Кез келген дамыған немесе дамушы мемлекеттер өз экономикалық жағдайын әлемдік деңгейде көтеру үшін өзінің стратегиялық бағытын таңдап, сол бағытта жұмыс атқарады. Сол мақсатта мемлекеттер арасында саяси экономикалық қарым-қатынастар орнайды. Қазақстан мен Словения арасында жүргізіліп жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынастар да осының айғағы болып саналады.
Словения өз тәуелсіздігін 1991 жылы алған. Словения қазіргі таңда экономикасы жақсы қарқынмен дамып келе жатқан Орталық Еуропа мемлекеттерінің бірі болып отыр. Оның даму стратегиясы кез-келген мемлекетке үлгі боларлықтай дәрежеде екені белгілі. Сондай-ақ Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайту қажеттітігі туындап отыр. Словения елінің эконикасы ғана емес мәдемиеті, сауаттылық деңгейі, сонымен қатар ғылым-білім саласындағы жетістіктерін үлгі етуге тұрарлық. Словениядан үлгі алатын тұстарымыз да бар екені анық. Словения мен Қазақстан арсындағы тауар айналымын одан әрі нығайту көзделіп отыр. Қазақстан қазіргі таңда мұнай, химия, металлургия саласында экпорттаушы мемлекет. Сондықтан да Словениямен арадағы жасалған келісім шарттар оның Еуропа мемлекеттерімен қатынасының одан әрі жандануыны септігін тигізіп отыр.
Словения экономикасы мен өндірісі жақсы дамыған мемлекет ретінде белгілі. Словеия өзінің жүргізген тұрақты экономикалық саясатымен батыстың озық тәжірибесін қолдану нәтижесінде көптеген экономикалық-өнеркәсіптік жетістіктерге жеткен. Мемлекеттегі жалпы жан басына шаққандағы ішкі өнім мөлшері жоғары деңгейде. 1996 жылдан бастап елге шет елдерден инвестиция тартыла бастады. Тартылған шет елдік қаржының басым бөлігі Автрия, Германия, Франция, Италия, Ұлыбританияға, АҚШ пен Нидерландыға тиесілі болып табылады.
Словения Қазақстанмен жасасқан келісім шарт негізінде Азия құрлығында сенімділікті нығайту мен қауыпсіздікті қамтамасыз ету және екі ел үшін өзекті мәселелерді шешу мақсатында Азия елдері арасында тығыз ынтымақтастық орнату қажеттілігін алға қойып отыр.
Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара сенімділікті бұдан да жоғары деңгейге көтеру және екі ел арасындағы белсенді және ынтымақтастықты одан әрі дамыту, мемлекеттердің дамуына өз ықпалын тигізері сөзсіз.
І Тарау. Словения Республикасына экономикалық-географиялық сипаттама
Географиялық орны
Словения Республикасы Балқан түбегінің Солтүстік батысында орналасқан мемлекет.Солтүстігінде Австрия мемлекетімен, батысында Италиямен, оңтүстік және оңтүстік – шығысында Хорватиямен, солтүстік шығысында Венгриямен шектеседі. Оңтүстік батысы арқылы Адриат теңізіне шыгар жолы бар. Территориясы 20 273 мың шаршы шақырым. Құрлықтағы шекарасы 46,6 мың шаршы шақырым. Б.з.д. I ғасырда Словения территориясы римдіктер мен Роман тайпасының құрамында болды. Бесінші ғасырларда Драва, Сава, Мур өзендерінің жағалауларында словен тайпалары қоныстана бастады. 626 жылы олар аварлардан өз бостандығын алып, өз тәуелсіз мемлекеттігін құрды. Яғни словен Ұлы Карантания мелекетін құрды. Алтыншы ғасырдың аяғы мен тоғызыншы ғасырдың бас кезінде словендіктер Франк державасының құрамында болды. Франк державасы құлағаннан кейін неміс ұлты құрған Ұлы Әулие Рим империясының құрамына енді. Ал XIII ғасырларда словендер чех каольі екінші Пламисланың қарамағына өтті.
Словендіктер Түркі – Осман империясының шабуылына қарамастан XIX ғасырдың басында дейін Габсбургтер мемлекетінің қол астында болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Словения –Италия, Венгрия, Германия тарапынан үш бөлікке бөллінді. Мыңдаған словендіктер неміс лагерлерінде жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істеді. Кейбіреулері Сербия мен Хорватияға жер аударылып кетті. 1945 жылы Югославия федеративті республикасынығ құрамында Словения Республикасы да болды. 2004 жылғы санақ бойынша Словенияда 20 115 мың адам өмір сүреді. Ал жас құрамына келсек он бес жас аралығындағылардың жалпы саны 14,3%- н , ал 15-65 жас аралығындағылар 70,6%- н, 65 жастан жоғары жас шамасынағылар халықтың 15,1%-н құрайды екен. Халықтың өсу қарқыны жылына 001%- і құраса, халықтың өмір сүру деңгейі 75-93 жас шамасында болып отыр.
1.2. Халқы
Словения халқының этникалық құрамына тоқтала кетсек, онда тұрғындардың словендіктер (88%), хорваттар (3%), сербтер(2%), босниялықтар (1%), венгрлер (04%), италяндықтар және т.б. халқының 71%- і католиктер, 1% протестанттар, 1% мұсылмандықтар. Мемлекеттегі ірі қалаларға - Любляна (257,9мың адам), Марибор (97,7), Целе (385), Копер (265), Крань (236), Нова Неста (221мың адам) тұрғыны бар.
Словения Республикасы батысында Италия, шығысында Венгрия, солтүстігінде Австрия, оңтүстігінде Хорватиямен шектеседі. Адриат теңізіне шығатын жолы бар, (жағалық сызыгы 46,6 шақырым). Словенияның астанасы- Любляна. Жалпы жер көлемі-20 250 шаршы шақырым. Халқының саны 1,9 миллион. Ресми тілі- словен тілі. Діні: католоцизм. Мелекеттік құрылымы: республика. Ақша бірлігі: толар болып табылады.
Республикасының солтүстік және солтүстік батыс территориясының еткгінде қалың орманы бар таулар алып жатыр. Словения Республикасының территориясының жартысын жауып жатқан ормандарда аю, қасқыр және сілеусіндер мекен етеді. Оңтүстік батыс территориясы әктасты,карсты үстіртінде орналасқан. Жаңбыр суы нәтижесінде болган миллион жылдан бергі эрозия әсерінен Еуропадағы ең керемет үңгірлер жүйесі қалыптасқан. Мысалы олардың біріне Постойнадағы Постойнска-Яма үңгірін жатқызуға болады. Бұл үңгірдің ұзындығы 16 шаршы шақырым. Карст үстірті маңындагы Словенияның ірі өзендері жер астына сіңіп, әктасты үңгірлер лабериннтімен ағады. Словения Республикасының халқының ежелгі словян тұқымы болсада ерте саяси тәуелсіздіктен айрылып, ұзақ уақыт бойы басқа халықтардың билігінде болды. Бірақ олар өздерінің тілін, бай мәдениетін, және ұлттық дәстүрлерін сақтап қалды. Словения республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі, әрі денсаулық сақтау және білім беру деңгейі бір шама жоғары болып табылады. Совенияның басқа мемлекеттерден ерекшелігі онда түрмеде отырғандардың саны өте аз. Словенияда ..... жылы Венадағы испан атқа міну мектебіне жылқы дайындау зауытының негізі қаланды. Кейіннен, бұл зауыт ең жақсы деп есептелетін аппақ қардай асыл липицан тұқымын алды.
Словендіктер хорутанлар, карантандар, винділер,словиндіктерден тұрады. Халықтың көпшілік бөігі солтүстік Италия мен Австрияның шекаралық ауданында, көпшілігі Америка Құрама Штаттарында, Венгряда тұрады. Халқының көпшілігі словен тілінде сөйлейді. Дінге сенушілердің көпшілігі католиктер, пртестанттар және православиеліктер. Осы заманғы словендіктердің ата-бабалары 6-7 ғасырларда Дунайдың орта шеніндегі ұлан байтақ жерді, Паннон ойпатын шығыс Альпіні, яғни Корантанияны мекендеді. Корантанмен Пкннондық Словендіктер 7-8 ғасырдың ортасына дейін ваварлықтармен жауласты 9-ғасырдың аяқ шеңінен словения жерінің еөпшілігі мың жылға жуық неміс феодалдарының иелігінде болды. Шығыстағы Соловендіктердің жері венгір феодалдарына қарады. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Словен халқы өзге Югаславия халықтарымен біге Сербтер, Хорваттар корльдігінің құрамына енді. Кейіннен олар Югаславия деп аталды. Жүздеген жыл бойы бастары қосылып ел болмаған халық мәдениетіне, әдет ғұрпына қарай бірнеше топқа бөлінді. Мысалы айта кетсек крайндер, ақ крайндер, премуурлер, штриилер т.б. кейінен югаславиядан бөлініп шыққан Словения өзге халықтар сияқты
экономикасын, ұлттық мәдениетін дамытуға мүмкіндік алды.халықтың әлеуметтік жағдайыны көп көңіл бөлінген. Елде қаржылай медициналық қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда Словенида 4180 дәрігер, 11600 медициналық қызмет көрсетіліп жатқандар. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар 462 мың адам. Жәрдемақының 70 пайызын жұмыссыздар алады. Зейеткерлікке шығу жасы өрлерге 57 жас, әйелдерге 52 жас шамасы болып табылады. Мемлекеттегі орташа жалақы мөлшері 860 долларды құрайды.
Мемлекетте 820 орта білім беретін мекемелер, 37 арнайы мамандандырылған оқу орындары, 3 Жоғарғы оқу орындары. Онда 100 мыңнан астам студент білім алады. Білім беру дәрежесі, яғни елдегі сауаттылық бойынша Орталықққ Еуропадағы біріншілікке енеді. Қызмет етушілердің 15пайызы ЖОО-да, ал 60 пайызы орта білімді бітіргендер. Ғылымы мен білімі жоғары елдер қатарында. Білім саласында – биохимия, молекулярлық биология, жұмыс техникасы, жүйелі автоматтандыру, компьютерлік басқаруға көп көңіл бөлінеді. Словениядағы атақты институт Любляна қаласындағы- Иосеф Стефан Институты. Ол математика, химия, биохимия, физика, электроника, ақпараттық технология, ядролық физика пәндерімен мамандандырылған. Мемлекетте оншақты ғылыми- ізденіс институттары, оның ішінде, ең көне оқу орындарына – Словения Ауылшаруашылық Институты жатады. Любляна биофизикалық институты, Палеонтологиялық институт, Ұлттық биология институты, Ұлттық химия институты т.б.
1.3. Табиғаты.
Словения негізінен таулы өлке. Солтүстік батысын және солтүстігін Шығыс Альпі (Пхорье, Караванке, Сава Альпісі, Юлий Альпісі жоталары) сілемдері, оңтүстігін Динар таулы қыратының солтүстік шеті алып жатыр. Республиканың батысы және шығысы ойпатты келеді. Ең биік жері- Юлий Альпісіндегі Триглав тауы(2864м). Оңтүстігі ен батыс аудандары Динара тауларында, ал солтүстік шығысы Орталық Дунай жазығында орналасқан. Жер бедері күшті тілімденген. Еуропаның ең ірі аңарларының бірі Тостойнская анғары осы Словения территориясында орналасқан.
Словенияның негізгі өзендері- Сава, Драва, Соча өзендері болып табылады. Бұл таудан бастау алатын өзендерді Словения Су электр энергиясын өндіруде пайдаланады. өзен бойларында көптеген СЭС- тер салынған. Мемлекеттің климат жағдайына Адриа теңізінің , сонымен қатар Альпі тауларының да ықпалы орасан зор болып табылады. Сондықтан да мұндағы климат жағдайы ылғалды болып келеді. Ішкі аудандарға Жерортатеңіздік жағалау массивтері ықпал етеді қысы салқын, қаңтар айының орташа жылдық температурасы -2C, таулы аудандарда -4-6С . жазы жылы, шілде айының орташа температуасы 19-21C, ал таулы аудандарында орташа жылдық температура көрсеткіші 15-17C. Жауын-шашынның таралу мөлшерә біркелкі. Таулы аудандарда1000-1500мм, ал биік таулы аймақтарда 2000-3000мм, елдің шығыс бөлігінде 700мм шамасында.словения территориясында орман қоңыр топырағы мен таулы орман топырақтары кездеседі. Словения территориясының елу төрт пайызын орман алқаптары алып жатыр. Ол Еуропа бөлігінде Финляндия мен Швециядан кейінгі үшінші орынды иемденеді. Аласа таулы аймақтарда қайындар, ал одан жоғарылаған сайын шыршалы ормандармен алмасады. Карстық аудандарда тау шалғындары өседі. Сонымен қоса өзен аңғарларында да шалғындар мен шабындықтар кездесіп отырады. Словенияның өсімдіктер дүниесіне өте бай. Территорияда олардың жалпы саны-3200, оның 66-эндемик, 330 түрі- Қызыл Кітапқа енген. Словения территориясында қоңыр аю, қасқыр, тау ешкісі, қабан шошка, қоян, борсық мекендейді. Соымен қатар жыландар мен кесірткелер, тасбақалар да кездесіп тұрады. Құстарға өте бай. Қыран, бүркіт сияқты құстар мекендейді. Онда он үш мыңнан астам жануарлар түрі мекендейді.
Қазіргі таңда Словения табиғатты қорғау мәселесіне басты назар аударған. Үкімет қоршаған ортаны қорғау мәселесі төңірегінде бірталай заңдар қабылдады. Ерекше қорғауға алынған территориялардың жалпы көлемі-140,4 мың га, онда екі ірі мемлекеттік парк, яғни Триглав және Юлйй Альпісі парты. Сонымен қатар 34 – ладшафттық парк, 49 – қорықша, 623 – табиғат ескерткіштері жұмыс істейді. Словения жері қазба байлықтарға өте бай келеді. Онда қоңыр көмір, мырыш, уран рудасы өндіріледі.күміс кен орындары да кездеседі. Климаты негізінен коңыржай континентік, Адриа теңізі жағалауында субтропиктіктік жер орта теңіздік ауаның орташа айлық температурасы қаңтарда 0-2 С, шілдеде 18-19 С. Жылдық жауын шашын мөлщері 800-2000 мм. Басты өзендері Сава және Дравалвр, Дунай алабына жатады. Мұздықтық және Карстық көлдер кездеседі. Террторияның 46% і-орман. Таудың жоғарғы бөлігінде субальпілік жане Альпілік шалғын өседі.
Климаты қоңыржай континиентті-қысы суық, жазы жылы. Халықтың ... пайызы шағын ауылшаруашылық комуналарында, мысалы басты іс-әрекеті ірі қара мен қой өсіру болып табылады, Словения Республикасының солтүстік шығысында, климат жылырақ жерде, өндірістің басты саласы шарап жасау болып табылады. Словения елінде қоңыр көмір, қорғасын, мырыш және уран кендері бар. Соның ішінде қоңыр көмірді энергия алу үшін республиканың көптеген өндіріс орындары осы энергия көзін пайдаланады. Сондықтан бұл елде шағын болса да, біртіндеп дамып келе жатқан өнеркәсібі бар.
Шаруашылығы. Словения экономикасы жақсы дамыган республикалардың бірі. Мұндағы ауылшаруашылығы өнімдері жоғары сапалы. Онда ет-сүт шаруашылығы, жүгері, бидай өсіреді. Бау-бақша мен жүзімдіктер ауылшаруашылығының негізгі өнімдерін қамтиды. Сонымен бірге қант қызылшасы мен картоп та өсіреді. Айта кетсек ол ерте кезден-ақ шаруашылығы жақсы қалыптасқан мемлекеттердің бірі болып табылады. 2000 жылғы жалпы ішкі өнімнің 45% өнеркәсіп салалары берді. Бұл мемлекет жүргізге тұрақты экономикалық саясат пен Батыстың озық тәжірибесін қолдану нәтижесінде көптеген экономикалық- өндірістік жетістіктерге жеткен. 2002-2003 жылдары елдегі қаржы тапшылығы азайып,Словения өзге Еуропа елдеріне қарағандаа салық мөлшері едәуір аз. 1996 жылдан бастап елге Шет елдерден инвестиция тартыла бастады. Тартылған шет ел инвестициясының басым бөлігі Австрияға, содан соң Францияға, Германияға, Италияға, Ұлыбританияға, АҚШ пен Нидерландыға тиесілі болып табылады. 2002 жылғы жалпы елдегі бюджет қоры 37,1долларды құрады. Жан басына шаққандағы оның өсу дәрежесі 3,2%-і құрады. Ал ауылшаруашылығына 3%-і тиесілі, өнеркәсіпке 36%, қызмет көрсету саласынан 61% пайда түскен. Жалпы елдегі жалақы мөлшері 890 доллар. Инфляция көрсеткіші 2002 жылғы мәлімет брйынша 7,4%-і құраса, ал жұмссыздық көрсеткіші 11%- құрайды. Соның ішінде жұмысқа жарамды адамдар саны 857,4 мың адам.
Табиғат ресурстары. Полиметал рудасы, боксит, сурьма,энергетика саласынан түскен пайда 1999 ж 13,7 млрд кВт\с құраа, ЖЭС-н 35,2% энергия, СЭС- 27,3, АЭС – 36,8%-і құрады. 2001 жылғы соңғы мәлімет бойынша өндірілген электр энергиясының 13,8 млрд кВт\с мемлекеттің ішкі өніміне жатса,экспортқа шығарылғаны 3 млрд кВт\с.
Елде қара және түсті металлургия жақсы игерілген. Электроника, ағаш өңдеу, химия, резина, құрылыс материялдары, автомобиль жасау, станок жасау, қағаз, тері өңдеу, азық-түлік және темекі өнімдерін өндіру жолға қойылған. Соңғы мәліметтер бойынша өнеркәсіп өнімдерінің даму қарқыны 2,4%-і құраған. әсем табиғаты мен көзтартар көркем табиғаты шелелдерден туристердің көптеп келуіне жағдай туғызады. словенияда 1997 жылғы бюджетке түскен табыс көзі 8,11 млрд долл. құраса, ал шығын мөлшері 8,32 млрд. долл. құраған. Ішкі қарыз- 7,9 млрд дол. Словения Банкі орталық мемлекеттік банк жүйесін құрайды. Еңбек етуші халықтың өнеркәсіпте және құрылыста еңбек етеді., ауыл шаруашылығында және балыкқ аулау, орман шаруашылықтарында еңбек етеді. Энергетикалық базасы Драва, Сава, Соча өзендеріндегі су электр стацияларында және каскаттардан, сонымен қатар қоңыр көмірлік жылу электр станцияларыеан алады.
Жер қойнауынан полиметал рудалары (Межица, Шоштань, камник кендері), боксит ( Юлий, Крайна ), сурьма (Камник), сынап ( Идрия)- дүние жүзіндегі сынап кендері арасында руднигінің мөлшері жөнінен үшінші орын алады.
Қара-металлургия Есенице, Равне, Шторе орталықтары бар. Түсті металлургия саласындағы мырыш пен алюминий орталықтары- Межица, Кидричево. Осы орталықтарда металлургия жаксы дамыган.
Өнеркәсіп салалары арасынан машина жасаудың үлесі басым. Басты салалары автомобиль жасау, оның орталығы- Марибор. Электртехника саласы бойынша, орталықтары-Любляна, Кран қалаларында орналасқан және осы салалар өнеркәсіпте жетекші рол атқарады.
Мата тоқу, ағаш өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіп орындары да жұмыс істейді. Республикадкғы басты өнеркәсіп орталықтары- Марибор, Любляна, Кран, Целе, Копер қалалары. Словения мемлекетінің жерінің жартысына жуығы ауыл шаруашылығында пайдаланады. әсіресе Драва, Мура, Лендава және республиканың шығыс бөлігі мемлекет экономикасында маңызы күшті. Ауылшаруашылық жерінің 26% егістік6 15% бақ және жүзімдік мен шабындық және жайылым алқаптары алып жатыр. Ал ауылшаруащылық астық дақылдары, мысалы бидай, жүгері, қара бидай, арпа, сұлы, картоп, қант қызылшасы т.б. егіледі.
