аймағындағы елдерді қазір де араб Африкасы деп атайды, өйткені оның бүкіл халқы дерлік араб тілінде сөйлейді «3» және ислам дінін ұстайды. Осы заманғы қалалардың көпшілігін арабтар тұрғызған[1].
Египет Араб Республикасы – Африканың солтүстік-шығыс бөлігі, Азияның Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1001,4 мың км². Халқы – 63 млн адам. Бұған қоса 3,5 млн египеттіктер шетелдерде тұрып жатыр. Халқының 98%-ы арабтар. Ресми тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады (көпшілігі сунниттер). Астанасы – Каир қаласы. Ірі қалалары – Александрия, Порт-Саид, Мансур. Елді президент басқарады.
Ливия Араб Социалистік Халықтық Жамахириясы – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1,76 млн. км². Халқы – 5,4 млн адам. Негізгі халқы арабтар мен берберлер. Сонымен қатар испандар, гректер, түріктер, үнділер және т. б. ұлт өкілдері мекендейді. Астанасы – Триполи. Діні - ислам діні (суннит бағыты). Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен портары – Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка.
Нигер – Батыс Африкадағы мемлекет. Жерінің аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн адам. Жергілікті хаусалар 4,2 млн, джерма 2,3 млн, фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Астанасы – Ниамей қаласы. Ресми тілі – француз тілі. Діні – мұсылман діні.
Тунис Республикасы – Солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Аумағы – 163,6 км². Халқы – 9,3 млн адам. Ресми тілі – араб тілі. Діні – мұсылман діні (суннит бағыты бойынша). Астанасы – Тунис.
Нигерия Федеративтік Республикасы – Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы – 923768 км². Халқы – 123,3 млн адам. Ресми тілі – ағылшын тілі. Діні христиан және мұсылман дінін ұстанады. Сондай-ақ жергілікті діндерді ұстанады. Астанасы – Абуджа.
Мавритания – Солтүстік-батыс Африкадағы мемлекет. Жерінің аумағы – 1,03 млн км². Халқы – 2,7 млн адам. Негізгі халық маврлар. Діні – ислам діні (суннит бағыты). Ресми тілі – араб тілі. Астанасы – Нуакшот.
Мали Республикасы – Батыс Африкадағы мемлекет. Жерінің аумағы 1,2 млн км². Халқы – 10,7 млн адам. Мемлекеттік тілі – француз тілі. Астанасы – Бамако. Діні – ислам діні.
Алжир Халық Демократиялық Республикасы – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Жерінің аумағы 2,42 млн км². Халқы – 27,1 млн адам. Негізгі халқы – алжирліктер. Діні – ислам діні. Мемлекеттік тілі – араб тілі.
- 2 Халқы мен еңбек ресурстары және демографиялық проблемалары
Қазіргі таңда Сахара маңайындағы елдердің халқының құрамы 1000 астам этностар мен ұлыстардан құралады.
Египет халқы – 63 млн адамды құрайды. Бұл елдің халқы бір ұлтты.
Мұндағы: 1. 98%-ды арабтар,
2.%-ды өзге де ұлт өкілдері құрайды.
Ливия халқы – 5,4 млн адамды құрайды. Ұлттық құрамы туралы мәліметтік диаграмадан көруге болады.
Мұндағы: 1. 97%-ы негзігі халық – арабтар мен берберлер;
- 3%-ды гректер, түріктер, үнділер мен испандар құрайды.
Нигер халқы – 10,1 млн адамды құрайды. Ұлттық құрамы ала-құла. Мұнда француздар, джермалар, хаусалар және канурилер де бар.
Нигерия халқы – 123,3 млн адамды құрайды. Нигерия жылдан-жылға халқы жылдам өсіп келе жатқан мемлекет. Мемлекетте демографиялық саясат жүргізбегендіктен бала туу жоғары. Ұлттық құрамы бұл елдің біршама күрделі. Ол туралы мәліметтік төмендегі кестеден алуға болады.
Нигерия елінің ұлттық құрамы
Мұндағы: 1. 21%-ы – хаусалар;
- 20%-ы – иоруба;
- 17%-ы – ибо;
- 9%-ы – фулани;
- 33%-ы өзге де ұлт өкілдері мекендейді.
