Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы нақты жалақы 3 пайызға кеміді

Қазақстандағы нақты жалақы 3 пайызға кеміді

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың ІІ тоқсанында жалдамалы жұмысшылар жалақыларының сатып алу қабілеттілігі 2,9 пайызға қысқарды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

ҚР тұрғындарының орташа айлық нақты жалақысы 4,4 пайызға өсті. Алайда тұтынушылық тауар мен қызметтің қымбаттауынан мемлекеттегі еңбек кірісі төмен болды.

2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында тек екі аймақта ғана шынайы жалақының өсуі байқалды. Олар Ақтөбе облысы (1,3%) және Маңғыстау облысы (0,8%).

Астана қаласындағы жұмысшылардың еңбекақысы инфляцияның әсерінен 0,1 пайызға кеміді. Ал Алматыда шынайы жалақы 5,2 пайызға азайды.

Айта кетейік, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны 3,5 млн адамды құрайды.

Еске салсақ, 2017 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстандағы жылдық жалақы 2 пайызға төмендеген.

Похожие материалы