Словениядағы туризм орталықтарына-Любляна, Марибор, Пастойна, Порторож қалаларын жатқызуга болады. Словения жері арқылы Югославияны Италиямен, Австриямен байланыстыратын темір жол тармагы және Гориция- Любляна- Загреб-Белград тас жолы өтеді.
Елдегі сауаттылық көрсеткішіне тоқтала кетсек, халқының 98% сауатты болып табылады. Жоғарғы білім беру жүйесі жақсы дамыган. Мұнда гимназиялар мен маман жұмысшылар даярлайтын және ауылшаруашылық-техникалық арнаулы мектептер жүйесі жұмыс істейді. Мемлекетте мәдени және ғылыми жүйелері жақсы жолға қойылған. Айта кетсек, ғылыми және арнаулы кітапханалар, мұражайлар қалаларда көптеп кездеседі. Сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелері де соңғы жаңа технологиямен жабдықталган. Таулы климатты курорттары: Блед, Бохинь, Краньска-Гора; теңіз бойы: Порторож, Пиран, Изола. Бай дамыған фольклоры бар бұл елде алғашқы жазба ескеркіштері 9 ғасырда пайда болды. 19 ғасырда басталған германдандыру кезеңі словен әдеби тілінің дамуына кері әсерін тигізді. Словения территориясында палеолит және неолит дәуіріне жататын сүйек мүсіншелер мен геометриялық өрнекті қыш құтышалар сақталган. Қолдан жасалга мүсіншелер, бұйымдар қола дәуірі ескеркіштері де кездеседі. Ондағы бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған католик шіркеулеріне және монастырларына көптеген елдерден туристер ағылып келіп жатады. Әрине бұл саладан түскен пайда мемлекеттегі жалпы ішкі өнімге әсер етері сөссіз.
Транспорты. Словения бірнеше қиылысқан жол торабының үстінде орналасқан мемлекет. Ол Батыс Еуропа мен Шығыс Еуропаны, сонымен бірге Оңтүстік Еуропаны байланыстырушы мемлекет. Елде авомобиль жолы жақсы дамыған. Оның жалпы ұзындығы 20177 мың шаршы шақырым, ал
темір жол торабы – 1201мың шаршы шақырым. словенияда 16 әуежай жұмыс істейді. Ал мемлекет астанасы Любляна қаласындахалықаралық әуежай орналасқан. Маңызды порттары- Изола қаласында, Капере, Тиране қалаларында орналасқан. Словения территориясы арқылы ұзындығы -290км-лік құбыр жолы, 305 км-лік газ құбыры өтеді.
Мәдениеті. Словенияның табиғат ресурстарымен қатар туризм саласы да қатар дамып, оның экономикасына өз үлесін қосуда. Сондай орталықтарының бірі Любляна қаласы. Бұл қала тарихи қала. Оның басты туристерді тартатын таңғажайып мұнаралары өзендер бойын бойлай орналасқан. Бұл мұнаралардың негізі тоғызыншы ғасырларда Барокко стилінде жасалынған.19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында эклектика стилімен толықтырылғаны айқын байқалады. Мысалы,опера театры. Ал модерн стилі ұлттық нақышта қонақүйлер мен университеттер, кітапханалар архитектурасында қолданылғаны айқын байқалады. Любляна қаласында Словен Мемлекеттік ғылымжәне өнер академиясы, мемлекеттік филармония университеті, сонымен қатар мұнда мемлекеттік кітапханалар, ұлттық этнографиялық қалалық мұражай, ұлттық галерея, жаңа өнертапқыштар галереясы орналасқан. Словенияның Любляна қаласы халықаралық туризм орталығы статусына ие болып табылады. Қалада халықаралық жәрменкелер жиі ұйымдастырылады. Олар өз мәдениеттеріне өте ұқыптылықпен қарайды. Словендіктер өздерінің ұлтық музыкасын және ұлттық билері- полька, мазурка вальсін дәстүрлі сақтаған.
Словенияның ақша бірлігі- толлар болып табылады. Мемлекетке сырттан келген субект мемлекеттен 300 мың толлардан астам ақша алып кіру және алып шығу шектелген. Немесе кез-келген шет ел валютасы осы ақша қорына сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда айтылгандай Любляна туризм және демалыс орталығы. Оған климатының жұмсақтығы, жагдайы жасалган туризм орталықтары мемлекет тарапынан қолга алынған. Оларға орта ғасырлардағы храмдар мен сарайлар жатады. Осы ескеркіштер Словенияны Еуропаның туристер көп тартылатын орталығына айналдырып отыр.