Мавритания халқы – 2,7 млн адамды құрайды. Ұлттық құрамы төмендегі диаграммада көрсетілген.
Мавритания елінің ұлттық құрамы
Мұндағы: 1. 80%-ы – маврлар;
- 20%-ы - өзге де ұлт өкілдері құрайды (волоф, тукепер, зенага сониинг және т.б.).
Мали халқы – 10,7 млн адамнан тұрады. Елде жергілікті тұрғындары: бамбара, снуфо, сонинке, малинке, догон, диула, фульбе және т.б. ұлт өһкілдері мекендейді.
Елдегі халықтың ұстанған дінін төмендегі диаграммадан көруге болады.
Мали елінің ұлттық құрамы
Мұндағы: 1. 80%-ы – ислам;
- 20%-ы – өзге және жергілікті діндерді ұстанады.
Тунис халқы – 9,3 млн адамнан тұрады. Ұлттық құрамы біркелкі. Ол туралы мәліметті төмендегі диаграммадан көруге болады.
Тунис елінің ұлттық құрамы
Мұндағы: 1. 98%-ы – арабтардан;
- 2%-ы өзге де ұлт өкілдерінен тұрады.
Тунис халқының діні
Мұндағы: 1. 98%-ы – ислам дінінің сенушілері;
- 2%-ы өзге діннің сенушілері.
Алжир халқы - 27,1 млн адам. Ұлттық құрамы біркелкі. 98,4%-ын алжирліктер құрайды. Ал, қалған аз мөлшердегі пайызды француздар құрайды. Ол туралы мәліметті төмендегі кестеден көруге болады.
Алжир елінің ұлттық құрамы
Діні де біркелкі. Көпшілігі ислам дінінің суннит бағытын ұстанады. Мәліметтерді төмендегі диаграммадан алуға болады.
Алжир елінің діни құрамы
Мұндағы: 1.99%-ы – ислам дінінің сенушілері;
- 1%-ы христиан дінінің ұстанушылары.
Сахара маңайы аймағы елдеріндегі еңбек ресурстарында жастардың үлес салмағы жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан, еңбекке жарамды халықтың 2\3-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл халықтың 34%-ын құрайды. Елдегі ЭБХ-тың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерсиямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады[2].
1.3 Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы
Сахара маңы аймағындағы елдердің шаруашылық өмірі теңіз маңайындағы алқапқа шоғырланған. Өңдеуші өнеркәсіптің басты орталықтары, субтропиктік егіншіліктің басты аудандары, оның ішінде суармалы жерлердегі егіншіліктің басты аудандары осында орналасқан. Сондықтан аймақтың бүкіл халқының осы алқапқа шоғырлағандығы да түсінікті. Ауылдық жерлерде төбесі жайпақ және едені топырақ саз балшықты үйлер басым. Қалалардың келбеті тек осы аймаққа тән болады. Сондықтан географтар мен этнографтар қаланың араб үлгісінде болып келетіндігін ерекше атайды. Олар басқа да шығыс қалалары секілді, екі-ескі және жаңа қалаға бөлінеді.
Қыратты жерге орналасқан бекініс-касба әдетте ескі қаланың орталығы болып есептеледі. Касбаны төбесі жайпақ және меңірейген дуалдармен бөлінген аласа үйлері бар ескі қаланың махалалары тығыз шеңбер түзе қоршап тұрады. Олардың ең басты көрікті жерлері-шығыстың әсем базарлары. Көбіне қорған қабырғалармен қоршалған бүкіл осынау ескі медина деп аталады, ол араб тілінен аударғанда «қала» дегенді білдіреді. Медицинадан сыртқа қарай қаланың жаңа, қазіргі бөлігі орналасады. Бірақ оны да көбіне қала кедейлері қоныстанған лашықтар қоршап тұрады.
Мұндай қайшылықтардың бәрі келбеті ұлттық қана емес, сондай-ақ әлемдік сипат алатын ең үлкен қалаларда күшті балқалады. Мұның ең алдымен Египеттің ғана емес, бүкіл Сахара маңы елдерінің ең ірі қаласы, бүкіл араб дүниесінің маңызы саяси, мәдени және діни орталығы – Каирге қатысы бар. Каир Нілдің тар аңғары дүние жүзіндегі ең жақсы ұзын талшықты мақта өсіретін басты аудан-құнарлы Атырауға айналатын жерге қолайлы орналасқан. Бұл аймақтың пішіні атырауға ұқсайтынын байқаған Геродот оған Атырау деген ат қойған. 1969 ж. Каир өэінің 1000 жылдығын атап өті.
Ірі аймақың оңтүстік бөлігіне халық сирек қоныстанған. Егіншілікпен айналысатын халық басты тұтынатын және тауарлы дақыл-құрма пальмасы өсетін жазираларға шоғырланған. Қалған территорияда «онда да бәрінде емес» көшпелі түйе өсірушілер ғана тұрады, ал Сахараның Алжирдегі және Ливиядағы бөліктерінде-мұнай кәсіпшіліктері бар.
Ніл аңғарында ғана тар «тіршілік алқабы» оңтүстікке қарай шөл патшалығына сыналана енеді. КСРО-ның экономикалық және техникалық көмегімен Ніл өзенінде Асуан су торабын салудың бүкіл Жоғарғы Египетті дамыту үшін өте зор маңызы болды[3
Ніл аймақтағындағы елдер экономикасының негізгі үш саласы 1. 32% - өнеркәсіп;
2. 40% - ауылшаруашылығы;
3. 28%-ы – қызмет көрсету саласы;
Аймақтағы кез келген ел болмасын екә негізгі бағытта жұмыс жасайды. Олар ауылшаруашылығы және өнеркәсіп. Аймақтың жер қойнауы минералды ресурстарға бай. Аймақтағы елдердің көбі ОПЕК-ке мүше елдер. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия (барланған қоры – 4 млрд т), Нигерияда (2,8 млрд т), Алжирде (1,3 млрд т), Египет жерінде де мұнайдың ірі кен орындары бар. Ал алтын алмас өндіруден Марокко, Тунис; уран өндіруден Нигер дүние жүзінде алғашқы орындарды алады.
2-кесте. Алжирдегі табиғи газ өндіру (млрд м³)
Елдер | Өндіру көлемі, млрд м³ | Жан басына шаққанда, м³ (2008 ж) | ||
2000 ж | 2004 ж | 2008 ж | ||
Алжир | 76 | 89 | 86 | 2622 |
Ауыл шаруашылығы дамушы елдерге тән дамуда. Төмендегі диаграммада Египеттің ауылшаруашылық құрылымын көруге болады.
3-кесте. Сахара маңайы аймағы елдеріндегі ауылшаруашылықтың негізгі көрсеткші
Елдер | Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, млн т | Көкөніс және бақша дақылдары, млн т | Ірі қара мал саны, млн бас | Ет (құс етімен бірге) өндіру, млн т |
Египет | 18,5 | 12,4 | 6,3 | 1,2 |
Нигерия | 24,3 | 6 | 19,6 | 1 |
2 Сахара маңайы аймағындағы елдердің экономикалық жағдайы
- 1 Сахара маңайы аймағындағы елдерде туризмнің дамуы
Ғалымдардың Мысыр жерінде көптеген қызықты, тіпті таңқаларлық ғылыми жаңалықтар ашқаны баршамызға мәлім. Дегенмен, адамзатты ежелден тамсандырғаны - Мысыр пирамидалары болды. Перғауындар, мәңгілік қабір арқылы өздерінің өлмес рухтарын мәңгі баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекетті мыңдаған жылдар бойы саяхатшылар арылмайтын мекенге айналдырып кетті.
Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең танымалы – Гизедегі Хеопс пирамидасы. Бұл, әлемнің біздің заманымызға дейін қаз-қалпында сақталған ең көне әрі бірден бір кереметі. Пирамиданы Хеопс перғауыны салдырған. Алып жатқан аумағы мен ірілігіне байланысты туристер оны кейде «Үлкен пирамида» деп те атайды және ол ғалам ғажайыптары тізімінде алдыңғы орында тұр. Егер Ұлы Қытай қорғанын есепке алмасақ, Хеопс пирамидасы адамзат қолынан шыққан ең ірі құрылыс болар еді.
