Алматы. 19 қазан. 7kun.kz - ҚР Ұлттық Банкі «Цеснабанк» АҚ-тың Қазақстан Республикасы Банктік секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуын мақұлдады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстандағы банктік жүйенің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік туғызып, ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді перспективада дамуына қуатты серпін береді. Экономиканың нақты секторына кредит беруді арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, өндіріс көлемдерін және мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту Бағдарламаның нәтижесі болады.
Цеснабанктің Қазақстан банктік саласы реттеушісінің жоғары талаптарына сәйкес болуға және мықты ойыншы болып қала беруге барлық қажетті ресурстары бар. Бағдарлама ағымдағы экономикалық жағдайда Банктің одан әрі тұрақты өсуіне мүмкіндік береді. Банк акционерлері мен менеджменті жаһандық және ұлттық экономиканың өзгермелілігі жағдайында Банктің тұрақтылығын үнемі арттыру үшін бірлесе жұмыс атқарып келеді және Бағдарлама шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024