Астанасы. Любляна Словения республикасының астанасы болып табылады. Оның 271 мың тұрғыны бар. Оның жер бедері таулы-қыратты, онда қоңыр көмірдің мол қоры кездеседі. Климаты- континиентті. Люблянана Альпінің жоталары айнала қоршап жатыр. Жазы жылы, қысы салқын. Любляна ормандарында 60 тан астам ағаш түрі кездеседі. Ормандарында аю мен қабандарды кездестіруге болады.
Люблянаның тұрғындарының этникалық құрамына тоқталсақ, онда негізінен халықтың80–словенер, 3 –хорваттар, 2- сербтер. Астанадағы тұрғындардың 70% католиктер. Мұнда соңғы мәліметтерге сүйентін болсақ, провословтық және индуйзм тармақтары кең етек алуда. Мұнда халықтың көпшілігі словен тілінде сөйлейді. Сонымен қатар басым бөлігі италян, неміс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.
Экономикалық байланыстар. 1991 жылы 27 желтоқсанда Словения Республикасының Ұлттық Скупшинасы (парламенті) Қазақстан Республикасының егемендігін таныды. 1992 жылы дипломатиялыұ байланыс орнатылды.
Қазақстан мен Словения арасында достық қарым-қатынас дамуда 2002жылы мамыр айында Президент Н. Назарбаевтың Словенияға сапары және 2002 жылы қыркүйекте Словения Республикасының Арезиденті М: Кучанның Қазақстанға жауап сапары екі жақты байланыстардың дамуына едәуір серпін берді.
Халықаралық саясаттағы енң ауқымды мәселелер жөнінде тұрақты түрде пікірлер алмасу сыртқы саяси ведомствалар басшыларының деңгейінде жүзеге асуда. 2003 жылы 8-10 қазанда Словения сыртқы істер министрі Д: Рупелдің Қазақстанға сапары жүзеге асты. Сапар барысында оның Премер-Министр Д. Ахметовпен, Сыртқы істер министрі Қ: Тоқаевпен және басқа да ресми адамдармен кездесуі болды.
Ішкі саясат. Шет елдік мемлекеттер Словенияның тәуелсіздігін 1993 жылы мойындады. Словения БҰҰ-на мүше мемлекет болып табылады. 2004 жылы 1 маусымда Еуропалық Ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылдан басталды. Екі ел 1993 жылы сауда және экономикалық ынтымақтастық келісім шартына қол қойды. Қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда қатынасы одан әрмен өрши тусуде. 2002 жылы Словения Республикасындағы экспорт мөлшері 10,3 млрд Ақш долларын құрады. Экспорттың 90%-н өнеркәсіп өнімдері құрады. Экспорттаушы сауда серіктестері- Германия, Италия, Австрия, Хорватия, Францмя, Бония Герцеговина.
Ал 2002 жылғы елдегі импорт 114 млрд долл құрады. Ал импорттаушы негізгі сауда серіктеріне Германия, Италия, Франция, Австрия, Хорватия, Австрия, Венгрия, ресей мемлекеттері жатады.
Словения демократиялық мемлекет. Жоғарғы заң шығарушы органы. Парламент. Ол екі палатадан тұрады: Парламент мәжілісі мен Мемлекеттік кеңес. Парламент құрамында қырық дапутат бар. Олар төрт жыл мерзімге сайланады. Елді президент басқарады. Сайлау жасырын түрде өтеді. Сайлау күнін парламент мүшелері шешеді. Президент заң шығару, дипломатиялық қарым-қатынастарға, мемлекеттік бйлік өкілдерін сайлауға араласады. Президент бес жыл мерзімге сайланады. Екі рет қатар сайланғаннан соң оның қайта сайлануға құқы жоқ. Қазіргі тандаа Словения президенті- Янез Дрновшек.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы айтарлықтай үлкен емес. 2005 жылдң қорытындысы бойынша ол 53,7млн. Долларды құрады. ( қазақстандық экспорт-0,8 млн.доллар, импорт-52,9 млн доллар, 2004 жылы –35,8 млн доллар болған еді).
Словения Республикасы қазақстанның қара және түсті металлургиясын, тыңайтқышын және астығын сатып алуға ынталы. Сонымен бірге ҚР-на технологиялық жүйелерді, электрожабдықтар мен медикаменттер сатуды тұрақты жолға қоюға ұмтылуда. Словения жағы хабар тарату технологиялары мен тамшылы суғару жабдықтары салаларында өз қызметтерін ұсынуда.
Қазақстан-Словения қатынастарының алғашқы тәжірибесінің мысалынаОрал механикалық зауытында жүргізілген конвесияны жатқызуға болады. ............. Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Словения республикасы президенті Милан Кучанмен кездесуі өтті. Бұл кездесуде мемлекетіміз басшысы атап өткендей, Любляна кездесуі өте маңызды оқиға болып, екі жақты қарым-қатынастары дамытуға даңғыл жол ашып берді. Ал Қазақстанның бұл күнде ТМД елдері ішінде ең жоғарғы несиелік рейтингке ие болып, нарық экономикасын толық игергенін Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттарының мойындағаны белгілі. Бұл еліміздің халықаралық ұстанымын нығайтып, шетелдермен саяси-экономикалық байланыстарды тереңдетуге әсер етуде.