Оның биіктігі 150 метрге жуық, бұл шамамен елу қабатты зәулім үйге тең келеді. Алаң аумағы 4600 шаршы метр. Мұндай кеңістікке бір мезгілде әлемнің 5 ірі шіркеуі : Римдегі әулие Петрдің , Лондондағы әулие Павел мен Лондондағы Вестминстер аббаты және сонымен қатар, Флоренция мен Милан ғибадатханалары сыйып кетеді. Хеопс пирамидасына пайдаланылған тастармен Германияда соңғы мың жылда тұрғызылған барлық шіркеулерді салуға болар еді.
Гизеде орналасқан Хеопс, Хефрен және Микерин перағауындардың пирамидалары теңдессіз дүние саналады. Мұндағы саяхат, Үлкен пирамида дәлізін араламағанда, бір сағатқа созылады. Хеопстың кесенесінен көз тартатын ешнәрсе көрмейсіздер. Құнды жәдігерлер баяғыда талан-таражға түскен, я болмаса әлем елдеріндегі мемлекеттік мұражайларда сақтаулы тұр. Көне өркениет мұраларына жасалатын саяхат – Сфинкс мүсіндерді тамашалумен жалғасады.
Қазір Айбатты арыстан бейнесіндегі адам мүсінін білмейтін жан кемде-кем шығар. Сфинкс - Гиза үстіртінің құз жартасының негізін құрайтын монолитті әктастан қашалып жасалған, ұзындығы 72 метр, биіктігі 20 метр. Аң бейнелі адамның беті аңызақ желдің салдарынан ғана бүлінген жоқ. Сонымен қатар, ол бір кездері зеңбіректен оқ атуды үйренген мәмлүктердің нысанасы болған[4].
Сондай-ақ, жиһангездер заманауи үлгімен жедел салынған салтанатты мешіттерге де қатты қызығушылық танытуда. Бұл нысандарды көру үшін Шарм-әл-шейхке ат басын бұруыңыз керек. Ең жаңа, әрі ең үлкен мешіт осында орналасқан. Айт күндері онда үш мың адамға дейін сыйып, бір уақытта намазға жығыла алады. Өткен жылы оның ашылу салтанатына Мысыр президенті Хосни Мүбәрак қатысқан. Мешіт күмбезінің ішкі жағында Құран сүрелері өрнектеліп жазылған. Қабырғадағы, төбедегі, тіпті едендегі ою-өрнектер де бірдей. Бұл үйлесімділік пен кемелдіктің белгісі.
Солтүстік Африкадағы ең жұмбақ және жабық елдердің бірі - Социалистік Халықтық Ливия Араб Жамахириясы. Бұл ел жайлы әңгімемізді мемлекеттің тарихынан емес, басшысынан бастағанды жөн көрдік. Муаммар Каддафи- ерекше билеуші. Елде оның күлкілі кейіпте түскен суреттері ілулі тұрады. Оның өз жеке пікірі бойынша, ол барша прогрессшіл адамзаттың көшбасшысы. Мәселен, Қытайдағы Мао сияқты. Ливиялықтар үшін ең қасиетті нәрсе -«Жасыл кітап». Оның авторы - Каддафидің өзі. «Ливия -өркениеттің қозғаушы күші». Бұл әлгі туындыдан алынған бір ғана дәйек сөз.
Мемлекет басшысының «беделі» көбіне елдің халықаралық қауымдастық елдерімен қарым- қатынасын қиындата түсті. Өйткені Муамар Каддафи-«халықаралық лаңкестіктің атасы» саналады. 1986 жылғы наурызда ливиялық содырлар Париж бен Вена әуежайларында жарылыстар ұйымдастырды. Ланкестерді ұстап беруден бас тартқаны үшін Ливияға экономикалық санкция жарияланып, ел ұзақ уақыт жабулы болды. Бірақ бұл дүрлігуге негіз бола қоймас. Атақ-абыройы жағымсыз болғанымен, Ливия зайырлы мемлекет, ал оның халқы - ашық жарқын, кеңпейіл.
