Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алик Айдарбаев Малайзия елшісімен кездесті

Алик Айдарбаев Малайзия елшісімен кездесті

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz —  Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман мырзамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және Даму Министрлігі.

Алик Айдарбаев екі ел арасындағы тауар айналым әлеуетке сай келмейтінін және Қазақстан экпорттық өнімдерін өткізуге мүдделі екенін атап өтті.

Саид Мохамад Бакри мырза өзінің Қазақстанға іссапарымен келудегі мақсаты Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту екенін жеткізіп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

Бірінші вице-министр кездесуге келген елшіге алғыс айтып, бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық салада өзара әлеуетті арттырады, деген үмітін білдірді.

Похожие материалы