"Үлкен Алматы" айналма автомобиль жолы бойынша келіссөздер аяқталды - Жеңіс Қасымбек
07 қараша, 2017
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелеріне арналған Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Үлкен Алматы" айналма автомобиль жолына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚР ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 6 жоба әзірленіп, іске асырыла бастады. «Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ) жолын салу және пайдалану» жобасы бойынша 2015 жылдың қаңтарында конкурстық рәсімдер басталды. Бүгінгі таңда тараптар келісімнің барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге қол жеткізді және келіссөздер аяқталу кезеңінде. Концессия шартын желтоқсан айында бекіту жоспарлануда»,-деп атап өтті миинстр.Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шарт жасасуды тездету мақсатында министрліктің және Консорциум мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Концессиялық комиссияның сарапшылар тобы Консорциуммен, ЕҚДБ, IFC және «KPPF» ЖШС бірлесіп шарт жобасының түпкілікті нұсқасын пысықтау басталған.Қазіргі уақытта концессия саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілуде.