Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және Даму Министрлігі.
Алик Айдарбаев екі ел арасындағы тауар айналым әлеуетке сай келмейтінін және Қазақстан экпорттық өнімдерін өткізуге мүдделі екенін атап өтті.
Саид Мохамад Бакри мырза өзінің Қазақстанға іссапарымен келудегі мақсаты Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту екенін жеткізіп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.
Бірінші вице-министр кездесуге келген елшіге алғыс айтып, бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық салада өзара әлеуетті арттырады, деген үмітін білдірді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024