Ыстық ықылас пен түсіністікке толы жүздесуде екі елдің басшылары сауда- экрономикалық ынтымақтастықтың болашагын сөз етті. Нақтылап алсақ, фармацевтика, тамақ және жеғіл өнекәсіп, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылыгы және туризм саласында байланыс орнайды. Қазірдің өзінде .. словендік компаниялар Қазақстанда өкілдігін ашты. әсіресе мұнайды өндіру мен тасымалдау көлемін ұлғайтуға көшкенде Констанца-Триест мұнай құбырының құрылысын жүргізуде Словения транзиттік елдің ролін атқармақ. Ауыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жер өңдеу, мал шаруашылығы өнімдерін шығару үшін бірлескен кәсіпорындар ашу көзделуде.
Словендік DUOL компаниясы елордадағы ҚАЗАҚСТАН спорт кешенін тұрғызуға қал ұшын созды. Бұдан былай да Астана – жаңа қала АЭА жобаларында словендік құрылыс фирмаларына қажетті жагдай жасалмақшы.
Словения республикасы біздің еліміз сияқты тәуелсіздігін 1991 жылы жариялаған. Тәуелсіздік мерекесі 25 маусымда аталып өтіледі. Жер аумағы 20 250 шаршы километр. Халқы 1,9 миллион адам. Австрия, Венгрия, Хорватия, Италиямен шектеседі. Астанасы Любляна. Ақша бірлігі- толлар. Ресми тілі – словен тілі.
Еуропадағы экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің бірі.Әр адамға шаққандағы жылдық табысы 860 мың доллар. Негізгі экономика салалары қара мелаллургия, жеңіл көлік, кеме жасау, химиялық ағаш өңдеу, электрондық және эектротехникалық өнекәсіп. Қазақстанның бас қаласында өткен келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасты Қазақстан республикасының индустрия және сауда министрлігі мен Словения Экономика министрі Теа Петрин Қазақстан үкіметі мен Словения үкіметі арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Біз Қазақстанмен экономикалық- мәдени ынтымақтастық орнатып қана қоймай, бүкіл әлемді елеңдетіп отырған мәселелер жөнінде де ашық диалог өткізгіміз келді деп мәлімдеді М. Кучан. Словения президенті сондай-ақ бірлекен кәсіпорындар ашуға бірінші кезекте мүдделілік танытып отырғанын айтты. Осы қадам Словенияға ТМД рыногына , Азия құрлығына шығуға жәрдемдеспек. Ал Қазақстан Еуропа Одағының интеграциялық жүйесіне енуге мүмкіндігін ұлғайта түспек.
Егер Иракта соғыс басталса, ол Азиядағы ахуалға қалай әсер етеді – деген сұраққа Қазақстан республикасының президенті Н. Назарбаев былай деді: - Біз қазір әрбір елдің қауіпсіздігі бірігіп күш қосқанда ғана беки түсетініне көз жеткіздік. Ауғанстандағы акциядан кейін ол елдің экономикасы сауығып кеткен жоқ. Ал Ирактағы дағдарысқа біз басқа жағынан қарауымыз керек. Ядролық қарудан ббас тартқан, бейбіт өмірді сүйетін ел рретінде мәселенің соғыссыз қасіретсіз шешілгенін жақтаймыз. Бұл екі елдің – ортақ позитциясы-деді Қазақстан басшысының сөзін қоштаған М. Кучан.
Сапар бағдарламасы бойынша құрметті Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төраағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесті. Соныменр қоса Отан қорғаушылар монументіне гүлл шоқтарын қойып,шетел мемлекет басшылары алеясында дәстүрлі ағаш отырғызу рәсімін жасады.
Түстен кейін ҚАЗАҚСТАН спорттық кешенін аралап Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушы –профессор құрамы және студентттермен кездесті. Кездесу барысында 1991 жылғы 29 маусым күні тәуелсіздік алған Словения Республикасының даму тарихы, бүгінгі жаһандану процесі жағдайы, экономикасы мен саяси қатынастары сөз етілді . халықтың өмір сүру деңгейі жағынан 27 орынға ие Словвенияда студенттердің 70 пайызы дербес компютермен қамтамасыз етілгені айтылды.
Кездесу соңында университет ректоры М. Жолдасбеков мәртебелі мейманға естелік медаль табыс етті. Бұл кезлесуге ҚР мәдениет , аққпарат және қоғамдық келісім министірі Мұхтар Құл- Мұхаммед қатысты.
Қорытындылай келе біз отандық дипломатия еліміздің дамуына сәйкес өскен ұлттық мүдделеріміз тұрғысынан сараптадық, сыртқы саяси бағыттың тең қалыптылығы, дүние жүзі мемлекеттерімен сындарлы қарым-қатынас жасау қағидаларын басшылыққа алады. Сондай мақсатта арнайы ұйымдастырылған іс-сапармен Словения Республикасына барып қайтқан елбасымыз, қазіргі таңда Қазақстанның дүние жүзінің ең озық елу мемлекетінің қатарына қосылуы үшін өз септігін тигізетінін атап айтты. Расында да бұл кездесулер екіжақты келіссөздерді тереңдете айтарлықтай үлес қосады. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар орнатуға екіжақты әрі көпжақты келімшарттар қажет.
Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы қазіргі таңда 13,5миллион долларды құрап отыр. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары мұнай, химия, металлургия өнеркәсібі өнімдерінен тұрады. Словениядан өңдеуші жабдықтар, ет-сүт өнімдері тасымалданады. Металлургия, химия, кен өндіру және ауылшаруашылығы өнекәсібі болашақта екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың перспективалы бағыттарына айналмақ.
Словения мен Қазақстан үкіметтерінің қолдауымен екі ел арасындағы ұлттық компанияларын қарастыра отырып, жүзеге асырылуға тиіс бірлескен жобалардың сауда – экономикалық ынтымақтастықты алға бастыру нәтижеесінде тиімді катализатор бола алады. Сонымен қатар екі ел арасында тығыз қатынастар орнату мен мәдени алмасуды жандандырудың мүмкін жолдарын талқылай келіп, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі туындап отыр. Атап айтсақ, Қазақстан мен Словения арасында көптеген ұқсастықтар кездеседі. Қазақстан мен Словения өз тәуелсіздігін жақында ғана жариялаған жас мемлекеттер қатарына енеді. Сонымен қоса, ұлттық және тілдік саясатты жүзеге асыруда көптеген ұқсастықтары кездеседі. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар мен өзара сенімділік, екі елдің бұдан да белсендірек және өзара тиімді ынтымақтастығына септігін тигізері хақ.
Словения республикасымен қарым- қатынастарды қарқынды түрде дамытуды көздеп отыр, Қазақстан мемлекеті. Қазақстан және Словения мемлекет басшыларының арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенім, әрі белсенді араластықтың нәтижесінде біздің көпсалалы байланыстарымыздың аясы кеңейеді.
Қорытынды
Әрбір мемлекет оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және толықтыратын халық шаруашылық салаларымен кешені құралады: өнеркәсіп және ауылшаруашылығы, қазып шығаратын және өңдеу салалары, өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын және т.б. халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі іртүрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады. Сондайақ Словения республикасы экономикасы жоғары дамыған мемлекеттің бірі болып табылады. Қазақстанмен Словения қарым қатнасы екі елдің дамуына даңғыл жол ашып берді. Ал Қазақстанның бұл күнде ТМД елдер ішінде ең жоғарғы несиелік ретингке ие болып, нарық экономикасын толық игергенін Словениямен қоса өзге шет ел мемлекеттеріде мойындады. Екі ел сауда экономикалық қарым қатнас арасындағы болашақтағы зор ынтымақтастықтың символы болғалы тұр. Казіргі таңдағы сауда экономикалық байланыстың нақты салалары- формацептика, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, ауылшаруашылығы, туризм саласы болып табылады. Қазіргі таңда көптегкн компаниялар Қазақстанда өз өкілдігін ашып, жоғары қарқынмен жұмыс атқаруда. Ісіресе, мұнайды өндірумен тпсмалдау көлемін ұлғайтуға көшкен «Констанца-Триэст» мұнай құбырының құрылысын жүргізуде Словения транзиттік жолдың рөлін атқармақ. Словения республикасы мен Қазақстан арасындағы сауда – экономикалық байланыспен қатар олардыңк ішінрара ұқсастықтарыда аз емес. Словения республикасы өз тәуелсіздігін 1991жылы 25-ші маусымда жариалаған болатын. Екі ел арасындағы сауда экономикалық байланыспен ғана шектеліп қоймай, сондай-ақ бүкіл әлемді елеңдетіп отырған мәселелер жөнінде, бірлескен кәсіпорындар ашуға мүдделік танытып отыр.
Словения территориясы кішігірім мемлекет болғанымен, экономикалық бәсекелестікке төтеп беруші ел болып танылады. Себебі Словения республикасы орталық Еуропадағы экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ел ретінде таныс. Оның өзге Еуропаның дамыған мемлекеттерімен шекаралас жатуыда ықпал етеді.
Словения республикасымен жүргізіліп жатқан сыртқы экономикалық байланыс аса маңызды желі болып қала береді. Қазіргі таңда екі жақты қарым- қатынастардың қарқынын, түрлі деңгейдегі саяси үн қатысудың белсенділігін арттыруға екі жақта аса мүдделі болып отыр. Болашақта ең жоғары деңгейде белгіленген меже – сауда айналымын қарқынды түрде өсіру, осы орайда іскер топтарға тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету, екі жақты сауда құрамындағы сәйкессіздікті жою, екі мемлекеттің алға қойған басты мақсаты болып отыр.
Жаңа экономикалық қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан үшін Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеті болып саналатын Словения республикасымен сауда экономикалық қарым – қатынаста болу біздің еліміз үшін пайдалы. Екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, мәдени алмасуды, туризм, білім, ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту одан әрі нығайту қажеттілігін атап көрсетуге болады.
Словения республикасымен достық қатнастар мен сенімділікті бұдан да жоғары деңгейге ықылас білдіре отырып екі елдің бұдан да белсендірек және тиімді ынтымақтастығын маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024