Ливияның астанасы - Триполи. Бұл әсем қаланы сондай-ақ «Жерорта теңізінің қалыңдығы» деп те атайды. Бұл әлемдегі ежелгі қалалардың бірі. Ол Мысыр, Финикия-Карфаген, Византия және Рим мәдениеті жәдігерлерінің куәсі. Шаһар іргесін біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықта финикиялықтар қалаған. Кейін қаланы римдіктер, содан соң арабтар басып алған. Ортағасырларда Испания мен Мальтаның билеуінде болса, он алтыншы ғасырда түріктер басып алды. Мың тоғызжүз он екінші жылы Ливияға италян әскерилері шабуыл жасады, ал Муссолини Триполиді Африканың фашистік астанасына айналдырмақ болды. Ел өз тәуелсіздігін толығымен 1951 жылы алды. Ел астанасының сәулеті ала-құла. Араб үйлері, Хрушев баспаналарын еске салатын бес қабатты тұрғын үйлер, мәрмәр сарайлар. Әсіресе, италияндық әсер қатты байқалады. Отызыншы жылдары италяндықтар мұнда көптеген ғимараттар салған.
Триполи-сөзбе сөз аударғанда үш қала дегенді білдіреді. Яғни, Жерорта теңізінің жағалауын алып жатқан үлкен шаһар екінші бір көне қалаға біртіндеп ауысады. Олар - Лептис Магна және Сабрата, керемет жақсы сақталған римдік қалалар. Әсіресе, жетпіс метрлік амфитеатр ерекше әсер қалдырады. Оның сахнасы мен босағалары еш өзгеріссіз сақталған. Ливияның «Сахараның басты қақпасы» деп аталуы бекер емес. Ел аумағының тоқсан сегіз пайызын шөл дала алып жатыр. Мұнайдың арқасында Ливияның жағдайы жалпы жаман емес. Алайда қазір табыстың басқа көздерін іздестіруде. Мәселен, Каддафи туризмді дамытуды көздейді.
Мұндағылар туристерді қуана қарсы алады, бірақ оңайлықпен виза бермейді. Төлқұжатты арабшаға тәржімалау талап етіледі. Оның үстіне елде халықаралық төлем карталарына арналған банкоматтар жоқтың қасы. Ливия көзден ғайып болған Кеңес Одағы дәуірін қимастықпен аңсайтындардың көңілінен шығуы мүмкін. Мұнда алыстап кеткен бұрынғы социалистік өмірге тап боласың. Тек бір айырмашылығы - ішімдік сатылмайды. Ал қыздыратын сусындарды шетелдерден жеткізетіндер мен ішетіндерді заң бойынша өлім жазасына кесу қарастырылған[5].
- 2 Сахара маңайы аймағындағы елдердің экономикасының дамуының негізгі бағыттары
Сахара маңайы аймағы елдерінің экономикалық жағдайы:
- Индустрияландырудан артта қалған аймақ;
- Климат қолайсыз (шөл басу қаупі) және әлеуметтік жағдайдың төмендігі аурудың (СПИД) көптігі;
- енді ғана нарықтық экономикаға көшу үстіндері елдер.
Қандай сиқыры барын кiм бiлген, Африка бүкiл әлем халқының қызыға көз тiгiп жүретiн елдерiнiң бiрiне айналып алған. Жарықтық күн бар шуағын аямай төгетiн жер болғасын ба, әлде табиғатының ешбiр жерге ұқсамас өзiндiк ерекшелiгi бар болған соң ба, әйтеуiр Африка десе, балаларға дейiн елеңдеп тұрады. Жә, жарайды, олардыкi жәй қызығушылық қана ғой, Африка бүгiнде дүние жүзi қауымдастығының назарын аударып отыр.Африка елдерiнiң халқы СПИД эпидемиясы мен түрлi қарулы қақтығыстардың салдарынан көп қиындық көрiп келе жатыр. Кейбiр елдерiнде экономикалық өсу анық байқалғанымен, бүкiл құрлық бойынша алғанда кедейлiк жағынан құрдымға кетiп отыр. Соңғы жиырма жыл iшiнде кедейлiк саны мұнда екi есеге артқан. Дәл қазiргiдей жағдай қалыптасып отырғанда, Африканың алдына қойылып отырған 2015 жылға дейiнгi Мыңжылдық декларациясындағы талаптарға қол жеткiзу қиын. Алайда, дүние жүзi қауымдастығының өздерiне үлкен көңiл бөлiп отырғаны Африка елдерiнiң жетекшiлерiн кәдiмгiдей ойлантып тастады. Қазiр ел iшiнде жаңаша көзқарас қалыптасқан. Бұл алдағы күнге деген үмiт отын жаққандай болып тұр. Әсiресе, бұл жағдай Африканың стратегиялық даму жолдарын белгiлеуде көп пайда әкелмекшi. Осы жылдың қыркүйек айында Африканы дамытудың шешiмдерi әзiрленiп, Дүниежүзiлiк банк ұйымының арнайы жасақталған тобының әрекет ету жоспарлары жасалды.
Бұл үлкен тарихи мәнi бар оқиға едi. Осыған байланысты «Африка жылын» өткiзу белгiленiп, бұл құрлық даму мәселелерi бойынша қауымдастық бағдарламасының ортасынан ойып тұрып орын алған болатын. Сөйтiп, Африка Мыңжылдық декларациясының ең өзектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр. Дүниежүзiлiк банктiң Африка елдерi жөнiндегi аймақтық басқармасының вице-президентi Гобинд Нанканидiң айтуынша, қабылданып отырған iске асыру жоспары нағыз жұмыс жоспары болып тұр. Мұнда барлық мәселе түгел қарастырылған. Ол, шын мәнiнде, нәтиже шығаруға бағытталып отыр. Оның нәтижесi барша қауымға қажет. Африка халқы өз елдерiнiң басшыларынан жақсы өмiрге қол жеткiзудi талап етiп келедi, ал көмек қолын созып отырған донорлар болса, нақты қайтарымның болғанына куә болғысы келедi. Африканың 15 елiне тегiн бастауыш бiлiм беруге бөлiнетiн қаржыны арттыру, сондай-ақ жол құрылысы, энергетика және басқа да құрылымдарға нақты көмек көрсету белгiленген. СПИД-ке қарсы күрес жүргiзуде де бұрынғыға қарағанда үлкен белсендiлiк байқалады. Дүниежүзiлiк банктiң вице-президентi Нанкани мырзаның айтуынша, «Африка жылы» деп емес, «Африканың онжылдығы» деп iске кiрiскен абзал болар едi[6].
Сахара аймағы елдеріні қазіргі таңда нарықтық экономикаға көшу үстінде.
Нарықтық экономика төмендегідей жағдайда жұмыс істейді.
1.Тауарды қанша төлемде өңдеу керек. Қолда бардың қаншасын немесе қанша бөлігін жұмсау керек.
- Не өндіру керек? Яғни қоғамдық материалдық тұтынымын толық қамтамасыз ететін тауарлармен қызметті анықтау.
- Қоғамға қажетті тауарлар қалай өндіріліп,қандай қызметтер өндірілуі керек. Яғни, өндірістің тиімді түрлері және өндірістік ұйымдарда қандай технология қолдануды анықтау.
- Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек. Яғни, өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында нақты қаланып бөлініп керек.
- Өзгерістер бола қалса, қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу,яғни тұтынушылар тарапынан,сұраныс өзгере қалса, экономика тез соған бейімделіп,қолдағы алыс-беріс пен өндіріс жасалу керек.
Сахара маңайы аймағының елдері экономикасы нарықтық экономикаға көшуде. Ұзақ жылдар бойы отарлық саясатты бастан кешіріп, климаттың қатаңдығына қарамастан экономикалық даму дұрыс жолға қоойылған. Жоғарыда айтылғандар нарықтық экономиканың заңдылықтары болатын.
4-кесте. Сахара маңайы елдеріндегі жиынтық ішкі өнімннің көрсеткіштері
Елдер | Жиынтық ішкі өнім көлемі | Жиынтық ішкі өнімннің көлемі | |||
Жалпы көлемі млрд АҚШ долл | Жан басына шаққандағы мөлшері, долл | өнеркәсіп | Ауыл шаруашылығы | Қызмет көрсету | |
Египет | 295 | 4200 | 31 | 16 | 53 |
Ливия | 38 | 6700 | 55 | 5 | 40 |
Нигер | 9,4 | 900 | 18 | 40 | 34 |
Тунис | 49 | 7100 | 14 | 49 | 28 |
Нигерия | 106,2 | 1000 | 42 | 33 | 25 |
Мавритания | 4,7 | 1800 | 31 | 26 | 43 |
Мали | 8 | 900 | 17 | 49 | 34 |
Алжир | 196 | 6600 | 51 | 12 | 37 |
Египеттегі экономиканың негізгі секторы
- 31%-ы - өндеші және өндіруші өнеркәсір саласы;
- 16%-ы – ауыл шаруашылығы;
- 53%-ы – қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.
Бұл Египет еліндегі көрсеткіш. Мұна ақыл-ойдың алып ескеркіштері саналатын пирамидалар жыл сайын қаншама шетелдік туристерді өзіне шақырады. Соның есебінен бұл елде қызмет көрсету саласы жоғары көрсеткішті көрсетуде.
Тунис елі экономикасының негізгі секторы
- 14%-ы - өнеркәсіп саласы;
- 49%-ы – ауылшаруашылығы;
- 28%-ы – қызметкөрсету саласы;
- 9%-ы - өзге салаларды құрайды.
Бұл ел дамушы болғандықтан ауылшаруашылығы экономиканың негізгі секторын құрайды.
3 Сыртқы экономикалық байланыстары
- 1 Сахара маңайы аймағының елдерінің шетелдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы
Қазіргі заманда халықаралық экономикалық қатынастар адам өмірінде ерекше зор рөл атқарады. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық, дүниежүзілік қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибелер көрсетуде.
Батыстың экономикасы дамыған елдері мұны өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орындарды ұстап отыр: мұндай байланыстардың барлық түрлерінің ⅔-сінен ¾-іне дейіні осылардың үлесіне тиеді. Тауарлар мен қызмет көрсетуді экспорттаудың арқасында олардың көпшілігі өз табыстарының айтарлықтай, кейде тіпті басым бөлігін қамтамасыз етеді. Нақ осындай елдерді экономикасы ашық елдер деп атауға болады. Африкадағы Сахара маңайы аймағының елдері де халықаралық қатынастар түсінігін қалыптастыра бастады. Бұл елдердің ішінде Алжир Республикасы алғаш болып Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты орнатты.
ҚР мен Алжир арасындағы қарым-қатынастар бүгіндегі қалыптасу кезеңінен бастан кешіріп отыр. Мұның себебі мынада: ынтымақтастықтың орнатьудың бастапқы кезеңінде Алжир азаматтық соғыс жағдайында болды.
Соның өзіндеде біздің мемлекеттеріміздің арасындағы сауда-экономикалық жүйеде кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Алжир экономикасын қызықтыра алатындай тауарлар мен өнімдердің үкен тізімін ұсына алады, атап айтқанда, оның ішінде металлургиялық, химиялық, мұнай өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және т.б өнім түрлері бар.
ҚР мен Алжир арасындағы тауар айналымы 2005 жылы 464,1 долларды құрады.
Қазақстандық экспорт – 458,8 мың доллар, импорт – 5,3 мың доллар, ал 2004 жылы 45 мың долларды құрадды. Қазақстандық экспорт – 15,4 мың доллар, импорт – 29,6 мың доллар[7].
Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынаста орнаған. Атап айтқанда, екі мемлекеттің астаналарының арасында бауырластық байланыстарды орнатуға, Қакзақстанның мәдени күндерін Алжирде және Алжирдің мәдени күндерін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктері орнаған.
ҚР мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас 1992 жылдың 6 наурызында орнады. ҚР-да Египет елшілігі 1992 жылы тамыз айынан, ал Египеттегі елшілігі – 1993 жылдың сәуір айынан бастап орнады. ҚР мен Египет арасында бірнеше Ресми маңызы бар құжаттарға қол қойылған. Олар:
- сауда-экономикалық қарым-қатынас Келісім;
- инвестициялады қолдау және өзара қоағау туралы Келісім;
- ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі Келісім;
- ҚР СIМ және Египет СIМ арасындағы консультациялар туралы хаттамалар;
- Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Египет вакуфтары арасындағы байланыстар туралы Хаттама.
Ливия араб әлемі елдері ішіндегі Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алғаш тьаныған мемлекеттердің бірі. ҚР мен Ливия арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылдың 13 наурызында орнады. Қазақстандағы Ливия елшілігі 1992 жылдан бастап жұмыс істеуде, ал Қазақстанның Ливиядағы елшілігі 2003 жылдан бастап жұмыс жасауда. Ливия мен ҚР арасындағы қарым-қатынас мұнай-газ саласында маңызды орынды алады.
ҚР мен Марокко арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың 28 мамырында орнады.
