Қазір тасымалды өз дәрежесінде орындаудың барлық жағдайлары жасалған - Кулаков
Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ астық пен ұн тасымалдау мәселесіне арналған селекторлық кеңес өткізді.
Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП, трейдерлік, экспедиторлық компаниялардың өкілдері қатысты. Кеңеске қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы Оралхан Кулаков жаңа астықты тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара тығыз қарым-қатынас орнатуы керек екендігіне назар аударды.
«Теміржол көлігімен жүк тасымалдау сұранысын толығымен қанағаттандыру біздің басты міндетіміз»,-деп атап өтті компания жетекшісі. Ол, сондай-ақ, «қазіргі таңда тасымалды өз дәрежесінде орындаудың барлық жағдайлары жасалғандығын» атап өтті.
«Қараша айынан бастап 480 мың тонна астық тиелді. Тәуліктік 477 вагонға астық тиеу орнына, оны 530 вагонға жеткізу керек. Өткен жылы осы мерзімде 160 мың тонна ұн тасымалданған болатын. Орташа вагонға жүк тиеу тәулігіне 160 вагон болса, оны тәулігіне 163-ке жеткізу қажет. Бұл кешеуілдеудің себебі- вагондардың тиелуін күтіп бос тұрып қалуынан болып отыр»,- деп атап өтті О. Кулаков.
Кеңесте Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің атқарып жатқан шаралары аталып өтілді. Олар қарашадан бастап 2861 вагон (193,9 мың тонна астық) тасымалдаса, өткен жылмен салыстырғанда 19 пайыз жоғары көрсеткіш. Ұн өнімдері 81,4 мың тоннасы 1205 вагонмен тасымалданса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары көрсеткішті құрайды. О. Кулаковтың хабарлауынша, Қостанай жол бөлімшесінде Галаба, Ақтау порты, Шымкент, Орта Азия, Жаңаресей порттарына пойыздар жіберуде. Қарашадан бастап Галабаға -14 бағдар, Орта Азияға – 12 бағдар, Шымкентке- 13, Ақтауға -15, Новоресейге – 1 пойызды жөнелтті.
Арқалық-Есіл, Есіл- Құшмұрын телімдері бағдарларына пойыздар ұйымдастырылды. Ол бағыттағы пойыздар бір мезгілде бос вагондарды жинақтап, жүк вагондарын жасақтауға қызмет көрсетеді. Ол станцияларда жылжымалы құрамдарды жедел жасақтау жағдайлары жасалған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ баспасөз қызметі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024