Астана. 23 қазан. 7kun.kz - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының тұрақталатындығын айтады.
"Қазір АИ-92 маркалы бензиннің 40%-ін ресейлік өнім алып отыр. Ресейде бұл баға қымбат. Сол себептен бензин бағасы бізде орташа бағадан жоғары болып тұр. Қарашада ресейдің бензин үлесі елімізде 30%-ке қысқарады. Желтоқсанда Қазақстандағы ресейдің бензин үлесі 20% болады деп ойлаймыз. Қараша айында бізге өзіміздің мұнайшылармен жұмыс істеу керек болады. Яғни олар мұнай өңдеуші зауыттармен бірге өздерінің жоғарғы бағасын басуы керек", - дейді Қанат Бозымбаев.
Министр үш күннен кейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, қазақстандық бензиннің жеткізілуінен қараша айында баға тұрақталатындығын айтады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024