Қазақстан-Мароко байланыстары кеңестік-марооко экономикалық және техникалық қатынастардың шеңберінде жүзеге асты. Қазақстандық бірқатар кәсіпорындар: Серебрянск бейорганикалық зауыты, Ақтөбе «Геотехника» зауыты, Ақтау пластмасса зауыты Мароккоға респираторлар, сүзгілер, вентильдер үшін кілттер, полистроль жеткізіп беріп отыр.
2006 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,6 млн. долларды құрады (қазақстандық экспорт – 0,1 млн. доллар, импорт – 2,5 млн. доллар).
ҚР мен Тунис арасындағы қарым-қатынас 1992 жылдың 23 қарашасында орнады. Екі елде де елшіліктер жұмыс жасауда. Сондай-ақ мәдени шараларда жүргізілуде.
Екі ел арасындағы тауар айналымы қазақстандық импорттан тұрады. Ол 2005 жылы 992,5 млн. долл. Құрады[8].
Қорытынды
Сахара маңайы аймағы елдері құрамына енетін елдерге Египет, Ливия, Нигер, Нигерия, Маврикий, Мавритания, Мали, Алжир, Тунис. Бұл елдер климаттың қолайсыздығына қарамастан экономикалық тұрғыдан дамушы елдер қатарына жатады. Африканың өзгеде елдері сияқты Сахара маңы елдері де отарлық саясаттан зардап шекті.
Сахара маңайы аймағындағы елдердің жалпы көлемі – 10 млн. км² шамасында, халқы – 150 млн. адам. Ірі аймақтың жағдайы ең алдымен оның Жерорта теңізіне «қарап тұруына» байланысты, өйткені осының арқасында Сахара маңайы аймағы елдері Оңтүстік Еуропамен және Оңтүстік-Батыс Азиямен көрші болып, Еуропадан Азияға баратын теңіз жолына шыға алады. Аймақтың ішкі жағынан Сахара адамзат баласы аз қоныстанған аймақ болып табылады.
Сахара маңайы аймағы елдерінің экономикалық жағдайы:
- Индустрияландырудан артта қалған аймақ;
- Климат қолайсыз (шөл басу қаупі) және әлеуметтік жағдайдың төмендігі аурудың (СПИД) көптігі;
- енді ғана нарықтық экономикаға көшу үстіндері елдер.
Туристік іс-әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.
Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізг қажеттілік; саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары; саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері; туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және тағы басқалар. Сахара маңайы аймағындағы елдерде туризмнің дамуы жоғарғы қарқында. Бір ғана Египет пирамидаларының өзі жыл сайын мыңдаған туристерді тартуда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005
- В.П.Максаковский «География» Алматы 1997
- «Энциклопедия для детей» Алматы 1997
- «География және табиғат» 2006,№6
- Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007
- Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
- Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
- «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
- Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
- Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
- Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
- Бек У. Что такое глобализация? /Пер. с нем. М., 2001.
- Бонгард–Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. М., 1993.
- Гранберг А.Г. Основы региональной экономики. М., 2000.
- Дергачев В.А., Вардомский Л.Б. Регионоведение. М., 2004.
- Дергачев В.А. Глобальная геоэкономика (трансформация мирового экономического пространства). Одесса, 2003.
- Дергачев В.А. Геополитика. Киев, 2000.
- Дергачев В.А. Геоэкономика. Современная геополитика. Киев, 2002.
- Джеймс П., Мартин Дж. Все возможные миры. История географических идей. М., 1988.
- Ишаев В.И. Международное экономическое сотрудничество: региональный аспект. Владивосток, 1999.
- Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география. М., 2001.
- Договор о коллективной безопасности //htpp://www.dkb.gov.ru
- Совместное заявление государств - участников ОДКБ в связи с созывом Чрезвычайной Конференции государств - участников Договора об обычных вооруженных силах в Европе (ДОВСЕ) //htpp://www.dkb.gov.ru
- Бордюжа Н. Выступление на 14-м заседании СМИД ОБСЕ в Брюсселе. 4-5.10.2006 г. // htpp://www.dkb.gov.ru
- Караваев А. ЕврАзЭС и ОДКБ в Центральной Азии: проблемы интеграции региона //http://www.ia-centr.ru/public_details.php?id=506
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024